400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ынтымақ"ЖОМ 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3В Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Мектеп: «Ынтымақ» ЖОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Умирова А

Сынып: 5 сыныптар

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.1.13 жай бөлшек ұғымын меңгеру;

5.5.2.5 жай бөлшектерді оқу және жазу;

5.1.1.14 жай бөлшек түрінде жазылған сандардың теңдігін түсіну,

5.1.2.25 бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру;

Сабақ

мақсаттары

Жай бөлшектің анықтамасын, жай бөлшекті ондық бөлшекке және ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдырудың алгоритмін білу, тең жай бөлшектерді анықтау;

Жай бөлшектермен амалдар орындау үшін жай бөлшекті ондық бөлшекке

айналдыру;

Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыруда күрделі есептерді шығару кезінде қолдану.

Бағалау

критерийлері

Жай бөлшектің анықтамасын, ондық бөлшекті жай бөлшекке және жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырудың алгоритмін біледі, тең жай бөлшектерді анықтай алады;

Жай бөлшектермен амалдар орындау үшін жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыра алады;

Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыруда күрделі есептерді шығару кезінде қолдана алады.

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар:

- есептеулерде натурал сандарға арифметикалық амалдар қасиеттерін қолдануды тұжырымдай алады;

- нүктелердің координаталық сәуледе орналасуын түсіндіре алады; - мәтінді есептердің шешімдерін түсіндіре алады;

- санды тізбектердегі заңдылықтарды сипаттай алады;

- белгісіз компонентті табу ережесі негізінде теңдеулердің шешімін тұжырымдайды;

- көбейтудің үлестірімділік қасиеті негізінде көбейткішті жақшаның сыртына шығаруды түсіндіреді;

- сандарға амалдар қолдану қасиеттері негізінде әріпті өрнектерді ықшамдау алгоритмін сипаттайды;

- жақшаларды ашу ретін және ұқсас қосылғыштарды біріктіруді тұжырымдайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Аралас сан-mixed number.Бүтін бөлігі-quotitntБұрыс бөлшек-improper fraction.

Ондық бөлшектің разрядтары, жай бөлшек, разрядтық бірліктер, бөлшектің алымы, бөлімі.

ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер;

разрядтары бойынша сандарды жіктеу

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Жай бөлшек – бұл ондық бөлшектің басқаша жазылуы

Берілген бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін ......... қажет

Бүтін бөлік, бөлшек бөліктен үтір арқылы ажыратылады.

Бөлшек оқылуы: …бүтін, …(оннан, жүзден, …)

Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін.... қажет

Құндылықтардыдамыту

Адалдық, жауапкершілік, «Мәңгілік Ел»жалпы ұлттық идеясының "тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы" құндылықтарын дамыту -топтық жұмыс және өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық

байланыстар

Жаратылыстану пәндерінен дененің өлшемі мен жер аудандарының оқылуында пайдаланады.

Сабақтағы пәнаралық интеграция ағылшын тілінде ондық бөлшектерді оқу арқылы, түрлі әрекеттер бойынша іске асырылады.

АКТ қолдану

дағдылары

Микрокалькуляторлар, интерактивті тақта немесе диапроектор, дербес маркерлік тақталар

Бастапқы білім

Жай бөлшектер, дұрыс және бұрыс бөлшектер, бөлу және бөлшек байланысы, бөлшектің негізгі қасиеттері, аралас сандар, натурал сандардың және ондық бөлшектердің разрядтары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


2 минут



8 минут

















3 минут


5 минут

























5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен түрлі ұлттардың амандасу салты үлгісімен сәлемдесу арқылы психологиялық ахуал қалыптастыру, түгелдеу.

Бөлшектердің түрлері (дұрыс, бұрыс, аралас) бойынша топтарға біріктіру. Оқушыларға асықтар таратылады. Асық түстеріне қарай аталмыш топтарға бөлінеді.

Жаңа сабақты меңгеру:

Анықтама: үтір арқылы жазылатын сандар ондық бөлшектер деп аталады. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру үшін бөлшектің бөлімін 10;100;1000;... сандарына келтіру керек.

Мысалы:



- ондық бөлшектер

- дұрыс бөлшектер

- бұрыс бөлшек

- аралас сандар

Өздік жұмыс формасында үй тапсырмасын тексеру.

Белсенді оқу –әрекеті . «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Топтарға тапсырмалар таратылып беріледі, оқушылар жеке ойланады,содан кейін жұпта талқылайды, шығарады және есептерін тақтаға жазады.

  1. Ондық бөлшек түрінде жазыңыз: ; ; ; ;

Жауабы: 0,3; 0,0005; 4,03; 51,032; 2,01.

Дескриптор: Білім алушы

- тапсырманы ондық бөлшекпен жазады;

- бөліндіні ондық бөлшекпен жазады.

  1. Мына бөлшектердің қайсысын ондық бөлшек түрінде жазуға болады: .

Жауабы: 8,13; 35,302; 5,7; 7,0034; 0,061.


Дескриптор: Білім алушы

- тапсырманың ішінен ондық бөлшекпен жазылатын бөлшектерді анықтайды;

- бөлшектерді ондық бөлшекпен жазады;

Қалыптастырушы Бағалау: "Бағдаршам"

Жасыл түс - толықтай түсіндім

Сары түс - сұрақтарым бар

Қызыл түс – түсінбедім


  1. «Допты лақтыр» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беріңіз:

1)Бөлшектің бүтін бөлігі қалай жазылады? (өзгеріссіз қалдырылады)

2)Алымына қандай сан жазылады? (алымына үтірден кейін тұрған сан жазылады)

3)Бөліміне бір цифры мен үтірден кейінгі цифырлар санына теңне жазылады? (нөлдер жазылады)

4)Қай кезде бөлшек қысқартылады? (қысқаратын жағдайда)

5)Үтірден кейін үш цифыр болса бөліміне қанша нөл жазылады ? (3 нөл)

Дескриптор: Білім алушы

- жай бөлшектің анықтамасын біледі;

- бөлшектерді жай бөлшекпен жазады;

Қалыптастырушы бағалау: "Шапалақ"

Қолдарын шапалақтау арқылы оқушылар тапсырманы дұрыс орындағанын көрсетеді.







Оқулық


Сабақтың ортасы


5 минут


















2 минут





3 минут



















«Бес сұрақ» әдісі.

Қатені табыңыз. Оқушылар жұмысты өз бетімен орындайды, жауаптарын тексереді және баяу орындап жатқан оқушыларға қолдау көрсетеді. Оқушылар өздерінің шешімдерін топта талқылайды. Жылдам орындаған топтың тақтада көрсетілген үлгісі бойынша бірін-бірі тексереді.

  1. 1,043 санының жай бөлшек түрінде жазылуы: . (+)

  2. «нөл бүтін он мыңнан отыз жеті» ондық бөлшегінің санмен жазылуы 0,037. (+)

  3. 5 цифрасы 6,435 санының мыңдық разрядында жазылған. (+)

  4. 19 метрдің километрмен жазылуы: 0,019 км. (+)

  5. 0, 008 тоннаны килограммен жазсақ 8 кг. (+)

Дескриптор: Білім алушы

- Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыра алады;

- Жай бөлшекті оқиды және жаза алады

- Шамаларды түрлендіре алады;


Қалыптастырушы бағалау: «Мұғалімнің мадақтауы»

(Өте жақсы! Жарайсыңдар! Сендер таптыңдар! Керемет!...)


Ширату жаттығулары!

«Бұзық телефон» ойыны



«Ия, жоқ» әдісі арқылы сұраққа жауап береді


- Мен тұжырымды айтамын. Егер сіз онымен келіссеңіз - ия, ал егер келіспесеңіз – жоқ.

 - дұрыс бөлшек; (ия)

- бірден үлкен; (жоқ)

ондық бөлшек түрінде жазуға болады; (жоқ)

  бүтін бөлігін бөліп алуға болады; (ия)

ондық жазылуында үтірден кейін 2 цифр тұрады; (жоқ)

  - дұрыс бөлшек; (жоқ)

Слайд 4


























Слайд 5

Сабақтың соңы

7 минут





Элективті тест: «Бөлшек сандардың ондық бөлшекпен жазылуы» Мұғалім алдын ала әрбір оқушыға A, В, С, Д арқылы белгіленген түстері сәйкес ақ, сары, көк, қызыл, жасыл стикерді таратады. Әрбір сұрақты қойғаннан кейін 20сек. кідіріп, сыныптан тест жауабына сәйкес әріпті көтерулерін сұрайды. Өзін-өзі және бірін-бірі бағалауды жүзеге асыру үшін дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды.


1. Он бір бүтін мыңнан бес саны қалай жазылады?

А) 11,050 В) 11,005 С) 11,500 Д) 11,0005

2. Қай жазу он бір бүтін мыңнан бес санына сәйкес келеді?

А) В) С) Д)

3. 1,020345 саныныңқайразрядында 3 цифры жазылған?

А)Он мыңдық разрядында С) ондық разрядында

В) Жүзмыңдық разрядында Д)мыңдық разрядында

4. Дұрыс теңдікті көрсетіңіз?

А) 0,056 м = 56 см С)0,056 м = 0,56 см

В) 0,056 м = 560 см Д) 0,056 м = 5,6 см

5. бөлшегін ондық бөлшек түрінде жазыңыз :

А) 0,06 В) 0,006 С) 0,6 Д) 0,0006

Дескриптор: Білім алушы

- Жай бөлшектерді оқиды және оны жазады;

- Жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдырады;

- Ондық бөлшектерді разрядтарға жіктейді;

- Тең бөлшектерді анықтайды;


Үй тапсырмасы:

1.Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазыңыз:

2,8; 3,74; 1, 371; 0,55; 145,003; 20,036; 201,0101; 6,006; 33, 0008.


2.Бөліндіні бөлшекпен немесе аралас санмен алмасытырыңыз. Алынған бөлшекті ондық бөлшекке аудырыңыз.

  1. 9:2;

  1. 5:16;

  1. 8:14;

  1. 15:12


3. Сандарды ондық бөлшек түрінде жазыңыз:

;



Рефлексия


  1. Сабақта мен .... жұмыс жасадым

Shape2

белсенді

Shape1

Белсенді емес




  1. Сабақтағы жұмысыма ....

Shape4

ризамын

Shape3

риза емеспін




  1. Сабақ мен үшін .... болып көрінді

Shape5

қысқа

Shape6

ұзақ




  1. СShape7

    шаршамадым

    Shape8

    шаршадым

    абақта мен .....



  1. МShape10

    көтеріңкі болды

    Shape9

    түсіп кетті

    енің көңіл-күйім ....



  1. Сабақтағы мәлімет мен үшін ....

Shape11

Қызықты, пайдалы


Shape12

Қызықсыз, пайдалы емес




  1. Үй тапсырмасы маған ... көрінеді

Shape13

оңай

Shape14

қиын




Слайд 6

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау сабақтың кез келген кезеңінде уақытты ұтымды пайдалану арқылы қолдану

Белсенді оқу –әрекеті:

Саралау тәсілі: «Қарқын»,"Диалог және қолдау көрсету" .

Оқушылар тақырыпты меңгеру барысында топтық, жеке жұмыс орындауда мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы: «Мұғалімнің мадақтауы»,"Шапалақ", «Бағдаршам» әдістері арқылы бағаланады. Сабақ соңында кері байланыс қолданылды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
512
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі