ашық сабақ:Тахауи тағылымы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық сабақ:Тахауи тағылымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ең алдымен «Попкорн» әдісі арқылы Жұбановтар отбасы туралы өткен сабақты тексеріп, пысықтау сұрақтары берілді. Одан кейін жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларды «Ассоциациялық көрініс» ақылы сергітіп алдым. «Пазл» әдісі арқылы 3 топқа бөлдім (комедия, драма, детектив). Тақырып бойынша өзім қысқаша түсіндіріп, әр кезеңде әр топқа әртүрлі тапсырмалар бердім. 1. Постер қорғау ( Т.Ахтанов өмірбаяны, шығармашылығы, облыстық драма театр) 2. «Веер» әдісі қорғаған мәліметтері бойынша уақыт-оқиға сәйкестендірді. 3. «Өлкеден шыққан ірі тұлғалар» тарауын аяқтап отырғандықтан, ескерткіштер,тұлғалар, кесенелер деген ұяшықтарда сұрақтар жасырыды. Оқушылар өте белсенді жақсы жауап берді. 4. Пәнаралық байланыс орнату мақсатында «2гис» әдісі арқылы картамен үш топқа үш түрлі тапсырма бердім. 5. Сабақты қорытындылау мұрағаттан алынған бейнеролик арқылы өткіздім. 6. рефлексия «Автограф» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қолтаңба қалдырды. 7. Үй тапсырмасына Т.Ахтанов туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ҚАЛАЛЫҚ ЖАС ТУРИСТЕР СТАНСАСЫ» МКҚК























Ашық сабақ тақырыбы:

«Тахауи тағылымы»










Орындаған : қосымша білім беру педагогы

Мерекеева Айжан Байғалиқызы










Ақтөбе - 2022 жыл

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: жазушының өмірі мен қызметі туралы мәлімет беру, шығармаларымен танысу.

Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге баулу, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: халық қамын ойлайтын, ұлтжанды, елін, Отанын сүйетін азамат болып өсуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: жарыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Презентация, постер, стикер, маркер , тақырыпқа байланысты суреттер, видео,карта.

І.Сабақтың барысы:

Амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «ПОПКОРН» әдісі. Жұбановтар отбасы туралы сұрақтар қойылып, білімдері тексеріледі.

  1. Ақтөбе қаласындағы музыкалық колледж кімнің атында? Ахмет Жұбанов

  2. «Жыр жазамын жүрегімнен» әнінің авторы? Ғазиза Жұбанова

  3. Ақтөбе облыстық филармониясына Ғазиза Жұбанова есімі қай жылы берілді? 1998 жылы

  4. 2017 жылы 1 желтоқсанда ашылған мәдениет үйін атаңыз? Жұбановтар әлемі

  5. Құдайберген Жұбанов қай жылдар аралығында өмір сүрді? 1899-1938ж

  6. Ахмет Жұбановтың 100жылдық мерейтойы қашан атап өтілді? 2006ж

  7. Ақтөбе қаласында Құдайберген Жұбанов атында не бар? Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

  8. Құдайберген Жұбанов қашан ,қалай қаза тапты? 1938ж 25 ақпанда «халық жауы» деген жаламен атылды.

  9. Ажар Жұбанованың әкесі кім ? Ахмет Жұбанов

10)Ахмет Жұбанов құрған ең алғашқы ансамбл? Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі

Сергіту сәті: « Ассоциациялық көрініс» әдісі. Оқушылар өздерінің есімдерімен қоса бір затты (ұнататын тағамы немесе қызығушылығына байланысты) ұйқастырып айтуы керек. Мысалы: Есімім –Айжан, ұнататын сусыным- Айран,есімім нурхаят, омірдің түрікшесі -Хаят,с.с)

ІІІ.Жаңа сабақ: « Пазл» әдісімен топқа бөлу ( комедия, драма, детектив)


«Постер» Оқушыларға тақырыптар бойынша мәтін беріледі, оны қорғайды.

І топ Т.Ахтановтың өмірбаяны

ІІ топ Т.Ахтановтың шығармашылығы

ІІІ топ Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры

Қазақстанның халық жазушысы, қазақ әдебиетінің классигі, драматург һәм аудармашы, атақты жерлесіміз Тахауи Ахтанов 1923 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалык институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері «Жастар дауысы» деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары – проза мен драматургия.

Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі – «Күй аңызы». 1956 жылы «Қаһарлы күндер» атты романы жарық көрді. «Дала сыры» повесі үшін (өңделіп, толықтырылып, «Боран» романына айналды) авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы жазылған «Сәуле» драмасы, одан кейінгі «Боран», «Ант», «Әке мен бала» драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. «Махаббат мұңы», «Күтпеген кездесу» драмалары, «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді. А.Н. Толстойдың «Азапты сапарда» трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.

Жазушының ең соңғы романы — «Шырағың сөнбесін». Бұл романның негізгі кейіпкері Нәзира — кеңес армиясының офицері Қасымбектің жары. Жан-жақтан анталаған жау тылында қалған аяғы ауыр әйелдің өмір жолы, бастан кешкендері, өзін қоршаған ортаға, өткен күндерге көзқарасы арқылы кейіпкердің жан дүниесіне әрі барлау, әрі талдау жасалады.

Тахауи Ахтанов шығармашылығының негізгі салмағы прозада. Елімізде де, шетелдерде де, ең алдымен, дарынды прозаик ретінде танылды. Ал Ахтанов прозасының ең биік шыңы — «Боран» романы. Бұл шығарма кезінде өмірдің өзекті шындығын көрсеткен, бұрын айтыла бермейтін көлеңкелі мәселелерді батыл көтерген, кейіпкерлерінің рухани әлеміне талдау жасаған жаңашыл шығарма ретінде жоғары бағаланды.

Көркем әдебиет баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы. «Әдебиет жөне искусство» – «Жұлдыз» журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, көркемөнер бас басқармасының бастығы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.Қаламгерге Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілген. 1997 жылы Ақтөбе қаласындағы драма театрына жазушының есімі берілді.Театрда қазақ труппасы, орыс труппасы және сатира труппасы Екі езу жұмыс жасайды.

Романдары: «Қаһарлы күндер», «Боран», «Шырағың сөнбесін».

Прозалары: «Алғашқы ән», «Қызғаныш», «Күй аңызы», «Жоғалған дос», «Алыстан жеткен сарын».

Драматургиясы: «Сәуле», «Әке мен бала», «Боран», «Күтпеген кездесу», «Ант», «Махаббат мұңы» және «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» комедиялары.

Аудармалары: С.Бабаевскийдің «Алтын жұлдызды жігіт», «Жер үстіндегі нұр» атты романдары, А.Н.Толстойдың «Азапты сапарда» атты үш томдық романы.

«ВЕЕР » әдісі.

О қушылар уақыт пен оқиғаны сәйкестендіреді, әр топта 4 тапсырмадан.

1997 жылы - Облыстық драма театрға Тахауи Ахтановтың есімі берілді.

2013жылы 23-29 қыркүйек

Қазақстан драма театрларының ХХІ республикалық фестивалі өтті.

«Ант» қойылымы - Ақтөбе облысы әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды.

30 желтоксан 2013 жыл

Тахауи Ахтанов пен Куандык Шангытбаевка ескерткіш орнатылды.

Тахауи Ахтановтың романдары - «Қаһарлы күндер», «Боран», «Шырағың сөнбесін».

1956 жыл - «Қаһарлы күндер» атты романы жарық көрді.

Қуандық Шаңғытбаев - Бала күнінен өмірде де,әдебиетте де жұбы жазылмаған досы

2023 жыл - Тахауи Ахтановтың туғанына 100жыл

«Нар идірген»күйінің шығу тарихы баяндалған шығарма? - Күй аңызы

Тахауи Ахтанов қайтыс болған қала - Алматы

Тахауи Ахтанов қайда өмірге келді ? -Шалқар ауданы, Шетырғыз селосы

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтамауына не себеп? - Екінші дүниежүзілік соғыс.

«Өлкеден шыққан ірі тұлғалар» ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру (гиперссылка)

Ескерткіштер ( ескерткіште кім бейнеленгенін тап)

10-Әбілқайыр хан

20-Әлия Молдағұлова

30- Т.Ахтанов пен Қ.Шаңғытбаев

40-Құдайберген Жұбанов

Тұлға

10- «Алло, Айша бибі, Аэропорт» әндерінің орындаушысы? Ерке Есмахан

20- «Славян базары-2015» байқауының гран при жүлдегері, «SINGER 2017» байқауы арқылы әлемге танылған ақтөбелік? Димаш Құдайберген

30- Әлемдік рекорд орнатқан әйгілі ақ тарының атасы? Шығанақ Берсиев

40-Ақтөбе облысындағы ауданға есімі берілген жыршыны атаңыз? Нұрпейіс Байғанин

Кесенелер

10-Тама Есет Көкіұлы

20-Қобыланды батыр

30-Абат Байтақ

40-Хан моласы

Тахауи Ахтановтың мұрағаты мен облыстық драма театр жұмысы туралы бейнеролик көрсетіледі. Оқушылар мұқият тыңдап, топтар бір-біріне сұрақ- жауап дайындайды.

« 2ГИС» әдісі.

Әр топқа Т.Ахтанов көшесінің бейнесі берілген, сол көшеде орналасқан нысандарды толық тауып көше бойына жабыстыруы керек (Теңге символы, 2 қалалық емхана, Әйтеке би ескерткіші, облыстық драма театр, Т.Ахтанов пен Қуандық Шаңғытбав ескерткіші, Барлық кезеңдегі шекарашыларға ескеркіші, Рауф Кутуев ескерткіші, «Ақтөбе» телеарнасы)

«Жылдам жауап» әдісі арқылы сабақты қорытындылау:

1. Ахтанов туған өңір қалай аталады? (Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы).

2. Ұстаз болуды армандаған жас жігіт Алматы қаласына келді. Сонда ол қандай жоғарғы оқу орнына түсті? (ҚазПИ - ге).

3. Оқуды неге аяқтай алмады? (себебі, соғыс басталып кетті де, Ахтанов майданға аттанды).

4. Сол кезде жазушы қаламынан жауынгерлерге рух беретін мақалалар жазылып, майдандық газеттерде жарияланды. Ұлы Отан соғысындағы суреттерді қандай романында берді? («Қаһарлы күндер»).

5. Көркем аудармамен де айналысты. Кімдердің шығармаларын аударды? (Пушкиннің, Толстойдың, Горькийдің, т. б.).

6. Жазушы қаламынан әңгіме, хикаят, роман, драмалық шығармалар туындады. Драмалық шығармаларын атайық. («Сәуле», «Боран», «Ант», «Әке мен бала», «Махамбет мұңы», «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу»).

7. Жазушының алғашқы әңгімесі қалай аталады? («Күй аңызы»).

8. Жазушының туған және дүниеден өткен жылдарын атайық. (1923 - 1994 жж).

«Автограф» әдісі арқылы стикерге оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазып, қолтаңба қалдырады.

Сабақты бағалау: топтарға әр кезең бойынша театр билеттері беріліп отырады. Сабақ соңында билеттер есептеліп, ең көп билет жинаған топ жеңіске жетеді.

Үй тапсырмасы: Т.Ахтановтың кез-келген шығармасын оқып келіп, қысқаша мазмұндау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2024
111
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі