Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ:Адамдар не үшін еңбек етеді? Отбасы шығыстары қалай жоспарланады? 3 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға бағыталған сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен және қоғам

Күні:

Сынып: 3 «В»



Мектеп: Б.Момышұлы атындағы орта мектеп КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Андасова Айдана Оразхановна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Адамдар не үшін еңбек етеді? Отбасы шығыстары қалай жоспарланады?


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


3.1.1.4 Өз шығындарын жоспарлау және негіздеу.

3.1.1.5 Өз шығындарын оңтайландыру жолдарын ұсыну



Сабақ мақсаттары


  • Барлық оқушылар: Өз шығындарын жоспарлайды және тұжырымдайды.

  • Көптеген оқушылар: Өз шығындарын кесте арқылы тиімді ұйымдастыруды ұсынады.

  • Кейбір оқушылар: Бір күндік кіріс-шығыстарын есептеп, үнемдеуді диаграмма арқылы көрсетеді.

Бағалау критерийлері


Өз шығындары мен кірістерін жоспарлайды және негіздейді.


Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады: Оқушылар өз шығыстары мен кірістері туралы ортаға салып талқылайды.

Пәнге тән терминология: Кірістер, шығыстар, бюджетті жоспарлау. Еңбек арқылы адам дамиды. Еңбек арқылы адам өз қажеттіліктерін өтейді

Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер:

  • Отбасылық бюджет неден тұрады?

  • Бюдетті жоспарлау қажет пе?

  • Сен қаржыны дұрыс жоспарлай аласың ба?

  • Өз шығыстарыңды оңтайландыру үшін не істеу керек?

Құндылықтарды дарыту


Шығармашылық сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті, көз қарастарына құрметпен қарау, өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыстар


Еңбек, математика, жаратылстану

АКТ қолдану дағдылары


Слайд, бейнежазба көрсетіледі.

Бастапқы білім


Отбасының кірісі мен шығындары туралы біледі.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

5 - мин













Психологиялық ахуал қалыптастыру:

(Ұ)Ширату.«Молекула» әдісі.Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. «Атомдар» деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрлі-берлі жүруі керек. «Молекулалар» деп айтып, алты дегенде алты-алтыдан бірігеді.

Ойынның нәтижесінде құралған топтар сол құрамда топтарына отырады.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқу мақсаты іске асады.

1.Отбасы кірісі неден құралады.

2. Отбасының қаражатты қайда жұмсалады.

3.Бюджет дегенді қалай түсінесің.
















Сабақтың ортасы

8-мин












































11 мин

























































13 мин




(Д) 1-тапсырма: «Ақиқат пен жалған» әдісі.Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екенін анықта.Егер ақиқат болса /+/ , жалған болса /-/ таңбасын қой

Төл ақшамыз евро

-

Кіріс – күнделікті қажеттілікке жұмсалған қаражат

+

Отбасылық бюджет-отбасы табысының кірісі мен шығысы

+

Әкемнің жалақысы ол-шығыс

-

Әлеументтік көмек ол-кіріс

+

Киноға бару-шығыс көзі

+

Дескриптор:

- Тұжырымдардың ақиқат екенін анықтайды.

- Тұжырымдардың жалған екенін анықтайды.


ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

  • -Тұжырымдардың ақиқат екенін, тұжырымдардың жалған екенін анықтаса.

  • - Тұжырымдардың ақиқат екенін анықтаса, тұжырымдардың жалған екенін анықтауда қателіктер жіберілсе.


Саралаудың «Қарқын» тәсілі көрінеді.

Қарқыны баяу оқушыларға уакыт беріліп, қолдау көрсетіледі.

Қарқыны жылдам оқушыларға тапсырма беріледі. Бір күндік өз қаражатынды жоспарлап, өз шығындарың мен кірістеріңді есептеу жолдарын диаграммаға көрсет.

Менің кірістерім

Менің шығындарым

1.

1.

2.

2.



(Ж) 2-тапсырма «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі

Жұпқа берілген тапсырманы бірлесіп орындайды.

1.Бюджет дегенді қалай түсінесің?

2.Еңбекақы дегенді қалай түсінесің?

3.Отбасының кірісі неден құралады.

4.Отбасының қаражаты қайда жұмсалады?

Дескриптор:.

  • Бюджет дегенді ұғымды түсіндіреді.

  • Еңбекақы дегенді ұғымды түсіндіреді.

  • Отбасы кірісі неден құрылатындығын айтады.

  • Отбасының қаражаты қайда жұмсалатынын түсіндіреді.

ҚБ: «Қызықты пирамидалар» әдісі

Үлкен пирамида - бюджет ұғымын, еңбекақы ұғымын, отбасы кірісі, отбасының шығындарын айтса.

Орташа пирамида – бюджет ұғымын, еңбекақы ұғымын, отбасы кірісі, отбасының шығындарын айтуға қиналса.

Кішкене пирамида – бюджет ұғымын, еңбекақы ұғымын, отбасы кірісі, отбасының шығындарын айтуға көмек қажет етсе.

Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар беремін.

  1. Адам не үшін еңбек етеді?

  2. Еңбектің арқасында керек қажеттіліктерді қалай қамтамасыз етуге болады?


Кейбір оқушылардың сыни ойлауын дамыту мақсатында ашық сұрақтар беремін:

  1. Отбасылық бюджет-отбасы табысының кірісі мен шығысын қалай түсінесің?

  2. Еңбектің арқасында осы қажеттіліктерді қалай қамтамасыз етуге болады?

  3. Адамның, отбасының, қоғамның, мемлекеттің дамуына еңбектің тигізер әсері қандай?


Сергіту сәті «Көңілді күн»


(Ұ) 3-тапсырма «Жағдаятты шешу » әдісі арқы жүзеге асады

Жағдаятты түсініп оқы.

Анасы Айжанды дүкенге жібереді. Ол дүкеннен керек заттарын алады. Қалған ақшасын өзіне тәтті тағамдар алады.Айжанның анасы қалған ақшаны сұрайды. Бірақ Айжан барлық қаражатты жеткізе алмады. Бірде анасы оған қолдағы бар қаражатты үнемдеп жұмсау керектігін ескертті.

* Үнемдеу дегенді қалай түсінесің?

*Сен өз қаражатыңды қалай үнемдейсің? Мысалдар келтіре отырып әңгімеле.

Дескриптор

- үнемдеуге қатысты ойын айтады;

- өз шығындарын үнемдеу жолдарын айтады.

ҚБ: «Суқұйғыш» әдісі арқылы іске асады.

Рисунок 1 -өз шығындарын үнемдеу туралы жолдарын айтса.

-өз шығындарының үнемдеу туралы айтып үнемдеу жолдарын айтуға қиналса.

өз шығындарын үнемдеу туралы үнемдеу жолдарын айтуға көмек қажет етсе.

Саралаудың «Тапсырма» тәсілі көрінеді.

Көптеген оқушыларға тапсырма беріледі.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2020
322
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12