400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Ыбырай Алтынсарин "Атымтай жомарт", "Мейірімді бала əңгімесі

Материал туралы қысқаша түсінік
10сынып оқушыларға арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңаөзен қаласы №11 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің

мұғалімі Аязбаева Н.Х.

Күні: 05.12.2017ж.

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 10 сынып


Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Атымтай жомарт», «Мейірімді бала» әңгімесі

Жалпы мақсаты:1.Әңгімелерінің мазмұны мен идеясын ұғындыру.

2.Оқушылардың ойлау,сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

3.Шығармаларының мазмұны арқылы адами ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Оқушылардың тақырыпты өз бетінше оқып талқылауға, білім алуына көмектесу;

  • Тақырыпты оқу барысында күрделі мәселелерді шешу жолдарын өз бетінше қарастыруға үйрету;

  • Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;

. Топта жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын тыңдауға және құрметтеуге үйрету;

  • Алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету;

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар сабақ кезінде жеке және топта жұмыс жасай алады ;

  • Топпен жұмыс істеу барысында өз ойларын еркін айтады және толық жеткізе алады;

  • Жаңа тақырыпқа байланысты мәселелерді топта талқылап, дұрыс шешімін табу жолдарын қарастырады;

  • Топта жұмыс істеу барысында бір-біріне үйретуді, бір-бірін оқытуды жүзеге асырады ;

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Ресурстар, көрнекіліктер



2-минут

Ынта-ықыласын ояту.

Топқа бөлемін.

Түрлі түсті қағаздар бойынша 3 топқа бөлінді.

Түрлі түсті қағаз

5-минут


Қызығушылығын ояту. Психологиялық жағымды ахуал туғызу.Жағымсыз қуат көздерін қорапқа салуды тапсырады.

Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында топтарға зымыран сұрақтар береді.

«Ыстық орындық» әдісімен үй тапсырмасын бекітеді.


Оқушылар өз бойындағы жағымсыз қуат көзін қорапқа салады.



Оқушылар топ болып,зымыран сұрақтарға жауап береді. «Ыстық орындықта» отырып үй тапсырмасын пысықтайды




Қуат көзі қорабы



Интербелсенді тақтадағы слайдтар



20-минут


ІІ. Мағынаны тану.

1. «Дейін-кейін» әдісімен жаңа сабаққа дейін жазушының әңгімелері туралы не білетінін жазуды тапсырады.

2.Мәтінмен жұмыс.

Әңгімелерді жеке оқып,жұпта,топта айтып,берілген сұрақтар мен тапсырмалар бойынша талқылауды ұсынады.




3.Шығармашылық жұмыс

Оқушыларға өз бойларындағы жақсы қасиеттерін жазып, «Жақсылық тамшысына» іліп,ортада оқып,жария етуді тапсырады.


Оқушылар жаңа сабаққа дейін жазушының әңгімелері туралы не білетінін жазады.

Оқушылар әңгімелерді жеке оқып, жұпта айтып, топта берілген сұрақтар мен тапсырмаларды талқылап, ортада жариялайды.


Оқушылар жақсы қасиеттерін жазып, «Жақсылық тамшысына» іледі.Ортада оқып жария етеді.

Оқулық







А4 қағазы





Тамшы суреттері



12-минут

ІІІ. Ой-толғаныс сатысы.


Әр топ әдебиет лотосын толтыруды тапсырады.


«Дейін-кейін» әдісі бойынша жаңа сабақтан кейін не білгенін жазуды ұсынады.




Әр топ әдебиет лотосын толтырады

«Дейін-кейін» әдісі бойынша оқушылар жаңа сабақтан кейін не білгендерін жазады.



А4 қағазы

3-минут

Формативтік және суммативті бағалау

Критерий бойынша өздерін бағалайды

Бағалау парағы

3-минут


Стикер тарқатамын

Үйге тапсырма: «Ыбырай Алтынсарин- қазақ балалар әдебиетінің атасы» тақырыбында эссе жазуды тапсырады.


Рефлексия жазады.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.

Стикер



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1584
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі