Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ашық сабақ.Кесінділерді өлшеу. Фигураны салу. 1сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ математика өткізу үлгісі. Кесінділерді өлшеу. Фигураны салу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: математика

Сыныбы: 1 Ә

Мектеп: № 50 ЖОББМ

Мұғалім: Ниягалиева О.А

Сабақтың тақырыбы:

Кесінділерді өлшеу. Фигураны салу

Оқу мақсаты:

1.3.2.2 берілген ұзындықта кесінді сызу


Сабақ мақсаттары:

  1. Берілген ұзындығы бойынша кесінді сызады, өлшем бірлігін көрсетеді, әріппен белгілейді.

  2. Берілген фигураларды салады,қабырғаларын өлшейді.

  3. Өз бетімен фигураны салады, салыстырады.

Тілдік мақсаттар:

1.Пәнге тән лексика мен терминология:

Түзу, кесінді, «ұзын», «қысқа», ұзындық өлшем бірлігі (см).

2.Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

1. -Ал енді кесіндінің нақты ұзындығын білгілерің келе ме?

2. Тышқанға қай топ бірінші жетеді?

3. Неше см ұзын?

4. Неше см қысқа?

Құндылықтарды дарыту:

- Азаматтық жауапкершілік (саралау:ұжымдық, жұптық жұмыс барысында)

- Еңбек пен шығармашылық (белсенді оқу:практикалық жұмыс және нұсқау беру, саралау:тапсырма беру аясында)

- Ашықтық (саралау:қалыптастырушы бақалау барысында тапсырма аясында)

Пәнаралық байланыс:

Көркем еңбек(өлшейді, сызады)

Сауат ашу (жұмбақ шешу)

Дене шынықтыру (сергіту сәті барысында)

Бастапқы білім:

Қарапайым және жазықтықтағы фигуралар, ұзындық өлшем бірліктер, «ұзын», «қысқа» ұғымдарын, бағыттарды айыруды біледі.

Өткен сабақты еске түсіру арқылы (фигураларды ауада салу, жұмбақ шешу)



Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы:

2мин





























2мин



















2мин







































Сабақтың ортасы:



6мин

















4мин























3мин



















8мин













4мин































5мин

























С абақтың соңы:

4мин


















Ұ. Ширату « Өлең» әдісі

Кәне түзу тұрайық,

Көзімізбен түзу сызайық

Саусақпенен екі нүктені белгілеп,

Араларын түзуменен қосайық.

Қандай фигура шықты ?

Жауап: кесінді

Ал енді төрт нүкте белгілеп,

Оны да түзумен қосайық.

Қандай фигура шықты?

Жауап: төртбұрыш

ҚБ мұғалімнің мадақтауы

Бүгінгі сабағымыз өлең мазмұнына байланысты фигуралар туралы болмақ. Сондықтан сабаққа қандай құралдар керек екенін жұмбақты шешу арқылы анықтап алайық.

Жұмбақ:

1.Қысқа таяқ дiңi бар,

Шиырлаған iзiнде

Сайрап тұрар тiлi бар.   (Қарындаш)

2.Жұқа тақтай бөлшегi,

Ұзындықтың өлшемi.   (Сызғыш)

3. Тазалап ақ қағаз жүзін,
Жоқ етер қарындаш ізін. (өшіргіш)

ҚБ мұғалімнің мадақтауы

-Енді осы құралдарды пайдаланып графикалық диктант жазайық

  • Нүкте белгілеп оңға 4 торкөз сызамыз да нүктемен шектейміз.

  • Тағы нүкте белгілеп оңға қарай 8 торкөз сызамыз да нүктемен шектейміз.

  • Тағы нүкте белгілеп оңға қарай 6 торкөз сызамыз да нүктемен шектейміз.

ҚБ жұптық «Жасыл қалам» әдісі(өзара бағалау көршілерімен дәптер ауыстыру арқылы)

-Біз кесінділерді сызғанда дәптердің торкөзін пайдаланып, салыстырғанда көзбен салыстырдық.

-Ал енді кесіндінің нақты ұзындығын білгілерің келе ме?

-Иә

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

- Олай болса біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты кесіндіні өлшеу, фигураларды салу.

Жаңа сабақ

Практикалық жұмыс

Түсіндіре отырып, оқушылармен бірге істеу

( қалыс қалған бала болмау керек)

Кесіндіні сызу алгоритмі:

  • Нүкте белгілейміз

  • Сызғыштағы 0 санын белгілеген нүктеге дәл сәйкестендіреміз

  • Керекті ұзындықты(4см) сызғыштың бойынан тауып, нүкте коямыз

  • Екі нүктені түзумен қосамыз

  • Әріппен белгілейміз

ҚБ мұғалімнің марапаты

Графикалық диктант. Дерек көзі арқылы саралау

графикалық диктантта сызған кесіндінің нақты ұзындығын анықтайық.

І-топ бірінші кесіндінің ұзындығын анықтайды,өлшем бірлігін жазады, әріппен белгілейді.

ІІ-топ екінші кесіндінің ұзындығын анықтайды,өлшем бірлігін жазады, әріппен белгілейді.

ІІІ-топ үшінші кесіндінің ұзындығын анықтайды,өлшем бірлігін жазады, әріппен белгілейді.

ҚБ жұптық «смайлик жапсыру» арқылы өзара бағалау

Оқулықпен жұмыс: Тапсырма

Бағалау критерийі:

  • Сызғышты пайдаланып тышқанның жолының неше см екенін анықта (128 бет)

Тышқанның ініне кіретін жолдардың ұзындығын өлшейік.( үш топ 3 жолды өлшейді, ауызша айтады)

Тышқанға қай жолмен бірінші жетеді деп ойлайсыңдар?

Жауап:

- Неге? ( басқаларына қарағанда қысқа, неше см қысқа?)

-Неше см қысқа?

-Неше см ұзын?

ҚБ топтық «От шашу» әдісі

Дәптермен жеке жұмыс .Тапсырма арқылы саралау.:

«Сиқырлы карточка» әдісі

(әр оқушыға беру)

А. 3см кесінді сыз, әріппен белгіле, өлшем бірлігін жаз.

В. Берілген үшбұрышты дәптерге сал,әріппен белгіле, бір қабырғасын өлше,өлшем бірлігін жаз.

С

см

см

. 2см және 4см кесінді сыз,әріппен белгіле. Салыстыр. *


ҚБ өзін- өзі бағалау «Смайлик» әдісі экранда жауап жазулы


Сергіту: Гендерлік топ

Ойын: «Бинго»

(ойын шартын түсіндіру)

Әр топқа фигуралар беріледі композиция құрастырыды.

Кыздар: қуыршақ т/б

Ұлдар: машина т/б

КБ.: бір- біріне қонаққа келіп композицияны көреді қошемет көрсетеді

« Ке- ре- мет»

Бекіту

Дәптермен жеке жұмыс

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма

Бағалау критерийі:

* Өлшем жасауда тиісті өлшем бірлікті қолданады, әріппен белгілейді

Тапсырма

5см кесінді сыз, өлшем бірлігін жаз және әріппен белгіле.

Дескриптор:

  • 5см кесінді сызады;

  • См өлшем бірлігімен жазады;

  • Әріппен белгілейді;

ҚБ жұптық бағалау «Цукерман таяқшалары» әдісі арқылы .



Қорытынды

Ойын: «Бес саусақ»(шартын түсіндіру)

«Ақиқат пен жалған» әдісі

  • екі нүктемен бір кесінді сызады

  • Сызғыштағы 0 санын дәптерде белгілеген нүктеге сәйкестендірмейміз

  • Кесіндінінің ұзындығын сызғышпен өлшегенде нақты болмайды

  • Сантиметр ұзындық өлшем бірлігі

ҚБ Мұғалімнің марапаты

-Сонымен оқушылар сабағымыздың мақсаттына жеттік деп пе?

(мақсатты естеріне түсіру)

Рефлексия: «Ұзындықты таңда» әдісі

Сабақты мүлдем түсінбедім деген оқушылар о-дің тұсына; Сұрағым бар деген оқушылар 5см- дің тұсына; Барлығы түсінікті деген оқушылар 10 см-дің қасына келіп тұра қалады.


















кесінді

төртбұрыш















Жұмбақ жауабы экранда:

Сызғыш, қарындаш,

өшіргіш суреттері















графикалық диктант

жауабы экранда:





































Кесіндіні сызу

алгоритмі:































графикалық диктант

жауабы экранда





Мазмұнды сурет























Тапсырма жазылған

сары , қызыл, жасыл түсті карточкалар

















































экранда жауап жазулы





















«Бес саусақ»

Қызыл, жасыл

ложь правда

жалған ақиқат

zhalgan akikat

















Тақтада үлкен сызғыш ілулі тұрады

0 5см 10см


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғарыоқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.05.2021
520
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12