Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:Жолда жүру ережесі Даярлық сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал даярлық сынып мұғалімдеріне қажет.Бұл сабақта жолда жүру ережесі туралы толық ақпарат берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру саласы:

Денсаулық

Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

ҰОҚ/сабақ:

Мен көшедемін. Жолда жүру ережесі

Оқу мақсаты:

0.3.2.1. «Жаяу жүргіншілер», бағдаршам белгілерін түсіну


SMART мақсат:

«Жаяу жүргіншілер» өткелі мен бағдаршам белгісі қауіпсіз екенін түсіне алады.

«Жаяу жүргіншілер» өткелі мен бағдаршам белгісін жолдан өту үшін қолдана алады.

Жолда жүру ережесін сақтаудың маңыздылығын айта алады..

Ресурстар

АКТ,жол қауіпсздігі туралы суреттер, бояулар, смайликтер

Күтілетін нәтиже:

Барлық балалар:

«Жаяу жүргіншілер» өткелі мен бағдаршам белгісі қауіпсіз екенін біледі

көпшілік балалар:

«Жаяу жүргіншілер» өткелі мен бағдаршам белгісі қауіпсіз екенін түсінеді

кейбір балалар:

«Жаяу жүргіншілер» өткелі мен бағдаршам белгісін жолдан өту үшін қолданады

Қызығушылықтарын ояту: «Көшелер қандай болады» ойын Сұрақ – жауап әдісі

Балалар шеңбер бойына жиналып, тәрбиешінің

«Сенің көшең қандай?» сұрағына жауап береді.

Мысалы: Көшелер: 1) (жазда?) жасыл, жылы, шулы...

2) (қыста?) суық, қарлы, тайғақ...

3) (түнде?) жарық, жұлдызды, қараңғы... т.б. Бала үні


II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Ашық және жабық сұрақтар

- Сен тұратын көше қалай аталады?

- Ол көшеде не орналасқан?

-Көшеңді не үшін ұнатасың?

- Сенің таныстарың мен жақындарың қонаққа келгенде үйіңді

қалай тауып жатады?

- Балаларға өзінің мекенжайын білу керек пе, неліктен?

Балалардың жауаптары. Бала үні

Қорытынды: Әр қалада, елдімекендерде үйлер мен көшелер өте көп. Адамдар тез табуы үшін әр үйдің өз нөмірі, көшелердің атаулары бар.

Барлық балалар өз мекенжайларын жатқа білуі керек. Ол кез келген жағдайда қажет болуы мүмкін




ІІ. Негізгі бөлім:

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарайды.

Жаяу жүргіншілер жолымен жүргенде үлкендер жол жақ бөлігінде жүруі керек. Бала жол шетінен алыстау жүреді.

Балалар мектепке барар жолда доппен немесе басқа да қимылды ойындар ойнап, өздеріне қауіп төндірмеуі тиіс. Сондай-ақ мектепке барар жолда көңілді ойындар ұйымдастыруға болмайды.

Балалар өз ойларын айтып мектепке дейін барар жолдарының сүретін салады.

Сергіту сәті

«Бағдаршам» ойыны Саралау

Шарты: Балалар, қызыл түсті дөңгелекті көрсеткенде тыныштық сақтайды, ал сары түсті дөңгелекті көрсеткенде алақандарын соғады, ал жасыл түсті дөңгелекті көрсеткенде жүреді.

Жарайсыңдар \бір неше рет қайталайды\

Қауіпсіздік ережелері:

Жол жиегінде, жаяу жүргіншілер жолында ойнауға болмайды.

Көліктер қозғалатын жолда, тіпті жаяу жүргіншілер жолында ойнауға болмайды.

Қозғалып бара жатқан көлікке жармасуға болмайды.

Кез келген қозғалыстағы көлік адам өмірі үшін қауіп төндіретінін ұмытпау керек. \Мына жерде балалар өз ойларын айтады,талқылайды.\


«Топ болып сүрет саламыз» ойны

Балаларды 3 топқа болініп ,3 түрлі сүрет беріледі \Бояу\Топтық жұмыс


Әліппе-дәптермен жұмыс.

Жұмбақ:

Жоқ өзінде бас та, ауыз, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақта. (Бағдаршам)


Балалар суретті қарап, түрлі түсті қарындашпен бағдаршамның қажетті түсін бояйды.

Сұрақ-жауап әдісі:

Бағдаршамның жоғарғы жағында қандай көзі бар?

Бұл көзі нені білдіреді?

Бағдаршамның ортасындағы көзінің түсі қандай? Бұл нені білдіреді?

(Сары түсті. Тұра тұр! Қызыл немесе жасыл көзі жанғанша күт.)

Қызыл түсті. Тоқта!)

Ал бағдаршамның төменгі жағында қандай көзі бар? Бұл нені

білдіреді? (Жасыл түсті. Жүруге рұқсат!)

Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда бірден жүруге бола ма?

Болмайды! Алдымен көліктердің толық тоқтағанын қарау қажет.


ІІІ.Қорытынды:

- Балалар бүгінгі сабағымызда не туралы өтті

- Бағдаршамның неше көзі бар?

- Қандай?

- Жаяу жүргіншілердің жолы қандай жол?


Кері байланыс.

Тәрбиеші балалардың бүгін сабаққа катысқандарын сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.

- Егер сендер жолда жүру қауіпсіздігі ережесін түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына смайликтарыныздарды жабыстырасыздар

- Егер барлығын түсініп, жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең жоғарғы сатысына смайликтің суретін жабыстырасыздар. -Ал егерде өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретін баспалдақтың 2-сатысына салыңдар.

- Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды? Неліктен?

Тәрбиеші мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.

МАДАҚТАУ:

- Балалар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Жолда жүру ережесін жақсы меңгерген сияқтысыңдар. Жолда қиналмай арғы бетке өтетіндеріңе сенімдімін.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2020
562
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12