400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ.Тамақтану.Есімшенің тәуелденуі.8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерінің сапасын анықтау. Диалогтік оқыту арқылы сұрақтарға дұрыс жауап беру дағдыларын тексеру. мұғалімге көмегі зор болады деп есептеймін.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Первосоветск ЖОББМ












Shape1

Ашық сабақ

«Тамақтану. Есімшенің тәуелденуі.»

















Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Р.Б.Дусекенова

















2017-2018

Сабақтың тақырыбы: Тамақтану.Есімшенің тәуелденуі.

Мақсаты: Білімділік: Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерінің сапасын анықтау. Диалогтік оқыту арқылы сұрақтарға дұрыс жауап беру дағдыларын тексеру.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау,қисынды ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын байыту, оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту..

Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер Грамматикалық формаларды дұрыс қолдана біледі.

Қазақ тілінде еркін диалог құрап, ауызекі сөйлеуге үйренеді.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Қолданылатын әдістер: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары:

  • ой қозғау

  • диалогтік оқыту

  • деңгейлі сұрақтар қою, функционалдық

сауаттылықты дамыту

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. 1.Сәлемдесу

2. Оқушылармен шеңбер құрып, бүгінгі күнге тілек тілеу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Өлең жаттау.

2.Диалог құрастыру.

ІІІ.Жаңа сабақ.

1.Қызығушылықтарын ояту. (оқушыларға кластер құрату)

Shape2

Shape3 Shape4

Shape5

Денсаулық



Shape7 Shape6

Shape8


2.Сөздікпен жұмыс.

Дені сау – здоровый

Еңбекқор – трудолюбивый

Дұрыс тамақтану – правильно питаться

Күнделікті – каждодневный

Құнарлы - содержательный, калорийный

Дәрумендер – витамины

3.Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым.Оқылым.
Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет.
Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу
керек. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет.

ІҮ.Дәптермен жұмыс. Көп нүктенің орнына есімшенің жұрнағын қойып жаз.

1) Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қой... .

2) Бірінші байлық - денсаулық деп сана... .

3) Дұрыс тамақтан... адамның дені сау болады.

4) Күнделікті ішетін асымыз дәрумендерге бай бол...да денсаулық мықты болады.

5) Адамдарға тамақтану ережелерін сақта... дұрыс.

Ү.Кім жылдам? Іш,же сөздерін тәуелдеу

Жекеше түрі Көпше түрі

І жақ Менің Біздің

ІІ жақ Сенің Сендердің

С.т. Сіздің Сіздердің

ІІІ жақ Оның Олардың

ҮІ.Білгенге маржан. Тамақтану мәдениетінің 10 ережесі:

1. Әрбір адам тағамнан 1 тәулікте жұмсайтын энергиясына сай қуат алуға тиіс.
2. Күніне 4 не 5 рет тамақтану тиімді.
3. Тамақты күн сайын бір мезгілде қабылдау керек.
4. Ыстық тағам температурасы 50-60
oC, салқын тағам 100 oС —ден төмен болмау керек.
5. Ақырғы тамақтану ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болу керек.
6. Тамақтын түрін (рационын) өзгертіп тұру керек
7. Қайнатылған, буға піскен тағам пайдалы.
8. Тамақты асықпай шайнап жеу керек
9. Сұйық тағамдарды, көкөніс, жемісті көп қолдану керек.
10. Сүт, суттен жасалған қышқылтым тағамды жеу керек.

Сергіту сәті «Қара жорға» әнімен жаттығу жасату

ҮІІ.*Ойын. «Сен маған,мен саған». Диалог құрастыру.

ҮShape9 Shape10 ІІІ.«Ойлан,тап!»

Shape11

Shape12

ТАҒАМНЫҢ

ҚҰРАМЫ







Shape13 Shape15 Shape14



ІХ.«Мықты болсаң, тауып көр!» Берілген сөздердің ішінен мақал-мәтел табу.

  1. Ас,қадір,сорпа,тамақ,тоқ.

  2. Сорпа,тұздық,нан,ет,бетке.

  3. Ұрыс,тамақ,тату,керіс,тәтті.

Х.Қорытынды «Синквейн әдісі бойынша 5 жолды өлең құрастыру»

1. Зат есім ___Тамақ____________

2. Сын есім _______________

3. Етістік _______________

4. Сөйлем _______________

5. Синоним _______________

 ХІ.Тест

1. Бірінші байлық - ... .

А) денсаулық В) ақ жаулық С) білім

2. Қажет сөзді тап «Тамақтану ...»

А) күні В) ережелері С) байлық

3. Есімшені анықта.

А) тамақтанатын В) ішу С) жеп

4. Тамақты қалай жеу керек?

А) асықпай шайнап В) асығып шайнап С) тез шайнап

5. Келер шақтағы есімшені көрсет.

А) қар В) ішер С) жер

6. Астың дәмін не келтіреді?

А) тұз В) су С) май

7. «Құнарлы, пайдалы» сөздері қай сөз табынан

А) зат есім В) етістік С) сын есім

8. «Дәрумен» сөзінің орыс тіліндегі баламасы

А) еда В) витамин С) полезный

ХІІ.Бағалау. Бағалау парағы арқылы.

ОҚУШЫНЫҢ АТЫ-ЖӨНІ:


Тапсырмалар:

Тапсырмаға берілетін ұпай

Оқушының жинаған ұпайы

Үй тапсырмасы.

2 ұпай


Мәтінмен жұмыс жасау

4 ұпай


Дәптермен жұмыс

5 ұпай


Диалог

4 ұпай


Тапсырмаларды толық орындау

5 ұпай


Қорытынды жасай білу. Тест

5 ұпай


Жалпы ұпай саны:



25 ұпай –«5»

20-18 ұпай – «4»

17-14- ұпай – «3»

ХІІІ.Үй тапсырмасы:1) 85-бет 2-тапсырма. Сөз тіркестерінен сөйлем құрастыру.

2) сөздік жаттау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
515
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі