Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ.Қандауырша. 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзара тәжірибе алмасу және біліктілігін жетілдіру мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Желілі жануарларды жіктеу.


Мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларды желіжануарлардың жіктелуін қарастыра отырып,түрлерімен, ішкі құрылыстарымен, көбею ерекшеліктерімен таныстыру.

2. Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуге,берілген тапсырма аясында өз қабілеттерін тиімді қолдана білуге,тапқырлыққа және қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Оқушыларға Желілер типі және бассүйексіздер тип тармағының өкілі, желілерге тән белгілер, жайында білімін тереңдету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.


Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: ой дамыту сабағы.

Сабақтың әдісі: топтасып жұмыс жасау.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер, интерактивті тақта,электрондық оқулық.

Пәнаралық байланыс: география,әдебиет.


Сабақтың жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі;

ІІ.Үй тапсырмасы;

ІІІ.Қызығуды ояту сатысы;

ІV.Ой шақыру;

V.Танымдық тапсырма;

VІ .Қорытынды;

VІІ.Бағалау;

VІІІ.Үйге тапсырма;

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу, түгелдеу

2. Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру

3. Оқушылар назарын сабаққа аудару

4.Сыныпты 2 топқа бөлу.

5.Бағалау парағын тарату.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

А. «Біліміңді сына» Сұрақтарға жауап беру

1 –топқа сұрақ:

1.Қазақстанда сирек және жойылып бара жатқан омыртқасыздардың қанша түрлері «Қызыл кітапқа» тіркелген?

2.Ауыл шаруашылығын зиянын тигізетін бунақденелілердің қай түрлерін білесіңдер?

3.Омыртқасыздарды қорғауда қандай шаралар қолданылуда?

2-топқа сұрақ:

1.Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына тіркелген бунақденелілердің қай түрлерін білесіңдер?

2.Ауыл шаруашылығына қолданылатын әдіс әсерлі де тиімді болу үшін нені білу керек?

3.Зиянды бунақденелілерді жоюдың қандай әдістері бар?


Ә. Өткен сабақты Кубизм әдісі бойынша сұрау.

1.Зерттеу. Далалық кергі мен Ақтеңбіл дәуіттің жалпы ерекшеліктері қандай?

2.Салыстыру. Бөгелектен қандай сонаның қандай айырмашылығы бар?

3.Суреттеу.Өздерің білетін шыбынның тіршілігі туралы суреттеңдер.


III.Қызығуды ояту сатысы. Жаңа сабақты түсіндіру барысында оқушыларға берілген тапсырмалар бойынша жауап іздеуге міндеттер қойылады..

1-топқа.Желілерге тән белгілерді сипаттау.

2-топқа.Қандауыршаға жалпы сипаттама беру.

Электрондық оқулық бойынша сабақты түсіндіру.

Желілер типі – жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғарғы топ. Арқа жағындағы ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі болғандықтан, олар желілер деп аталған.

ЖShape3 Shape2 Shape1 елілер


Құрлықта Топырақта Ағаш басында мекендейді

ЖShape8 Shape9 Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 елілерге жатады



Shape16 Shape14 Shape13 Shape15 Shape12 Shape11 Shape10

Қосмекенділер

Балықтар

Қандауыршалар

Жорғалаушылар

Балықтар

Құстар

Қандауыршалар


Shape17 Shape18

Сүтқоректілер

Қосмекенділер




Ең кішілерінің дене тұрқы 0,5 мм, ал үлкені 33м-ге жетеді. Желілер дене қуысы бар, үш қабатты, екі жақты симетриялы жоғары сатыдағы жануарлар.

Желілерге тән белгілер: ұрығының дамуы кезінде арқа жағында серпімді, әрі тығыз желісі болады. Желі – төменгі сатыдағы жануарларда оның орнына омыртқа жотасы пайда болады. Қанайналым жүйесі - тұйық.

Желілердің тип тармағы

Shape21 Shape19 Shape20

Бассүйексіздер Қабықтылар Омыртқалылар


Қандауырша – омыртқасы жоқ желілі жануар. Онда желі, жүйке түтігі және желбезек саңылаулары өмір бойы сақталады. Қандауыршаның дене тұрқы 5-8 см. Денесі екі бүйірінен қысыңқы. Құйрық жүзбеқанатының пішіні медицина құралы – қандауырға ұқсас болғандықтан, қандауырша деп аталған. Қандауыршаның терісі жұқа. Оның сыртқы қабаты – эпидермис. Ол грекше «эпи» - сырты, «дерма» - тері, яғни сыртқы тері қабаты деген ұғымды білдіреді. Терінің ішкі қабаты нағыз тері деп аталады. Қандауыршаның өзіне тән ерекшелік - терісінің сыртында жұқа сірқабықтың болуы. Қандауыршада қаңқаның қызметін әрі тығыз, әрі серпімді желі атқарады.

Асқорыту жүйесі ауыз алды қуысынан басталады. Ауыз көлемді жұтқыншақпен байланысқан. Жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары орналасқан. Қандауыршаның жұтқыншағы асқорыту және тынысалу қызметін атқарады. Жұтқыншақ тікелей қысқа ішекке жалғасады да, артқы тесікпен аяқталады.










Қандауыршады жүрек болмайды, оның қызметін арқа және құрсақ қантамырлары атқарады. Қаны – түссіз. Қанайналым жүйесі – тұйық. Қандауырша жұтқыншағының маңында зәршығару түтікшелері орналасқан. Олардың бір ұшы дене қуысына, екінші ұшы жұтқыншақ маңындағы қуысқа ашылады. Қажетсіз қалдықтар сумен бірге арнайы тесік арқылы сыртқа шығарылады.

Орталық жүйке жүйкесінің қызметін жүйке түтігі атқарады. Қандауыршаның жүйке түтігінің әр жерінде сезімтал жасушалар шоғырланып орналасқан. Олар жарықты ғана сезеді. Сезімтал жасушалар терісінде де бар. Басқа сезім мүшелері дамымаған.

Қандауырша – дара жынысты жануар. Көптеген ұсақ жыныс бездері жұтқыншақ маңында орналасқан. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын көрнекті орыс ғалымы А.О. Ковалевский зерттеді. Ол қандауыршаның басқа омыртқалы жануарлармен туыстық жақын екенін дәлелдеп берді.

Қандауыршалар Атлант, Тынық мұхиттарының жылы теңіздерінде 10-30 м тереңдікте тіршілік етеді.


IV. Ой шақыру. Жаңа сабақты бекіту барысында топтарға тапсырмалар үлестіріледі.

Желілі жануарлардың өздеріңе тыныс омыртқасыз жануарлармен ұқсас және айырмашылық белгілерінің санын тұсын жазып көрсетіңдер.

1-топқа: Желілердің өзіне тән белгілерін сипаттаңдар.

2-топқа: Желілердің омыртқасыз жануарлармен ұқсас белгілерін сипаттаңдар.


V.Танымдық тапсырма. Әр топқа тест тапсырмалары үлестіріледі.

1-топқа:

1.Қандауыршаның денесі неше қабаттан тұрады?

А) бір Ә) екі Б) үш В) төрт

2.Қай тип тармағы желілерге жатпайды?

А) қабықтылар Ә) бассүйексіздер Б) омыртқалылар В) Демтүтіктілер

3.Қандауыршаның қозғалыс мүшесі болып саналады:

А) құйрық жүзбеқанаттары Ә) құрсақ жүзбеқанаттары Б) арқа жүзбеқанаттары В) кеуде жүзбеқанаттары

4.Желілер қалай ұрықтанады?

А) іштей Ә) сырттай Б) жынысты В) бүршіктену

5.Қандауыршаның жүйке жүйесінің қызметін атқарады?

А) құрсақ жүйке тізбегі Ә) Бас миы Б) Жүйке түйіні В) Жүйке түтігі


2-топқа:

1.Қандауыршаның қанайналым жұйесі:

А) ашық Ә) тұйық Б) аралас В) көктамырлы

2.Желі қандай қызмет атқарады?

А) ас қорыту Ә)тырыс алу Б) тірек В) зәр шығару

3.Қандауыршаның жүйке түтігі қайда орналасқанын көрсетіңіз.

А) құрсақ жағында Ә) арқа жағында Б) басында В) ішектің астында

4.Омыртқалылардың желілерден шыққандығы немен дәлелденді?

А) дене пішініне қарап Ә) қанайналым жүйесіне қарап Б) эмбрионалдық дамуына қарап В) жүйке жүйесіне қарап

5.Желі омыртқалыларда неге айналады?

А) сіңірге Ә) сүйекке Б) омыртқаға В) түтікке


VІ. Қорытынды. Өтілген тақырып бойынша қорытынды жасау.Осы тақырыптан қандай ой түйдік? Не үйрендіңдер?


VІІ.Бағалау. Оқушылар өз білімдерін бағалайды.

1.Біліміңді сына - 1 ұпай(әр сұрақ).

2.Кубизм әдісі бойынша сұрау – 5ұпай

3.Ой шақыру 5 ұпай

4.Танымдық тапсырма 1 ұпай(әр сұрақ).


Рефлексия: 1.Сабақ өз ойларыңша қалай өтті?  

    2.Қандай өз үсыныстарың бар?



VІІІ. Үйге тапсырма:

§50. Желілі жануарларды жіктеу тақырыбын оқу. Кестені толтыру.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
1323
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12