«Орал ақпараттық технологиялар колледжі» МКҚК
«Бекітемін»
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Бисалиева Ж.Е.
« » 2013 жыл
Ашық сабақтың тақырыбы:
«Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романынан үзінді»
(8-шы топ, мамандығы «Техник-бағдарламашы»)
Қазақ тілі және әдебиет
пәнінің оқытушысы:
М.Г. Стамкулова
Орал қаласы 2013ж.
Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романынан үзінді.
Грамматикалық тақырыбы: Етістіктің шақтары.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Жазушының өмір жолы, шығармашылығы туралы түсінік бере отырып, «Ботагөз» романының мазмұнын ұғу, мәнін ашу, етістіктің түрленуі туралы, яғни шақтары туралы түсінік беріп, қайталау.
2) Дамытушылық: Оқушыларды мәтінді талдауға, өз пікірлерін толық жеткізуге, шығармашылыққа баулу, сөздік қорын жетілдіру.
3) Тәрбиелік: Болашаққа үмітпен, сеніммен қарауға, өзіне сенімді болуға, әділетке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты бекіту сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, арқылы нәтижелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жазушының суреті, интерактивті тақта, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, орыс әдебиеті, тарих.
Сабақтың ұраны:
Еңбек етсең,
білім, өнер сенікі.
/С.Мұқанов./
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру.
Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ, себебі бүгінгі сабағымыздың қонақтары, сіздерді тек қана жақсы жақтарыңыздан көргісі келеді.
II Психологиялық дайындық.
Сабақтың ережесі:
-
Белсенді қатысу
-
Тыныштық сақтау
-
Бірін-бірі тыңдау
-
Ойын ашық айту
-
Бір-бірін сынамау
-
Ынтымақтылық
III Жазушының өмірбаяны туралы айтып беру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Сәбит Мұқанов 1900 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде дүниеге келеді. Қазір бұл ауыл Сәбит Мұкановтың есімімен аталады.
Жеті жасқа келгенде әкесі, бір жылдан соң шешесі қайтыс болып, жетімдіктің зардабын шегеді. Жастайынан ауыл байларының малын бағып, жалшылықта жүреді. Сегіз жасында ауылдағы молдадан оқып, сауатын ашады. Табиғатынан зерек Сәбит хат танығаннан-ақ, әр түрлі кітаптарды оқуға талпынады. Түрлі қисса, дастандарды оқиды.
XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – академик жазушы Сәбит Мұқанов. Бүкіл шығармашылық жолы кеңес өкіметінің билік құрған жылдарымен тұспа-тұс келген ол өз заманының көкейкесті тақырыптарын шығармаларына арқау етті. Әдебиеттің барлық жанрында еңбек етті. Қоғамдық мәселелермен айналысты.
100 жылдық мерейтойы қарсаңында қаламгердің есімі Алматы қаласындағы көшеге, туған ауылына, ондағы мектепке, облыстық кітапханаға, облыстық драма театрына берілген. Алматы қаласында Сәбит Мұқанов атындағы көшеде ескерткіш мүсіні орнатылып, әдеби мемориалдық мұражай-үйі жұмыс істейді.
Сәбит Мұқанов шығармаларының ішінді «Ботагөз» романы ерекше орын алады. Тарихи әлеуметтік сипаттағы бұл романда қазақ халқының өміріндегі сұрапыл заман оқиғалары суреттеледі.
"Ботагөз" романы - тарихи шындыққа суарылып жазылған шығарма. Романдағы басты кейіпкер Ботагөздің тарихи кезеңнің талай қиын- қыстау кезеңдерінен өтіп, саналы күрескер, білікті қайраткер болып қалыптасуы нанымды бейнеленген.
"Ботагөз" романы 1938 жыл жарық көрді, 1948 жылы орыс тілінде жарияланған. "Ботагөз" романында Қазақстандағы 1910-1920 жылдардағы күрделі оқиғаларды бейнелеген. 1-дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы көтеріліс, Ақпан революциясы, Қазан төңкерісі, Азамат соғысы, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, тағы басқа ірі тарихи оқиғалар роман сюжетіне аркау болған. Романдағы басты тақырып - қазақ халқының, Қазақстанның тарихи тағдыры.
"Ботагөз" романы - өте әдемі, шын шығарма. Данышпан жазушы Cәбит Мұқанов қазақ әдебиетінің күнімен болды және болады...
Кинофильмнен үзінді көрсету.
«Ботагөз» романы - қазақ халқы өміріндегі төңкерістік ірі кезеңді шебер бейнелеген келелі шығарма. Роман КСРО халықтары тілдерінде және бірқатар шет ел тілдерінде аударылып басылды. «Ботагөз» романына негізделіп пьеса жазылып, Казақстан театрлары сахнасына шықты, кинофильм түсірілген.
«Ботагөз» телефильмін көрсең, өзара бір – біріңмен ой бөліс.
Мәтінмен жұмыс. «Ботагөз» романынан үзінді оқу.
Ботагөз Бурабай көлінің жар қабағына салынған бір бөлмелі қарағай үйдің терезесінің алдындағы айнаға қарап тұр еді.
Өз шашына өзі сүйсінгендей Ботагөз көлдің сырт жағына қарап еді, желкесінде найзадай шаншылып Оқжетпес тұр екен. Күзді күні қайыңның жапырағы сарғаяды, теректікі қызарады, жасыл түсін өзгертпейтін – қарағай.
Оқжетпес Ботагөзге түрлі түсті жібек лента араластыра өрген қыздың бұрымына ұқсап кетті.
Ағасы Кенжетай бұған бес – алты түсті лента сатып әперген еді. Ол жүгіріп барып, ленталарын алды.
— Мынау, - деді ол жасыл лентаны суырып ап, - қарағай!
— Мынау, - деді ол сары лентаны суырып ап, - қайыңның жапырағы!
— Мынау, - деді ол қызғыл лентаны суырып ап, - теректің жапырағы!
— Мынау, - деді ол көк лентаны суырып ап, - теректің өзі!
— Мынау, - деді ол сұр лентаны суырып ап, - таудың тасы!
Өзге түсті лентаға таудың бойынан түстес нәрсе таба алмады.
Оқжетпестің ұшар басының тасы жалаңаш еді. «Шашымның түбін лентасыз өрейін, - деп ойлады Ботагөз, - таудың басына ұқсап, бір түсті қара сұр боп тұрсын. Содан кейін шаштың ұшына қарай ленталарды араластырып өріп, шашақтандырып қойсам, Оқжетпестің түрлі түсті етегі болады да шығады!»
IV Романынан үзінді бойынша тапсырмалар.
1. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңдер.
- Ботагөз қайда тұр, ол кайда қарап тұр?
- Ботагөз қайда қарады?
- Күзде қайыңның жапырағы қандай болады?
- Күзде теректің жапырағы қандай болады?
- Күзде қарағайдың түсі қандай болады?
- Ботагөз Оқжетпесті неге ұқсатты?
- Кенжетай не сатып әкелген еді?
- Түрлі түсті ленталарды Ботагөз неге ұқсатты?
- Оқжетпестің ұшар басының тасы қандай?
- Ботагөздің бұрымы неге ұқсас болып шықты?
Оқжетпес тау туралы аңыздар.
2. Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар (карточкалар).
Үлгі: Бурабай көлінің суы көкпеңбек.
Оқжетпес, көл, Ботагөз, Кенжетай, қарағай, қайың, терек, тау.
Жалқы және жалпы есімдер дегеніміз не?
Анықтама: Бірнеше затқа ортақ атаулар жалпы есімдер деп аталады. Мысалы: көл, бала, ағаш, тау, арал т.б. Белгілі бір затқа ғана берілген атауларды жалқы есімдер деп атайды. Мысалы: Оқжетпес, Асқар, Кенжетай, «Ботагөз» т.б.
3. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазып, сөйлем құраңдар.
Үлгі: Бурабай. Бурабай көлінің жағасында демалатын демалыс үйлері бар.
Мұғалімнің сөзі.
Бүгінгі сабағымыздың грамматикалық тақырыбы «Етістіктің шақтары» ережесін еске түсірейек.
Етістіктің шақтары дегеніміз не?
Ереже: Іс-әрекеттің, қимылдың мезгілге, уақытқа байланыстылығын көрсететін етістікке тән категорияны етістіктің шақтары деп атайды. Етістікте үш шақ болады: осы шақ, өткен шақ, келер шақ. Мысалы: Ботагөз айнаға қарап тұр. Ботагөз айнаға қарады. Ботагөз айнаға қарайды.
Күрделі баяндауыштар қандай болады?
Ереже: Баяндауыш бастаыштың ісің, жай-күйін, оқығаның қай шақта болғанын білдіріп, онымен жақ жағынан үйлесе байланысады. Күрделі баяндауыштың құрамында екі я одан да көп сөздер болады. Мысалы: Ол жүгіріп барып, ленталарын алды.
4. Мәтіннен күрделі баяндауыштарды теріп жазып, олардың қай шақта тұрғанын көрсетіңдер.
5. Берілген сөз тіркестерін аударыңдар (сөздікпен жұмыс).
Бурабай көлі - озеро Бурабай
Жар қабағына салынған – построен на берегу озера
Қайыңның жапырағы – березовые листья
Тетелес өскен – росли рядом
Теректің жапырағы – листья тополя
Түстес нәрсе – под цвет
Ұшар басы – верхушка
Қара сұр боп тұрсын – пусть будет темно-бурым
Араластырып өріп – заплетать в перемешку
Түсін өзгертпейтін – не изменяет цвет
Тау тасы – горный камень
Теректің өзі – само дерево
Таба алмады – не смогла подобрать
Жалаңаш еді – пустой, голый (без растительности)
Шаштың ұшына – в конец косы
Шашақтандырып қойсам – сделать бахрамой
Антоним дегеніміз не?
Ереже: Тілдегі мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейміз. Мысалы: жақсы – жаман, ескі – жаңа, бар – жоқ.
6. Берілген антоним сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін жасаңдар.
Алды – арты, тұр – отыр, сырты – іші, ұқсау – ұқсамау, ақ – қара.
Үлгі: Таудың ұшар басы – таудың етегі.
7. Көп нүктенің орнына жақшаның ішіндегі сөздің аудармасын жазыңдар.
— Мынау, - деді ол ақ лентаны суырып алып, - (береза) .... .
— Мынау, - деді ол жасыл лентаны суырып алып, - (сосна) .... .
— Мынау, - деді ол сары лентаны суырып алып, - (листья березы) .... .
— Мынау, - деді ол қызыл лентаны суырып алып, - (листья тополя) .... .
— Мынау, - деді ол көк лентаны суырып алып, - (тополь) .... .
— Мынау, - деді ол сұр лентаны суырып алып, - (горный камень) .... .
8. Карточкамен жұмыстарды тексеру.
9. Жұмбақ шешейік.
1. Жазда жинайды,
Күзде жайрайды. (Жапырақ)
2. Өсіп тұрған бұл не?
Жаз болса жайнап.
Саясында ән салып,
Құстар жүрген сайрап. (Ағаш)
V Рефлексия (қорытындылау).
- Бүгін сабақта не туралы әңгімеледік?
- Сабит Мұқанов кім?
- Сабит Мұқановтың 100 жылдық мерей тойына қарсы қандай өзгерістер болды?
- Ботагөз романы қай жылдары жарық көрді?
- Романда қандай оқиғалар бейнеленген?
- Сендерге сабақ ұнады ма?
Сабақта бүгін жақсы еңбек еттіңдер.
VI Бағалау.
VIІ Үйге тапсырма: Жаңа сөздерді жаттау, ережені қайталау және қалып етістіктерді пайдаланып сөйлем құрастыру.
-
Сау болыңыздар!
Тапсырма
1. Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
Үлгі: Бурабай көлінің суы көкпеңбек.
Оқжетпес, көл, айна.
2. Көп нүктенің орнына жақшаның ішіндегі сөздің аудармасын жазыңдар.

Кенжетай, қарағай, қайың.

Ботагөз, терек, тау.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақтың тақырыбы: «Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романынан үзінді»

шағым қалдыра аласыз