Материалдар / Ашық сабақ.Акробатикалық жаттығулар тізбегі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ.Акробатикалық жаттығулар тізбегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Акробатикалық жаттығулар: тепе - теңдік және домалау жаттығулары.Оқушылардың дене қасиеттерін,тепе теңдік сақтау қасиеттерін,икемділік және иілгіштік қасиеттерін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2021
761
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 28


Мектеп

39 ЖББМ

Мұғалімнің аты-жөні

Батыргалиев Бекзат Курмангалиевич

Сынып

8 «Ә»

8 «Б»

Күні



Қатысушылар саны:


Қатыспағандар саны:


Бөлім

3-бөлім. Гимнастикалық элементтер және оның түрлері

Сабақтың тақырыбы

Акробатикалық жаттығуларды тізбегі: Тепе теңдік және домалау

Оқу мақсаттары

8.3.2.1. Денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кешенін құру және көрсету, сондай ақ оның маңыздылығын түсіну.

Сабақ мақсаттары

түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын құру және оларды дене жаттығуларын орындауда қолдану реттілігі

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

15 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.


Сабақтың

ортасы

25 минут

(ЖЖ, К, ҚБ) Мұғалім сыныпты жұптарға бөледі. Жұпта оқушылар қызықты мүсіндерді орындау үшін, гимнастикалық саймандарды қалай қолдануға болатыныдығын зерттейді, мысалы: аяқта басқа қарай немесе көлденең қалыпта. Жұптар осы секілді 2-3 идеяны біріктіреді және пайда болған мүсінді көрсетеді.


Мұғалім жаттығуларды қауіпсіз орындауға назар аударуы, сонымен қатар оқушылар тапсырмаларды орындаулары кезінде сақтандыру жұмыстарын жүргізуі қажет. Оқушылардың қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауларын бақылау қажет.

Нұсқа: оқушыларға тапсырманы 5-6 адамнан жасақталған топпен орындап көруге ұсыныс білдіруге болады. Сұраңыз: берілген тапсырманы орындау үшін сіз қандай дене қасиеттеріне ие болуыңыз керек?

Оқушылар шағын топтарда тапсырмалар көрсетілген карталармен жұмыстанады: мұғалім ұсынған акробатикалық композицияны орындау. Мысалы:

Қыздар. Б.қ.-негізгі тұрыс; қолдар жоғарға; бір аяқта тепе-теңдік сақтау (қарылғаш); бой түзей-Б.қ.; жүзушінің сөре тұрысы; жинақталып алға екі рет домалау; артқа аунаудан жауырынға тұру; аяқты жанға ашып отыру қалпы-қолдармен артқа тірелу; денені аяққа еңкейту (қолдарды алға созып); керілу арқылы шалқалап жату қалпы (аяқтарды бүгіп); гимнастикалық көпірше; кері айналып бір тізеге тірелу, отыру қалпы; жоғары секіру (қолдарды сермей).

Ұлдар. Б.қ.-негізгі тұрыс; созыла алға иілу, қолдар түзу жанға созылған; отыру қалпы; алға екі рет домалау; басқа тұру; отыру қалпы; артқа аунаудан жауырынғатұру; алға екі рет домалау; шалқалап жату қалпынан гимнастикалық көпірше; отыру қалпы; секіру, жоғары артқа шалқая, қолдарды жоғары көтеріп, жанға созып.

Мұғалімге акробатикалық жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелеріне назар аудару қажет. Біріккен және топтық жұмыстар дағдыларын бақылап, бағалаңыз.

Нұсқа: оқушыларға орындалған жұмыстарға өздеріне талдау жасап, топтарының күшті және әлсіз жақтарын белгілеп берулеріне ұсыныс білдіруге болады.

Сұраңыз: сіз жаттығуды қалай тиімдірек орындай аласыз?

Сіз өзіңіздің жаттығуыңызды қалай сапалы етіп орындай аласыз

Акробатикалық жаттығулардың кешенін көрсетіңіз. «Қарлығаш» әдісіне тұру, алға домалау, артқа домалау барысында жартылай шатқа отыру, көпірше жасау, баспен

тұру т.б.

Дескриптор

- акробатикалық жаттығулар кешенін көрсетеді;

- қолдану әдістерін реттілігімен орындайды;

- жаттығулардың техникасын көрсетеді.

Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!