Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ.Фосфор және фосфор қышқылы 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Негізгі мектепте химияны оқыту барысында интерактивті әдістерді және оның түрлерін пайдалану.Яғни, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі әдістерді қолдану. Интерактивті әдістерді мобильді құрылғылар көмегімен қолдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аты-жөні:Жәкібаева Динара Лесбайқызы

«Фосфор. Фосфор қышқылы» тақырыбындағы 1-сабақ

Сабақтың мақсаты:тақырып бойынша білімді түсіндіру және меңгерту. Сабаққа деген қызығушылығын арттырып, білім деңгейін бақылау.

Әдістер: «жұптасып жұмыс жүргізу», «позиция таңдау», «ашық презентация», «миға шабуыл» және т.б.

Құрал-жабдықтар:периодтық жүйе, интерактивті тақта, мобильді қосымшалар, смартфон немесе планшет.

Ұйымдастыру сәті:сәлемдесу, жағымды атмосфера қалыптастыру.

Жаңа сабақтың негізгі кезеңі:

  • фосфор құрылысы;

  • табиғатта кездесуі;

  • алынуы;

  • физикалық қасиеттері;

  • химиялық қасиеттері;

  • қолданылуы;

  • ортофосфор қышқылының физикалық қасиеттері;

  • ортофосфор қышқылының химиялық қасиеттері;

  • ортофосфор қышқылының алынуы және қолданылуы;


Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында, «миға шабуыл» әдісімен сұрақтар қойылды.Мысалы, «фосфор туралы қандай ақпараттар білесіздер?», «фосфор қышқылы қандай қышқыл?» деген секілді сұрақтар қойып,тақырыпты ашып алынды. Жаңа тақырыпты «ашық презентация» әдісімен суреттер, кестелер арқылы интерактивті тақтадан көрсетілді.

Фосфор бейметалл, қатты зат. Фосфордың аллотропиялық өзгерістері бар. Олар:ақ, қызыл, қара және т.б. Фосфор атомдары үш коваленттік байланыс түзеді.

Табиғатта кездесуі:Фосфор – жер қыртысында ең көп тараған элементтердің бірі. Оның мөлшері жер массасының 0,08-0,09%-ын құрайды.Фосфордың маңызды табиғи минералдары-фосфориттер мен апатиттер. Фосфор – тіршілік элементі.Ол жасыл өсімдіктердің барлық бөлігінде, әсіресе жемісінде және тұқымында көп көп мөлшерде кездеседі. Фосфор ортофосфат түрінде тіс пен сүйекте көп кездеседі.

Алынуы:фосфор апатиттен немесе фосфориттен алынады.

Физикалық қасиеттері:фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропиялық түрөзгеріс түзеді. Оның маңыздылары ақ және қызыл фосфор.

2-кесте. Фосфордың аллотропиялық түрөзгерістерінің физикалық қасиеттері

Қасиеттері

ақ фосфор

қызыл фосфор

қара фосфор

1

2

3

4

Физикалық күйі

Кристалдық зат

Ұнтақ тәрізді зат

Графитке ұқсас жартылай өткізгіш зат

Түсі

Ақ немесе ашық сары

Қызыл қоңыр

Қара сұр

Иісі

Сарымсақ иісті

Иісі жоқ

Иісі жоқ

Қаттылығы

Қатты емес, пышақпен кесуге болады

қатты

Салыстырмалы түрде жұмсақ

Балқу температурасы

44°С

280°С–тан жоғары температурада ақ фосфордың буы түзіледі

280°С–тан жоғары температурада ақ фосфордың буы түзіледі

Ерігіштігі

Суда нашар ериді

Іс жүзінде ерімейді

Іс жүзінде ерімейді

Жарқырауы

Қараңғыда жарқырайды

Жарқырамайды

жарқырамайды

Организмге әсері

Күшті у

Улы емес

Улы емес

Тығыздығы, г/с

1,8

2,3

2,7


Химиялық қасиеттері: ауада ақ фосфор оңай тотығады және қараңғыда жарық шығады. Грек тілінен аударғанда фосфор – жарық тасушы деген мағынаны білдіреді.Аздап қыздырғанда немесе үйкеліске түскенде фосфор тұтанып, жанады, нәтижесінде фосфор (V) оксиді түзіледі. Суда ақ фосфор ерімейді, сондықтан оны тотықпас үшін су астында сақтайды. Фосфор қыздырғанда металдармен әрекететсіп, фосфидтер түзеді. Фосфор әрі тотықсыздандырғыш, әрі тотықтырғыш қасиет көрсетеді. Фосфордың сутекті қосылысы Р фосфин деп аталады. Ол аммиакка ұқсас, бірақ тұрақсыз зат. Фосфин – түссіз, ауада өздігінен тұтанатын, шіріген балық иісті, улы зат.

Қолданылуы:қызыл фосфор сіріңке өндірісінің шикізаты. Оны шыны ұнтағы мен желімге араластырып, қорапшаның бүйір бетіне жағады.

Ортофосфор қышқылы – түссіз кристалдық зат. Фосфор қышқылы үшнегізді қышқыл, ортадәрежелі электролит.

Тапсырмалар:

  1. «Миға шабуыл» әдісі қиял мен шығармашылық ойлауды дамытуға, берілген мәселені шешудің оңтайлы жолын іздеуге ықпал етеді. Шығармашылық арқылы оқушылар өз ойларын белсендіріп, кез келген жағдайдан шығудың жолын табуға үйренеді. Сабақта ойын элементтерін пайдалану материалды оқу процесін қызықты етуге мүмкіндік береді. Ойын кезінде материалды есте сақтау оңайырақ, жақсырақ болатынын ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген.Осы әдісті мобильді құрылғылармен байланыстыратын болсақ, оқушылар осы қосымшада көрсетілген сөздердің ішінен сабақққа қатысты тіркес сөздерді, терминдерді табуы қажет. Бұл тапсырма оқушының термин сөздерді есте сақтау мақсатында берілді.



1-сурет. LearningApps қосымшасы

Сілтемесі: https://learningapps.org/watch?v=pubun34ia22


2. Позиция таңдау – белгілі бір шешім. Оқушылар белгілі бір сұраққа келісіп немесе келіспеуін шешеді, өз позициясын таңдайды. Ал, позиция таңдау әдісінде мобильді құрылғылар көмегімен LearningApps қосымшасында берілген сөйлемдердің дұрыс немесе бұрыс екендігін таңдайды. Анығырақ айтқанда, оқушы өз таңдауын жасап, дәлелдейтін болады.



2-сурет.LearningApps қосымшасы

Сілтемесі: https://learningapps.org/watch?v=pde0y852c22

3. Жұптасып жұмыс жүргізу әдісі оқушылардың бір-бірінің білімін тексереді. Сондай-ақ, материалды бекітеді. Жұптасып жұмыс жүргізу барысында оқушылар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Жұптасып жұмыс жүргізу әдісінде мобильді құрылғылар көмегімен Quizizz қосымшасы оқушылардың білімін тексеруге жақсы мүмкіндік беретін қосымша болып табылады. Яғни, қосымша арқылы оқушылар жұптасып тесттерді шеше алады. Қосымшада тестті әртүрлі форматта жасауға болады. Сонымен қатар, біржауапты немесе көпжауапты тест құрастыруға болады.




3-сурет.Quizizz қосымшасы


Сілтемесі: https://quizizz.com/admin/quiz/5e534aa51565f0001b04b107/-

Рефлексия:сабақтағы жалпы жұмысты бақылап, оқушылармен кері байланыс жүргізілді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.05.2022
722
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12