ашық сабақ:Тақырыбы: «Қош келдің Жаңа жыл»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ:Тақырыбы: «Қош келдің Жаңа жыл»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жобада балалар ертегі әлеміне еніп, Малифисента кейіпкерінің өзгерісі арқылы жақсылық пен мейірімділіктің маңызын түсінеді. Балалармен түрлі көңілді ойындар ойнатылып, достық пен бірлікке баулу көзделеді. Шара балалардың қиялын, эмоциялық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

81 «Әсемгүл» Б/б

Тәрбиеші: З.А Нуралиева

Аңдатпа: «Ертегі еліндегі Малифисента». Бұл жобада балалар ертегі әлеміне еніп, Малифисента кейіпкерінің өзгерісі арқылы жақсылық пен мейірімділіктің маңызын түсінеді. Балалармен түрлі көңілді ойындар ойнатылып, достық пен бірлікке баулу көзделеді. Шара балалардың қиялын, эмоциялық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған.





Тақырыбы: «Қош келдің Жаңа жыл»

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де, сәнді безендірілгеніне балалардың назарын аудару, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту.

Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Молефисента, Жылан, балалар.

Музыка ойнап тұрады.

Қыздар музыкамен билеп залға кіреді. Музыка ойналып ортаға жүргізуші шығады.

Жүргізуші: Қайырлы күн,қымбатты ата-аналар мен қонақтар!Келе жатқан жаңа жыл баршамызға құтты болсын.Райхангүл мектеп алды тобының «Қош келдің жаңа жыл» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.Балалар, сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып, кетіпсіңдер. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл!

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар, қараңдаршы балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр. Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік.

Сайқымазақ: Ой мынау сайқымазақ қой.Амансыңдар ма, балалар! Иә бұл менмін. Мені ораудан алып, шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы, ал мұнда сондай тамаша, екен. Ал менің достарым қайда мен олардан адасып қалдым.

Жүргізуші: Бізде бүгін жаңа жыл мерекесі болып жатыр сен ренжіме, бұл мерекеге достарың да келіп қалар, мүмкін бізбен бірге жаңа жылды тойлайтын боларсыңдар.

Би:Сайқымазақтар

Жүргізуші:Бүгін жаңа жыл ғой, шыршамыздың шамдары жанбады.

Балалар, не істесек болады? Бізге кімдер көмек береді?

Балалар: Аяз ата, Ақшақар.

Жүргізуші:Дұрыс айтасындар балалар! Біз кешімізге Аяз ата мен

Ақшақарды шақырайық біздің даусымызды естіп, Аяз атамыз тез келеді.

Балалар:Аяз ата, аяз ата, аяз ата, ау ау.

(Әуен ойнайды Малифасента кіреді)

Малифисента:Ха, ха, ха! Мұнда не болып жатыр? Сендер кімсіңдер?Әдемі киініп, неге жиналып отырсыңдар?

Балалар:Біз жаңа жылды тойлап жатырмыз.

Малифисента:Сендер мені шақырдыңдарма?

Балалар: Жоқ

Жүргізуші: Малифисента, біз Аяз атамен, Ақшақарды күтіп жатыр едік.

Малифасента: Ах бәлем ендеше, мені ұнатпасаңдар мен сендердің Ақшақарларыңмен, Аяз атаның жолына кедергі жасап мерекенін шырқын бұзайын.

Айтпақшы Аяз ата балаларға базарлық алуға орманға кеткен еді, сол келместей етіп қар жаудырып боранға айналдырайын ха ха ха.

(залды айланып жүгіріп шығып кетеді.) (әуен боранның дауысы)

Жүргізуші: Балалар, естідіңдер ме Малифисента не дегенін?!

Бар әлем боран, енді Аяз ата қалай жол табар екен! (мұңаяды)

Жүргізуші:Балалар әсем әуен ойналып жатыр, мүмкін бізге Аяз ата мен Ақшақар келе жатқан болар, қошеметтеп қарсы алайық.

Қуыршақ Эльза: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мені Аяз ата жіберді, сендердің мұңайғандарыңды естіп көңілдеріңді көтеру үшін келдім.

Жүргізуші:Сәлеметсің бе, рахмет саған Эльза, сен болмасаң біздің көңіл күйіміз түсіп, мерекеміз қызықсыз болып жатыр.

Малифисента:Мұнда кім келген қонаққа? Мен ешқандай мерекеге жол бермеймін.

Құыршақ Эльза: Малифисента сен олай деме бұл балалар өте ақылды,өнерлі.

Жүргізуші:Ия Эльза дұрыс айтасың, біздің балалардың өлең жырларын тыңдап көріңіздер.

Тақпақтар: Ясин,Хадиша,Бибімариям,Арыстан,Сара,Раяна,Ару,Сафия,Амаль.

Малифисента:(ашуланып)Жоқ, маған бұл жеткіліксіз. Тағы да қандай өнерлерің бар?

Ән: « Кішкентай жұлдыздар»

Тәрбиеші: Енді көңіл күйің көтерілген болар.

Малифисента:Жарайды, мына балалар өте ақылды екен,менің көңілімнен шықты.Эльза сен рас айтады екенсің,көңілім бір көтеріліп қалды. Біз орманға барып Аяз ата мен Ақшақарға жол көрсетейік.Біздің қайтатын уақытымыз болды,қош сау болыңыздар.

Тәрбиеші:Балалар енді жаңа жылымыздың қадірлі қонақғы Аяз атамен ақшақарды шақырайық.

Балалар:Аяз ата ау,Аяз ата ау

Аяз ата:Э-ге-гей!

Балаларым, балғыным!

Өмір гүлім-шалғыным!

Тілегенім жыл бойы

Сендердің ден саулығын!

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне, мен де жеттім!

Балалар: Аяз атамен сәлемдеседі.

Ақшақар:

Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме Аяз ата Ақшақар. Төрлетіңіздер! Біздің балалар сіздерді асыға күтті.

Аяз ата:Мен де сендерге жеткенше асықтым, Малифисентаның кесірінен орманда адасып қалдық.

Мына шыршаларыңыз көңілсіз тұрған сияқты барлығымыз сиқырлы сөзімізді айтып,шырша шамдарын жағайық.

Шырша,шырша таңырқат

Шамдарыңды жарқырат

Жүргізуші:Рахмет сізге Аяз ата, біздің балалардың сізге өнерлерін тамашалаңыздар.

Би: қыздар биі

Аяз Ата:Рахмет сендерге балалар. Сендердін билеріңді көріп көңілім көтерілді. Кәне, балалар шеңбер құрып тұрайық. Осы сиқырлы таяқ пен ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?

Ойын: «Сиқырлы таяқ» (қатырамын).

Жүргізуші:Аяз-ата,ақшақар енді біздің балаларымыздың тақпақтарын тамашалаңыздар.

Тақпақтар:Арлан,Дамелі,Димаш,Дидар,Батырхан,Заңғар,Аделя, Салах,Мұстафа,Әлімхан,Медина

Аяз ата: Жарайсыңдар балалар,енді ескі жылға рахметімізді айтып жаңа жылды қарсы алайық.

Балалар: Жаңа жыл,жаңа жыл

Ата-аналар 2024-5 жылан кіреді

Жылан:


Жүргізуші:Жаңа жыл қош келдіңіз.Сіз енді бізбен бірге болып,жаңа жыл мерекесін тойлаңыз.

Жүргізуші:Қазір бідің балалардың «кел жаңа жыл» әнін тыңдаңыз.

Жылан:Жарайсыңдар балалар, балалар ендеше мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.Менімен ойын ойнайсыңдар ма?

Балалар:Иә

Ойын: Жыланға жұмыртқаларын жинап беру.

Жылан:Рахмет сендерге балалар.

Жүргізуші:Ендеше балалардың мерекеге арнаған тақпақтарын тамашалаңыздар.

Тақпақ:Дилана, Айару, Қасиет,Эльмира, Али, Асанали, Айбике.

Би:Барлығы

Аяз ата: (көңілденіп) Жарадыңдар! Ал, балаларым мынау менің сендерге сыйлығым. Өнерлеріңді тамашаладым, риза болдым. Менің барар жерім көп. Сендердей балалар мені күтіп отыр. Соларға барайын. Келесі жылы кездескенше сау болыңдар, балалар!(Ақшақар сыйлықты таратып береді.)

Балалар: Сау болыңыз Аяз ата!

Сау болыңыз Ақшақар!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар «Райхангүл» тобының «Қош келдің Жаңа жыл атты ертеңілігі аяқталды,сіздерді келе жатқан Жаңа-жыл мерекесімен құттықтаймыз.Уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет.Жаңа жыл табысты берекелі жыл болсын.Сау саламатта болыңыздар.































Тәрбиеші: Аяз ата балалардың сізге арналған өлең-жырларын тыңдаңыз.

Айару:

Аяз Ата ойды қырды

Аралап жүр түгел шолып.

Қарсы алғалы жаңа жылды,

Ол да көптің бірі болып.

Қайда қызық болса думан,

Аяз Ата сонда болды.

Күндіз үйде ойнап бізбен,

Балалармен бірге болды.

Раяна:

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа-жыл

Ата-әже, ата-әже

Құтты болсын жаңа жыл






Балалар отырады

Тәрбиеші:Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Өлең де әзір, ән де әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір,

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл!

Балалардың өлең жырларын тыңдаңыздар.

Тамаша. Тамаша!

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Қасиет:Жаңа жылда балалар,

Тек қуаныш көріңдер,

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болып өсіңдер!

Ару:Жаңа жыл келгенде,

Қуанып қарсы аламыз.

Аяз ата келгенде,

Билеп әнге саламыз.

Хадиша:

Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрле-төрле Жаңа жыл,

Бізге Құтты жыл болсын.

Мұстафа:Жас ұланмын шыныққан,

Жасқанбаймын суықтан.

Қардан жасап аққала,

Сырғанаймын шаттана.

Дамеля:Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Асанали:Тауда туып,тауда өсіп

Шырша келді ортаға

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.

Ясин:

Жаңа жылды қарсы алып

Жасаймыз той жылда біз,

Жарқын,жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі