жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ:«Сәулеттік композиция түрлерін меңгеру»
«Сәулеттік құрылыс материалдары және кірпіш қалау технологиясы»
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы: «КМ 02 Күрделілігі орташа қабырғаларды кірпіштен және ұсақ блоктардан қалау». КМ 04.ОН 4.3 «Жұмыс ортасы туралы негізгі мәліметтерді біледі»
Оқытушылар: Тулешова Н.К.,Байбол Қ.Ш.
2026 жылғы « 12 » наурыз
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ: 2 курс, ҒҚСП-24, А-24-1
Сабақтың түрі: Кіріктірілген (теориялық, тәжірибелік).
Оқыту әдістері: Көрсете-түсіндіру, сұрақ-жауап, зияткерлік сайыс ойын элементтерін пайдалану, интерактивті тақта бойынша баяндау, топтық жұмыс, практикалық тапсырма.
Көрнекі құралдары:
Презентация, интерактивті тақта
Суреттер, сызбалар, сұрақ-жауап
А3 қағазы, карандащ, түрлі түсті қаламдар,клей
2. Сабақ мақсаты: Білім алушыларға құрылыс материалдарының қасиеттерін түсіндіру және сол материалдарды қолдана отырып кірпіш қалау технологиясының ерекшеліктерін меңгерту.
1. Білімділік:
Сәулеттік құрылыс материалдарының түрлері мен қасиеттерін түсіндіру
Кірпіштің құрылыс пен сәулеттегі маңызын анықтау
Кірпіш қалау технологиясының негізгі тәсілдерін үйрету
2. Дамытушылық:
Студенттердің кәсіби ойлау қабілетін дамыту
Құрылыс материалдарын талдау және салыстыру дағдыларын қалыптастыру.
Сызба бойынша жұмыс істеу, өлшеу құралдарын дұрыс қолдану дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік:
Еңбек қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу
Құрылыс мамандығына жауапкершілікпен қарауға баулу
I. Ұйымдастыру кезеңі: (2-3 минут)
1. Студенттермен амандасу, оқу құралдарын және сабаққа қатысуын тексеру.
2. Студенттердің сабаққа дайындығына назар аудару.
3. Топқа бөлу (Жобалаушылар / Қалаушылар)
Бірінші «Гүлдерді таңдау» әдісі бойынша 2 топқа бөліну. Студентте ұнаған гүлдерді таңдап екі топқа бөлінеді.
4. Бағалау
Топ басшыларына “Бағалау бетшелері” беріледі. Топ мүшелерінің аты-жөнін жызып, әр тапсырмаға жауап берген студенттерге “1” ұпай қойып отырады.
II. Үй тапсырмасын тексеру (5- минут)
1 қадам Қайталау: Миға шабуыл: өткен сабаққа бақылау және тест сұрақтарына жауап береді.
Сәулеттік материалтану дегеніміз не?
Қандай табиғи және жасанды материалдарды білесіздер?
Материалдардың физикалық қасиеттері дегеніміз не?
Материалдардың механикалық қасиеттері дегеніміз не?
Қандай материалдардыбысты нашар өткізеді?
2 қадам Сергіту: Ойын ойнау (3-4 минут)
Экранға шығарып іс-қимылды қайталау.
ІІІ. Сабақтың негізгі жоспары
І. Жаңа білім беру: (20 минут)
Тақырыбы: «Сәулеттік құрылыс материалдары және кірпіш қалау технологиясы»
3 қадам Білу:
1-бөлім: Сәулеттік материалтану
Сәулетте қолданылатын құрылыс материалдары:
Табиғи материалдар
Тас
Ағаш
Құм
Жасанды материалдар
Кірпіш
Бетон
Темірбетон
Материалдардың негізгі қасиеттері
Беріктік
Тығыздық
Жылу өткізгіштік
Ылғалға төзімділік
2-бөлім: Кірпіш қалау технологиясы
Кірпіштің түрлері
Керамикалық кірпіш
Силикат кірпіш
Қуысты кірпіш
Кірпіш қалау құралдары
Кельма
Балға
Деңгей өлшегіш
Шнур
Кірпіш қалау кезеңдері
Ерітінді дайындау
Кірпішті орналастыру
Қатарды түзеу
Тігістерді толтыру
ІV. Жаттығуларды орындау
4 қадам Қолдану: Тапсырма орындау. (10 минут)
1-топқа Берілген суреттер немесе карточкалар арқылы кірпіш түрлерін анықтап, сипаттама беру,қай жерде қолданылатынын айту,артықшылығын түсіндіру.
Тапсырма:
Кірпіштің түрлерін атау
Керамикалық кірпіш
Силикат кірпіш
Қуыс кірпіш
Қаптау кірпіші
Нәтиже: Постер жасап қорғайды.
2- топқа
«Дұрыс қалау әдісін тап». Суреттерде берілген кірпіш қалау тәсілдерін анықтап, Әр тәсілдің: Қалай орындалатынын түсіндіру және қай құрылыста қолданылатынын айту.
Кірпіш қалау түрлерін атау
Бір қатарлы қалау
Көп қатарлы қалау
Тізбекті қалау
Нәтиже:Постер жасап қорғайды.
5 қадам Талдау:
“Акварюм” әдісі жасырылған сөздерді табу. Қай топ көп сөз табады, сол топ жеңіске жетеді. (5 минут)
V. Білімді, іс әрекетті қорыту, жүйелеу
6 қадам Рефлекция: Студенттер тақтадан батырмаларды таңдайды:
Түсіндім
Сұрағым бар
Түсінбедім
VI. Сабақты қорытындылау
7 қадам Бағалау: (3 минут)
Сабақ соңында әр топтың жинаған ұпайларын санап,барлық ұпайларды біріктіреді,қай топта ұпай көп болса, сол топ жеңіске жетеді.
VII. Үй тапсырмасын беру: (2 минут)
Сәулеттік құрылыс материалдарының түрлері туралы кесте жасау
Кірпіш қалау технологиясы туралы қысқаша конспект жазу
Бақылау сұрақтары:
Сәулеттік материалтану нені зерттейді?
Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттері қандай?
Кірпіштің қандай түрлері бар?
Кірпіш қалау технологиясы қандай кезеңдерден тұрады?
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген