Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ.Тақырыбы "Ұлттық ойындарымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тақырыбы "Ұлттық ойындарымыз".Қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу.Қазіргі қолданыстағы ұлттық ойындарды анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім

Мәдени мұра

Педагогтің аты – жөні:


Құлжабаева Гүлнұр

Күні:

17.11.2021ж

Сынып:4 «И»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Пәні

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы


Ұлттық ойындарымыз

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.​1.​4.​1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

4.​3.​3.​1 шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, презентация түрінде ұсыну

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолданады, шығармашылық жұмысын сызба, , презентация түрінде ұсына алады.

Оқушылардың басым бөлімі: «Орамал тастау», Асық ойыны» ойынының шартымен мұқият танысады, қалай ойналатынын танысады,түсінеді.

Кейбір оқушылар: асықты иіру, ату, көздеуді ым –ишара, қимылмен көрсетеді

Бағалау критерийі

-«Орамал тастау», Асық ойыны» ойынының шартымен мұқият танысады, қалай ойналатынын таныстырып, түсіндіреді.

- иіру, ату, көздеуді ым –ишара, қимылмен көрсетеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі /уақыты

Педагогтің

әрекеті

Оқушының

әрекеті


Бағалау


Ресурстар


Сабақтың басы




Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін шоғырландыру

Балалар,бір біріңе қарап жымиыңдар,жайланып отырып менің айтқанымды қайталаңдар...

«Мен бақытты баламын

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда

Осы жылуды барлық адамдарға жолдаймын»


Үй тапсырмасын сұрау

«Көкпар» әдісі

(Шарты:. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Үш сұрақтан артық жауап берген оқушы көкпардың салымын салған болып есептеледі)


Жұмбақты шешу


Таңертең төрт аяқты,түсте екі аяқты,кешке аяқты?


Мақал- мәтел құрастырыңдар.

Ақыл ..... кімнен шығады, асыл.... неден шығады.(жастан,тастан)

Қарты бар үйдің ……(қазынасы бар)

Аңыз кейіпкері Зерделі қандай адам?

Қарияның бақытты екенін қай жауабынан байқадың?


Жұптық жұмыс. Жазба жұмысына берілген тапсырманы жұптаса отырып тексереді.


Ой қозғау

-Балалар,қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

-Ұлттық ойындардың қандай маңызы бар?

-Ұлттық ойындар нені қажет етеді?



Суреттегі ойын атауларын атаңдар?

Қазақша күрес

Бәйге

Бестас

Алтыбақан

Асық ойыны

Көкпар

Тоғызқұмалақ

Орамал тастау




Ұлттық ойындар бейнеленген кеспе қағаздар арқылы 4 топқа бөлу

1-топ «Көкпар»

2-топ «Бәйге»

3-топ «Тоғызқұмалақ»

4-топ «Күрес»







Мәдени мұра-жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі,бабаларымыздан бүгінге дейін жеткен тарихи ескерткіштер,көне қалалар мен жазбалар,ұлттық спорт,ойын,өнер түрлері,ауыз әдебиеті,мерекелер мен әдет ғұрыптар,салт дәстүрлер мәдени мұраға жатады

Тапсырманы орындайды

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады








Сұрақтарға жауап береді.Жұмбақ пен мақал






















Суреттегі ойын атауларын атайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Дескриптор:

-Оқушылар тақырыпқа қатысты өз ойларын ортаға салады.

-Сұрақтарға жауапты дәлелдермен негіздеп айтады.















Монетамен бағалау





































Оқулық

104-106 бет

Ұлттық ойын түрлерінің суреті.



слайд










Кеспе қағаздар

Сабақтың ортасы






































































«Жалғасын тап»» ойыны

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі - «Орамал тастау» ойыны.Орамал тастау ойыны-жастардың ойын дамытып,тіл байлығын арттыруға,тапқырлыққа,шапшаңдыққа үйретеді



















Қазақтың ұлттық ойындарының бірі асық ойыны. «Асық» төрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын,қызметі аса күрделі ,буынға біткен шымыр сүйек.

Қой,ешкі,сиыр,түйе асығы үлкен кішілігіне қарамастан бір пішіндес,мүсіндес келеді.

Ал жылқы асығы болса басқа пішінді болады.

Асықпен «Ханталапай», «Үштабан», «Шеңбер», «Омпы», «Бүк», «Шік» сияқты неше түрлі асық ойындары ойналады.Ойында асықтың сыртқы пішіндері үлкен рөл атқарады.

Асық ойнап көрдің бе?


«Хан» ойыны ертедегі ұлттық ойын екенін қалай дәлелдер едің?

Қазір кезде не себепті асық ойындары сирек ойналады деп ойлайсың?Себебін түсіндір

Иіру, ату, көздеуді ым –ишара, қимылмен көрсет.

«Білгенге маржан»

Асық атаулары

Сақа –ұсақ асықтарды ату үшін таңдалған,қорғасын құйылған,салмақты,ірі асық

Топай –сиырдың асығы

Кеней – ұпайға тігілетін кішкентай асық

Ешкімер –ешкінің асығы

Қойлақ –қойдың асығы.

Асықтың түсуіне қарай атауы

Алшы,бүк,шік,тәйке,оңқа,шоңқа,


Сергіту сәті

Шеки алып қолыма

Асық ойнап оп- оп

Мұнша бала таңқалып

Тұрсақ ойнап оп- оп

Кешке дейін асықты ойнап едік оп оп

Қызығына ойынның

Тоймап едік оп- оп

Осы асықпен жетілген

Батырларым оп- оп

Бұл асықты ойнаған

Ақындарым оп- оп

Біздің ойынымыздың кестесі


Дәптермен жұмыс

Ойын атауы- Денсаулыққа


Пайдасы Үштабан Көздің көру қабілетін

арттырады

Шеңбер Дәлдікке үйретеді


«Өз ойым-өз қаламым» әдісі

1-топ «Мен зеттеушімін». «Көкпар» ойынының шығу тарихы мен әдіс тәсілдерін зерттейді

2-топ «Мен ақынмын».Аламан бәйге туралы бір шумақ өлең.

3-топ «Мен жазушымын».Палуандар туралы эссе

4-топ «Мен ғалыммын». «Тоғызқұмалақ» ойынының шығу тарихы


«Орамал тастау». Қалай ойналатынын таныстырып, түсіндіреді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2021
595
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12