жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ:Денсаулық және қауіпсіздік 2 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: Дүниетану Мектеп: № 271 орта мектеп Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 . Дені саудың – жаны сау Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Омарова Сарсенкуль Сынып: 1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
|
Сабақ тақырыбы |
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.4.1 жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру |
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: - Оқушылар дене тазалығын сақтау керек екендігін біледі. - Гигиена туралы түсінік қалыптасады. - Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсінеді. Көптеген оқушылар:
Кейбір оқушылар:
|
|
Бағалау критерийлері |
– «денсаулық», «жеке бас гигиенасы» ұғымдарын түсінеді; – гигиена ережесін құрастырады; -Жеке бас гигиенасын ұстау керектігінің маңызын біледі. |
|
Тілдік мақсаттар |
Тілдік мақсаттар: Денсаулыққа қатысты әлеуметтік және жеке мәселелерді анықтай алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: гигиена,дене тазалығы,ереже,тазалық Диалогқа / жазылымға қажетті тіркестер Талқылауға арналған сұрақтар -Тазалық сақтау үшін арналған заттар адамдарға не үшін керек? -Тазалық сақтау үшін не жасау керек? - Гигиена дегенді қалай түсінесіңдер? - Сондықтан, біз бүгін сабақта не туралы айтамыз деп ойлайсыңдар? |
|
Құндылықтарды дарыту |
Еңбекқорлыққа үйрету арқылы жеке бас гигиенасын сақтауға және денсаулығына деген жауапкершілікке дағдыландыру |
|
Пәнаралық байланыстар |
АКТ, сауат ашу |
|
АКТ қолдану дағдылары |
|
|
Бастапқы білім |
Тазалықты сақтау туралы біледі. |
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері 40 мин |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Тж, жж,ж |
Ресурстар |
|||||
|
Сабақ тың басы (5 мин)
|
3 мин 1 мин 3 мин |
Психологиялық ахуал тудыру Шеңберге тұру Ой қозғау Жұмбақтар шешу
Кетер кір ласың, тап – таза боласын. Бұл не? ( Сабын)
Суртеді қолынды, суртеді дененді. Бұл не? ( Сүлгі)
Басыңмен ісі бар. Бұл не? ( Тарақ)
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не? ( Айна) -Осы тазалық сақтау құралдары адамдарға не үшін керек? -Сондықтан, біз бүгін сабақта не туралы айтамыз деп ойлайсыңдар? Қоржыннан әртүрлі суреттер алу. Суреттерді таңдап алу арқылы топқа бөліну |
Сабын, айна, сүлгі,тарақ
|
||||
|
Сабақтың ортасы (30 мин)
|
8 мин 1 мин 4 мин 1 мин 10 мин 6 мин |
Видеобейне көрсету http://www.youtub.ru -Мультфильмді көргеннен кейін кандай ой түйдіңдер? -Не жайлы болды? - Тазалық сақтау дегеніміз не? - Тазалық сақтау үшін не жасау керек? - Гигиена деген сөзді қалай түсінесіңдер? Мұғалім түсіндірмесі Гигиена туралы түсінік қалыптастыру Жұптық жұмыс. Жұпқа суреттерді біріктіру арқылы жұптасады.
Оқушыларға жұпта жеке бас гигиенасы туралы ереже құруға және бір-біріне әңгімелеуге тапсырма беру. Мақсаты: Бұл тапсырма жеке бас гигиенасын сақтаудың өмірлік дағдыларын бекітуге, шығармашылық ойлауды дамытуға көмектеседі. Әр жұп оқушылары гигиена ережелерінің біреуін дене қимылымен немесе ымдау тәсілі арқылы көрсетуі тиіс. Оқушыларға бұл тапсырманы орындауға көмектесетін қосымша материалды ұсыну. Кері байланыс -Жеке бас гигиенасын сақтау үшін не істеу керек екен? - Осы ережені өзің күнделікті қолданасың ба? - Жеке бас гигиенасын сақтау денсаулықты нығайтуда қандай рөл атқарады?
Бағалау. «Бас
бармақ» әдісі арқылы Мақсаты: Оқушының ішкі уәжін арттыру. Білімді үйренуге ынтасын арттыру. Сергіту сәті . Сөздерді буынға бөлдіру: гигиена,тазалық, денсаулық, сабын, айна, сүлгі, тарақ, сусабын Тірек сөздермен қимыл жаттығуларын жасату. Мақсаты: Сөздерді дұрыс айтады, буынға бөледі, талдау жасайды. Топтық жұмыс 1-тапсырма Әр топ белгілі бір гигиена түріне ережесін құрастырады. 1 топ- дене тазалығын сақтау 2 топ- киімдерге байланысты гигиенаны 3 топ-тамақ ішу гигиенасы 4 топ-бөлме тазалығын сақтау Мақсаты: Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша топта өзара іс-ірекетке түсу арқылы талқылай отырып, білімдерін қолдана отырып өз жұмыстарын қорғайды. Кері байланыс
Бағалау: Шапалақ арқылы (3 шапалақ-өте жақсы, 2 шапалақ-жақсы, 1 шапалақ - орташа)
2-тапсырма Шығармашылық жұмыс «Сен суретшісің» Тіс пастасының қорабын ойлап табу, оны жарнамалау Барлық топқа бірдей тапсырма беріледі Мақсаты:Әр топ берілген заттарға зерттеу жүргізу арқылы оның қорабын жасап, безендіреді, жарнамалайды Кері байланыс: -Тіс пастасы тазалықты сақтауға маңызды деп ойлайсыңдар ма? - Тіс пастасы болмаса адамдар қалай ауыз қуысын тазалар еді? -Ерте кездерде жеке бас гигиена құралдары болған ба? Бағалау: «Сэндвич» әдісі арқылы
(1. Мадақтау 2. Әлсіз жағы 3. Пікір, ұсыныс) Мақсаты: «Сэндвич» әдісі арқылы оқушының сөздік қорын молайту. Пікірлерін ашық, нақты айтуға дағдыланады. |
«Мойдодырь» мультфильм нен үзінді көрсету Сабын-көбік Тарақ-шаш Айна- бет-әлпет Щетка-тіс Постер,мар кер Қағаздар, қарындаштар, маркерлер |
||||
|
Сабақтың соңы (5 мин) |
3 мин 2 мин |
Жеке жұмыс 1-тапсырма Сурет бойынша жеке бас гигиенасы қажетті құралдарды табады , қоршайды
2-тапсырма Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырып жазыңыз. Әр адамның жеке бас гигиенасына арналған өз заттары --------------------, -----------------------, -------------------- болуы керек.Гигиена сақтау ----------------------- көмектеседі. Тірек сөздер: орамал, тарақ,тіс щеткасы, денсаулықты нығайтуға.
|
Тапсырма парағы
|
||||
|
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсету.Көбі рек қолдауды қажет ететін оқушыға тапсырма: Сурет бойынша әңгімелеу
Қабілеті жоғары оқушыға тапсырма: Тірек сөздер арқылы сөйлемдер құрату. Шағын мәтін құрау.
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? «Бас бармақ» әдісі, «Шапалақ» әдістерін қолдану арқылы оқушының ішкі уәжін арттырамын, ынталандырамын. «Сэндвич» әдісі арқылы оқушының сөздік қорын молайтамын. Пікірлерін ашық, нақты айтуға дағдыланадырамын. |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасы ның сақталуы Жеке бас гигиенасын сақтауға арналған құралдарды ұқыпты пайдалану
|
|||||
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
Тиімділігі:Сабақтың оқу мақсатына негізделіп оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту үшін түрлі әдіс-тәсілдерді топтық, жұптық және де жеке жұмыстар ұйымдастыру арқылы көрініс тапты. Іс-әрекетті зерттеу барысында оқушылардың әрбір жеткен жетістігі достары мен мұғалімі тарапынан қолдау тауып, қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланып, мадақтау сөздер айтылғаны оқушының оқуға деген ынтасын арттырды. Сабақтың соңындағы рефлексия арқылы сабақтан алған әсерлерін білу болғанын байқадым. Кері байланыс мұғалімнің сабақ барысында өз мақсатының қаншалықты нәтижелі болғанын білуге мүмкіндік берді. Жетілдіретін тұстарым: Оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмалар дайындау
|
|
|||||
|
Көңілді ерекше бөлуді қажет ететін оқушылар тапсырмасы:Сурет бойынша әңгімелеу
|
Қабілеті жоғары оқушы тапсырмасы: Тірек сөздер,сөз тіркестері арқылы сөйлемдер құрату. Шағын мәтін құрау. Тірек сөздер: су, сабын, жуыну, тіс пастасы,денсаулыққа пайдалы, дене тазалығын сақтау
|
шағым қалдыра аласыз










Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген