400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Зейнолла Шүкіровтің эпистолярлық мұрасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Шүкіров өмірі мен мұрасы туралы мәлімет беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ

Мектеп: М.Ә. Сужиков атындағы № 6 орта мектебі

Күні: 04.03.2019 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Кужакова Бодан

Сынып: 10

Қатысқандар : Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Зейнолла Шүкіровтің эпистолярлық мұрасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

З.Шүкіровтің мәңгілік құнын жоймайтын өлеңдері арқылы оның тағы да табанды, қайсар, нағыз патриот ақын екенін айту.

Зейнолла Шүкіовтің атына жазылған хаттардың маңызы, өз аймағымыздың өзінде ақын мұраларының өскелең ұрпақ алдында жүйелі түрде насихатталмай келе жатқаны, ақынның эпис-толярлық мұрасының өзіндік ерекшеліктері туралы сөз қозғау.

Эпистолярлық мұраларын жастар мен жасөпірімдер арасында насихаттау жұмыстарын жүргізе отырып, тарихы мен әдебиетін терең білу мақсатында мұражайларға деген қызығушылықтарын арттыру, бір-біріне деген бауырмалдығын, ұлттық рухын күшейту.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: Берілген хаттардың мазмұнын толық түсінеді, өз ойларын ортаға сала алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: хаттармен жұмыс жасай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Шүкіров туралы тың мәліметтерді біледі және сыныптастарына баяндап береді.

Ойлау деңгейі:

Білу және қолдану

Құндылықтар:

Оқушының танымдық деңгейін арттыру

Пәнаралық байланыс:

Тарих

Жоспар

Жоспарланған уақыт


Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы:


1.Ынтамақтастық құру:

Топқа бөлу.

«Сыр сұлуы» әнін тыңдату.

Ән

3 минут

5 минут

«Суреттер галереясы» «Джигсо» әдісімен оқушылар галереяға саяхат жасайды.

«Өмір - өзен» өмір тарихы ( I топ)

«Шабытым жайсын қанатын» шығармалары ( II топ)

«Хаттар сыр шертеді» ( III топ)

Зейнолла Арал ауданы Бөген елді мекенінде туған.
- Зейнолланың үлкен әкесінде бала болмаған, атасы мен әжесі бір перзентке зар болып жүрген кезінде, түсіне ақ сақалды қария еніп аян береді.
- Қолыңды жай балам, ер балалы боласың, атын Шүкірмағанбет қой.
- Міне осы Шүкірден Зейнолла 1927 жылы өмірге келеді. Анасы Зейнолланы туғанда оның кіндігі тіспен кесілген екен.
- Тіспен кесілген кіндік туралы «Кесілген кезде кіндігім анамның кеттім ажырап» деген ән жолдары еске түседі.
2 сұрақ: - неге тіспен кесілді деп ойлайсыңдар?
Екі жағындағы құдайы көршілері, бірі - қайшы, екіншісі - пышақ іздеп жүргенде, ортада бір кейуана (ана) кіндікті тіспен қиып жібереді.
- Міне, Зейнолла әлдиді естіп, бесікте шалқып өседі. Зейнолла ер жетіп алғаш мектеп табалдырығын аттайды. Өз замандастарымен бірге 4 сыныпқа дейін оқиды. Ол сабақта алғыр, зерек, зейінді, өз қатарының алды болады.
Баяу мұңды әуен ойналады.
Сол күні күн күркіреп, ауа райы күрт бұзылды. Анасы мазасыздана берді. 9 жасар Зейнолла өрістен қайтқан асау тайлақтан құлап, өмірлік мүгедек болып қалады. Бел омыртқасы зақымданып, сал ауруына ұшырайды. Бұл жағдай әжесіне қатты батады.
5 - 6 сыныпты немере ағалары, бауырлары мектепке арқалап әкеліп оқытады. Зейнолла тағдырдың салған ауыртпалығына мойымай, қайсарлықпен қарсы тұрады. Төсек үстінде жатқан қаламына қол созады.

2. Өмірлік нәрін де дәмін де нанын да сол қаламнан тапты

- Ақынның өлеңдері теңіз, отан, сағыныш, табиғат туралы
Алғашқы жинағы 1955 жылы «Менің достарым» деген атпен жарыққа шыққан. Жазушы ел аралап, жер шарлап, емін-еркін жүре алмаса да, Сыр бо-йының тұнған тарихын үйде жатып-ақ зерттеп, зерделеп, жинақтай білді. Көп жылғы еңбегінің нәтижесін «Сыр бойы» атты тарихи ұлы шығармасынан көруге болады. Алайда, бұл роман саясаттың құрбаны болып, жазушының тірі кезінде жарық көре алмады. Өз дәуірінде ел азаттығын аңсаған, бодандыққа бой бермеген, «аузы түкті кәпірден» қорқып,

бұғып отырмаған атамыз,тәуелсіздігіміздің шоқтығы биік тұлғасы Жанқожа батыр өмірімен ұштастыра ел тарихын толғаған «Сыр бойы» романы 1998 жылы ғана жарыққа шықты.

Зейнолла Бөгенде жатып-ақ елу томдық Үлкен Кеңес Энциклопедиясын-дағы медицина, әдебиет және тарих ғылымдарына қатысты материалдарды сүзіп оқыған. Міне - білім терудің үлгісі.

З.Шүкіров сонымен қатар көркем аудармамен де айналысты. Орыс ақыны Ф.И. Тютчевтің «Жартас пен теңіз» атты жыр жинағын қазақ тіліне аударды. Әлемге танымал Шекспир мен Гейнені қазақша сөйлетті. З.Шүкіров шығармалары шетел халықтарының тілдеріне аударылған.

Ақынның тағы бір қыры – кеңпейіл, қонақжайлығы. Үйі күнде жиын, күнде той.

Үйіңе шақырмаңдар,

Кет бірақ төріме аунап.

Үйімнен татыңдар дәм,

Кіріңдер омыраулап, - деген ғой ақынның өзі.

Алты айлығымда жүріп кеткен екем мен...

Не дейін саған тағдырым менің –

Төтеннен.

Тас бұғау салып, төсекке таңдың тұрғызбай,

Байғұс, бәлкім, көбелек болып кетер ем.

Кеудемнен басып, қозғалтпай науқас – бір залым,

Кірпігім ғана қимылдап жатқан құр жаным...

Туған ел, сонда төсектен алдың көтеріп,

Туған ел , саған ырзамын!- деп тағдырына мойынсұнып, елге ырзалық білдіреді. Ақынның оптимистік қыры осы өлеңнен-ақ көрініп тұр.

3. Хат!!! Хат дегеніміз көне заманнан бері адамдардың қарым-қатынас жасау құралдарының бірі болған. Ел билеушілері арасында жазылған хаттар-дан, тарихи деректерді білуге болатыны айтпасақ та түсінікті. Хаттарды же-келеген адамдар да жиі жазатыны белгілі. Әйгілі адамдардың жазған хаттары, олардың өмірлерін тереңірек танып-білуге болатын нақты құжат болмақ. Ағайын-туғандар, дос-жарандар арасында жазылған хаттар, олардың ұрпақ-тары үшін асыл мұра ретінде сақталатын оқиғалар да аз ұшыраспайды. Мұндай хаттарда, жеке тұлғалардың ауызша айтыла бермейтін көңіл-сырларын білдіретіні, сол кездегі өмір мен өмір-тірліктерін сипаттайтынын ұғыну қиын емес. Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданнан ата-анасына, туыстарына жауынгерлер жиі хат жолдайтын еді. Мұндай хаттардың кейінгі кезде құнды дүниеге айналғаны да мәлім.

1980-90 жылдары «Майданнан жазылған хаттар» деген жауынгерлердің жазған хаттары кітап болып шыққаны осының айқын дәлелі болса керек. Сондай-ақ, қыз-жігіттер арасында жазылған ғашықтық сезімдерін білдіретін хаттардан, олардың таным-түсінігін, ой-өресін, тіл байлығын білеміз. Тіпті, ақындардың кейбір өлең-жырлары хат ретінде жазылған. Ал, әйгілі адамдардың бір-біріне жолдаған хаттарында ауызша айтыла бермейтін көңіл сырларын ашып айтатын көрінеді. Осындай хаттарды оқып отырғанда әдеби шы-ғармаларда, естеліктерде, баспасөзде жарияланған мақалаларда айтуға бол-майтындай құпиялы жәйттердің өзін, хат арқылы білдіретінін аңғару қиын емес. Осы тұрғыдан қарастырғанда хаттар дегеніміз, зерттеуге лайық өз алдына бір жанр (эпистолярлық) деп тұжырауға да болады. Бұлай дейтініміз жазысқан хаттары арқылы әйгілі адамдардың ішкі жан-дүниесін, болмыс-бітімін, оның нақты тұлғасын тереңірек білуге хаттардың көмегі зор болмақ. Өйткені, олардың айтылмаған сырлары, ашылмаған құпиясы хат жолдарында өрнектеліп, олардың адам ретінде қандай болғанын, шынайы мақсаты мен үддесі, ойы мен арманы, күйініші мен сүйініші, өкініші, өмірге, саясат-қа деген көзқарасы да бүкпесіз ақтарыла айтылады. Мұны ешқандай естеліктерде, әдеби шығармаларда, не болмаса мақалаларда қамтылмайтын, шынайы ақиқатты көрсететін нақты құжат деп тануға болады. Демек, хат дегеніміз, нақты шындықты бұлтартпай көрсететін құжат. Осы тұрғыдан қарастырсақ, хатты өз алдына жеке жанр (эпистолярлы) деп зерделегеніміз жөн болар. Тағдыры талайлы ақын З.Шүкіровке жолдаған хаттарды оқығанда, мен осындай тұжырымға тірелгендей болдым.



Галерея



6 минут


«Болашақтағы өзіме хат » тыңдаған мәліметтер бойынша хат жазысу.

Оны оқу.

Хаттарды оқиды. Ең қызықты хатты бағалау.





4 минут

Ақын шығармаларын мәнерлеп оқу

Жұмыр жерді бас пен жүрекке теңеген. Олай болса, ақынның бас аман болсын, жер аман болсын, жүрек таза болсын деп өмірдің басы мен аяғы туралы жазған философиялық өлеңін тыңдамасқа.



5 минут

«Хатқа талдау» 5-5-1 әдісі арқылы нақты ақпарат алу.

Берілген үш хат бойынша балалар өз ойларын жазады.

Әбу Сәрсенбаев

Мұқағали Мақатаев

Әуелбек Қоңыратбаев

Қолжазба хаттар

5 минут

Видео ролик көрсету. Сәт триосы «Көнеміз ғой қайтеміз »

интернет

5 минут

«Ашық микрафон» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.


7 минут

Былайғы уақытта біздер күрескер деген сөзді ел үшін, жер үшін тер төккен жандарға айтып жатамыз. Өмірі қайсарлықтан қуат алған, тас бауыр тағдырмен жағаласып өткен Зейнолла есімін біздер күрескер қаламгер деп айшықтасақ айып па? Қаршадай шағынан тағдырмен тайталасқан қайсар қаламгердің бүкіл ғұмыры тар төсекте таңылумен өтті. Сонда да мойнына мінген науқастың алдында мойыған жоқ. Қайта сілтеген сайын жүзі жарқылдайтын нар кескендей нағыз қаһарман жан еді.

Босат, аурухана!

Бір минут енді жатпаймын.

Далаға кеткім келеді,

Тас қабырғаға шақпай мұң.

Дәрі де құрсын татпаймын,

Аңсаймын шіркін, сахара самал ауасын,

Арманым – дала, ат – қайғым, -

Дейді ақын бір өлеңінде.«Ұлы даланың ұлы есімі» дегенде Сырда туған Шүкіровті айтпағанда кімді айтамыз. Тағдарына моймаған ақын өмірі сендерге үлгі болсын. Хат жазудың, жазысудың адам өміріне қалай әсер ететінін көрдіңдер. Сондықтан везуалды әлемде хат жазыссаңдар да жақсы жазыңдар.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 маусым
951
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі