Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ:«Дирижерлық техникалардың әдіс-тәсілдерін меңгеру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыға көрнекіліктерді қолдана отырып, дирижерлық техникалардың әдіс-тәсілдерін меңгеру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Дирижерлық техникалардың әдіс-тәсілдерін меңгеру»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыға көрнекіліктерді қолдана отырып, дирижерлық техникалардың әдіс-тәсілдерін меңгеру.

Дамытушылық: Оқушының өз бетінше жұмыс жасау, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыға тапсырмалар беру арқылы ұқыптылыққа, жауапкершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Шығармашылық

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі:Түсіндіру, ойнау-ойнату, сұрақ- жауап, талдау

Сабақтың формасы: Жеке

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыптық көрнекіліктер, сурет, метроном, ноутбук, бейнетаспа, колонки, оқулықтар, аспаптар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: оқушымен амандасу,оқу құралдарын қадағалап, назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Құрманғазы «Балбырауын» күйін ойнау;

2. Дирижерлеу бойынша сұрақтар:

а)Қандай өлшемдерді білесіз?

б)Дирижерлық аппарат дегеніміз не?

в)Құрманғазының қандай белгілі күйлерін білесің?

г) «Балбырауын» күйіндегі үндестік.

3. Құрманғазы «Балбырауын» күйін дирижерлеу.

Үй тапсырмасынан кейін кейбір шықпай жатқан, түсінбей жатқан жерлерін айтып,түсіндіру.

Сабақты дирижерлік гимнастикамен жалғастыру. (Дирижерлеу аппаратын босату жаттығулары қол буындарының айналма қозғалыстары, иық тұстары, қолды көтеру және оларды төмен қарай еркін лақтыру, иықты жоғары көтеру және төмен лақтыру).

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру. «Дирижерлық техникалардың әдіс-тәсілдерін меңгеру»

Дирижерлеу пәні күрделі де жан-жақты процесті қамтиды. Дирижер- оркестрді басқарушы, ұйымдастырушы яғни музыкалық шығарманы дұрыс орындатып шығатын ұжым жетекшісі.Бүгінгі сабақта дирижерлық техникалардың әдіс-тәсілдерін меңгеруді жалғастырамыз. Дирижерлік ету кезінде шығарманың характері мен мазмұны қол қимылдары арқылы берілуі тиіс. Әр қолдың атқаратын міндеті болады. Орындалатын шығармаға байланысты оркестрде дирижерлеудің өзіндік техникасы мен әдіс-тәсілдері қолданады. Бүгінгі сабағымызда Ресей композиторы, дирижер, педагог, дүниежүзілік классикалық музыканың аса ірі өкілі - Петр Ильич Чайковскийдің шығармасы Симфония №1 «Қысқы армандар» 1-бөлімді өтеміз. Құрылу тарихына қысқаша тоқтала кетейік. «Қысқы армандар» симфониясы- композитордың Мәскеуге көшуінде жазылған алғашқы жұмысы.Ол орыс музыка тарихындағы алғашқы лирикалық және психологиялық композиция болды. Тоналдігі соль-минор, AIIegro tranguillo. (Негізгі тақырып, қосалқы,экспозиция.1-бөлім негізгі тақырыппен аяқталады).

1.Шығарманы видеотаспадан тыңдату.

2.Шығарманы жәй ырғақта дирижерлеу.

3.Дирижерлық әдіс-тәсілдерімен жұмыстану (екпін, динамика, Sf, дыбыс күші).

ІV.Сабақты бекіту.

Бекіту сұрақтары:

1.Ауфтакт дегеніміз не?

2. П.И.Чайковскийдің қандай шығармаларын білесің?

3. Шығарма ішіндегі темптер?

Body Percussion – музыкадағы жаңа бағыт. В.Р- ритмді сезіну, қозғалыс үйлесімділігі жаттығулары.

V. Сабақты қорытындылау. Дирижерлық техниканың негізі – есту қабілетінің және музыканың тірегі. Дирижерлық қимыл орындаушылардың қажетті дыбысқа қол жеткізуіне әсер етеді.

Бүгінгі сабағымызды аяқтай келе жаңа тақырыбымыз оқушыға түсінікті және мақсатына жетті деп ойлаймын.

VІ.Бағалау. Оқушының білімін бағалау.

V ІІ.Үй тапсырмасы:

1.Шығарманың негізгі және қосалқы бөлімдерін ойнау.

2.Айна алдында әзірлену, дирижерлеу.

3. П.И.Чайковскийдің шығармаларымен тереңірек танысу.

Әдебиеттер:

1. Байжұманов С. «Халық аспаптар оркестрі» А.1991ж

2. Безбородова Л.А «Дирижирование» М.Просвещение 1990г

3.Музыкальная энциклопедия , М.1978г






«Халық аспаптар»ПЦК оқытушысы: С.Н.Бралиева



МКҚК «Құрманғазы атындағы саз колледжі»

«Дирижерлеу» пәні бойынша өткізілген ашық сабақ жоспары

Курс: III курс, Валиев Ибрагим

Мамандығы: Халық аспаптары

Пәні: Дирижерлеу

Өткізілетін күні: 25.12.2019ж

Өткізілетін уақыты: 9.05 - 9.50

Сабақтың тақырыбы: «Дирижерлық техникалардың әдіс-тәсілдерін меңгеру»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыға көрнекіліктерді қолдана отырып, дирижерлық техникалардың әдіс-тәсілдерін меңгеру.

Дамытушылық: Оқушының өз бетінше жұмыс жасау, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыға тапсырмалар беру арқылы ұқыптылыққа, жауапкершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Шығармашылық

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Оқушының шығарма мәтінін жүргізіп оқуы жақсы. Сондықтан жәй ырғақта талдап көрген соң,тағы да қайталап дирижерлатып көреміз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2020
1009
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12