жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ.Есту анализаторы, құрылысы, гигиенасы, жасқа байланысты ерекшеліктері.
«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған анатомия, физиология және мектеп гигиенасы пәнінің сабақ жоспары
Оқу орны: Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі.
Мерзімі: 16.10.2018 ж.
Оқытушы: Бейсенова М.Б.- химия, биология пәндерінің жоғары санатты оқытушысы
Топ: МБ-17-1
Студент саны: 24
Тақырыбы: Есту анализаторы, құрылысы, гигиенасы, жасқа байланысты ерекшеліктері.
Құндылық: ақиқат
Қасиеттер: шындық, адалдық, әділдік
|
Сабақтың мақсаты: Студенттерге есту анализаторы, құрылысы, гигиенасы, жасқа байланысты ерекшеліктері, адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: Білімділігі: - Студенттердің есту анализаторының құрылысы, гигиенасы, адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту. Дамытушылығы: - Студенттермен топтық, жеке жұмыс жүргізу арқылы білімді меңгеру қабілеттерін қалыптастыру, тақырып туралы ойларын кеңейту, эстетикалық талғамын дамыту, ауызекі сөйлеуге, алған білімдерін шығармашылыққа қолдана білуге дағдыландыру, білімдерін тәжірибеде көрсете білуге үйрету. Тәрбиелігі: - Студенттерді шыншылдыққа, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу, ұйымшылдыққа баулый, топтық жұмыс орындату арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. |
Ресурстар: Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы Ш.С. Набидоллина, Адам анатомиясы, жас ерекшілігіне қатысты физиология және гигиена Б.Қалкенова |
|
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі -Саламатсыздар ма, студенттер? Көңіл-күйлеріңіз қалай? Көңіл-күйлеріңіз жақсы болса, онда сабағымызды бастайық. Сабағымызды бастамас бұрын «5Т ережесін» бәріміз бірге еске түсірейік (хормен айтылады). -Тәртіп болса талап болады, онда өзіңде тыныштық болады, тыныштық болса, тазалық болады, тазалық болған жерде татулық болады. Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану) Тыныштық сәті «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды ұстаздарыңызға, достарыңызға, қонақтарға бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын». Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. |
Ресурстар: Слайд, «5Т ережесі», жағымды музыкалық әуен |
|
2.Үй тапсырмасын сұрау. «Ақылды доп» әдісі Шарты:Өткен тақырып бойынша студенттердің білімдерін бақылау,пысықтау мақсатында студенттерге допты лақтыру арқылы сұрақтар қоямыз. Студенттер допты қағып алып, шапшаң жауап береді, дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады. 1.Тітіркенулерді талдау қайда басталады? ( рецепторларда) 2.Жарыққа қай мүшелердің рецеторлары тітіркенеді? (көру мүшелерінің рецепторлары) 3.И.П.Павлов анализатор деп қандай жүйені атады? (тітіркендірулер талдайтын жүйені) 4.Кез келген анализатор неше бөлімнен тұрады, ата:
5.Көру мүшесіне нелер жатады? ( көз алмасы, қосымша аппараттар) 6.Адам сыртқы ортада болып жатқан ақпараттың неше пайызын көз арқылы біледі? (80-90%) 7.Адаптация дегеніміз: ( көздің әр түрлі жарық жағдайын бейімделуі) 8.Аккомодация- (көздің заттарды әр түрлі қашықтықтан көруге бейімделуі). 9.Жақыннан көргіштік қай жастағы адамдарда көп кездеседі? (мектеп жасындағы балаларда) 10.Көз алмасының үйлесімді қозғалысының бұзылуы қалай аталады? (қылилық) 11.Қылилық көбінесе неше жаста пайда болады? (2-3 жасқа келгенде) 12.Қылилық анықталған балаға неше жастан көзілдірік кигізеді? (1-2) Міне, үй тапсырмасын пысықтауға қойған сұрақтарға өздеріңіз куә болғандай достарыңыздың берген жауаптарынан ақиқат пен шындықты байқадық. Шындығында жарыққа көзіміз тітіркеніп, тіке қарай алмаймыз,көру арқылы дүниенің 80-90% қабылдасақ, көзі көрмейтін адамдар құлақпен есту арқылы,қозғалыс, сипап сезу түйсіктерімен заттың бейнесін елестете алады екен. |
Ресурстар: Слайд, сұрақтар, доп, фишкалар |
|
3.Дәйексөз «Ғылым үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт».
(Суденттер дәйексөздің мағынасын ашып, өз пікірлерін айтады. Студенттердің жауаптары негізінде дәйексөзді қорытындылаймыз). |
Ресурстар: Слайд, дәйексөз |
|
Ішкі интеграция (сабақтың мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау) Жаңа сабақ Бейнеролик арқылы студенттер сабақтың тақырыбын ашады. «Есту анализаторы». «Ой майданы» әдісі (мәтінмен жұмыс) Шарты:Студенттердің жаңа тақырыпты өздігінен оқып, талдап, бірігіп ынтымақтаса, топ болып жұмыс жасауына жол ашу мақсатында 4 топқа 4 тақырыпша бөліп беріледі. Әр топ өз тақырыптарына ой жүгіртеді, оқыған, көрген, білгендерін топтасып талдау жасайды.Талдау нәтижелерін ортаға салып, ойларын айқын тұжырымдайды. Жинақталған ақпараттар бойынша әр топ постер жасайды және қорғайды. «Шығармашылық іс-әрекет» Жаңа тақырып бойынша студенттердің білім, іскерлік дағдыларын дамыту мақсатында үлестірме материалдар ұсынылады. Әр топта ұсынылған тапсырмаларды студенттер орындайды да, келесі топқа тексеруге береді, топтардың бағалаушылары дайын жауап арқылы тексеріп, бағалайды. №1 тапсырма. «1 шумақ өлең» әдісі Шарты:Слайд арқылы өзара ұйқасқан тігінен жазылған бірнеше сөздер көрсетіледі.Әр топтан бір студент осы сөздерді пайдаланып 1 шумақ өлең жазуы керек. Уақыт 1-1,5 минут. Өлеңдер топ ішінде оқылады. ...жаралған ...бар арман ...нәр алған ...қара орман №2 тапсырма. «Үшіншісі артық» әдісі Шарты:Студенттер әрбір тізім бойынша артық элементті табуы тиіс. Дұрыс немесе қате жауаптың болмауы мүмкін, болмаса кез келген сөз артық болуы ықтимал.Сол артық сөзді тауып, тізімдегі басқа сөздердің арасындағы байланысты көрсетеді. №3 тапсырма: Биологиялық диктант Шарты: Студенттер берілген биологиялық анықтамалардың қалған сөздерін толықтырады және берілген тапсырманы орындайды. «Құлақтан кіріп бойды алар Әсем ән мен тәтті күй ...» топпен ән айту. (Төреғали Төреалы-«Анашым») |
Ресурстар: Бейнеролик, үлестірмелі материалдар, флипчарт, маркер, т.б. 1.https://kk.wikipedia.org 2.http://bilimsite.kz Ән: «Анашым» |
|
Үй тапсырмасы 1.Оқулықтағы мәтінді оқу, сабаққа қатысты негізгі сұрақтар дайындау. 2.«Есту анализаторы, құрылысы, гигиенасы, жасқа байланысты ерекшеліктері» тақырыбына ақиқат құндылығын, шындық, адалдық, әділдік қасиеттерін көрсете отырып,өмірмен байланыстырып эссе жазу. |
Ресурстар: Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы Ш.С.Набидоллина, Адам анатомиясы, жас ерекшілігіне қатысты физиология және гигиена Б.Қалкенова |
|
Сабақтың соңындағы тыныштық сәтi (Баяу әуен қойылады). -Еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, нені үйрендік, өзімізге қандай қажетті мәліметтер алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізбен сезініп, ойымызға сақтап алайық.Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет! |
Жағымды музыкалық әуен |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген