жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ"Қоян бізде қонақта"
Сабақтың тақырыбы: «Ғарышқа математикамен бірге»
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік-балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, үлкен-кіші ұғымдарын ажырата білу дағдыларын қалптастыру.
ә) Дамыту- ғажайып саяхат арқылы балалардың қиялдарын шыңдау, логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлығын арттыру.
Б) Тәрбиелік – балаларды ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу.
Сабақтың әдістері: саяхат, дидактикалық ойындар, қисынды есептер.
Сабақтың көрнекілігі: зымыран, «жұлдызды қалашық», ғаламшарлар, жұлдызшалар.
Алдын ала жұмыс: ғаламшарлармен танысу.
Сабақтың барысы: Ұйымдатыру кезеңі:
Қане балалар, шаттық шеңберіне тұрайық.
Кіп кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз,
Күнге қарай талпынып,
Көкке қанат қағамыз.
Әлемдегі бар адамға,
Тек жақсылық тілейміз.
Балалар амандасады үш тілде.
-
Балалар бүгінгі оқу қызыметімізде «Ғарыш әлеміне» саяхатқа барамыз, яғни, ғарышкерлер боламыз.
-
Балалар біздің елімізде алғаш ғарышқа ұшқан кім еді? (Тоқтар Әубәкірв пен Талғат Мұсабаев) Олар ғарышқа ұшып, аспан әлеміне, ғалам шарларға, жұлдыздарға зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар-ержүрек, батыр, халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты батыл, ержүрек болу үшін, білімді, тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.
Ал енді балалар, осы ағаларымызға арналған тақпақтарымызды айтайық.
Аяжан: Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров
Алтын бесік тербеткен,
«Байқоңырдан» аттандың.
Ең алғашқы қазақтың,
Ғарышкері атандың.
Мақтанады өзіңмен,
Бүгінгінің баласы.
Мүмкін олар ертең-ақ,
Ізбасары болады.
Ажар: Талғат Мұсабаев
Ғарыштың кеңістігін бағындырған,
Үш жүзден артық онда тәулік болған.
Бір емес үш қайтара сапар шеккен,
Ер жүрек, батыр едің аға неткен?!
Ел мерейін өсірген ерлігімен,
Сапар шегіп ғарышқа Жер серігімен.
Туған жерге оралған ел батырын,
Ұмытпаймыз, қосамыз әнге атын.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Ал, енді балалар ғарышқа ұшуымыз үшін бізге не керек?
Балалар: Зымыран
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Енді зымыранды үш тілде айтайық:
Балалар: Зымыран-ракета-rocket
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Олай болса, барлығымыз бірлесіп зымыран құрастырайық.
(Балалар геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, тақтаға зымыран суретін құрастырады.)
Тәрбиеші: Зымыран құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық?
Балалар: Төбесі-үшбұрыш, кеудесі-төртбұрыш, 2қанаты- көпбұрыш – деп жауап береді.
Тәрбиеші: Міне балалар, Змыранымыз дайын болды. Ал енді, Байқоңыр қаласындағы «Жұлдызды қалашығымызды» даярлықтан өткізуіміз керек. Бізге «Жұлдызд қалашық» мынандай тапсырма дайындаған екен. Алдарыңда үйлер тұр, үйлер артында сандар тығылып тұр, сол сандарды ретімен орналастырып шығайық.
Өте жақсы балалар. Берілген тапсырманы дұрыс орындадыңдар.
Балалар, білесідер ме? Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жақта қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады. Сондықтан осылардан сақтануы үшін ғарышкерлерге арналған киімді «скафандр» деп атайды. Біз де ғарышкер болғандықтан ыстықтан, суықтан қорғану үшін скафандырды киіп алайқ. (балалар киінеді.)
Енді балалар ғарыш әлеміне ұшудан бұрын, сергіту сәтін жасап алайық.
Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын,
Мен ғарышкер боламын.
Қане қанат қағайық,
Ғарышқа біз ұшайық.
Міне ғарыш әлеміне ұшуға дайын болдық. Қане орнымызға отырып, көзімізді жұмып, 10 нан 1ге дейін кері санаған кезде ғарыш әлемінде боламыз. 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 деп балалар санайды. (музыка ойналады)
Қане балалар көзімізді ашайық. Ғарышқа келіп жеттік.
Тәрбиеші: Аспан әлемінің көрінісі осындай. Әр ғаламшарлар өзінің ерекшілігімен әдемі.
Міне сендер он көріп тұрсыңдар. Ал енді балалар ғаламшарды зерттеу үшін, әрқайсының тапсырмаларын орындап көрейік.
Аспан әлеміндегі – жарық көздер жұлдыздар. Барлық жұлдыздардың ішінен, бізге ең жақы жұлдыз – Күн, ал оны айналасындағылар ғаламшарлар.
Күн –жарық пен жылудың негізгі көзі.
1. Кемпірқосақтың неше түсі бар? Оларды ата?
7 түсі бар. Олар: Қызыл, қызылсары,сары, жасыл, ашық көк, қою көк , күлгін.
2. Кемпірқосақ қандай кезде пайда болады?
Кемпір қосақ жаңбыр жауғаннан кейін пайда болады.
Ал, енді балалар кемпірқосақты тақтаға түсі бойынша орналастырыңдар.
1. Меркури – Бір жылда қанша ай бар? (12) Қане атап көрейікші
Қаңтар, Ақпан, Наурыз ,Сәуір, Мамыр, Шілде, Тамыз, Қыркүйек,
Қазан, Қараша, Желтоқсан
-
Венера – Бір аптада неше күн бар? (7)
Бүгін Сәрсенбі, кеше Сейсенбі, алдыңғы күні Дүйсенбі, ертен Бейсенбі, бүрсігүні Жұма, арғы күні Сенбі, соңғы күн Жексенбі.
3. Жер - Мына сандарға кем-артық-тең таңбаларын қойыңдар. Берілген сандар неше таңбалы сандар? 2 таңбалы санды қалай айтамыз? Мысалы 12 - 2бірлік, 1 ондық
-
Марс –Жарты, ширек дегенді қалай түсінесіңдер? Қолыңда дөңгелек шеңбер тұр. Шеңбер неше бөліктен тұрады? (4)
4. Юпитер - Жоғалған санды тап?
5. Сатурн - Логиккалық сұрақ беріліпті. Қане ойланып көрейікші.
Жүріп келе жатып, еменнің ағашының артынан екі ұзын құйрық, төрт ұзын құлақ көрдім. Олар нелер және нешеу? (2түлкі, 2 қоян)
6. Уран- 1. Екі мысықтың аяғы нешеу?
2.Үш сиырдың мүйізі нешеу?
7. Нептун – Жұлдыздарды рет санымен орналастыр.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Балалар, осы жұлдызшалар сияқты үнемі күліп жүріңдер!
Балалар қараңдаршы кім келе жатқан? (Ғарышкер деп жауап береді)
Ғарышкер: Салеметсіңдер ме, балалар? Мен сендерді кездестіргеніме өте қуаныштымын. Мен, ғаламшарлардың қалдықтарын – метеориттерді жинап жүргем. Маған сол метиориттерді жинауға көмектесіңдер. Балалар бірақ бұл жерде бәрі баяу қозғалады. Сол үшін жаймен баяу қозғалып жинаймыз.
Жарайсыңдар балалар. Маған көмектескендеріңе рахмет. Сендерге аспан әлемі ұнады ма? Ғарышкер болғыларың келе ме? Бәрекелді балалар! Мынау менің сыйлығым!
Тәрбиеші: Балалар ғаламшарлардың барлық тапсырмасын орындадыңдар. Енді біздің жерге қайтатын уақытымыз болды. Біздің зымыранымыз жерге жеткенше, көзімізді жұмып, кері санайық 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 (музыка ойналады)
Жақсы балалар, міне жерге де келіп жеттік. Ал енді бұл жерде бізді ешқандай қауіп күтіп тұрған жоқ, сондықтан ғарышкер киімі скафандра бас киімін шешіп қояйық.
Жақсы балалар орнымызға отырамыз. Ғарышқа барған ұнады ма?
Қорытынды:
1. Балалар қайда саяхатқа бардық? (Ғарыш әлеміне)
2. Қандай әсерде болдыңдар?
3. Ғарыш әлеміне саяхатымыз ұнады ма балалар?
4. Ғарышкерлердің арнайы киімі қалай аталады? (Скафандра)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Бүгін сабағымызға өте белсене қатыстыңдар!
Осымен бүгінгі оқу қызыметіміз аяқталды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген