жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ:Қазақ тілі.Тақырыбы:Есеп шығару.Сөз таптары.
Алтын күздің бақшасында
Мектепалды даярлық тобына арналған еретңгілік
Музыка әуенінмен балалар залға кіреді де, гүлдеріне отырады. Әдемі әуенімен күз ханшайымы шығады.
Күз:-(күз туралы тақпақ)Көктемде егіп,жаз бойы суарып, баптаған жемістерім, күз келгенде үлкен болып пісіпті. Енді бүл жемістерді жинап алу керек.
Күз жемістердің арасына жүріп, оларды оятқандай болады. Балалар орындарынан тұрады да топтық би билейды.
Топтық би
Тақпақ 3 бала
Ән: «Алақай – ау,алақай»
1.Қызыл,сары жапырақтар
Алтындай жарқырайды.
Ағыл – тегіл жаңбырдай
Жерге төгіледі,тамаша ай.
Қайырмасы
Қандай тамаша ай,
Алақай – ау алақай.
Өлкеме күз келді,
Әнімен көңіл көтерді
2.Күзгі дәмді жемістер
Жұпар жидек балдай.
Күлкі ерек шырындай
Лүпілдеп жатыр алақай.
Қайырмасы
Күз: -Балалар,мен келгенде, жемістер пісіп,адамдар қысқа дайындалады.. Жапырақтар да сарғайып,күн суытқан соң түсіп жатыр ия. Ал мен сендерге үлкен тоғайда өскен әдемі жапырақ туралы қызық әңгіме айтып берейін.
-Орманда зәулім терек өсетін. Оның бұтақтарындағы жасыл жапырақтарды санау мүмкін емес. Өте көп. Теректің ұшар басында жап-жасыл Жапырақша өмір сүрді. Ол өзгелерге қарағанда соншалықты мазасыз болды. Айналадағының барлығын бақылап,барлығын білгісі келіп тұратын. Ол – ағаштың діңі,тамыры не үшін керектігін,бұтақта тұратын тиіннің,жердегі қоянның немен қоректенетінін білгісі келетін. Тіпті,шырылдауық шегіртке мен қоңыздардың қайда тұратынын көруге асығатын еді. Жапырақша жаз бойы тыныш өмір сүрді. Күн шуағына қуанды,жылы жаңбыр суына шомылды. Желге еркеледі. Осылайша, жазда жылдам өте шықты. Алтын күздің жайма-шуақ бір күнінде Жапырақша ұйқыдан оянып,көзін ашып,айналасын танымай қалды. Бір түнде бар жапырақ түсін өзгертіп,сап-сары болып кеткен. Ол – ол ма?! Күндіз қатты жел соғып,біраз жапырақтаржы жұлып әкетті. Жел жапырақшаны ауада әрі – бері айналдырып,ұшыра жөнелді. Жапырақтың алдынан тиін шығады.
Тиін:-Сәлеметсіңбе,Жапырақша. Сен күзгі киіміңді киіп үлгергенсіңбе? Өте әдемі екен.
Жапырақша:-Сәлем Тиін. Сенің күзге жинаған жаңғағың көп екен.
Тиін:-Әрине,мен қысқа дайынмын. Азығым жеткілікті.
Жапырақ ұша жөнеледі.алдынан сәбіз ұстаған Қоян шығады.
Қоян:- Сәлеметсіңбе,Жапырақша. Сен күзгі киіміңді киіп үлгергенсіңбе? Өте әдемі екен.
Жапырақша:-Сәлем Қоян. Сенің күзге жинаған сәбізің көп екен.
Тиін:-Әрине,мен қысқа дайынмын. Азығым жеткілікті.
Жапырақ ары қарай ұша жөнеледі.алдынан себет толы алма ұстаған Кірпі шығады.
Кірпі:-Сәлеметсіңбе,Жапырақша. Сен күзгі киіміңді киіп үлгергенсіңбе? Өте әдемі екен.
Жапырақша:-Сәлем Кірпі. Байқаймын сен көп алма жинап алыпсың?
Кірпі:-Әрине,мен қысқа дайынмын. Азығым жеткілікті.
Жапырақ ары қарай ұша жөнеледі.алдынан Күз ханшайымы шығады.
Күз:-Сәлеметсіңбе,Жапырақша.Байқаймын сен күзгі киіміңді киіп алыпсың. Күзгі киімің өте әдемі екен.
Жапырақша:-Мен орманда Тиін,Қоян,Кірпіні көрдім. Олар қысқа дайындалып, жемістер мен көкеністер жинап алыпты. Күз ханшайымы суздер барлық жемістер мен көкеністеріңізді жинап алдыңыздарма?
Күз:-Жапырақша,мен бақшамдағы барлық жемістерді жинадым. Бірақ картопты жинап үлгермедім. Сен бізге көмектесесіңбе?
Жапырақша:-Әрине,көмектесемін.
Ойын: «Картоп жинау»
Күз:-Жапырақша,ал сен не жинап үлгердің?
Жапырақша:-Ормандағы достар жеміс пен көкеніс жинапты, ал мен сиқырлы жапырақтар жинадым.Келіңдер достар,бәріміз бірге жапырақтың сиқырлы әуенін шығарайық.
Оркестр қағазбен: «Полька»
Күз:-Жарайсыңдар,балалар. Енде Жапырақша, сен біздің мерекеміздің қонағы бол. Балалардың өнерін тамашала.
Би орындықпен: «Көңілді достар»
Күз:-Балалар,осы мерекеге арнап біздің кішкентай досымыз Қоян орысша ән дайындап келіпті. Келіңдер тыңдайық.
Жеке дауыста ән
Осень
1.Осень, осень наступила
Листья осыпаются
Солнца нет, и потемнело
Дождик начинается
Припев
Кап-кап на дорожки
Кап-кап на ладошки
Дождик землю поливай
С нами поиграй
2.Паучки, жучки и мошки
Прячутся, скрываются
И в далекую дорогу
Птички собираются.
Припев
Кап-кап на дорожки
Кап-кап на ладошки
Дождик землю поливай
С нами поиграй
Күз:-Балалар,ормандағы достар жаңғақ пен сәбіздерін жинады,біз картопты жинадық. Тағы не қалды...(ойланады) Ой балалар, бәлішке қосатын тәттілерді жинаппыз ғой. Бәлішті неден пісірсе болады.
Балалар: - Алмадан,саңырауқұлақтан,шиеден т.б
Күз:-Дұрыс айтасыңдар, бәлішке саңырауқұлақпен алмадан пісірейік.
Балалар:-Иә,көмектесеміз
Ойын: «Машинамен жеміс – жидек тасу»
Күз:-Керемет, мына жидектермен бәліш пісірейін. Ал бәліш піскенше әдемі би тамашалайық.
Би: «Достық»
Ән: «Жау жау жаңбыр»
1.Алатаудың бауырында,
Атам,әжем ауылында.
Ақша бұлттар ауа берші
Жау жау жаубыр,жауа берші.
Қайырмасы
Бақыт болып жаушы жаңбыр
Менің әсем қалама.
Бақыт болып жаушы жаңбыр
Менің байтақ далама.
2.Нұрсұлтандай астанама
Жасыл желек жас қалама.
Ақша бұлттар ауа берші
Жау жау жаңбыр, жауа берші.
Қайырмасы
Бақыт болып жаушы жаңбыр
Менің әсем қалама.
Бақыт болып жаушы жаңбыр
Менің байтақ далама.
Күз:-Балалар,қараңдаршы біздің бәлішіміз өте дәмді болып пісіпті. Енді осы бәлішімізді топқа барып, қолмымызды жуып,шайцмен жейік. Топтарына қайтады.
Өскемен қаласы әкімдігінің «№100 Балабақша – бөбекжайы» КМКҚ
КГКП «Детский сад – ясли № 100»акимата города Усть – Каменогорска
«Алтын күздің бақшасында»
«Алтын күз» мерекесі
Мектепалды даярлық топқа арналған ойын – сауық
Музыка жетек: Жакупова Ж.А
Әдіскер: Толыкова А.К
Өскемен 2020 жыл
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген