Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ.Жаратылыстану . Дыбыс қалай пайда болады?3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 3-сынып ұстаздарына қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3 а

Күні: 21.04.2021ж

Мектеп: № 34 Бердаулетов атындагы орта мектеп

аты-жөні:Аймаханова Мөлдір Мерейқызы

Қатысқандар саны:17

Қатыспағандар саны:0

Тақырыбы:

Дыбыс қалай пайда болады?

Оқу мақсаты

3.5.3.1 дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігін түсіндіру;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

- қандай заттардың дыбыс шығаратынын біледі.

Көптеген оқушылар:

- дыбыстың қалай таралатынын түсінеді.

- дыбыстың таралуына ортаның әсерін түсінеді.

Кейбір оқушылар:

- дыбыстың қалай пайда болатынын мысал келтіріп сипаттайды.

- дыбыс шығаратын құралдарды қолда бар ресурстан жасайды

Бағалау критерийі

- қандай заттардың дыбыс шығаратынын біледі.

- дыбыстың қалай таралатынын түсінеді.

- дыбыстың таралуына ортаның әсерін түсінеді

- дыбыстың қалай пайда болатынын мысал келтіріп сипаттай алады.

- дыбыс шығаратын құралдарды қолда бар ресурстан жасай алады

Тілдік мақсат

Тербеліс

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек, дүниетану.

Алдыңғы меңгерілген білім

Дыбыс, табиғи және жасанды дыбыс, дыбыстың барлық бағытта таралуы, дыбыс көздері

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің іс-әрекет

Оқушының іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Топқа бөлу (Сыйқырлы дыбыстар арқылы)

1-топ Ж - жаңбырдың дыбысы

2- топ Қ- құстардың дыбысы

3- топ М- музыкалық аспаптардың дыбысы


Кіріспе тапсырма. Жедел жауап.

- Қандай заттар дыбыс шығара алады?

- Зат дыбысты қалай шығарады?

- Дыбысты қаттырақ шығару үшін не істеу керек?

- Қандай дыбыс шығара аласың

Дыбыстарды тыңдау. Орманнан қандай дыбыстар естуге болады?

Қандай дыбысты естідіңдер?

(бейне сабаққ а назар аударайық)

  • Дыбысты кім/не шығарды?

  • Бұл дыбыстарды қандай белгілері бойынша бөлуге болады?

  • (Табиғи және жасанды, қатты және бәсең.)























Жабайы жануарлар құстардың дыбысы











Жабайы жануарлар құстардың дыбысы

Судың дыбысы










https://zvukipro.com/


https://wav-library.net/






Аудиотаспа

көрсету









Сабақтың ортасы

25 минут


Дәптермен жұмыс

Дыбыс қалай пайда болады?

Дыбыс дегеніміз-дыбыс көзіненқұлағымызға берілетін ауадағы не басқа ортадағы тербелістер Дыбыс табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді

Суретпен жұмыс.
2-тапсырма

Дыбыс қалай таралады?

Оқулықтағы суретпен жұмыс.

- Дыбыс қандай денелер арқылы таралады?

Жер – қатты дене.

Су – сұйық дене.

Фонендоскоп – қатты дене.

- Дыбыстар осы орталарда бірдей тарала ма?

Дыбыс ауаға қарағанда, жер (қатты дене) арқылы тез таралады. Дыбыс суда жақсы естіледі. Дыбыс қатты дене арқылы таралғанда қатты естіледі.


ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС

Дыбыс қалай таралады ?

1.Неге тыңшы құлағын жерге төседі ?

2.Теңіз жануарлары бір-бірімен қалай қарым-қатынас жасайды ?

3.Неге дәрігер науқастың жүрек соғуын тыңдау кезінде фонендоскопты пайдаланады ?

 Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Жоғары – төмен.

Масалар мен зауза қоңыздар ұшқан кезде дыбыс шығарады. Бұл дыбыс олардың қанатының қозғалысынан пайда болады. Олардың дыбысы қалай ерекшеленеді? Оның қанат қозғалысының жиілігіне қатысы бар ма? Болса, қандай?

Егер зат белгілі бір жиілікте қозғалысқа түссе, мұндай қозғалысты тербеліс деп атайды. Егер тербелісі жиі болса, дыбыс жоғары болады.

Сергіту сәті.

Ойын:Әр түрлі жануарлардың, дыбысын қайталайды

Зерттеу жұмысы. Топтық жұмыс

Әр топ музыкалық аспаптардың біреуін, яғни гитара, сыбызғы, ксилофон жасайды.

Зерттеу жүргізу бойынша нұсқаулық:

1-топ. Гитара жасау.

  • ұзындықтары әртүрлі бірнеше резеңкелер (кеңселік) дайындау;

  • қораптың қарама-қарсы екі қабырғасын ішке қарай бүктеу;

  • бүктелген қабырғаларды қысатындай етіп, қорапқа резеңкелерді кигізу;

  • резеңкелердің әрқайсысын шерту және олар шығаратын дыбыстарды салыстыру;

  • резеңкелерді түрлі күшпен шерту және дыбыс қаттылығын салыстыру.

2-топ. Сыбызғы жасау.

  • Түтікшелерді бір-бірінен 1 см-ге қысқа бола­тындай етіп, қию;

  • түтікшелерді біртіндеп қысқару ретіне қарай бір қатарға орналастырып, скотчпен бекіту;

  • сыбызғыны ерінге тақап, үрлеу;

  • түрлі күшпен үрлеу және дыбыс қаттылығын са­лыстыру;

  • дыбыстарды түтікшенің ұзындығымен салыстыру;

  • сыбызғының дыбысын әртүрлі қашықтықта тыңдап көру.

3-топ Ксилофон жасайды.

  • Бірдей бөтелкелерді бір қатарға қою;

  • бөтелкелерге түрлі мөлшерде су құю;

  • қарындашпен бөтелкелердің шетін дыбыс шығатындай етіп шерту;

  • шығатын дыбыстарды құйылған судың мөлшерімен салыстыру;

  • бөтелкелерді түрлі күшпен ұрып көру және дыбыстардың қаттылығын салыстыру;

  • ксилофонның дыбысын әртүрлі қашықтықта са­лыстырып


Сен білесің бе?

Кім театрға барып көрді? Оның залын сипаттау. Қабырғасы мен төбесінің пішіні көрермен залына дыбыстың біркелкі таралуын қамтамасыз етеді. Соның арқасында адамдар залдың қай жерінде отырса да, әртістердің даусы мен музыкалық аспаптардың әуенін жақсы ести алады.

Жеке жұмыс

Сұрақтар мен жауаптарын сайкестенд ір

Мұғалімнің кері байланысы.КБ



Есте сақта!

Нені есте сақтау керек?

Еститін дыбыстың көбі ауаның қозғалысы болып табылады. Дыбысты тербелістегі дене шығарады. Осы тербеліс ауа арқылы басқа денелерге таралады.

Мұғалімнің кері байланысы. SMS

  • Бүгінгі сабақ несімен құнды болды?

  • Сабақта не есіңде ерекше қалды?

  • Сабақта не қиындық тудырды



Ойлан.

- Ғарышта дыбыс естіле ме?

- Ғарышта не бар?

- Ғарышта ауа бар ма?

- Дыбыс естілуі үшін орта қажет (мысалы қатты, сұйық немесе газ тәрізді). Ғарышта ондай орта болмағандықтан, дыбыс естілмейді.









Оқушылар өз жауаптарын береді






















Оқушылар өздері

Жұбымен жауап

Береді


















































































Аудиотаспадан

көрсету






















Аудиотаспадан

көрсету











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.05.2021
4155
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12