400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:«Денсаулық еліне саяхат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ой өрісін, икемділігін, шапшаңдылығын дамыту.Балалардың денсаулық туралы білімдерін арттыру,салауатты өмірге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересектер тобына арналған ұйымдастырылған

оқу қызметінің ашық технологиялық картасы

Білім беру саласы:Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Денсаулық еліне саяхат»

Мақсаты: Балалардың ой өрісін, икемділігін, шапшаңдылығын дамыту.Балалардың денсаулық туралы білімдерін арттыру,салауатты өмірге тәрбиелеу.

Көрнекі- құралдар: Гимнастикалық орындық, таяқшалар, жіп, көкөністер, арбалар.

Іс -әрекет кезеңі

             Жетекшінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар музыка ырғағымен, бір қатармен спорт залға кіреді.

Спорт залда Жел аяқ жүгіріп жүреді.Балалар сапқа тұрады Жел аяқпен амандасады.Содан кейін жел аяқпен бірге «Денсаулық еліне саяхат» жасайды.
Жел аяқ:
Балалар бүгінгі
саяхатымыз өте қызықты болмақ. Балалар,бізге көптеген қонақтар келіпті,кәнеки барлығымыз амандасайық.

-Балалар,айтыңдаршы «денсаулық» дегенді қалай түсінесіңдер?

-Дұрыс айтасыңдар,ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы

«Денсаулық еліне саяхат».


-Балалар,сендер саяхаттағанды ұнатасыңдар ма?

Біз сендермен бүгін денсаулық еліне саяхат жасаймыз. Ол үшін балалар біз денсаулық жолымен жүреміз.
(жәй жүріс, қол белде, аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен жүру, тізені жоғары көтеріп жүру, жүгіру, тыныс алу)

Жел аяқ:

Балалар, денсаулық елінде сиқырлы таяқшалар бар, сол таяқшалармен мен сендерге қалай жаттығу жасауға болатының көрсетейін.
(Жел аяқ балаларды шеңберге тұрғызады, балалар кезекпен таяқшаларды алады)
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Жалпы дамыту жаттығулары
: (таяқшалар)
Б.қ. - аяқ сәл алшақ, қолда таяқша.Таяқшаны алдымызда төмен ұстаймыз, мойын жаттығуларын жасау
Б.қ. – аяқ иық деңгейінде, таяқша қолда, төменде. Иығымызды алға артқа айналдырымыз.

Б.қ.Таяқшаны жоғары көтеру, отыру, орнымыздан тұру. Б.қ. оралу
Б.қ. – аяқ сәл алшақ, қол белде, белді оңға, солға бұру. Б.қ. оралу.
Б.қ. – аяқ қосулы, таяқша қолда, аяқ жаттығуларын жасау. Б.қ. оралу.
Тыныс алу жаттығуы.

Жел аяқ: Жақсы балалар жаттығуды орындадық енді мен сендерге сынақтар ойлап таптым сол сынақтардан өте аласындарма екен көрейік?
2. Негізгі қимыл – қозғалыс.
Тепе – теңдікті сақтау – Балалар гимнастикалық орындық үстімен кедергілердін арасынаң жүріп, қос аяқпен секіріп түсіп, жіптің үстінең жүріп өтеді.
Жел аяқ: Жарайсыңдар балалар ал енді денемізді бір сергітіп алайық.
Сергіту сәті:

Бас,иық, тізе,аяқ, қол....

(әуенмен орындалады)

Жақсы балалар, өте тәртіпті, шымыр балалар екенсіңдер! Енді балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Сендер ойын ойнағанды ұнатасындарма?
Ойын: «Көкөністерді жинау»
Шарты:
 Балалар екі топқа бөлінеді. Белгіленген жерге дейін, екі топтан балалар кезекпен шығып, арбамен көкөністерді жинайды. Жинаған көкөністерді алып, орындарына қайтып келеді.Жиналған көкөністі әр топ, өзінің қорабына салады. Кайсы топ көп көкөніс жинаса, сол топ жеңіске жетеді.
Ойын ойнап болған соң нұсқаушы балаларды бір қатарға тұрғызады.

Жарайсыңдар балалар! Ойын сендерге ұнадыма?

ІІІ. Қорытынды бөлім:
Жел аяқ:

- Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?
- Біз қай жерге саяхат жасадық?
- Қандай жаттығулар жасадық, немен жасадық?

-Жақсы балалар!



Жел аяқ
: Сендер тәртіпті, ақылды, шымыр, сонымен қатар өте білімді екенсіңдер. Енді осымен саяхатымыз аяқталды . Біз тағы да міндетті түрде денсаулық еліне саяхатқа барамыз жақсыма балалар.Ал енді қонақтармен қоштасайық.

Түзел! Тік тұрыңдар! Сау болыңдар!
Балалар музыка ырғағымен, бір қатар саппен шығып кетеді.

Сәлеметсізбе.


Амандасу.




Сәлеметсіздерме қонақтар.


«Денсаулық» деген ол –ауырмау,дұрыс тамақтанып жүру,жаттығулар жасау,көңілді болып жүру.

-Иә!


Балалар саппен жүріп, жаттығуларды орындайды.







Балалар таяқшалармен жаттығуды орындайды.










Балалар жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.












Негізгі қимыл жаттығуларын орындайды.










-Иә!




Балалар жаппай ойынға қатысады.








Ұнады.



-Иә!

-Денсаулық еліне саяхат жасадық.

-Гимнастикалық орындықтың үстімен өттік,таяқшалармен жаттығу жасадық.көкеністер ойының ойнадық.








Сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 қараша
860
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі