жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ:"Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт"
Жамбыл облысы. Шу қаласы.
№49 негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Суттибаева Ляззат Пернебекқызы
9 сынып Қазақ әдебиет пәнінен ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт
«Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жыр».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, өткен тақырыптарды қайталай отырып, ұлы ғұлама Қорқыттың өмірінен алған білімдерін тексеру, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге баулу. Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жырды меңгерту.
Дамытушылық: өз ойын жүйелі жеткізуге, сауатты сөйлеуге дағдыландыру, « Қазақтың асыл мұрасына жататын ғұламаның өсиет сөздерімен таныстыру.
Тәрбиелік: өнерді сүюге, бағалай білуге баулу, жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың әдіс – тәсілі: Ойқозғау, баяндау, топтастыру, ұжымдық, жеке жұмыстар, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, сөздікпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, күй тыңдау.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: : интерактивті тақта арқылы көрсетілетін слайдтар, сабақ эпиграфына алынған сөз, Қорқыт ата портреті, Қорқыт ата кітабы, қобыз, компьютер құрылғылары.
Пәнаралық байланыс: музыка, сурет, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі : Сыныппен сұхбат.
Сыныпты оқу-құрал жабдықтарымен топқа бөлу:
Психологиялық дайындық:
Сабақтың басында оқушылар бір – біріне тілек айтады.
ІІ. Үй тапсырмасы
Балалар, біз өткен сабағымызда қай күйшінің өмірімен таныстық?
Түркі халықтарының бәріне ортақ ұлы ойшыл – кемеңгер, жырау, күйші, қобызшы Қорқыт атаның өмірімен таныстық.
Ендеше, балалар, Қорқыт ата жайлы не білеміз?
Оқушылардың жауабы
Үйге қаңдай тапсырма берілді?
Сатылай комплексті талдау
Туған жылы
Туған жері
Күйлері
Жырлары
Бізде бүгін 4 топ жұмыс жасап отыр:
1-топ Әдебиетшілер : 2- топ Зерттеушілер: 3- топ Тарихшылар: 4- топ Тілшілер:
1-топ Әдебиетшілер : «Қорқыт неге мәңгілік өмірді іздеді? Мәңгілік өмір бар ма?» /
Енді, балалар Қорқыт ата туралы жақсы сөздер айтып, өмірін айтып жатырсындар. Қорқыт атаның кесенесі туралы қай жерде, қалай орналасқаны туралы мәлімет алайық.
2- топ Зерттеушілер: « Қорқыт Ата ескерткіші» /оз зеттеулері бойынша сөйлейді/
3- топ Тарихшылар: « Қорқыт Ата мазары»
4- топ Тілшілер: Үш топтан мәлімет жинап жаңалық жасап береді:
ІІІ. Жаңа сабақ
Біз жоғарыда айтқандай «Қорқыт ата кітабы» он екі жырдан тұратынын білесіңдер. Сол қорқыт атаның бірінші жыры
«Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жырын» талдаймыз
Оқушыларға жырмен жұмыс жасату
ІҮ. Оқулықпен жұмыс. Сатылай кешенді талдау жасау
«Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр»
Оқиға |
Оқушы жауабы |
Оқиғаның басталуы: Баланың Бұқаш атануы |
Он беске толғанда сүзеген бұқамен айқасып, жеңеді. |
Оқиғаның дамуы: Баланың өліміне себепші кімдер? |
Айналасындағылар әкесіне Бұқашты жамандап, елдің жауы етіп көрсетіп, жалған жала жабады. |
Оқиғаның байланысы: Бұқаштың қайта тірілуі |
Анасы Бұқашты тауып алып, оның жарақатын емшегінің сүтімен жазып алады. |
Оқиғаның шиеленісуі: Әкесінің тұтқынға түсуі |
Дерсе хан елін жау шауып, хан тұтқынға түседі. Бұқаш жауды талқандап, Дерсе ханды аман – есен еліне алып қайтады. Сөйтіп, өзін өлімге қиған әкесін жау қолынан ажалдан құтқарады. |
Оқиғаның шешімі: Жырдың тақырыбы, идеясы |
Анаға деген түркіхалықтарының құрметі, ұрпаққа деген сүйіспеншілігі, ұрпақ жалғастыру мәселесі, ата – ана мен балалар арысындағы парыз. Ерлік жасау, ізгілік көрсету |
Сергіту сәті: «Жылдам әрі тез жауап бер» «Сұрақ –жауап» әдісі
1. Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы. (домбыра, қобыз)
2. Қорқыт атаның түйесі. (Желмая)
3. Миф, легенда сөздерінің аудармасы. (аңыз)
4. Қорқыт ата қай өзеннің жағасында туып-өскен? (Сырдария)
6. Музыка, мелодия сөздерінің аудармасы (әуен)
7. Қорқыт ата ненің уынан қайтыс болды? (жылан)
Дәптермен жұмыс: Оқушылар Қорқыт атаның ұнаған нақыл сөздерінен екі сөзді дәптерлеріне көшіріп жазады. Талдайды
“Ойлан. Бірік. Бөліс” әдісі бойынша Қорқыт атаның нақыл сөздерінен үзінді
Ана үшін бала – екі көздің сыңары.
Ұлың өсіп жетілсе – от басының мерейі, бас-көзі.
Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.
Атаның атын былғаған ақылсыз баланың тумағаны артық.
Өтірік сөз өрге баспайды.
Өтірікші болғаннан, жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық.
Сөзіне берік, шыншыл адамға бұл дүниеде отыз жылды үшке көбейтіп
өмір сүрген де аз.
“Бірге ойлаймыз” әдісі бойынша жұмыс
1-топ
Әдебиетшілер :
шығармашылық жұмыс жасау.
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы». Қорқыт
аталарына және аналарына өлеңдерін
оқуы.
2-
топ Зерттеушілер : «Зерттеу жұмысы»
«Өмірде өлімнен қашып құтылуға бола
ма?»
3- топ Тарихшылар: «Тарих былай дейді....» «Қорқыт ата өлімнен қашып құтыла алды ма және құтылғандығы туралы тарихта бар ма?
4- топ Тілшілер: «Мақала жазу» «Мәңгілік өмірді біз де де аңсаймыз» ,- деп жаңалық жасайды
Енді балалар, бүгінгі сабағымыз
туралы өткен сабақтан Қорқыт ата туралы
не білдік, не білмедік?
Осы сұрақтарға инсерт әдісі арқылы жауап берейік:
Ү. Инсертация
Оқушылар өз жауаптарын оқиды
Не білдім?
|
Нені білмеуші едім?
|
Нені білгім келеді?
|
|
|
|
ҮІ. Қорытындылау: Автор орындығы. Ортаға 1 оқушы Қорқыт ата болып, киініп шығады, оқушылар қойған сұраққа жауап береді.
ҮІІ Үй тапсырмасы:
Қорқыт атаның қалған жырларын оқып келу және жыр бойынша сурет салу , іздену жұмыстарын жасау
Сабақтың соңында қобыз аспабында күй ойнап тұрады
ҮІІІ.Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды топ басшысы бағалайды.
ІХ. Қорқыттың «Қоңыр» күйін тыңдау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген