Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Зәр шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып тәртібін қадағалау. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «Кел құшақта» атты психологиялық ахуал туғызу. Жерге жабыстырылған іздерді оқып өту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Биғаш негізгі мектебі» КММ





















Shape1

Ашық сабақ











Тақырыбы: Зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы (бүйрек, несепағар, қуық, несеп жолы) мен қызметі. Бөліпшығару және сүзу мүшелері. Бүйректің құрылысы (қыртысты және милы қабат, нефрон, пирамида, астауша, бүйрек өзекшелері).



















Биология пәні мұғалімі: Серікқазиева Ә.Б

Сынып: 8 сынып


ҚМЖ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы (бүйрек, несепағар, қуық, несеп жолы) мен қызметі. Бөліпшығару және сүзу мүшелері. Бүйректің құрылысы (қыртысты және милы қабат, нефрон, пирамида, астауша, бүйрек өзекшелері).

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

«Бөліп шығару»

Педагогтің аты-жөні:

Серікқазиева Ә.Б

Күні:

13.01.2024

Сыныбы: 8 «а,ә,б»

Қатысушылар саны: 4 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы (бүйрек, несепағар, қуық, несеп жолы) мен қызметі. Бөліпшығару және сүзу мүшелері. Бүйректің құрылысы (қыртысты және милы қабат, нефрон, пирамида, астауша, бүйрек өзекшелері). §28. Шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.5.1 адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттау.

8.1.5.2 бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттайды;

Кейбір оқушылар:бүйректің құрылымдық бөліктерін атайды;

Көпшілік оқушылар: зәр шығару мүшелерінің ерекшеліктері мен қызметін талдайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып тәртібін қадағалау.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «Кел құшақта» атты психологиялық ахуал туғызу. Жерге жабыстырылған іздерді оқып өту.

Апта дәйексөзі

«Талап бар жерде тәртіп бар»


Оқушылар ұстазымен амандасады. Сынып тәртібін сақтайды, мотивациялық сөздер айтады.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау.


Мотивациялық сөздер


Жетістік

Ұмтылыс

Талпыныс

Мейірімділік

Кең пейілділік

Қуаныш

Бақыт

Жаңа сабаққа кіріспе

Мағынаны білу


Тақырыпты туындататын проблемалық сұрақ қою

1.Сүтқоректі

жануарлардың

бөліп шығару

жүйесіне қандай

мүшелер жатады?

2.Бүйрек не үшін керек?

Ағзадағы зиянды

заттар, тұз қалдығы

адамның қай мүшесінде

сүзіледі?

3. Зәр шығаратын,

жинақтайтын

мүшелерді ата?


«Суретті сөйлет» әдісі арқылы жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой талқылау.



Мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгенін айтады;




Мақсаты: Функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Т иімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


презентация



Сабақтың ортасы мағынаны түсіну





Сабақтың ортасында оқушыларға квест ойыны арқылы жаңа сабақ өтізілді.


Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі.


1.Саяхатшылардың үстін қара. Жасырылған конвертті тауып, ішіндегі тапсырманы орындайды. (Берілген бірнеше заттардың қайсысы бөліп шығару өнімі екенін табады)

2. Сыныптың ішінде қызы түсті заттың үстінде жасырылған конвертті тауып, тапсырманы орындайды. (Бүйректің құрылысын таныстырады сурет бойынша)

3. Жасады интеллект Di-Id арқылы жасалған видео сұрақтың шешімі табады.

Ең соңында мұғалімнің жақын маңында орналасқан қорапты тауып ішінен білімнің кілтін алып шығады.

Қандай үдерістер нәтижесінде түзіледі?

Сүтқоректі жануарлардың бөліп шығару жүйесіне қандай мүшелер жатады?


(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы сұраққа жауап беру арқылы орындайды;)


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді.


п резентация

Сабақтың ортасы

Мағынаны қолдану




Оқушыларға жалпылама төмендегі қолдану тапсырмалары беріледі. «Мағынаны қолдану» айдарындағы тапсырманы дәптеріне жазады.


Тапсырма

1. Суретке назар аударыңыз.

Суреттегі зәр шығару жүйесінің № 2 санымен белгіленген мүшесін атаңыз.

2___________________________________________________________________________

2 санымен берілген мүшенің атқаратын қызметін сипаттаңыз.

_________________________________________________________________________________________________________________________


2. Суретке назар аударыңыз.

Е әрпімен белгіленген бүйрек құрылымын атаңыз. Қызметін жазыңыз.

Е_____________________________________________________________________________

Қызметі:_______________________________________________________________________


Бағалау критерийі:


-Адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін анықтайды;

-Бүйректің құрылымдық бірлігін таниды және түсіндіреді;



(Әр оқушы өз ойымен бөліседі.


Дескриптор:


- адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін түсіндіреді – 2 балл;

- бүйректің құрылымдық бірлігін атайды және қызметін сипаттайды– 1 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы мағынаны талдау



Оқушыларға жалпылама төмендегі талдау тапсырмасы беріледі. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.





«Кестемен жұмыс»



Бағалау критерийі:


-зәр шығару мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін салыстырады және қызметін зерделейді;




Дескриптор:


- зәр шығару мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін сипаттайды және қызметін жазады – 2 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы мағынаны жинақтау






Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау тапсырмасы беріледі.


«Суреттегі сандарды сөйлет»

Бағалау критерийі:


-нефронның құрылымын зерделейді;





(Әр оқушы өз ойымен бөліседі.


Дескриптор:


-нефронның құрылымдарын атайды және сипаттайды – 1 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы мағынаны бағалау

Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін бағалау тапсырмасы беріледі. Әр орындаған оқушы бағаланады.



Мағынаны бағалау тапсырмасы:


1.Қарапайымдардан бастап жануарлардың зәр шығару жүйесінің эволюциясы туралы эссе жазыңдар.

2. Бүйрек артериясының қанына зиянды заттардың (несепнәр) түсуінен бастап жүретін үдерістер мен құрылымдарды дұрыс ретпен орналастырып жазыңдар.

3. Адам ағзасы үшін зәр шығару маңызын түсіндіріңдер


Бағалау критерийі:


- Қарапайымдардан бастап жануарлардың зәр шығару жүйесінің эволюциясын сипаттайды;


Дескриптор:


- Қарапайымдардан бастап жануарлардың зәр шығару жүйесінің эволюциясы туралы эссе жазады – 2 балл;



Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Кері байланыс







Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2025
110
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12