Материалдар / Ашық сабақ«Полиграфиялық өнімдердегі сызбалардың түрлерін аксонометриялық проекциялау» дизайн мамандығына
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ«Полиграфиялық өнімдердегі сызбалардың түрлерін аксонометриялық проекциялау» дизайн мамандығына

Материал туралы қысқаша түсінік
Дизайн мамандығы пән мұғалімдеріне арналған проекциялаудың жасалу жолдары жайлы айтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2018
262
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әріптер пәнінен «Полиграфиялық өнімдердегі сызбалардың түрлерін аксонометриялық
проекциялау» тақырыбындағы ашық сабақ
Жоспар
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (25 мин)
Тақырыбы: Полиграфиялық өнімдердің түрлерін пайдалану
1. Полиграфиялық жарнама туралы түсінік
2. Тақырыптық жұмыстарды қорғау
ІІІ. Жаңа сабақ (20 мин)
Жоспар:
1. Полиграфиялық өнімдердің түрлері
2. Аксонометриялық проекциялау
IV. Бекіту. (35 мин)
1-тапсырма. Ойын «Ұста, ұста емес-асбап ұста» (ұяшықтағы жасырын құралжабдықтарды табу және қайда, қалай қолданылады?)
2-тапсырма. Аксонометриялық проекциялау бойынша тәжіибелік жұмыс жасау және
қорғау.
V. Үй тапсырмасы. (4 мин)
VI. Бағалау. (2 мин)
VII . Пайдаланылған әдебиеттер. (1 мин)

Сабақтың тақырыбы: Полиграфиялық өнімдердегі сызбалардың түрлерін
аксонометриялық проекциялау
Уақыты 90
Сабақтың мақсаты: Жалпы бейнелеу өнері мен салалары бойынша оқушыларды жан-жақты
ақпараттандыру. «Дизайн» мамандығын барлық пәндермен байланыстырып, маңыздылығы
жөнінде мағлұмат беру.
1. Білімділік: Бейнелеу өнерінің түп тамыры терең екендігін. Отандық атақты
суретшілер мен полиграфиялық жарнама жасау шеберлерінің әдіс-тәсілдерін меңгеруге,
бейнені айна қатесіз көшіруді, жалпы компановканы орналастыруды, полиграфия өнерінен
ұқыпты конструкциялық, композициялық үйлесімдікте таза салуға, сызуға үйрету арқылы
біліктілігін арттыру;
2. Дамытушылық: Кез келген тақырып жайында сурет салуды, пвх және басқа да
материалдырмен жұсыс жасау. Ойдағы жұмысты композицияны тез қағаз бетіне тиімді түсіру,
бай және мағыналы орналастыра білуді, макеттерді, идеялық туындыларды жасауды
жан-жақты дамыту.
3. Тәрбиелік: Өзіндік ерекше мәні бар шығармашылыққа бейнелеу, дизайн және
полиграфия өнерінен сауаттылыққа, осы өнерлер арқылы қарапайымдылыққа, әсемдікке,
көркемділікке, отан сүйгіштік пен потриоттық рухты көтеруге, жұмысты еркін жасауға
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, проектор, қанатты сөздер плакаты,
буклеттер, пайдаланылған әдебиеттер.
Сабақтың түрі: Тәжірибелік
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау. Оқу-сызу үйрету әдіс-тәсілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, аудитория тазалығына көңіл
бөлу, құрал – саймандарын реттеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Полиграфиялық өнімдердің түрлерін пайдалану
1. Полиграфиялық жарнама туралы түсінік
2. Тақырыптық жұмыстарды қорғау
1. Полиграфиялық жарнаманың қазіргі дамуы өте қарқын алуда. Осыдан 10-15 жыл
бұрын полиграфиялық өнімдері тек фирмалар мен фабрикалар шығаратын тауарларды
қамтыды. Тауардың сыртқы дизайыны осы мекемелердің аппараттарымен өңделсе, қандайда
сұраныстар тек екіара келісім шарт негізінде ғана жүргізілді. Осындай сұраныстар мен
тапсырыстар қағаз өнімінен жасалатын тауарлар болды. Қағаз баспасыда осы полиграфия
жұмыстарының бір болып табылады. Кітап өндіретін баспаханалардың жұмысы жан-жақты
жанданатын.
Полиграфия технологиясы негізінен 3 өндірістік процестен тұрады.
 Пішінге келтіру;
 Баспалық;
 Өңдеу.
-

-

Пішінге келтіру процесіне теру және иллюстрация баспа тішінін дайындау енеді.
Мәтіндік пішін қолмен теру жіне машиналармен терілетін баспаханалық шрифтіден
алынады.
Баспалық процесс кескін бояу түрлерінде, аралық бетте және қабылдағыш бетте
түзелетін түрлерге бөлінеді. Қазіргі Полиграфиядағы баспалық процеске бояулы кескін

-

пішіннен көшірілетін бетке тікелей беттестіру арқылы немесе бір не екі аралық бет
арқылы басылады.
Өңдеу процестері баспа өнімдерінің түріне байланысты жүргізіледі. Кітап пен журнал
дайындауда қолданылатын өңдеу процесі тым күрделі. Полиграфия кәсіпорындарында
шығаратын өніміне байланысты баспахана типография, түрлі-түсті баспа, офистік
баспа, литография, т.б болып аталады.
2. Тақырыптық жұмыстарды қорғау
2.1 «Мамандығым мақтанышым» Бабашова Мухсина

2.2 «Ертегі кейіпкерлер»і Әуезхан Арайлым

2.3 Трофарет «Қабырғадағы гүл» Жарылқасын Айгерім

2.4 «Гүлдегі көбелектер» Есекей Жансая

2.5 «Әріп жазу, трофарет кесу» Ибадуллақызы Гүлжамила

2.6 Гүл дестесі және сандар трафареті

Мырза Фариза

ІІІ. Жаңа сабақ.
Полиграфиялық өнімдердегі сызбалардың түрлерін аксонометриялық проекциялау
Жоспар:
1. Полиграфиялық өнімдердің түрлері
2. Аксонометриялық проекциялау
1. Полиграфия (поли… және …графия)— мәтіндік және графикалық материалдарды
басып шығаруға арналған техникалық құралдар жиынтығы; техника саласы. Полиграфияның
негізі 1440 ж. неміс өнер тапқышы И.Гутенбергтің (1406 — 1468) кітап басуды ойлап
табуынан бастап қаланды. Осы күнге дейін техника түрлерімен бірге дамып келеді.
ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда қолөнер үлгісіндегі бірнеше баспа бөліктері
пайда бола бастайды. Шағын баспаханалар Орал, Петропавл, Қызылорда, Семей қалаларында
ұйымдастырылды.

Мәскеу
полиграфистері
Қазақстанға
көмек
ретінде
полиграфиялық жабдықтар жібере бастады. Бұлар Қазақстанның сол
кездегі
астанасы
Қызылорда
қаласының
баспаханаларына
орналастырылды. 1924-1932 жылдар аралығында республиканың
полиграфиялық базасы едәуір ұлғайды. Оның қуаты жылына 8 млн.
басылым бет болса, 1940 жылы бұл көрсеткіш 10-12 млн-ға жетті.
Қазіргі таңда полиграфияның түрлері кеңінен тарап, түрлері әр
тараптануда. Баспа литографиясы мен жарнама жасау агенттіктерінің
қызмет көрсету жүйелері халықтың көп пайдаланылатын қызмет
түріне айналып отыр. Тұтынушы осы секілді агенттіктердің көмегімен
қандай да болмасын осы қызмет түрлерін пайдалану арқылы жұмыс
орындары мене мектеп қабырғаларын түрлендірудің жолына әлде
қашан түскен. Баспа жарнамасы мен стенд жасау идеялары да заманға
сай түрленіп, талапқа сай дизайнерлік түрлі-түсті графикалармен безендірілуде. Осы
салалардың бірі болып табылатын төмендегі полиграфиялық өнімдерді қарастырайық.
Конверттер
Кез-келген форматтағы, мөрмен және түрлі материалдан конверттер дайындау. Конверттер
мекен-жайлық, құттықтауға арналған, сондай-ақ маңызды құжаттар
сақтауға арналған қаптама түрінде де болуы мүмкін.

Визиткалар
Адам, ұйым туралы байланыстық ақпараттың қағаз тасымалдағышы.
Стандарттық өлшемде болады, пішіні бойынша үшкір және
дөңгелектелген бұрышты болуы мүмкін. Әр түрлі санаттағы және
фактурадағы қағаздан, пластиктен, синтетикалық материалдардан
дайындалады.
Плакаттар
«Афиша» деп те аталатын плакаттар – ол ақпараттық бейнесі бар
қысқа мәтін жиынтығы. Көбінесе үлкен форматтарда басылады.
Буклеттер
Екі немесе одан артық фальцтардан тұратын, орташа тығыздықтағы,
екі жақтан басып шығарылатын қағаз парағы.
Күнтізбелер
Күнтізбелердің бірнеше түрлері болады: аудармалы үстел үстілік,
үстел үстілік «үйшік», қабырғалық аудармалы, қабырғалық тоқсандық,
қалта күнтізбесі. Сондай-ақ олар дербес дизайнда орындалуы мүмкін:
корпоративтік, отбасылық, белгілі-бір тақырыпта және т.б.

Ашық хаттар, шақыру билеттері
Мазмұнына стильдендірілген бейне, құттықтау, шақыру мәтіні кіретін
карточка. Ашық хаттар, шақыру билеттері стандартты форматта,
сондай-ақ кез-келген стандартты емес пішінде де болуы мүмкін.
Брендтелген қорапшалар
Логотип және толық түсті бейне қондырылған, кез-келген пішін мен
көлемдегі қораптар. Аталған қораптар әдемі сыйлықтар үшін арналған,
Сіздің сыйлықтарыңыздың шашырамай және сыйлау барысында ортақ
көлемді пішінде болуы үшін арналған.
Бейдждер
Пленкалы қорғауыш қабаты бар тығыз қағаздан, сондай-ақ толық түсті
баспадан тұратын пластиктен дайындалған, дайын қалташаларға
салынатын қосымша парақтан тұратын тығыз қағаздан дайындалуы
мүмкін. Аталған түрлер бауларда, түйреуіштерде, олар сондай-ақ
брендтелуі мүмкін.
Сертификаттар, дипломдар, алғыс хаттар
Марапаттау, орын беру, дәреже беру туралы мәтіні бар ресми хат.
Көбінесе А4 форматында басылады, кез-келген стилистикада әдемі
жиектемемен ресімделеді және алғыс айту мәтіні үшін қолайлы шрифт
таңдалады.
Концерт билеттері
Ақпарат (күні, уақыты, орны және т.б.) пен бейнені көрсетіп, көбінесе
толық түсті баспамен тығыз қағазда басылады. Әртүрлі пішінде және
өлшемде, жыртылатын бөлігімен немесе онсыз болуы мүмкін.
Қабырға карталары
Қазақстанның, әлемнің, қаланың, облыстардың ресми және «жаңа»
карталарын басып шығару. Әр түрлі түрдегі багетке шыны астында
ресімделеді.
Биговка папкалар
Көлемді қалтасы бар А4 форматындағы қағаздарға арналған конверт.
Толық түсті баспамен тығыз қағаздан дайындалады.

Қатты түптеме
Дипломдық жұмыстардың, кітаптардың, куәліктердің, қаптамалардың қатты
түптемесі. Стандартты материалдарынан, түрлі-түсті баспамен және көрнекі түрде
болуы үшін теріден дайындалуы мүмкін.

2. Аксонометриялық проекциялау
Жобалаған бір бөлікті немесе денені сызу, кесу, конструкциялық құрылымы арқылы
өлшемдерін белгілеп алып, негізгі форманы құрастыруды Аксонометриялық проекциялау деп
айтамыз. Сондықтан аксонометриялық денелерді бейнелеуден бұрын, ең алдымен қарапайым
заттардың суретін салып үйренгеніміз дұрыс. Сызбаның толық дұрыс сызықтары түзу
орналасса негізгі жұмысты толық аяқтауға болады. Бір бұйымды сызу үшін оны барлық
айналымдарын өлшеп, төбелері, қыры және жақтарының түсіру есептерін зерттеп алып
орындаймыз. Жұмысты түсіну үшін алдымен төбесін, қырын, жақтарының проекциялық
өлшемдерін түсіріп толық қателерін реттеп алып негізгі сызықтармен толықтырып
орналастыру керек. Орналасқан жұмысты қатесіз сызса оның аксонометриялық көрінісін
орындау дейміз.
IV. Бекіту. Нені білдік? (35 мин)
1-тапсырма. Ойын «Ұста, ұста емес-асбап ұста» (ұяшықтағы жасырын құралжабдықтарды табу және қайда, қалай қолданылады?)

Қарандаш

А1

өшіргіш

сызғыш

қайшы

А2

А3

қағаз клей

резак

А4

ПВХ құралы
Кисты

пвх клей

гуашь

2-тапсырма. Аксонометриялық проекциялау бойынша тәжірибелік жұмыс жасау
және қорғау.
1. «Менің болашақ үйім» Бабашова Мухсина
2. «Әріптердің көмегімен» Әуезхан Арайлым
3. «Әріптерді көлемді жасау» Жарылқасын Айгерім
4. «Ауылым-ал
5. тын бесігім» Есекей Жансая
6. «Марал жануары 3Д» Ибадуллақызы Гүлжамила
7. «Ақ тырна» Мырза Фариза

Үлгі:

V. Үйге тапсырма. (4 мин)
Полиграфиялық өнімдердегі сызбалардың түрлерін аксонометриялық проекциялау

VI. Бағалау. (2 мин)
Сабаққа белсенді қатысып, үй тапсырмасын орындап келген оқушыларды бағалап, журналға
қою,естірту.
VII. Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
2.
3.
4.
5.

С. Қаржаубаева, Д. Амандықова. «Бейнелеу сауаттылығының негіздері» Астана 2010
Б. Уалиев, Қ. Иманбекова. «Сурет» Фолиант Астана 2010
Т. Самұратова «Бейнелеу өнері тарихы» Фолиант Астана 2013
Ә. Сағымбаев «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» Фолиант Астана 2013
www.google.tu Полиграфиялық өнімдерді пайдалану, полиграфия, литография,
полиграфия түрлері, әріптер, сандар

Оқытушының қолы: ______________ Серік Әліайдарұлы Қынабаев
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!