Ашық сабақ "Зәр шығару жүйесі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Зәр шығару жүйесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Жаңа өмір ауылы

Шаған жалпы орта білім беретін мектебі

Пилоттық сыныптар бойынша

жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі

Мусагалиева Жанаргул Шмитовна

Қысқа мерзімді жоспар

Жаратылыстану


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлім


Мектеп: Шаған ЖОББМ

Тақырыбы:

Зәр шығару жүйесі

Күні:9.11.

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны: қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Ағза «қоқыстан» қалай арылады?

Оқу мақсаты:

4.2.3.1 зәр шығару жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау

4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну

Сабақтың мақсаты

Зәр шығару жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау.

Адамның анатомиялық моделімен жұмыс жасау.

Бағалау өлшемдері

  • зәр шығару жүйесін тану және сипаттау

  • зәр шығару жүйесінің ағзадағы рөлін анықтау

  • зиянды заттар бөлу процесін түсіндіру

  • бүйректің сау болуы неліктен маңызды екенін түсіндіру

Тілдік мақсат


Көптілділік: адам – человек – human, дене – тело – body, анатомия – анатомия – anatomy

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

зәр шығару органдары, бүйрек, сүзу, тазарту

Сабақта диалог/жазу үшін қолданылатын тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Саған белгілі мүшелердің қайсысы ағзадан көмірқышқыл газын, қорытылмаған тамақтың, судың қалдықтарын шығарады? Осы тәжірибенің мақсаты қандай болды? Қандай ресурстар пайдаланылды? Осы тәжірибе арқылы қандай болжам расталады?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясына негізделген құндылықтар: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; құрмет; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық; ашықтық; ғұмыр бойы үйрену.

Пәнаралық байланыстар

Білуге құмарлықты, анатомия, физиология ғылымдарына қызығушылықты ынталандыру және дамыту, гигиена дағдыларына баулу.

Коммуникативтік құзыреттіліктер – ынтымақтаса білу, бір-бірінен ақпарат ала білу.


Алдыңғы алған білім

Адам ағзасы, салауатты өмір салты туралы білімдер

Барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


















(Ұ) Мұғалім сабақ үстінде жұмысқа қолайлы жағдай жасайды.


- Мен сендерді бүгін дендерің сау әрі әдемі күйде көргеніме өте қуаныштымын.

Мұғалімнің сөзі

Адамның ең бірінші қажеттілігі – оның өмірі мен денсаулығын сақтау. Ауру-сырқаудың, он екі мүшесінің сау болуы – адам бақытының, оның тұлға ретінде жан-жақты дамуының, өмірден толық ләззат алуының алғы шарты. Денсаулық адамға оқуға, еңбектенуге, әскер қатарында қызмет етуге, спортпен айналысуға мүмкіндік береді. Адамдардың көбі ұзақ әрі белсенді де бақытты өмір сүру үшін ағзаның физикалық және психикалық денсаулығының қандай зор мүмкіндіктері бар екенін, осы мүмкіндіктерді қалай сақтап, дамытып, пайдалануға болатынын білмейді. Денсаулықты сақтау үшін өз ағзаңды білуің керек, ағзада қандай үдерістер жүріп жататынын, аурудың алдын алу шарттарын білген жөн.

- Саған белгілі мүшелердің қайсысы ағзадан көмірқышқыл газын, қорытылмаған тамақтың, судың қалдықтарын шығарады?

(Өкпе, тікішек ... …(зәр шығару органдары)

- Қай орган су бөліп шығарады?

- Осындай мүше біреу ме әлде бірнешеу ме, ойланып көріңдер?

(Ұ) Оқушылар сабақ соңында қандай мақсатқа жету керек екенін айқындайды. (Рефлексия кезеңінде оған қайтып оралады)

Зәр шығару мүшелерінің құрылысы, зәр шығару мүшелері туралы білу.

Адам ағзасындағы зәр шығару жүйесінің рөлін анықтау.





















Көмекші –стикерлер:

Көмекші –стикерлер:

деп жорамалдап көрейік

делік

Егер …ше

Бәлкім, …

мүмкін


(Т) Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, Қазақстан қорықтарының бірі туралы хабар дайында


Сабақтың ортасы























































(Ұ) Оқушылармен әңгімелесу. Оқулық бойынша жұмыс. Ақпарат көзі «кітап».

- Зәр шығару мүшелері қандай жұмысты атқарады?


(Т) Тәжірибе.

Мұғалім жоспар бойынша тәжірибе жүргізуді ұсынады:

1. Қолыңа қатты қыспай, бірақ тығыздап, бірнеше қабат тамақ үлдірін ора.

2. 3–5 минут күт.

3. Үлдірді мұқият шеш.

4. Нені байқадың?

Қорытынды жаса.

Осы тәжірибенің мақсаты қандай болды? Қандай ресурстар пайдаланылды? Осы тәжірибе арқылы қандай болжам расталады?

(Ұ) Сергіту сәті


(Ө) Оқулықтағы ақпаратты оқу.

Мұғалімнің түсіндірмесі

Әрбір мүшенің қызметінде ағзада керек емес, тіпті зиянды заттар пайда болады. Олардың барлығы қанға құйылады. Қан олардың бір бөлігін теріге апарады. Адам терісі арқылы тер шығады, термен бірге ағзадағы керек заттар да шығады. Осындай заттардың тағы бір бөлігін қан ерекше орган – бүйрекке апарады. Адамның екі бүйрегі бар. Оларда несеп құралады. Зиянды заттар ағзадан несеппен шығарылады.

- Зәр шығару жүйесінің қандай құрылысы зәр шығару функциясын орындауын қамтамасыз етеді?

(Ж) Мұғалім сызба бойынша адамның зәр шығару жүйесін қандай органдар құрайтынын айтып беруді сұрайды.

«Сүзу үдерісі» ұғымы беріледі.

Сүзу үдерісінің үлгісін жаса. Тәжірибе жасау

Саған бос стақан, лас су құйылған стақан, майлықтар қажет болады.

  1. Майлықтардан құйғыш жасап, бос стақанға сал.

  2. Лас суды құйғыш арқылы бос стақанға құй.

  3. Судың қалай сүзілетінін бақыла.

Нәтижесі:

- Нені байқадың? (Су тазарды)

- Осылайша бүйрек те қанды тазартады. Зиянды заттармен кейін не болады?


(Ж) Инфографика бойынша бүйректің бір тәулік ішіндегі жұмысы туралы айтып беріңдер.

-Сызбадан бүйрек қайда орналасқаны көрсетілген. Адамның екі бүйрегі бар. Бүйрек ағзадан зиянды заттарды шығарады, ал пайдалы заттарды қайда сақтайды. Адамның екі бүйрегі жұдырықтай екі бұршаққа ұқсайды.


Қосымша ақпарат

Бүйрек ағзамызда мықты сүзгі қызметін атқарады. Бір минут ішінде бүйректер шамамен бір литр қан сүзіп үлгереді, ал бір тәулік ішінде 1700 литр қан сүзіп, оны зиянды заттар мен түрлі керек емес қоспалардан тазартады.


(Т) Мұғалім мыналарды түсіндіруді ұсынады

- Зәр шығару органдары сағаттай дәл жұмыс істеуі үшін не істеу керек?


(Т) Плакат жасау

Айсұлу мен Қуаныш емханаға барған кезде медициналық плакатқа көздері түсті. Онда берілген ақпаратты түсінуге көмектесіңдер.

«Бүйректің достары» атты плакат жасау



Оқулық





Ас үлдірі, секундсана-ғыш
















































«Зәр шығару жүйесі» сызбасы






Сызба



Қорытындылау


4 мин



Осы мүшелердің зәр шығарудағы маңызын бағалаңдар.





Үй тапсырмасы

1 мин


«Жеңіл» және «күрделі» сұрақтар

Оқылған тақырып бойынша 2 «жеңіл» және «күрделі» сұрақтар құрастырып жаз. Оларды сыныптастарыңа қой

Оқулық



Сабақтың соңы

(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау оқушының сабақтағы өз жұмысын бағалаудан тұрады.

- Зәр шығару органдарының құрылысы, зәр шығару мүшелері туралы білдің бе?

Адам ағзасындағы зәр шығару жүйесінің рөлін анықтай алдың ба?


Сөйлемді аяқтаңдар.

Бүгін маған ұнағаны ...…

Маға бүгінгі сабақта ұнамаған нәрсе – ол …

Менің бүгінгі білгенім…

Осылайша, педагог бүкіл сынып оқушыларының ақпаратты қабылдауларын талдайды.







Қосымша ақпарат

Дифференциация – оқушыларға қалай көмектесуді жоспарладыңыз? Қабілеті анағұрлым жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді

жоспарладыңыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарладыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Әлсіз» оқушыларға мәтінде сұраққа жауап болатын сөйлемдерді тауып оқуға көмектесу.

Мұғалім қажетіне қарай жұп болып жұмыс істейтін оқушыларға көмек көрсетеді.



Мұғалім:

  • әрбір оқушыға кері байланыс пен қолдауды қамтамасыз етеді;

  • сабақ барысында сұрақтар қояды;

  • оқушылардың Ғылыми күнделіктегі жұмыстарын (тапсырманы) қарайды;

  • оқушы рефлексиясының нәтижелерін талдайды.



Денсаулыққа жауапкершілікпен қарау дағдыларына баулу.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттарына/оқу мақсаттарына қол жеткізу мүмкін бе?

Барлық оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Егер қол жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Осы бөлімді сабақ туралы ойлану үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағандағы сабағыңыз туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту және білім беру туралы ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал етуі мүмкін (оқыту және білім беру туралы ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ уақытында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?









18 ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Ұзақмерзімді жоспардың бөлімі:

2. Жанды табиғат

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: қатыспағандар саны:

Тақырыбы:


Басты жүйе


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.2.3.2 - жүйке жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау.

Сабақтың мақсаты


Жүйке жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау.

Адамның анатомиялық моделімен жұмыс жасау.

Бағалау өлшемдері

  • жүйке жүйесін сипаттау

  • жүйке жүйесінің адам ағзасындағы рөлін анықтау

  • жүйке жүйесінің адам ағзасында орналасқан жерін анықтау

  • жүйке жүйесінің мүшелерін атау және олардың қызметтерін айтып беру

Тілдік мақсат

Көптілділік: балалар – дети – children, қажеттіліктер – потребности – needs


Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:



Сабақта диалог/жазу үшін қолданылатын тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Неліктен жүйке жүйесін ағзадағы ең басты жүйе деп санайды? Жүйке жүйесі қалай жұмыс істейді? Адамға ауру не үшін қажет екені туралы болжам жаса. Саған қауіп-қатерлі жерлерді есте сақтау үшін неше рет күйіп, жарақаттану қажет болды? Ауруға шыдау үшін не істейсің?


Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясына негізделген құндылықтар: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; құрмет; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық; ашықтық; ғұмыр бойы үйрену.

Пәнаралық байланыстар

Әлемді тану – адам құрылысы

Салауатты өмір салты

Білуге құмарлықты, анатомия, физиология ғылымдарына қызығушылықты ынталандыру және дамыту, гигиена дағдыларына баулу.

Коммуникативтік құзыреттіліктер – ынтымақтаса білу, бір-бірінен ақпарат ала білу.


Алдыңғы алған білім

Адамның ішкі мүшелерінің орналасуы туралы мәліметтер. Зәр шығару жүйесі және оның ағзадағы рөлі.

Барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған әрекет

Ресурстар

Жағымды эмоциялық көңіл күй орнату

1 мин



Тегеурінді талап

3 мин




















 (Ұ) Мұғалім сабақ үстінде жұмысқа қолайлы жағдай жасайды.


- Бір қариядан: «Адам үшін өмірдегі ең құнды әрі маңызды не нәрсе: байлық па әлде атақ па? – деп сұрапты. Дана қария біраз ойланып, былай деп жауап беріпті: «Байлық та, атақ та адамды бақытты ете алмайды. Кедейдің он екі мүшесі сау болса, ол дертке шалдыққан байдан да бақытты».

Сұрақтар бойынша әңгіме:

– Ойланып, дана қария неліктен осылай жауап бергенін түсіндіріп көр.

– Әрбір адамның өмірі үшін ең бастысы не?

– Сендерше, аман-сау болу деген не?

Оқушылар жауап береді, мұғалім қорытындылайды.

– Деннің саулығы өте маңызды. Сау адам ғана өмірдің ләззатын толық сезіне алады. Дені сау адамның ғана он екі мүшесі қалыпты жұмыс істейді. – Бүгін біз адам ағзасын зерттеуді жалғастырамыз. Бүгін не туралы сөз болатынын, мынадай ойыннан кейін өздерің айтатын боласыңдар. Ойынның аты «Сенесің бе?».

Мұғалім пайымдауларды оқиды. Егер оқушылар келіссе, «+» белгісін қояды, келіспесе, «–» белгісін қояды. Қателессеңдер немесе пікірлерің басқа оқушылардың пікірімен сәйкес келмесе, уайымдаудың қажет жоқ.

«Сенесің бе?» тәсілі

ми сенің барлық іс-әрекеттеріңді басқарады?

сезім мүшелерінен сигналдар бас миына түседі?

адамда жұлын миы болады?

бас миына зақым келгенде адам есте сақтау қабілетінен айырылады?

шылым шегу жүйке жүйесіне зиян келтіреді?

толыққанды ұйқы арқасында жүйке жүйесі тынығады?

бас миы мен жұлын миы басқа жүйкелермен жүйке жүйесін құрайды?

- Бүгін сабақ барысында сендер кестеден өздеріңнің қаншалықты дұрыс ойлағандарыңды көресіңдер.

- Не туралы сөз болатынын енді кім айта алады? (Жүйке жүйесі)

Сабақ соңында қандай мақсатқа жету керек екенін айқындайды.

Жүйке жүйесі дегеніміз не екенін, оның неден тұратынын білетін боласың. Жүйке жүйесі адам ағзасында қандай функциялар орындайтынын анықтайсың.

















Үй тапсырмасын тексеру

10 мин

(Ұ) «Жіңішке» және «жуан» сұрақтар.

Сыныптастарыңа сұрақтар қой.



Түсіну

25 мин









































Тақырып бойынша жұмыс

(Т) «Идеялар қоржыны». 

Жүйке жүйесіне не кіреді?

– Сонымен, талқылау барысында әркелкі пікірлер айтылды. Бүгін біз жұмысымызды осы қарама-қайшылықтарды шешуге бағыттаймыз. Біз «Жүйке жүйесі дегеніміз не?» деген сұраққа ғылыми жауап іздейміз?

(Ұ) Оқулық бойынша жұмыс. Мәтін оқу.

- Неліктен жүйке жүйесін ағзадағы ең басты жүйе деп санайды?

Мұғалім сурет бойынша жүйке жүйесі неден тұратынын айтып беруді сұрайды.

(Ж) Сызбамен жұмыс

-Жүйке жүйесі қалай жұмыс істейді?

Жүйкелер өте жіңішке сымдарға ұқсайды және бүкіл ағзаға таралған. Олардың бірі дене мен сезім мүшелерінен бас миына ақпарат тасымалдайды. Ми шешім қабылдайды. Оның пәрмені басқа нервтер арқылы бұлшық еттерге таралады.

Мұғалім оқушыларға парталас көршісімен қандай сезім мүшелері ақпарат қабылдайтынын және ми бұлшық еттер мен басқа органдарға қандай белгі беретінін талқылауды ұсынады:

  1. Бала кактусқа қолын тигізді;

  2. Балалар бөлмеде күйіктің иісін сезді;

  3. Қыз бала кондитерлік дүкеннің сөресінен әдемі торт көрді.

Тыныс алу жаттығулары

Дұрыс тыныс алу жүректің жұмысын, бас миының қызметін жақсартады және адамды көптеген аурудан сақтайды. Жаттығу жасау кезінде тыныс алуға мән бер.

(Ұ) - Жұлын бас миы мен мүшелердің арасын байланыстырушы буын болып табылады. Ол омыртқада орналасқан. Неліктен бас миы мен жұлын сыртқы ортадан жақсы қорғалған, ал жүйкелердің ондай қорғанышы жоқ екені туралы ойлан.

(Ұ) Оқулық бойынша жұмыс. Мәтінді оқы.

- Ағза бірқалыпты жұмыс істеген кезде адам жүйке жүйесінің жұмысын сезінбейді. Егер оның бір жері бүлінсе, онда ауру пайда болады. Осылайша ми шара қабылдау керек екенін хабарлайды. Бүкіл денеде ауруға сезімтал жүйкелер бар.

Білгішбектің ақпараты.

Ауру – дене мүшесінің қалыпты жұмысында ақаулық пайда болғаны туралы белгі.

(Ұ) Мұғалім мынадай сұрақтарға жауап сұрайды

- Адамға ауру не үшін қажет екені туралы болжам жаса. Өз мысалдарыңмен раста. Саған қауіп-қатерлі жерлерді есте сақтау үшін неше рет күйіп, жарақаттану қажет болды? Ауруға шыдау үшін не істейсің?

(Т) Жаднама жасау

Мұғалім жүйке жүйесін қорғау жөнінде кеңестерден тұратын жадынама жасауды ұсынады.

Суреттермен безендір. Таныстырылым дайында.




А 4 пішімді парақтар, фломастер-лер


Оқулық













Оқулық

қалам, қағаз,















Оқулық








Қосымша ақпарат көздері

Қорытынды-лау

5 минут



Пайымдаулар

Иә/

жоқ

Сигналдар бас миына қан арқылы келіп түседі


Жүйке жүйесінің қызметі бүкіл ағзаның жұмысын басқару болып табылады.


Жұлын жүйке жүйесіне жатады.


Жүйкелер ағзада қоректік заттарды тасымалдайды.


Бас миы қабылдайды, өңдейді және мүшелерді басқарады.


Ми үздіксіз, тіпті біз ұйықтап жатқанда да жұмыс істейді.




Ғылыми күнделік

Үй тапсырмасы

1 минут


РАФТ тәсілі

Бүгін сабақта білгендерің жөнінде әңгіме жазыңдар. Бірақ әңгімені өз аттарыңнан емес, біздің ғаламшардың кез келген адамы атынан Шолпан ғаламшары тұрғыны үшін арнап жазуларың керек.

Р – рөл (ғаламшарымыздың кез келген адамы)

А – аудитория (кімге жазамыз – Шолпан ғаламшары тұрғындарына)

Ф – форма – әңгіме

Т – тақырыбы «Адамның жүйке жүйесі»



Рефлексия

1 минут


(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау оқушының сабақтағы өз жұмысын бағалаудан тұрады.


  • Жүйке жүйесі дегеніміз не екенін, оның неден тұратынын білдің бе?

  • Жүйке жүйесі адам ағзасында қандай қызметтер орындайтынын анықтай алдың ба?


Осылайша, педагог бүкіл сынып оқушыларының ақпаратты қабылдауларын талдайды.



Қосымша ақпарат

Дифференциация - оқушыларға қалай көмектесуді жоспарладыңыз? Қабілеті анағұрлым жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді

жоспарладыңыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарладыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Әлсіз» оқушыларға мәтінде сұраққа жауап болатын сөйлемдерді тауып оқуға көмектесу.

Мұғалім қажетіне қарай жұп болып жұмыс істейтін оқушыларға көмек көрсетеді.

Мұғалім:

  • әрбір оқушыға кері байланыс пен қолдауды қамтамасыз етеді;

  • сабақ барысында сұрақтар қояды;

  • оқушылардың дәптердегі жұмысын (тапсырманы) қарайды;

  • оқушы рефлексиясының нәтижелерін талдайды.



Психикалық денсаулықты қорғау

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттарына/оқу мақсаттарына қол жеткізу мүмкін бе?

Барлық оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Егер қол жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Осы бөлімді сабақ туралы ойлану үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағандағы сабағыңыз туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту және білім беру туралы ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал етуі мүмкін (оқыту және білім беру туралы ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ уақытында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
5643
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі