жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Заттарды санау 1 сынып
Ашық сабақ
Бекітілді:______________
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 1А бөлім - Сандар мен цифрлар |
Мектеп:278 |
|||||||
|
Күні:4.09 |
Мұғалімнің аты-жөні: Досқалиева Әйгерім Кеңесбайқызы |
|||||||
|
СЫНЫП:1 Г |
Қатысқандар : |
Қатыспағандар: |
||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Заттарды санау |
|||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.1.1. санау барысында натурал сандардың реттік номері анықталатындығын түсіну; 10 көлемінде тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау; 1.1.1.2. бір таңбалы сандарды сандарды оқу, жазу және салыстыру 1.1.1.3. бір таңбалы сандардың құрамын анықтау |
|||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
|||||||
|
Санау барысында натурал сандардың реттік номерін анықтайды. Цифр мен санды бір-бірінен ажыратады. |
||||||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: |
||||||||
|
10 көлемінде тура және кері санай алады. Бір таңбалы сандарды салыстыра алады. |
||||||||
|
Кейбір оқушылар: |
||||||||
|
Бір таңбалы сандардың құрамын анықтайды. Заттардың саны мен сандардағы сәйкестікті табады. |
||||||||
|
Бағалау критерийі |
|
|||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар:
|
|||||||
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
||||||||
|
||||||||
|
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
||||||||
|
Талқылау:
|
||||||||
|
Неліктен… екенін айта аласыз ба?
|
||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Ұстаным бойынша өз бетімен білім алуға ұмтылатын, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол жəне зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру |
|||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Дүниетанумен байланыс-көжек туралы тапсырма |
|||||||
|
Алдыңғы оқу |
Сан туралы ұғым бар. |
|||||||
|
Сабақ барысы |
|
|||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||||||
|
Сабақтың басы 5 мин |
1 мин 2 мин 1 мин 1мин |
Ұйымдастыру кезеңі Ширату:-Терезенің алдында қанша бала отыр? -Сенің алдыңда қанша бала отыр? -Сенің артыңда қанша бала отыр? Ұлдар мен қыздар бөлініп тұруды ұсыну. Қыздарға сыныптағы ұлдарды,ұлдарға қыздарды санауды ұсыну. -Сыныпта ұлдар көп пе,әлде қыздар ма?Қалай ойлайсыңдар,неліктен? -Бүгін сыныпқа қанша оқушы келді,айта аласыңдар ма? КБ: «Сиқырлы таяқша» -Біз нені анықтадық? Жауабы:алдында 2 бала,артында 4 бала,ұлдар 12,қыздар 13. Топқа бөлу. Оқушылар 1,2,3,4 деп санап, 4 топқа бөлінеді. |
|
|||||
|
Сабақтың ортасы 25 мин |
2 мин 5мин 1мин 1мин 3мин 1мин 1 мин 3мин 1мин 1мин 2мин 1мин 1 мин 2мин |
Миға шабуыл «Көжекке көмектесейік» -Балалар, мына кішкентай көжек неге жылап тұр деп ойлайсыңдар? -Балалар, көжек мектепке бірінші сыныпқа келіпті, оның қолында не бар? - Қолындағы шарларының жартысын ұшырып алыпты, соған жылап тұр екен. -Көжекке көмектесеміз бе? Санап шарлардың жібін көжектің қолына ұстату. ТЖ «Кім жылдам?» Шашылған заттарды жинау «Елшілер» стратегиясы бойынша топта топ басшы,спикер,уақыт сақшысы болып анықталу. Топ басшысы-топ мүшелерінің рөлдерін бөліп береді,уақыт сақшысы-уақыт регламентінің сақталуын бақылайды,спикер-нақты мәлімет береді. Әр топқа ортаға заттар қойылады. І топ: Нүктелі кубиктар ІІ топ: Түрлі түсті пирамида ІІІ топ: Ойыншықтар IV топ: Түрлі түсті кубиктар - Әр топта қанша заттан бар? Қалай білдіңдер? (Әр топ өз затын санап шығады) -Тағы да қалай санауға болады? (Кері санауға болатынын айтады) Жауабы:нүктелі кубиктер -6, түрлі түсті пирамидалар-7,ойыншықтар-9, түрлі түсті кубиктар-10. КБ: «Сиқырлы таяқша» -Не байқадың? -Заттарды санауды қай саннан бастадың? Жауабы:санауды 1 санынан бастайды. Б: «Шапалақ» арқылы топтар бір-бірін бағалау
1шапалақ-мүлдем дұрыс емес 2шапалақ-қателер бар 3шапалақ-барлығы дұрыс Ж.Ж «Шығарып көр» Оқушыларға жұптасып оқу құралдарын санату.Бір-біріне сұрақ қою арқылы анықтайды. Мысалы:3 дәптер,4 кітап,1 сурет альбомы т.с.с. КБ: «Сиқырлы таяқша» -Заттардың санын қалай анықтауға болады? (Жауабы:санау арқылы) Б: Смайликтер арқылы
ҰЖ «Біздің сыныбымызда» Оқушыларға төрт адамнан топтарға бөлініп,өздері сұрақ ойлап тауып және оны келесі топқа қояды. -Біздің сыныпта қанша терезе бар? Жауабы: 3 терезе -Біздің сыныбымызда қанша КБ: «Сиқырлы таяқша» -Заттарды санағанда қандай сандарды пайдаландық? Жауабы:1,2,3,4,5,6,7,8,9,10. Сергіту сәті: -Мен неше рет шапалақ ұрдым? (Мұғалім 6 рет шапалақ ұрады.Оқушы қайталап 6 рет шапалақ ұрады.) -Аяқтарыңды 3 рет топырлатыңдар -Алақай деп бес рет айтыңдар т.с.с. Ж.Ж «Орындап көр» Оқушылар әрқайсысындағы түрлі түсті қарындаштарының санын табу үшін санайды. Тапсырма оқушылардың санау дағдысын бекітеді.Егер қарындаш саны 10-нан артық болған жағдайда (оқушы 10 көлемінде ғана санай алатын болса) онда ол өзінің жұбын көмекке шақырады немесе оның қарындаштарының саны 10-нан артық екенін айтады. КБ: «Сиқырлы таяқша» -Санауды қай саннан бастадыңдар? -Сандарды неліктен қалдырмай рет-ретімен атау керек деп ойлайсыңдар? Б: Смайликтер арқылы
Қалыптастырушы бағалауға тапсырма Суреттерді сәйкес сандармен байланыстырып сызыңыз. Сандарды оқыңыз.
Дескриптор: Білім алушы - заттардың санына сәйкес цифрды белгілейді; - сандарды таниды және атайды. |
Интербелсенді тақта
Интербелсенді тақта |
|||||
|
Сабақтың соңы 5 мин |
3мин 1 мин 1 мин |
«Қанша?» ойыны Қанша?сколько?how many? 1 оқушы шығып бір заттың суретін көрсетіп, «қанша?» деп сұрайды.Бірінші болып анықтаған оқушы жүргізуші болады. Жауабы:9 жолбарыс,4 арыстан т.с.с. КБ: «Сиқырлы таяқша» -Санауды қай саннан бастадық? -Санауда бір санды қалдырып кетуге болмайды.Неліктен? Рефлексия -Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? -Бүгінгі сабақ бойынша білім деңгейің қандай сатыда деп ойлайсың? |
|
|||||
|
Қосымша ақпарат |
||||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||
|
Саралауды жүзеге асыру мақсатында топпен және жұппен жұмыс ұйымдастыр -дым. 10 санынан көп заттарды санауда қабілеті жоғары оқушыларға: –Сыныпта барлығы қанша оқушы бар? -Сенің жұбыңда барлығы қанша қарындаш бар? 1.Қабілеті жоғары оқушыларға:
Ж:16 2.Қабілеті төмен оқушыларға :
Гүл күлтелерінің санын анықта және боя. Ж:6 |
Сабақ барысында әр тапсырмадан кейін кері байланыс жүргіземін. КБ: «Сиқырлы таяқша»
Смайликтер арқылы бағалау
Шапалақ арқылы бағалау 1 шапалақ-мүлдем дұрыс емес 2 шапалақ-қателер бар 3 шапалақ-барлығы дұрыс |
Сергіту сәті кезінде партаның ұшынан Қарындаштарды санау барысында ұштарын абайлау АКТ пайдаланғанда электр тогынан |
||||||
|
Рефлексия Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||
|
Сабақ мақсаты шынайы болды.Санау барысында натурал сандардың реттік номерін анықтады.10 көлемінде тура және кері санады, олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтай алды. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасты.Мен берілген уақыт ішінде жоспарланған тапсырмаларды үлгердім. |
||||||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1:Жұптық жұмыс «Шығарып көр» 2: «Қанша?» ойыны Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Жұптық және топтық жұмыстар 2: Белсенді оқу және бірлескен оқу Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Келесі сабағымды жетілдіруге қалыптастырушы бағалаудың тиімді түрлерін пайдалану. Белсенді тапсырмалар барысында саралау. |
||||||||
шағым қалдыра аласыз


















Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген