жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ашық сабақтар,сайыстар,қорытынды сабақтар
«Тәрбиеші оң бойына,өз ісіне балаларына деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол-нағыз ұстаз»
Л.Н.Толстой
Тәуелсіздіктің ұраны көгімізде шарықтағалы бірі Елбасымыздың әр жыл сайынғы жолдауы халыққа қарай жол тартады.Елбасымыздың жуырда жарыққа шығып, «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру мақсатында жазылған «Рухани жаңғыру» атты мақаласы,Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласын әдеттігідей әлденше рет оқып,мұқият танысып шықтым.Оқи отырып болашақ ұрпаққа ұстаздық етуші ретінде ерекше әсерде қалып,бірнеше ой түйдім.Елбасымыз ең алдымен бәсекелестікке қабілетті болу
мәселесіне айрықша көңіл бөледі.Елбасымыздың жас мамандарға қойып отырған жаңа талабы да –адалдық,өз мамандығына,өз ісіне беріктік,шыншылдық.Шындықтың шамы дарияның астында жанады. «Абай атамыздың “Адалдыққа еш нәрсе жетпейді”-деп айтқан сөзі бар еді.Қандай да бір халық адал жүріп,адал тұрса байлық пен табысқа сол кеңеледі дейді.Ендеше Елбасымыздың бізге айтып отырғаны да осы-өз ісіне адалдық жас мамандардың өз білімі мен тәжірибесін жетілдірудегі еңбеккерлігі,себебі,біз жас мамандар-Қазазстанның ертеңіміз,болашақ біздің қолымызда.Елбасымыз бұл мақаласында білім саласына да ерекше мән берген.Оның ішінде жас мамандардың еңбеккерлігі нағыз маман болудағы алғышшарттарды да атап өтеді.
Мен тәрбиешімін-қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым.Қазір жас маманмын-болашақта ұлағатты ұстаз болу,өскелең ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу басты арманым.Біліктілігі жоғары тәрбиешілер қатарын толықтыратын мен секілді жас мамандар да талмай үнемі ізденіс үстінде болып,әр оқу қызметін биік деңгейде,сапалы етіп өткізсе шығар асуымыз алыс емес деп ойлаймын.Кестелі сөз,кесек ойлары көрініс тапқан жолдауында Президентіміз елес идеологияларға ермей,заманға сай амал етуге үндейді.Сондықтан қарқынды дамып келе жатқан жаңа технологияларға сай,озық ойлы,жауаркершілікті тереңінен сезінетін,еліміздің қорғалып нығайта түсетін маман болу.Әрине жас маман бола тұра,ата-бабаларымыздан келе жатқан құндылықтарымызды сақтай алмасақ келер ұрпаққа деген өнегеміздің болмағандығы деп санаймын.Елімізде,әсіресе,жас мамандарға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдесіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр.Ендеше,мен де осындай маңызы зор мүмкіндікті пайдалана отырып,рухани жаңғырудың жарқын үлгісін көрсеткім келеді.
Менің балабақшадағы балалардың күнделікті өмірін қызыққа толы етіп өткізу менің басты міндетім.Егерде,біздің балабақша ауласынан ашылғалы тұрған жылыжайдың жұмысы өз ретімен жасалатын болса мен экологиялық тәрбиені алғы шарттарының бірі етер едім.Себебі,балалар күнделікті жаңа өнім көкөніс пен жемістен жейді,өздері сол көкөніс пен жемісті баптайды,суарады.Ол балаға өте қызық.Олар ерте жастан еңбекке араласады.Тіпті баламен жеке жұмыс жасаудың бірден-бір тиімді жолы.Ол жерде бала өзін еркін ұстайды.Жылдың қай мезгілінде де жылыжай жұмысын тоқтатпайды.Ондағы қызметкерлердің жұмысы балаларға өте қызық.Қорытындылай келе мен бала болашағына үмітім зор.Бала өмірінде ерекше орын алатын балабақша,тек балалық шақтың бір белгісі емес,сонымен қатар білімнің алғаш баспалдағы.Олардың сол жерден алған білімін өмірлеріне азық болып жиналады.Экологиялық тәрбиені бойларына сіңіре отырып,жылыжайдың маңыздылығын ұғындыруымыз керек.Ол «тірі көрнекілік».Ол үшін оқу қызметі мен серуен,еңбек кездерінде сабақтастық құрайды.Біздің қанымызда бар қасиет білімді болуға ұмтылу.Табысты болудың басты факторы-білім.Жыл өткен сайын біз жүрісі жылдам дамыған дәуірге аяқ басып келеміз.Сондықтан,құндылықты жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт биік табыстарға жетеді.Бүгінгі ұрпақта мол сенім артады.Ол сенім біз бен сіздің жұмыстарымыздың жемісі.

Тәрбиеші: Қалиева:А
2019ж
МКҚК «Құлыншақ» балабақшасы
әдіскері:М.Трушева______________
Шығармашылық жұмыс
Тақырыбы: Ойын арқылы бала тілін дамыту
|
Айлар |
Тақырыптар |
Жауапты |
|
Қыркүйек |
Д.О: Суреттерді боя Қ.қ.о: |
Қалиева.А |
|
Қазан |
Д.о: «Көп ойла,сөз ойла» с.р.о: «Асхан» |
Қалиева.А |
|
Қараша |
д.о: «Менің көңіл-күйім қандай» қ.қ.о: «Ортаға түспек» |
Қалиева.А |
|
Желтоқсан |
д.о: «Сиқырлы лота» с.р.о: «Дүкенші» |
Қалиева.А |
|
Қаңтар |
Д.о: «Санап үйренейік» |
Қалиева.А |
|
Ақпан |
Д.О: Табиғат құбылыстарын білесің бе |
Қалиева.А |
|
Наурыз |
Д.о: «Сурет бойынша әңгңме құрастыру» |
Қалиева.А |
|
Сәуір |
Д.О.Мен қай дыбыспын |
Қалиева.А |
|
Мамыр |
|
Қалиева.А |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген