Сабақтың басы
10 минут
|
Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу.
Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар
аудару.Техникалық қауіпсіздік ережесін ескерту.
Сапта тұрып оңға,солға, айнал бұйрықтарын орындау.
Бір орында екі, үш қатарға тұру және жүру,жүгіру, секіру
бағытындағы жаттығуларды және жалпы дене жаттығуларын
орындау.
|
Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау.
Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы
мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын
ережеге сай орындалуын қадағалау.
|
Қауіпсіздік ережелерінің журналы. Ысқырық,
секундомер, секундомерлер, конустар, хаттамалар,
бор.
https://www.youtube.com/watch?v=2UF1HKhmXyg
https://www.youtube.com/watch?v=7POHdH5QQWA
|
Сабақтың ортасы
30 минут
|
Жаңа сабақтың тақырыбымен және мақсатымен
таныстыру Қозғалмалы ойындар «Пионербол» ойыны Жарыс
сабағы техникасын орындаңыз және болуы мүмкін
қауіп-қатерлерді анықтаңыз.
1.Екі топқа бөліп, допты төменнен бір-біріне беру
жаттығуын жасау.

2.
Екі топқа бөлініп, допты жоғарыдан бір-біріне
беру

3.Допты үш ойынға қатысушы бір-біріне
беру

4.
Барлық сынып оқушыларын екі топқа бөліп, ойынды
ойнату.

5.
6 ойыншыдан екі топқа бөліп ойнату

Дескриптор Білім алушы
− тапсырмаларды орындауда
адалбәсекелестікті сақтайды;
− ойынының шартық ережелерін
анықтайды
− ойында патриоттық сезімін
алға тартып, белсенділік
танытады
|
Оқушылар бір-біріне қозғалмалы
жаттығу әдістерін көрсетеді. Олар жаттығудың әр кезеңінде бір-бірін
бақылап, түзету түсініктерін береді. Жаттығу әдісін орындау
барысында бақылап, қажет болған жағдайда әдісті орындауды
жақсартуға ұсыныс жасаңыз. Сұраңыз: жұпта жұмыс жасағанда қандай
қателерді байқап, көрсеттіңіз? Оқу барысында әріптесіңіздің кеңесі
қалай көмектесті? Берілген тапсырманы орындау кезінде қандай
жарақат алу жағдайлары болуы
мүмкін?
Жаттығуды дұрыс орындауларын
бақылау
Жаттығуды дұрыс орындауларын
бақылау
Жаттығуды дұрыс орындауларын
бақылау
Ойын барысын
қадағалау
Ойын барысын
қадағалау
|
Сабақтың соңы
5 минут
|
Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану,
өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін
анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында
қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс
беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап
береді.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс
жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап
сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді
атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра
алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін
өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап
береді.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына өзіндік және бірін
бірі бағалау арқылы білім бекітеді.
|