Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Ашық сабақ.Моңғол шапқыншылықтарының салдарлары.6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақтың тақырыбы:Моңғол шапқыншылықтарының салдарлары деп аталады.Осы ашық сабақ арқылы оқушыларға Моңғол шапқыншылығы туралы кеңінен ақпарат беруге бағытталған.Бұл ашық сабақта мен Моңғол шапқыншылығының ауырпалықтары мен салдарлары туралы кеңінен мәлімет беруге тырыстым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 6 «А»

Мұғалімнің аты-жөні:Калиева З.Ж.

Күні: 28.01.2019ж

Сабақтың тақырыбы:


Моңғол шапқыншылықтарының салдарлары.

Зерттеу сұрағы: Орталық Азияға ең үлкен өзгеріс әкелген кімдер: қыпшақтар ма әлде моңғолдар ма?

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

6.1.1.2 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;


Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік мақсаты

«Мәтінмен жұмыс» әдісі кезінде оқушылар топпен оқып, талқылады (айтылым, оқылым, тыңдалым дағдысы) қалыптасты.

«Картамен жұмыс», «постермен жұмыс» кезінде оқушылар (айтылым дағдысы, тыңдалым, жазылым дағдылары) қалыптасты.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, слайд, топқа бөлуге арналған құралдар және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, дүниежүзі тарихы

Алдыңғы оқу

Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы : Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасып, түгелдеймін

Бағалау түрлері

Басталуы

10 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Оқушылар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне өз тілектерін білдіреді.

Топтарға бөлу.

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

1-топ: Моңғолдар

2-топ: Қыпшақтар

3-топ: Түркілер

Үй тапсырмасын сұрау. «Қарлы кесек» әдісі.

Өткен тақырыптар бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады.

  1. Шыңғыс ханның шын есімі?

  2. Шыңғыс хан дүниеге келген жыл?

  3. «Отырар опаты» дегенді қалай түсінеміз?

  4. Мұхаммед Хорезмшах Шыңғыс ханның Қайыр ханды ұстап беру талабын неге орындамады?

  5. Шыңғыс хан құрған алып мемлекетті неліктен түркі-моңғол империясы деп атаймыз?

  6. «Хан көтеру» дегенді қалай түсінеміз?

  7. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыға қай жерлер бөліп берілді?

  8. Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатай ұлысына қай жерлер кірді?

  9. Шыңғыс ханның үшінші ұлы Үгедей ұлысына қай жерлер кірген?



Тапсырманы орындаған топқа алтын ділдә беріп отырамын.

Ортасы

15 минут







Сабақты бастамас бұрын сынып оқушыларына моңғол шапқыншылығының салдарлары бойынша суреттер көрсетемін. Не көріп тұрғандарын сұрап, жетелеуші сұрақтар қоя отырып, сабақың тақырыбын ашамын.

Моңғол шапқыншылығының салдарлары туралы айтып өтемін.

Моңғол шапқыншылығы басып алынған елдердің материалдық және рухани мәдениетіне орасан зор апат әкелді. Моңғол шапқыншылығы кезінде қала мәденитіне, егіншілікке, мал басына орасан зор зиян келтірілді. Моңғол шапқыншылығы түрлі тайпалардың одан әрі арласуына одан әрі ықпал етіп, Еуразия тұрғындарының антропологиялық келбетіне өзгеріс енгізді.


«Постер әдісі» Мәтінмен жұмыс (барлық оқушылар жұмыс жасайды 3 топқа мәтін бөліп беріледі.

1 топ: Орта Азияға моңғолдардың әкелген өзгерістерін анықтау.

2 топ: Орта Азияға қыпшақтардың әкелген өзгерістерін анықтау.

  1. топ: Қыпшақ тілінің құдыретін анықтау.



Дискриптор: білім алушы:

-ХІІІ-ХҮ ғғ.Қазақстан аумағындағы мемлекеттерде қандай әлеуметтік өзгерістер орын алғанын сипаттайды.

-Орталық Азиядағы өзгерістерге кімдер әсер еткенін анықтайды.

-Жергілікті халықтың тілін, түрі-түсін, құрамын анықтайды.

-Постер қорғайды, әр топ берілген өз тапсырмаларын флипчартқа түсіреді.


Оқулық,

мәтіндер.

Сергіту сәті

2 минут

«Әнді жалғастыр»

Оқушыларға «Әр қашан күн сөнбесін» өлеңінің бір жолын айтамын, қалған топтар жалғасытрады. Үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын)

Оқушылар ән айтып сергіп қалады.

5 минут







Сәйкестендіру.

Ассимиляция - саны аз, саяси-әлеуметтік ахуалы төмен халықтың өзінен саны да, қуаты да көп халықтың басыңқы ықпалы нәтижесінде сол халық құрамына біртіндеп сіңіп, жұтылып кету құбылысы

Миграция - адамдардың қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі

Ұлыс - мекен, аймақ, әкімшілік мағынасын беретін көне түркі сөзі. 6 ғасырда Ұлыс мекен, қала мағынасында қолданылған. 13 ғасырда Шыңғыс хан әрбір ұлына иелік бөліп бергенде, олар ұлыстар деп аталды.

Құрылтай - моңғол империясының жоғары басқару органы



Аяқталуы

Сабақты бекіту

5 минут

«Интерьвю» әдісі.

Ортаға журналистер шақырылады. Жаңа тақырыпты қорытындылау бойынша сұрақтар қойылады.

  1. Моңғол шапқыншылығының жағымды-жағымсыз жағы.

  2. Шыңғыс ханға қандай мінездеме берер едің?

  3. Қыпшақ тайпасының ішінде ең беделдісі Елбөрі тайпасы екендігін дәлелдеңіз.

  4. Қыпшақ қоғамында әлеуметтік теңсіздік болғандығын дәлелде.

  5. Ассимиляция ұғымын түсіндір.

  6. Қыпшақ тілінің құдіретті болғандығын дәлелде.



Бағалау


3 минут







Кері байланыс

3 минут

Әр топтың жинаған ділдәлары саналып, бағаланады.


Picture 5

Кері байланыс қоржыны

Үй тапсырмасы

(Топтық зерттеу)


Қосымша ақпарат:

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
787
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12