жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ.Ай мен күн 5-сынып
Қысқа мерзімді жоспар
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Аспан әлемінің құпиялары |
Мектеп: Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектеп |
||||||||||||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты жөні :Мейрбекова Үрмия |
||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 5 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Ай мен Күн |
||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
5.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану; жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу; 5.4.5.5 төл сөз, төлеу сөз,автор сөзінің жасалу жолдарын,қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру; |
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Мәтінді оқу, мазмұнын түсіну, сызба арқылы нақты ақпаратты табу; Төл сөз, төлеу сөз, автор сөздерінің тыныс белгілерін анықтау, қызметін білу;Төл сөздітөлеу сөзге айналдыру; |
||||||||||||||||||||||||
|
Ойлау дағдылары |
Білу, түсіну, қолдану |
||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:.Мәтінді оқу арқылы оқылым стратагияларын қолданады, екі мәтінді салыстыры отырып, нақты ақпаратта анықтайды Мәтіннен төл сөз,төлеу сөз,автор сөзін анықтайды |
||||||||||||||||||||||||
|
Пәнге тән лексика мен терминдер: Күн, Ай |
|||||||||||||||||||||||||
|
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: күн, жер,ай, атмосфера,ғаламшар,ғарыш әлемі, аспан,түнгі аспан. Талқылауға арналған сұрақтар: Күн мен Ай туралы не білесіңдер? Күннің тұтылуы деген не? Күн мен Ай туралы аңыз білесіңдер ме? |
|||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерий |
Мәтін мазмұны негізінде маңызды ақпаратты анықтайды Оқылым стратегияларын қолданады Төл сөз, төлеу сөз,автор сөзінің жасалу жолдарын,қызметін біледі, төл сөзді төлеу сөзге айналдырады. |
||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Азаматтық жауапкершілік, достық келісім |
||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Жаратылыстану,әдебиет |
||||||||||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Ноутбук |
||||||||||||||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Жаратылыстану |
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдер |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 5 минут Сабақтың ортасы 3 минут 10 минут 10 минут 10 минут Сабақтың соңы 2 минут |
Сәлемдесу Психологиялық тренинг Шеңбер боып тұру, бір-біріне аспант әлеміне қатысты тілектер білдіру; Күндей күлімдеп, жұлдыздай жарқырап, айдай ашық болып деп тілек білдіру Ай, Күн, Жер суреттері арқылы үш топқа бірігеді 1-топ Ай 2-топ Күн 3-топ Жер Үй тапсырмасына шолу. Жер туралы қызықты мәліметтер жинау берілген «Автор орындығы» әдісі арқылы жинаған мәліметтерін оқу. ҚБ Күлкілі смайликтер Жаңа сабақ Абай атамыздың отыз бірінші қара сөзін аудиотаспадан тыңдату. Оқылым алдындағы тапсырма «Серпілген сауалдар» әдісі
Күн мен Ай туралы не білесіңдер? Күннің тұтылуы деген не? Күн мен Ай туралы аңыз білесіңдер ме? Оқылым тапсырмасы 1-тапсырма Күн неге батады және шығады? Бірақ, шындығында, күн батпайды және шықпайды. Жер өз білігінен сағат тіліне қарама-қарсы бағытқа айналу арқылы Күнге біресе бір жағымен, біресе екінші жағымен қарайды. Ал бізге Күн шығыстан шығып, батысқа бататын тәрізді көрінеді. Ай Күн мен Жердің арасынан өткен кезде ол Күннің бетін көлегейлейді.Бұл Күннің тұтылуы деп аталады. Әдетте, Жердің көпшілік бөлігінде жарым-жартылай тұтылу көрінеді. Айдың тұлғасы Күнді толық жапқан да 7 минут тай түнек орнайды. Сол кезде Жерден Күннің сәуле жиегі көріне ді. Күн көз шыдатпайтын жарық дөңгелек болып көрінеді. Егер бұлтсыз ашық күні бір-екі минут қарап тұрсаң, көзің басқа ештеңені көрмей қалады. Сондықтан Күнге тіке қарауға болмайды. Күнге таңертең ерте және кешке қарай дәл көк жиекте тұрғанда қараған қауіпсіз. («Менің алғашқы энциклопедиям» жинағынан) Дескриптор Білім алушы
ҚБ Мұғалім мадақтауы Жарайсың! Керемет! Кері байланыс «ҚҚҚ»әдісі Тыңдалым мен айтылым 2-тапсырма Ай мен күн Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен бірі асқан сұлумын деп, бірімен бірі үнемі ұрысып, жиі жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп: - Сеннен мен сұлумын! – дейді. Ал Айсұлу болса: - Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! – деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының дағы Айсұлудың бетіне өшпестей болып тиеді. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал, бейбастықпен қатты ұятқа қалған Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбей, бірінен-бірі жасырынып, аулақтап жүреді екен.
Дескриптор Білім алушы 1.Салыстыру кестесін толтырады 2. Мәтіндердін нақты ақпараттарды анықтайды ҚБ Бас бармақ Кері байланыс ауызша 3-тапсырма Төл сөз, төлеу сөз, автор сөз ережесімен танысады С Жазылым алды тапсырмасы Оқушыларға төл сөз және төлеу сөзге қатысты ережелерді мұғалім түсіндіреді. ЖЖ. Жұптық жұмыс. Оқушыларға тыныс белгілері қойылмаған төл сөз және төлеу сөздер беріледі. Оқушылар ережені еске түсіре отырып жұппен сөйлемдерге қажетті тыныс белгілерді қояды. Өзара жұптық тексеруді жүзеге асыруға болады. Оқушылар орындалған жұмыстарды тексере отырып, бағалайды. Осылайша оқушылар төл сөз бен төлеу сөздерге қатысты пунктуациялық нормаларды меңгереді. Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты. — Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді. Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты. Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі. Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай әрі іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты. Дескриптор Білім алушы 1.Мәтіндегі тыныс белгісі қойылмаған 3 төл сөзді анықтайды; 2.Анықталған сөйлемдердегі төл сөздердің тыныс белгілерін қояды; 3.Тыныс белгілердің қойылуын дұрыс нұсқасымен тексереді; 4.Анықталған төл сөздерді төлеу сөзге айналдырады. ҚБ «Бас бармақ» арқылы Кері байланыс Екі жұлдыз, бір тілек .Үй тапсырмасы: Күн мен Ай туралы мәлімет жинау. Төл сөз, автор сөз қатыстырып 5 сөйлем құрастыру.Аспан әлеміне байланысты мақал-мәтел табу |
Суреттер
Суреттер
Арман пв баспасы
Аудиотаспа
Кесте
Таратпа парақшалар
Кері байланыс |
|||||||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген