15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақтар 9 сынып
Пәні: Сызу
Сыныбы: ІХА,Ә
Сабақтың тақырыбы: Сызу аспаптары мен жабдықтары
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бүгінгі өтілетін тақырыптар бойынша
түсінік беру. Сызу пәніне деген қызығушылықтарын
арттыру.
Сабаққа қажетті жабдықтар: Қарындаш, өшіргіш, сызғыш, циркуль, сызба
қағазы т.б.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақ.
ІІ.Негізгі бөлім: Сыбаларды орындау үшін көптеген аспаптар мен жабдықтар керек.
Сызба қағазы. Сызбаны кез келген қағазға орындауға болмайды. Сызба салынатын қағаз ақ және тығыз болуы керек. Сондықтан сызба салу үшін арнайы қағаздар шығарылады. Оларды ватман деп атайды.
Қарындаштар. Сызба салуға әдейі жасалған «Чертежник», «Конструктор» деген қарындаштар бар.Оларды графиттеріне қарай қатты, жұмсақ және қаттылығы орташа қарындаштар деп бөледі. Қатты қарындаштарда: Т, 2Т, 3Т, т.т., жұмсақ қарындаштарда: М, 2М, 3М, т.т., ал қаттылығы орташа қарындаштарда ТМ белгісі болады. Мұндағы Т орыстың «твердый», ал М «мягкий» дегенді білдіреді.
Сызғыш. Сызу пәнінде түзу сызықтарды жүргізу үшін ағаш немесе пластмасса сызғыштар пайдаланылады.
Сызба тақтасы. Сызба салынатын қағаз сызба тақтасына бастырмалармен бекітіледі. Сызба тақтасы жұмсақ ағаштан жасалады.
Бұрыштықтар. Сызба салуда екі түрлі бұрыштықтар қолданылады. Оның біреуінің бұрыштары 900, 450 және 450, ал екіншісінің бұрыштары 900, 600 және 300 болады.
Даярша (готовальня). Қорапқа салынған сызу аспаптарының жиынтығын даярша деп атайды.
ІІІ.Қорытындылау: Оқушыларға бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап алу, бағалау.
Үйге тапсырма: Сызу аспаптары мен жабдықтарын жинақтау.
Пәні: Сызу
Сыныбы: ІХА,Ә
Сабақтың тақырыбы: Сызба сызықтарының түрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бүгінгі өтілетін тақырыптар бойынша
түсінік беру. Сызу пәніне деген қызығушылықтарын
арттыру.
Сабаққа қажетті жабдықтар: Қарындаш, өшіргіш, сызғыш, циркуль, сызба
қағазы т.б.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақ.
ІІ.Негізгі бөлім: Сызбада 9 түрлі сызық қолданылады. Олардың төртеуі тұтас, ал қалған бесеуі тұтас емес сызықтар.
Тұтас жуан негізгі сызық.
Тұтас жіңішке сызық.
Тұтас жіңішке іркісінді сызық.
Тұтас ирек сызық.
Үзілме сызық.
Жіңішке нүктелі үзілме сызық.
Жуандатылған нүктелі үзілме сызық.
Жіңішке қос нүктелі үзілме сызық.
Үзік сызық
Сызбаны безендіру үшін сызықтардың түрін дұрыс пайдаланудың және олардың ұзындықтарын, жуандықтарын сақтаудың маңызы аса зор. Әр түрлі сызықтарды әр түрлі қарындашпен жүргізген тиімді. Мысалы, жіңішке сызықты Т (немесе Н)таңбалы, ал негізгі сызықтарды М (немесе В) таңбалы қарындашпен жүргізу керек. Сызбадағы жазуларды көбіне ТМ (немесе НВ) таңбалы қарындашпен орындайды. Сызықтарды біраз сызғаннан кейін қарындашты қайталап ұштап отыру керек. Шеңбер сызықтарын жүргізетін қарындаш түзу сызықтарды жүргізетін қарындаштардан жұмсақтау болуы тиіс.
ІІІ.Қорытындылау: Оқушыларға бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап алу, бағалау.
Үйге тапсырма: 4 – сурет
Пәні: Сызу
Сыныбы: ІХА,Ә
Сабақтың тақырыбы: Пішімдер. Масштабтар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бүгінгі өтілетін тақырып бойынша түсінік
беру. Сызу пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабаққа қажетті жабдықтар: Қарындаш, өшіргіш, сызғыш, циркуль, сызба
қағазы т.б.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақ.
ІІ.Негізгі бөлім: Пішімдер. Сызбаны кез келген өлшемдегі қағазға орындауға болмайды. Сызбаны өлшемдері кеісім бойынша тағайындалған қағазға салады. Өлшемдері тағайындалған сызба салуға арналған қағазды пішім (формат) деп атайды. Формат француз сөзі, қазақ тілінде сыртқы өлшемі деген мағына береді. Көбіне төменде қарастырылған төрт пішімнің біреуі қолданылады.
Пішім А1: ұзындығы 841 мм, ені 594 мм.
Пішім А2: ұзындығы 594 мм, ені 420 мм.
Пішім А3: ұзындығы 420 мм, ені 297 мм.
Пішім А4: ұзындығы 297 мм, ені 210 мм.
Масштабтар. Үйлердің, машиналардың сызбаларын салу үшін олардың өлшемдерін кішірейтіп алмаса болмайды (пішімге сыймайды). Өте кіші денелердің сызбалары анық және түсінікті болуы үшін оларды үлкейтіп салуға тура келеді. Тетікбөлшектің нақты шамасынан кескін неше есе үлкен не кіші екенін көрсететін санды масштаб деп атайды. Дәлірек айтқанда, масштаб дегеніміз – нәрсенің сызбадағы ұзындығының оның натурал ұзындығына қатынасы (бөлшек сан). Сызбаларды орындағанда мынадай масштабтардың бірін таңдап алуға рұқсат етіледі:
а) кішірейту масштабтары:
б) нақты шама: 1 : 1
в) үлкейту масштабтары:
Масштабты М әрпімен белгілейді. Мысалы, М 1 : 4 – сызбада тетікбөлшек 4 есе кішірейтіліп, ал М 2 : 1 – екі есе үлкейтіліп сызылатынын көрсетеді.
ІІІ.Қорытындылау: Оқушыларға бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап алу, бағалау.
Үйге тапсырма:
Пәні: Сызу
Сыныбы: ІХА,Ә
Сағаты: 2
Сабақтың тақырыбы: Сызба қаріптері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бүгінгі өтілетін тақырып бойынша түсінік
беру. Сызу пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабаққа қажетті жабдықтар: Қарындаш, өшіргіш, сызғыш, циркуль, сызба
қағазы т.б.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақ.
ІІ.Негізгі бөлім: Қарып деп әріптердің, цифрлардың және сызбаларда қолданылатын белгілердің жиынын айтады. Ғылымда, техникада, сәулет өнерінде неше түрлі қарыптар пайдаланылады. Сызбаларды салу, оларды іс жүзінде қолдану тәжірибелерін жалпылаудың нәтижесінде сызбалардағы өлшемдердің шамасын көрсету және жазуларды орындау үшін қалыптасқан арнаулы сызба қарыптары тағайындалған.
Қарыптың өлшемі Һ деп бас әріптердің миллиметрмен есептелген биіктігіне тең шаманы айтады. Бас әріптердің биіктігі (Һ) жазу жолына перпендикуляр бағытта өлшенеді. Қарып сызығының қалыңдығын d әрпімен белгілейді. Көлбеу қарыптар жазу жолына 750 – қа тең бұрыш жасап көлбейді. Әріптердің ара қашықтығын (а) қарып сызығының қалыңдығынан екі есе үлкен етіп алады.
Кіші әріптің биіктігі өлшемі кішірек келесі қарыптың өлшеміне тең. Мәселен, өлшемі 14 болғанда кіші әріптердің биіктігі 10, ал қарыптың өлшемі 10 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 7 және с.с болады.
Өз бетімен жұмыс. 8 – суретті сызу.
ІІІ.Қорытындылау: Оқушыларға бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап алу, бағалау.
Үйге тапсырма: 8 – суреттегі сызбаны аяқтау.
Пәні: Сызу
Сыныбы: ІХА,Ә
Сағаты: 2
Сабақтың тақырыбы: Сызбаға өлшемдер түсіру
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бүгінгі өтілетін сызбаға өлшемдерді түсіру
тақырыбы бойынша түсінік беру. Сызу пәніне деген
қызығушылықтарын арттыру.
Сабаққа қажетті жабдықтар: Қарындаш, өшіргіш, сызғыш, циркуль, сызба
қағазы т.б.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақ.
ІІ.Негізгі бөлім: Сызбада кескінделген нәрсенің мөлшерін көрсету үшін өлшем сызықтарынжүргізеді де, оның үстіне өлшем сандарын жазады. Өлшем сандары сызбаның мастабына байланыссыз болады: олар сызбасы сызылған нәрсенің нақты өлшемдерін көрсетеді.
Өлшемдерді сызықтық және бұрыштық деп екіге бөледі. Сызбада сызықтық өлшемдерді миллиметр есебімен көрсетеді; өлшем бірліктері жазылмайды. Бұрыштық өлшемдерді градус, минут және секундпен есептеп, өлшем бірліктерін көрсетіп жазады: 300 45І 20ІІ ; 00 50і ; 750 .
Мысал ретінде 11,а – суретте ұзындығы 100 мм, ені 80 мм, қалыңдығы 4 мм және диаметрі 30 мм болатын дөңгелек тесігі бар пластинканың сызбасы келтірілген. Өлшем сызықтары өлшемі көрсетілген кесінділерге параллель орналасып, шығару сызықтарына нұсқамалармен аяқталады. Шығару сызықтары өлшем көрсетілген сызыққа перпендикуляр орналасуы қажет. Өлшем саны өлшем сызығының ортасына жазылады.Нұсқамалардың үлкендігі сызбада қолданылған тұтас жуан негізгі сызықтың жуандығына байланысты (11,ә – сурет). Нұсқама ұзындығы 3...5 мм төбесіндегі бұрышы шамамен 200 болатын тең бүйірлі үшбұрыш тәрізді болып келеді. Өлшем сандарының биіктігін5 мм етіп жазған дұрыс. Өзара параллель көршілес өлшем сызықтарының аралығы және өлшем сызығы мен оған жақын нұсқа сызығының аралығы 7 мм-ден кем болмауы керек. Аталған аралықтарды шамамен 10 мм деп алуға болады.
Өз бетімен жұмыс. 11 – суретті сызу.
ІІІ.Қорытындылау: Оқушыларға бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап алу, бағалау.Үйге тапсырма: 11 – суреттегі сызбаны аяқтау.
Пәні: Сызу
Сағаты: 2
Сыныбы: ІХА,Ә
Сабақтың тақырыбы: Кесіндіні және шеңберді тең бөліктерге бөлу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бүгінгі өтілетін тақырып бойынша түсінік
беру. Сызу пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабаққа қажетті жабдықтар: Қарындаш, өшіргіш, сызғыш, циркуль, сызба
қағазы т.б.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақ.
ІІ.Негізгі бөлім: 1. Берілген АВ кесіндісін тең n бөлікке бөлу.
2. Шеңберді тең 3, 6, 12 бөлікке бөлу. Ең алдымен шеңберді тең 6 бөлікке бөлуді қарастырайық. Берілген шеңберді тең 6 бөлікке бөлу үшін (16,а – сурет) шеңберсызардың сирақтарының алшақтығын шеңбердің радиусына тең етіп аламыз.
3. Шеңберді тең 4, 8, 16 бөлікке бөлу. Шеңберді тең 4 бөлікке бөлу оңай. Ол үшін өзара перпендикуляр АС және ВD диаметрлерін жүргізсек болғаны (16,ә – сурет).
4. Шеңберді тең 5 және 10 бөлікке бөлу. Шеңберге іштей дұрыс бесбұрыш салу үшін оның өзара перпендикуляр АК және МN диаметрлерін жүргізеді. NО кесіндісінің ортасын табады (16,б – сурет).
Шеңберді тең 10 бөлікке бөлу үшін, оны алдымен тең бес бөлікке бөледі. Содан кейін әрбір бөлікті тең екіге бөледі.
Өз бетімен жұмыс. 16 – суретті сызу.
ІІІ.Қорытындылау: Оқушыларға бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап алу, бағалау.
Үйге тапсырма: 16 – суреттегі сызбаны аяқтау.
Пәні: Сызу
Сағаты:
Сыныбы: ІХА,Ә
Сабақтың тақырыбы: Шеңберге жанама жүргізу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бүгінгі өтілетін тақырып бойынша
түсінік беру. Сызу пәніне деген қызығушылықтарын
арттыру.
Сабаққа қажетті жабдықтар: Қарындаш, өшіргіш, сызғыш, циркуль, сызба
қағазы т.б.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақ.
ІІ.Негізгі бөлім: Берілген А нүктесі арқылы шеңберге жанама жүргізу керек болсын. Алдымен жанамаға анықтама берелік. Қисықтың екі нүктесін қосатын түзуді қиюшы дейді. 17, а – суретте көрсетілген L қисығының М және N нүктелерін қосатын а түзуі – оның қиюшыларының бірі. М нүктесін орнынан қозғамай, оған N нүктесін қисық бойымен біртіндеп жақындатайық. Сонда қиюшы түзу М нүктесінен айнала отырып, М және N нүктелері біріккен шекті жағдайда t түзуіне өзгереді. Осы t түзуі L қисығына М нүктесінде жүргізілген жанама делінеді, ал М нүктесі жанасу нүктесі делінеді. Түзудің кез келген нүктесі арқылы жүргізілген жанама сол түзудің өзімен бірігеді, яғни сол түзудің өзі болады.
Берілген А нүктесі берілген шеңберге қарағанда екі түрлі орналасуы мүмкін: ол шеңбердің бойында жатады (17, ә - сурет) немесе одан тыс орналасады (17, б - сурет). Бірінші жағдайда А нүктесі жанасу нүктесі болады. Жанасу нүктесі центрмен қосатын радиусқа жанама перпендикуляр болады.
Өз бетімен жұмыс. 17 – суретті сызу.
ІІІ.Қорытындылау: Оқушыларға бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап алу, бағалау.
Үйге тапсырма: 17 – суреттегі сызбаны аяқтау.
Пәні: Сызу
Сыныбы: ІХА,Ә,Б
Сабақтың тақырыбы: Түйіндесулер. Параллель проекциялау әдісі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бүгінгі өтілетін тақырыптар бойынша
түсінік беру. Сызу пәніне деген қызығушылықтарын
арттыру.
Сабаққа қажетті жабдықтар: Қарындаш, өшіргіш, сызғыш, циркуль, сызба
қағазы т.б.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақ.
ІІ.Негізгі бөлім: Түйіндесу деп а сызығынан b сызығына үшінші с сызығының көмегімен біртіндеп өтуді айтады. (19,а – сурет). Мұнда a және b сызықтары беріледі де, олардың бойынан А және В нүктелерін тауып, оларды с сызығының кесіндісімен қосу керек. Берілген а және b сызықтарын түйіндесетін сызықтар деп, ал олардың А және В нүктелерін түйіндесу нүктелері деп және с сызығын түйіндестіретін сызық деп атаймыз. Түйіндесетін сызық шеңбер болса, түйіндестіретін шеңбердің центрі түйіндесу нүктесін берілген шеңбердің центрімен қосатын түзудің бойында жатады.
1.Берілген екі түзудің радиусы [R] – ге тең шеңбермен түйіндесуі.
2.Берілген түзуді және радиусы [r] шеңберді радиусы [R] шеңбер доғасымен түйіндестіру.
3.Берілген екі шеңберді радиусы [R] шеңбер доғасымен түйіндестіру.
4.Шеңберлер доғаларын түйіндестіру нәтижесінде алынған тұйық сызық овал деп атайды.
Түзу мен жазықтықтың ортақ нүктесін олардың қиылысу нүктесі дейді. Егер түзу мен жазықтықтың ортақ нүктесі болмаса, оларды параллель деп атайды.
Өз бетімен жұмыс. 22 – суретті сызу.
ІІІ.Қорытындылау: Оқушыларға бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап алу, бағалау.
Үйге тапсырма: 22 – суреттегі сызбаны аяқтау.
Пәні: Сызу
Сыныбы: ІХА,Ә
Сабақтың тақырыбы: Тік бұрыштап проекциялау әдісі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бүгінгі өтілетін тақырыптар бойынша
түсінік беру. Сызу пәніне деген қызығушылықтарын
арттыру.
Сабаққа қажетті жабдықтар: Қарындаш, өшіргіш, сызғыш, циркуль, сызба
қағазы т.б.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақ.
ІІ.Негізгі бөлім: Нәрсенің тік бұрышты проекциясын салуды оны тік бұрыштап проекциялау дейді. Проекция жазықтығына перпендикуляр түзулер проекциялаушы түзулер болады. Проекциялаушы түзулер нүктеге проекцияланады. Нәрсенің параллель проекциясын салу үшін проекция жазықтығын және проекциялау бағытын беру керек болса, оның тік бұрышты проекциясын салу үшін проекция жазықтығы берілуі жеткілікті. Проекция жазықтығына параллель жазық фигура өзінің пішінін және өлшемдерін сақтап проекцияланады. Жазық фигура деп барлық нүктелері бір жазықтықта жататын фигураны айтады.
Центрі деп аталатын нүктеден бірдей қашықтықтағы жазықтық нүктелерінің геометриялық орнын шеңбер деп атайды. Егер шеңбердің барлық нүктелері проекция жазықтығынан бірдей қашықтықта орналасса, онда шеңберді проекция жазықтығына параллель дейді. Проекция жазықтығына параллель шеңбер өзіне тең шеңберге проекцияланады.
Проекция жазықтығына параллель орналасқан тік төртбұрыш, немесе шеңбер жазықтықты анықтайды. Мұндай жазықтықтар проекция жазықтығына параллель болатынын аңғару қиын емес. Қанша созғанда да қиылыспайтын жазықтықтарды өзара параллель жазықтықтар деп атайды.
Өз бетімен жұмыс. 24 – суретті сызу.
ІІІ.Қорытындылау: Оқушыларға бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап алу, бағалау.
Үйге тапсырма: 24 – суреттегі сызбаны аяқтау.
Пәні: Сызу
Сыныбы: ІХА,Ә
Сабақтың тақырыбы: Шеңберді проекциялау әдісі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бүгінгі өтілетін тақырып бойынша
түсінік беру. Сызу пәніне деген қызығушылықтарын
арттыру.
Сабаққа қажетті жабдықтар: Қарындаш, өшіргіш, сызғыш, циркуль, сызба
қағазы т.б.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақ.
ІІ.Негізгі бөлім: Шеңбер жазықтығы мен проекция жазықтығы параллель орналасса, шеңбер бұрмаланбай, өзінің нақты шамасын сақтап, шеңберге проекцияланады деп жоғарыда айтқан болатынбыз. Бұл жағдайда шеңбер центрінің проекциясын центр етіп алып, радиусы берілген шеңбердің радиусына тең шеңберді шеңберсызар көмегімен жүргіземіз.
Жазықтығы проекция жазықтығына көлбеу болатын шеңбердің проекциясын алу үшін, оның нүктелерінің проекцияларын тауып, оларды қисық сызықпен қосу керек. Шеңбердің параллель проекциясы болатын қисық – тұйық сызық /32,а – сурет/, оны эллипс деп атайды. Эллипстің центрі – О нүктесі. Оның екі нүктесін қосатын кесінді центр арқылы өтсе, оны диаметр деп атайды. Ең ұзын диаметр эллипстің үлкен осі, ал ең қысқа диаметр эллипстің кіші осі болады. Осьтер өзара перпендикуляр орналасады.
Эллипс көбіне үлкен және кіші осьтерінің ұзындықтары арқылы беріледі. Осьтерді өзара перпендикуляр және бірін-бірі қақ бөлетіндей етіп орналастырғаннан кейін ортақ центрлі екі шеңбер жүргіземіз. Олардың біреуінің диаметрі үлкен оське, екіншісінің диаметрі кіші оське тең. Сыртқы және ішкі шеңбер тең 12 бөлікке немесе одан да көп бөліктерге бөлінеді/32,б – сурет/. Сыртқы шеңбердің бөліну нүктелері арқылы кіші оське, ішкі шеңбердің бөліну нүктелері арқылы үлкен оське параллель сәйкес түзулер жүргізіп, олардың қиылысу нүктелерін белгілейміз. Белгіленген нүктелерді лекало көмегімен қоссақ, эллипсті аламыз.
Өз бетімен жұмыс. 32 – суретті сызу.
ІІІ.Қорытындылау: Оқушыларға бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап алу, бағалау.
Үйге тапсырма: 32 – суреттегі сызбаны аяқтау.
Пәні: Сызу
Сыныбы: ІХА,Ә
Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты координаталар жүйесі туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бүгінгі өтілетін тақырып бойынша
түсінік беру. Сызу пәніне деген қызығушылықтарын
арттыру.
Сабаққа қажетті жабдықтар: Қарындаш, өшіргіш, сызғыш, циркуль, сызба
қағазы т.б.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақ.
ІІ.Негізгі бөлім: Нүктенің жазықтықтағы орнын анықтау үшін, өзара перпендикуляр х және у түзулерін жүргізеді. Олар О нүктесінде қиылысады (35 - сурет). Осы О нүктесін бас нүкте, х түзуін абсцисса осі және у түзуін ордината осі деп атайды. Кез келген М нүктесінің орны екі санмен анықталады. Олардың біреуі М нүктесінен у осіне дейінгі қашықтыққа тең. Бұл санды М нүктесінің абсциссасы дейді. Екіншісі М нүктесінен х осіне дейінгі қашықтыққа тең, оны М нүктесінің ординатасы дейді. М нүктесінің абсциссасы х = /ОМх / =/ММу/, ал ординатасы у = /ОМу / =/ММх/. Алынған сандарды нүктенің координаттары деп атайды, ал х пен у осьтерін және О бас нүктесін біріктіріп жазықтықтағы тік бұрышты координаттар жүйесі дейді.
Нүктенің кеңістіктегі орнын анықтау үшін Оху жүйесін О нүктесі арқылы өтетін және х пен у – тің әрқайсысына да перпендикуляр болатын z осімен толықтыру керек. Үшінші z осін аппликата осі деп атайды.
Өз бетімен жұмыс. 37 – суретті сызу.
ІІІ.Қорытындылау: Оқушыларға бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап алу, бағалау.
Үйге тапсырма: 37 – суреттегі сызбаны аяқтау.
Пәні: Сызу
Сағаты: 2
Сыныбы: ІХА,Ә
Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты изометрия.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бүгінгі өтілетін тақырып бойынша
түсінік беру. Сызу пәніне деген қызығушылықтарын
арттыру.
Сабаққа қажетті жабдықтар: Қарындаш, өшіргіш, сызғыш, циркуль, сызба
қағазы т.б.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақ.
ІІ.Негізгі бөлім: Натурал координаттар жүйесінің осьтері аксонометриялық проекция жазықтығына бірдей бұрыштармен көлбесін (41,а - сурет). Тік бұрышты изометрияны тұрғызуға мысалдар қарастырайық.
1 - мысал. А(2; 1; 4),В(1; 2; 0) және С(3; 0; 0) нүктелерін қосатын үшбұрыштың тік бұрышты изометриясын салу керек.
Аксонометриялық осьтер жүргізіледі. z’ осі вертикаль орналастырылады. Изометрияның қалған осьтерін жүргізу үшін, сызғышты қағаздың төменгі жағынан горизонталь орналастырып, оған сүйір бұрыштарының бірі 300, екіншісі 60 0 болатын бұрыштықтың ұзын катетін тақастырып қояды (42, а - сурет). Бұрыштықтың тік бұрышы оң жақта орналассын.
2 – мысал. АВСDEFMN тік бұрышты параллелепипедтің ұзындығы |AB| = 5, ені |AD|= 3 және биіктігі |AD|= 7 болсын. Осы параллелепипедтің тік бұрышты изометриясын салайық. Тік бұрышты натурал координаттар жүйесінің бас нүктесі А нүктесімен, абсцисса осі АВ қырымен және ордината осі АD қырымен біріксін.
3 – мысал. Центрі А(3; 1,5; 4)нүктесінде жататын радиусы 3 – ке тең горизанталь жазықтықта орналасқан шеңбердің тік бұрышты изометриясын салу керек.
Өз бетімен жұмыс. 41 – суретті сызу.
ІІІ.Қорытындылау: Оқушыларға бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап алу, бағалау.
Үйге тапсырма: 41 – суреттегі сызбаны аяқтау.
Пәні: Сызу
Сыныбы: ІХА,Ә
Сағаты: 2
Сабақтың тақырыбы: Қиғаш бұрышты фронталь диметрия.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бүгінгі өтілетін тақырып бойынша түсінік
беру. Сызу пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабаққа қажетті жабдықтар: Қарындаш, өшіргіш, сызғыш, циркуль, сызба
қағазы т.б.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу
үй тапсырмасы 41 - сурет тексеру, бағалау,
жаңа сабақ: Қиғаш бұрышты фронталь диметрия тақырып бойынша түсінік беру
ІІ.Негізгі бөлім: Қиғаш бұрышты фронталь диметриялық проекцияны шығарып алу үшін, проекция жазықтығын хОz жазықтығына параллель орналастырады (48, а - сурет).
Мысалы. Ұзындығы 6-ға, қалыңдығы 2-ге және биіктігі 8-ге тең параллелепипед ортасынан тесілген, оның диаметрі 4-ке тең. Нәрсенің қиғаш бұрышты фронталь диметриясы салуды қарастырайық. Аксонометриялық осьтерді саламыз. z’ осін вертикаль, х’ осін оған перпендикуляр орналастырамыз. у’ осін тұрғызу үшін бұрыштары 450 , 450және 900 болатын бұрыштықты пайдаланған дұрыс (49, а - сурет).
х’ және z’осьтеріне 6-ға және 8-ге тең кесінділер салып, тік төртбұрыш тұрғызамыз. Осы тік төртбұрыштың центрін тауып, радиусы 2-ге тең шеңбер жүргіземіз. Содан кейін бас нүктені у’осі бойымен 1 кесіндіге ығыстырып, салуды қайталаймыз (49, ә - сурет). Көрінетін сызықтарды жұмсақ қарындашпен бастыра жүргіземіз де, көмекші сызықтарды өшіргішпен өшіріп тастаймыз (49, б - сурет).
Өз бетімен жұмыс. Оқушыларға 49 – суретті сыздыру.
ІІІ.Қорытындылау: Оқушыларға бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап алу, бағалау.
Үйге тапсырма: 49 – суреттегі сызбаны аяқтау.
Пәні: Сызу
Сыныбы: ІХА,Ә
Сағаты: 2
Сабақтың тақырыбы: Өзара перпендикуляр екі жазықтыққа тік бұрыштап
проекциялау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бүгінгі өтілетін тақырып бойынша түсінік
беру. Сызу пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабаққа қажетті жабдықтар: Қарындаш, өшіргіш, сызғыш, циркуль, сызба
қағазы т.б.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақ.
ІІ.Негізгі бөлім: Жоғарыда бір жазықтықтағы бір проекциядан тұратын кескін қайтымды бола алмайды дегенбіз. Сондықтан өзара перпендикуляр екі жазықтық алып, нәрсені оларға тік бұрыштап проекциялайық. Горизонталь және фронталь проекциялар жазықтықтарының қиылысу сызығын проекция осі деп атайды. Екі жазықтық түзу сызық бойынша қиылысады.
1 – мысал. Ұштарының координаттары бойынша АВ кесіндісінің эпюрін салуды көрсетейік. А(7; 5; 2) және В(2; 2; 4) болсын. Горизонталь түзу жүргізіп, оны абсцисса осі деп қарастырамыз. Осы х осінің О нүктесі арқылы оған перпендикуляр түзу жүргізелік. Осы түзудің О нүктесінен жоғары бөлігін аппликата осі, ал төменгі бөлігін ордината осі ретінде қарастыруға болады. Абсцисса осіне бас нүктеден бастап 7 және 2 бірлік кесінділер салып, Ах және Вх нүктелерін аламыз (51 – сурет).Ах нүктесі арқылы х осіне перпендикуляр түзу жүргізіп, оның бойына жоғары қарай 2 кесінді салып, А нүктесінің фронталь проекциясын (А1), ал төмен қарай 5 кесінді салып, А нүктесінің горизонталь проекциясын (А2) аламыз.
Өз бетімен жұмыс. 50 – суретті сызу.
ІІІ.Қорытындылау: Оқушыларға бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап алу, бағалау.
Үйге тапсырма: 50 – суреттегі сызбаны аяқтау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген