Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ"Еңбекқор ара" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚМЖ


Сабақ : № 4

Мектеп: «С. Ерғалиев атындағы орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалім: Досмұхамбетова Ж.Т.

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Еңбекқор ара

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

5.О6. Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу.

5.Ж.2.Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу.


Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар:

Мәтін мазмұнын түсініп оқыды;

Оқушылардың көпшілігі:

Сұрақтар қоя отырып, мәтін түйінін аша алды;

Кейбір оқушылар:

Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хабарландыру құрастырып жазды.

Құндылықтарды игерту:

Топтық жұмыс барысында оқушылардың бір-біріне деген құрмет сезімі, сыпайылық, тыңдай алу, оқытуда бір-біріне қол ұшын беру сынды қасиеттері қалыптасады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, еңбексүйгіштік «Еңбекқор ара» тақырыбын талқылау арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану, география

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы қолданылады, материал ғаламтордан алынған .

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады: мәтін мазмұны негізінде маңызды ақпаратты анықтай алады.

Хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жаза алады.

Мәтінге қатысты сөздік қор мен терминдер: бал аралары, еңбекқор жәндік, гүл шірнесі, тор көзшелер, бал түрлері, тозаңын жинау.

Осыған дейін меңгерілген білім

Лексикалық тараудың үшінші сабағы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин


Қызығушылықты ояту

Сурет бойынша топқа бөлініп, лексикалық тақырыпты болжайды.

Ширату жаттығуы. «Жаңбыр»

1-тапсырма. «Болжау» әдісі

С. Оқылым алдындағы тапсырма.

Бейнекөрініс көрсету арқылы жаңа тақырыпты болжатамын.

Оқу мақсаты мен бағалау критерийлері хабарланады.

(Балалар, қалай ойлайсыңдар, неліктен бұл бейнебаянды көрсеттім???)

Көрсетілім барысында мұғалім оқушыларға проблемалық сұрақтар туындату қажеттілігіне ой тастайды.

Араға сипаттама беріңіздерші. Түсі

Ара қандай болады?

Басты қасиеті қандай?

Сонымен, сабағымыздың тақырыбы «Еңбекқор ара» деп аталады

Өткен сабағымызда сендермен синоним, антоним тақырыбымен танысқан болатынбыз, есімізге түсірейік

Синоним дегеніміз не?

Антоним дегеніміз не?

Мысалдар келтір?

Қалыптастырушы бағалау







Мультиктен үзінді

https://www.google.kz



















Сабақ ортасы



Мәтін үлестіріліп, әр оқушы жеке оқып шығады.

Жұмысшы ара

Омартаның негізін қалайтын жұмысшы аралардың денесінің ұзындығы 12 – 15 мм, салмағы 90 мг болады. Жұмысшы аралар – көбею мүшелері жетілмеген ұрғашы аралар. Бір омартада 50-60 мың жұмысша ара болуы мүмкін. Олар жұмыртқадан жаңа шыққан ұрпақты қоректендіреді, балауыз ұяшықтардың тазалығын, ауа алмасуын қадағалайды, тәтті шырын мен гүл тозаңдарын жинайды. Жұмысшы аралар 7-8 ай тіршілік етеді.  Ұяда тұратын әрбір ара өзінің қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз орындайды.

Араның тіршілігі гүлдермен тығыз байланысты, олардың негізгі қорегі – гүлдерден тәтті шырындар мен тозаңды жинау. Аралардың өсімдікке тигізер пайдасы орасан зор: олар ұшып-қонып жүргенде гүлдерді айқас тозаңдандырады да, өсімдіктің өнімділігін арттырады.

Араның беретін негізгі өнімі

Бал – әрі дәмді, диеталық тағам, әрі емшілік қасиеттері мол, құрамында глюкоза мен витаминдер, микро және макроэлементтер, организмге пайдалы тағы басқа, барлығы жүзден асатын, құнды ингридиенттер бар. Сонымен қатар араның уы, аналық сүтше, балауыз, ара желімі сияқты өнімдерді береді. Аралардың Қазақстан бойынша 300 мыңнан аса жанұялары бар, әрбір жанұя орта есеппен жылына 40-50 кг бал жинайды.

- Ұяларын бөтен аралардан қорғау және байланысу үшін аралар 10 түрлі дыбыс (ызың) шығарады.

- 40 мың араның 1 кг бал өндіруі үшін 6 миллион гүлден шырын жинауы керек.



2-тапсырма.Т. Оқылым кезіндегі тапсырма.

І топ «ПОПС» формуласын толтыру;

ІІ топ «Синтез» жасау

Б ағалау критерийі:
- Оқылым стратегияларын қолданады 
- Мәтін мазмұны негізінде маңызды ақпаратты анықтай алады

Қалыптастырушы бағалау

3-тапсырма. Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Сөздік жұмыс

Омарта – араның ұясы

Балауыз – ағаш шырыны

Жұмыр – толық, мығым

Үшкілдеу- үшбұрышты, сүйір

І топ:

Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, «Бал» өнімін насихаттауға арналған жәрмеңкеге шақыруға орай хабарландыру және жарнама құрастырып жазу.


Хабарландыру (Үлгі)

Құрметті, қала тұрғындары!

Сіздерді 16-17 желтоқсанда «Санжар» сауда орталығында өтетін «Бал» өніміне арналған жәрмеңкеге шақырамыз. Пайдасына кенеліп, мамандардан кеңес алғыларыңыз келсе, келіңіздер, көріңіздер! Орны «Санжар» сауда орталығы. Уақыты 9.00-18.00, күн сайын.

Ұйымдастырушы ЖК «Зейін»

ІІ топ. Жарнама, реклама

(франц. reclame, лат. reclamo жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама;

Бағалау критерийі:

  • Жарнама, хабарландыру жанрының талаптарын сақтайды

  • Жарнама мәтінінде сөз тіркестерін қолданады

  • Балды насихаттай алады


Қалыптастырушы бағалау:



«Синквейн» әдісі


І, ІІ топ «Еңбекқор ара» сөзіне 5 жолды өлең құрастырыңыз.


Үлестірме парақ

































А-3 парақтары

кестелер

Сабақтың соңы

5 мин













Үйге тапсырма

Рефлексия.




Бал түрлерін жазып келу



Кері байланыста оқушылар өзі таңдаған нұсқаның жанына +

қояды

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

1. Оқушыларға қолдау көрсету мақсатында хабарландыру құрылымымен танысып келу үйге алдын ала беріледі.


Оқушылар дескрипторлар арқылы өздерін тексереді.

Сабақ экологияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы қолданылады.

Ойлану




Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?


Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?



Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

















Жұмысшы ара

Омартаның негізін қалайтын жұмысшы аралардың денесінің ұзындығы 12 – 15 мм, салмағы 90 мг болады. Жұмысшы аралар – көбею мүшелері жетілмеген ұрғашы аралар. Бір омартада 50-60 мың жұмысша ара болуы мүмкін. Олар жұмыртқадан жаңа шыққан ұрпақты қоректендіреді, балауыз ұяшықтардың тазалығын, ауа алмасуын қадағалайды, тәтті шырын мен гүл тозаңдарын жинайды. Жұмысшы аралар 7-8 ай тіршілік етеді.  Ұяда тұратын әрбір ара өзінің қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз орындайды. 

Араның тіршілігі гүлдермен тығыз байланысты, олардың негізгі қорегі – гүлдерден тәтті шырындар мен тозаңды жинау. Аралардың өсімдікке тигізер пайдасы орасан зор: олар ұшып-қонып жүргенде гүлдерді айқас тозаңдандырады да, өсімдіктің өнімділігін арттырады.

Араның беретін негізгі өнімі

Бал – әрі дәмді, диеталық тағам, әрі емшілік қасиеттері мол, құрамында глюкоза мен витаминдер, микро және макроэлементтер, организмге пайдалы тағы басқа, барлығы жүзден асатын, құнды ингридиенттер бар. Сонымен қатар араның уы, аналық сүтше, балауыз, ара желімі сияқты өнімдерді береді. Аралардың Қазақстан бойынша 300 мыңнан аса жанұялары бар, әрбір жанұя орта есеппен жылына 40-50 кг бал жинайды.

- Ұяларын бөтен аралардан қорғау және байланысу үшін аралар 10 түрлі дыбыс (ызың) шығарады.

- 40 мың араның 1 кг бал өндіруі үшін 6 миллион гүлден шырын жинауы керек.



Жұмысшы ара

Омартаның негізін қалайтын жұмысшы аралардың денесінің ұзындығы 12 – 15 мм, салмағы 90 мг болады. Жұмысшы аралар – көбею мүшелері жетілмеген ұрғашы аралар. Бір омартада 50-60 мың жұмысша ара болуы мүмкін. Олар жұмыртқадан жаңа шыққан ұрпақты қоректендіреді, балауыз ұяшықтардың тазалығын, ауа алмасуын қадағалайды, тәтті шырын мен гүл тозаңдарын жинайды. Жұмысшы аралар 7-8 ай тіршілік етеді.  Ұяда тұратын әрбір ара өзінің қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз орындайды. 

Араның тіршілігі гүлдермен тығыз байланысты, олардың негізгі қорегі – гүлдерден тәтті шырындар мен тозаңды жинау. Аралардың өсімдікке тигізер пайдасы орасан зор: олар ұшып-қонып жүргенде гүлдерді айқас тозаңдандырады да, өсімдіктің өнімділігін арттырады.

Араның беретін негізгі өнімі

Бал – әрі дәмді, диеталық тағам, әрі емшілік қасиеттері мол, құрамында глюкоза мен витаминдер, микро және макроэлементтер, организмге пайдалы тағы басқа, барлығы жүзден асатын, құнды ингридиенттер бар. Сонымен қатар араның уы, аналық сүтше, балауыз, ара желімі сияқты өнімдерді береді. Аралардың Қазақстан бойынша 300 мыңнан аса жанұялары бар, әрбір жанұя орта есеппен жылына 40-50 кг бал жинайды.

- Ұяларын бөтен аралардан қорғау және байланысу үшін аралар 10 түрлі дыбыс (ызың) шығарады.

- 40 мың араның 1 кг бал өндіруі үшін 6 миллион гүлден шырын жинауы керек












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2020
518
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12