жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ."Эстафеталық ойындар.4-сынып"
Күні: 05.02.2021 ж. Сынып: 4 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Эстафеталық ойындар |
|||
Оқытудың негізгі мақсаты |
Оқушыларды салауатты өмір салтына бейімдеу және дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру. Шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту. Ойын арқылы бала организмін шынықтыру. |
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
Барлық оқушылар: Негізгі эстафеталық ойын және олардың ойнау әдістерін қолданады, қалай қарсылас болуды біледі. Көбі: Негізгі эстафеталық ойын және олардың ойнау әдістерін қолданады, қалай қарсылас болуды біледі, өз пікірін білдіреді және дәлелдейді. Кейбірі: Негізгі эстафеталық ойын және олардың ойнау әдістерін қолданады, қалай қарсылас болуды біледі, жаттығудың түрлерін, қиындығын, жасау жолдарын түсінгендерін көрсетеді. |
|||
Бағалау критерийлері |
Оқушылар орындай алады: Тақырыптың маңыздылығымен танысады, денесін жаттықтырады, алған білімін өмірде қолдана алады. |
|||
Тілдік мақсат |
Пәнге қатысты сөздіктер мен терминдерді біледі: негізгі тұрыс, аяқ арасы, иық кеңдігі, оң қол жоғары,сол қол төмен. |
|||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||
Пәнаралық байланыс |
математика, әдебиеттік оқу |
|||
Ресурстар |
ысқырық, жалауша, баскетбол добы, секіртпе, кедергілер. |
|||
Жоспар |
||||
Сабақтың жоспарланған уақыты |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы 10 минут
|
І.Ұйымдастыру кезеңі: Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, рапорт қабылдау, сабақтағы оқу мақсатымен таныстыру. ІІ Психологиялық дайындық. ІІІ «Шаттық шеңберін» құру. Оқушылар бір-біріне тілек айту. ІҮ Алдыңғы білімді «Серпілген сауал» әдісі арқылы еске түсірту. 1.Дала жарысының ережелері қандай ? 2.Дала жарысының негізгі мақсаты. |
«Серпілген сауал» әдісі |
||
Сабақтың ортасы
25 минут
|
1-тапсырма Жалпы дене жаттығулары (ЖДЖ) Дескриптор: 1.Бастапқы қалып негізгі тұрыс аяқ арасы иық кеңдігінде қол белде, басты 1-4 сан оңға, 1-4 сан солға айналдырады; 2.Б.қ. қол иық үстінде, 1-4 сан алдыға,1-4 сан артқа айналдырады; 3.Б.қ. оң қол жоғары,сол қол төмен, 1-2 сан артқа, 3-4 сан қолды ауыстыра сермейді; 4.Б.қ.и. қол жанында, 1-4 сан алға, артқа білекті, 1-4 сан шынтақты, 1-4 сан иықты толық айналдырады; 5.Б.қ. қол белде, белді 1-4 сан оңға, 1-4 сан солға айналдырады. |
Жаттығулар көрсетілімі
|
||
|
2-тапсырма Ой қозғау. -Балалар, өздеріңе таныс эстафеталық ойын түрлерінің маңызы қандай? (Балалар эстафеталық ойын түрлерінің маңызы туралы ой қозғайды) І «Эстафета алауы» Ойынның шарты: кедергілер арасымен эстафета алауын алып жүгіріп, мәреге қайта жүгіріп, кедергі арасымен эстафета алауын алып келу. Дескриптор: -эстафета алауын кедергілер арасымен алып жүреді; - мәреге қайта жүгіріп жетеді. ІІ «Кім жүйрік?». Ойынның шарты: оқушылар допты жерге ұрып, белгіленген жерге барып, есепті шығарып, мәреге бірінші болып келу. 100+200+300 = 100+200+30 = 100+200+300 = 100+200+300+200 = 100+200+300+200 = 100+200+30 = Дескриптор: -допты жерге ұрып отырады; -мәреге бірінші болып келуге тырысады. ІІІ «Ең мерген». Ойынның шарты: оқушылар секіртпемен секіріп барып, алда тұрған нысанаға допты салу қажет. Дескриптор: -секіртпемен секіріп барады; алда тұрған нысанаға допты салады. Ү. «Кенгуру».Ойынның шарты: мәреге қос аяқпен секіріп барып, орнына бір аяқпен секіріп қайтады. Дескриптор: -мәреге қос аяқпен секіріп барады; - орнына бір аяқпен секіріп қайтады. ҮІ. «Шашылған сандар». Ойынның шарты: әр оқушы белгіленген жерге секіртпемен секіріп барып, сандарды ретімен алып, мәреге жылдам бірінші болып келу. Дескриптор: -белгіленген жерге секіртпемен секіріп барады; - сандарды ретімен алып, мәреге жылдам бірінші болып келеді.
Сандарды ретімен қойғанда өлең шумағы шығады. Бойларыңда от бар екен байқадым,-1 Жүректерде шоқ бар екен байқадым.-2 Әрқашанда осы шоқты өшірмей,-3 Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым!-4 Организмді қалыпқа келтіру. Тыныс алу жаттығулары. Қалыптастырушы бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы іске асырылады. |
«Еркін микрофон» әдісі
Доп, жалауша, ысқырық, секіртпе
1 |
||
Сабақтың соңы 5 минут |
Кері байланыс «Қызық, қиын, құнды» тәсілі арқылы жасалады. -Балалар, бүгін сендер немен таныстыңдар? -Қандай қиыншылықтар болды? -Келесі сабақта не қалайсыңдар? Үйге тапсырма беру: Эстафеталық ойындардың басқа да түрлерімен танысып келу. |
«Қызық, қиын, құнды» тәсілі |
||
|
Қосымша ақпарат |
|
||
Саралау оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түсіндіресіз? |
Бағалау оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Сабақта «Серпілген сауал», «Еркін микрофон», «Бас бармақ» тәсілдері балалардың салауатты өмір салтын ұстануына және дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыруына, шапшаң қимылдап, жарыса жүгіруді дамытуына ықпалы зор болды.
Сабакты толық меңгермеген оқушыларға қосымша тапсырмалар беремін. Кемшіліктерді жою жолдарын түсіндіремін. |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау, АКТ Құндылықтары мен байланыс |
||
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеті орындалды ма? Бүгінгі оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті? Жоспарланған саралау іске асты ма? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және не? |
Сабақтағы оқу мақсаты әдіс-тәсілдер арқылы орындалды.Сабақ жоспарланған іс-әркетке құрылды, уақытында іске асты.Оқушылар дене жаттығуларына шынығуымен қатар ойлау қабілеттерін арттырды.Сабақ оқытудың жаңа тәсілдері арқылы негізгі мақсат аясында өтті. Жоспарланған саралау іске асты,яғни: Барлық оқушылар: Негізгі эстафеталық ойын және олардың ойнау әдістерін қолданады, қалай қарсылас болуды біледі. Көбі: Негізгі эстафеталық ойын және олардың ойнау әдістерін қолданады, қалай қарсылас болуды біледі, өз пікірін білдіреді және дәлелдейді. Кейбірі: Негізгі эстафеталық ойын және олардың ойнау әдістерін қолданады, қалай қарсылас болуды біледі, жаттығудың түрлерін, қиындығын, жасау жолдарын түсінгендерін көрсетеді. Жоспарыма пәнаралық байланысты түрлендіруді, өмірмен байланыстыруды өзгеріс енгіздім. |
Қауіпсіздік ережесін ескертемін, қадағалаймын, сабақтың өн бойында іске асыруды қадағалап, бақылаймын. |
||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1. Сабақта «Еркін микрофон», «Қызық, қиын, құнды» тәсілдері балалардың дене жаттығуларына шынығуымен қатар ойлау қабілеттерін арттырды. 2.Пәнаралық байланыстың сабақты өз деңгейінде өтуіне ықпалы зор болды. |
||||
Дайындаған |
Дархенбай З. |
|
||
Мектеп директорының бастауыш сыныптар
бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары: Утегенова К.И.
,2,3,4
сандары жазылған кеспе қағаз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген