Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ."Жеті ғажайып" сыры. 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге,әдіс алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы



3 бөлім. Әлемнің жеті кереметі

Сабақтың тақырыбы: "Жеті ғажайып" сыры

Мектеп:

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:


СЫНЫП: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары



6.1.5.1. тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: Мәтін мазмұнын біледі, түсінеді


Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтін бойынша жалпы және жеке сұрақтарға жауап береді


Кейбір оқушылар орындай алады:.Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады, өзіндік көзқарасын білдіреді


Бағалау критерийі

Мәтін бойынша жалпы және жеке сұрақтарға жауап береді;

Мәтіндегі ақпаратты шынай өмірмен байланыстырады.


Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: мәтін мазмұны бойынша жалпы және жеке сұрақтарға жауап беріп, ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыра алады.


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қадым заманнан, сәкі-алаңшалар, ғибадатхана,шамшырақ


Диалог құруға/шығарма жазуға/ арналған пайдалы тіркестер:

Таңғажайып ғимарат, ерекше мүсін, ескерткіш, киелі орындар, тамаша бақ.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Ғажайып дегенді қалай түсінесіңдер?

Жеті санын немен байланыстыруға болады?

Қазақстанның жеті кереметі деп қандай мұраларды атар едіңдер?


Не себепті ... деп ойлайсыз ?

Не себепті оларды әлемнің кереметтері деп атады деп ойлайсың?


Алдыңғы оқу:

Жеті керемет туралы жалпы түсінік

ЖОСПАР

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

10 мин




























Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныптың сабаққа дайындығын тексеріп, түгелдеймін.

«Шаттық шеңбері» әдісі арқылы жағымды психологиялық ахуал туғызамын.

Орындалу шарты: балалар шеңберге тұрып, бір-біріне алақандарын қою арқылы жақсы тілектер айтады.

Топқа бөлу: "Құпия сөз" әдісі арқылы орындаймын.

Орындалу шарты: түрлі-түсті қағаз қиындыларын таңдау арқылы сыныпты "Ғажайып", "Керемет", "Қасиет" деп 3 топқа бөліп аламын.

Үй тапсырмасын сұрау: "Ұл - ұлт болашағы, қыз - ұлт намысы", "Екпін түрлері"

«Кубизм» әдісі арқылы сұрақтар қоямын.

Орындалу шарты:

Оқушы кубикке жазылған сандарды таңдау арқылы жауап береді.

  1. Тәлім-тәрбиеге қатысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

  2. "Тәрбие- тал бесіктен" дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Екпіннің қандай түрлері бар?

  4. Ой екпіні дегеніміз не?

  5. Сөз екпіні дегеніміз не?

  6. Тіркес екпіні дегеніміз не?








Қағаз қималары








Сабақтың ортасы

20 мин





"Миға шабуыл" әдісі арқылы бүгінгі тақырыпты болжайды..

Орындалу шарты: Интерактивті тақтада әлемнің жеті кереметінің суреттерін көрсету.

Тақырыптың мақсатын жариялау.




Бірлескен оқу.

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін негізінде жалпы және нақты 4 сұрақ құрастырып, жауап беру.

"Жеті ғажайып" туралы мәтінді тыңдайды. "Түртіп алу" әдісі арқылы кейбір сөздерді белгілеп жазып отырады.

Тыңдалым мәтіні бойынша "Сұрақтар желісі" әдісі арқылы тапсырманы орындайды.

Орындалу шарты:Әр топ тыңдалған мәтін бойынша жалпы және нақты сұрақтар құрастырып, келесі топпен алмасады. Сұрақтарды мәтін мазмұнына сәйкестендіріп, ретімен орналастырып, жауап береді. Соңынан берілген мәтін бойынша тексереді.


"Жеті ғажайып " сыры

Қадым замандардан жер бетін мекендеген халықтардың көпшілігі жеті санында ғажайып күш бар деп, оны киелі санаған. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын жеті санымен атап, салт-дәстүрлеріне арқау етіп келеді. Сондай-ақ адамзат тарихында да әлем кереметтерінің саны жетеу екені белгілі. Әлемнің жеті ғажайыбы - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері. Олар:

Мысыр пирамидалары. Мысыр жерінде орналасқан ежелгі пирамидалар кешені осыдан 5 мың жыл бұрын салынған.

Вавилондағы Семирамида аспалы бағы. Ол біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасатқан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі -алаңшалар үстіне салынған.

Эфестегі Артемида ғимараты. Ғимарат кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Артемида ежелгі гректерде аңшылық құдайы ретінде танылған.

Олимпиадағы Зевстің мүсіні. Біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.

Кіші Азиядағы Галикарнес кесенесі біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған. Кесене екі қабаттан тұрады, биіктігі 40-45 метр.

Гелиостың алып мүсіні - Родос аралында салынған теңдесі жоқ ескерткіштердің бірі. Мүсінді тұрғызуға шамамен 13 тонна қола мен 8 тонна темір пайдаланған көрінеді.

Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған. Мәрмәр тастан қашалған, асқан шеберлікпен қаланған шамшырақ мұнарасының биіктігі - 160 метр.

Бұлардың қайсысы болса да, мүсін және сурет өнерінің теңдесі жоқ тамаша үлгілері.


Дескриптор:

1. Мәтін мазмұнын түсінеді.

2. Мәтін бойынша жалпы және нақты сұрақтар құрастырып, жауап береді.


ҚБ: Жетон арқылы бағалау.


Сергіту сәті. "Көңілді әуен".



2-тапсырма. Әлемнің жеті кереметін шынайы өмірмен байланыстыра отырып, дара диаграмммаға салу. (өз қалаңды мысалға ал)

"Дара диаграмма" әдісін қолданамын.


Орындалу шарты: Әр топ берілген тапсырманы ватманға дара диаграмманы салу арқылы орындап, шынайы өмірмен байланыстыра қорғап шығады.


Дескриптор:

1. Дара диаграмманы құрап жаза алады.

2. Әлемнің жеті кереметін шынайы өмірмен байланыстыра біледі.


ҚБ. Қошемет сөздер. (Тамаша!Өте жақсы!Өте сәтті орындадың! Анық көрсетілген! Мен күткеннен де жақсы! т.б.)

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар өзара бір-бірін бағалайды. (Екі жұлдыз: тапсырманы орындаған кезде оларға ерекше ұнаған 2 жағдай; бір тілек: бұл жақсартуға ұсыныс )


www.google.com

Интерактивті тақта




Диктафон










kk.wikipedia.org

7keremet.wordpress.com

massaget.kz












































Shape3 Shape2 Shape1









Ватман, маркер



www.google.com


Сабақтың соңы

10 мин






Кері байланыс. "3-2-1" стратегиясы

  • Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат

  • Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті

  • Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет


Үй тапсырмасы: "Менің жеті керемет қасиетім" тақырыбына эссе жазу.




Кесте қағазы






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2020
1192
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12