Материалдар / Ашық садақ Біз шыныққан баламыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық садақ Біз шыныққан баламыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру пәні мұғалімі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
451
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Біз шыныққан баламыз» эстафеталық жарыс

Өтілген күні;

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу.

Қажетті құралдар: кедергілер,секіретін шар, пирамидалар, арқан, ағаш ат.

Жүргізуші:

Қадірменді қонақтар, балалар, балабақша қызметкерлері!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, “Салауатты өмір салтын” ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті,дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.

Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан адамгершілігімол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы “Біз шыныққан баламыз” атты эстафеталық жарысымызға кош келдініздер.

Бүгінгі сайысқа “Алпамыс”, ”Солнышко” тобы балалары арасынан екі топ қатысқалы отыр.

Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап, құрмет көрсетіп қоялық.

Жүргізуші:

Дүбірле бақшам, дүбірле,

Жақсылық болсын үйіңде.

Қуаныш толып жүзіңде

Арнаулы жолдан сүрінбе

Жарыста нағыз мықтылар,

Жеңіске жетер түбінде

Бүгінгі сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.

1. Топтың аты мен ұраны;

2. «Кенгуру» жарысы

3. «Жүйрік паравоз» жарысы

4.«Пирамида құра»жарысы

5. «Бәйге» жарысы

6. «Арқан тартыс» жарысы

Жүргізуші:

Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сараптарда неше бір

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.

Бүгінгі жарысымызда әділ баға беріп төрелік ететін әділқазылар балабақшамыз қызметкеррлері


Жүргізуші:

Міне, балалар шықты алаңға,

Жас спортшылар жеке-жеке команда.

Ал балалар, өздеріңді танытыңдар,

Естелік, мықтылық, батылдық, көрсетіп табанды

«Ура» деген ұранды ортаға біз тастаймыз,

      Жарысымызды бастаймыз!

Ал енді сайысымызды бастайық.

  1. Топтың аты мен ұраны.

Әр топ өздерінің атымен ұрандарын таныстырсын.

«Алпамыс» тобы.

Топтың ұраны:

Салауатты өмір салтын сақтаймыз,

Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз.

«Солнышко» тобы.

Топтың ұраны:

Спортпен достасамыз,

жалқаулықпен қоштасамыз.

Жүргізуші:

Қалма жүрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оныңда,

 Жету үшін мұратқа.

  1. «Кенгуру» жарысы

Шарты: Үрленген шарлармен кедергілер арасымен секіріп, белгіленген межеден айналып келеміз. Біріші жеткен топ осы бөлімнің жеңімпазы атанады.

Жүргізуші:

Топ болып біз жүрейік,

Ойнайықта күлейік.

Достық деген тамаша,

Міне тұрмыз жараса!

  1. « Жүйрік паравоз» жарысы

Шарты:  бірінше бала паравоз, қалған балалар вагондары болады. Бірінші паравоз бала белгіленген жерден өзі айналып келіп, екінші баланы ерітіп айналып келіп, үшінші баланы ерітеді, жарыс осылай жалғаса береді. Жарыс соңында қай топтың паравозы вагондарын жинап мәреге бірінші жетсе сол топ жеңеді.

Жүргізуші:

Қалма жұрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оныңда,

 Жету үшін мұратқа.

  1. «Пирамида құра» жарысы

Шарты: Сендердің жандарыңда пирамида шеңберлер жатыр, сол шеңберлерді алдарыңда тұрған таяқшаға рет-ретімен орнатамыз. Қай топ бірінші жинап болса сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші:

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян-қолтық алыспай.

5. «Бәйге» жарысы

Шарты: балаларға ағаш ат беріледі. Осы ағаш атқа бір топтың екі баласынан мініп, белгіден айналып келеді.  Қай топ бірінші болып аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді. 

Жүргізуші:

Қазағымның ойыны арқан тартыс,

Ежелден келе жатқан, бұл-бір жарыс

Белді буып аянба, ұмтыл, қатыс.

Көтеріп, ең биікке туын намыс.

6. «Арқан тартыс» жарысы

Шарты: ортаға арқан беріледі. Арқанның қақ ортасынан бегісі бар. Екі топ  арқанның екі жағынан ұстап белгі бойынша тартысады. Қай топ арқанды өзіне қарай тартып алса сол топ арқан тартыс жарысы бойынша жеңіске жетеді.

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау,

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Бұл сайыста ренжімей,

Тараса бізге жарады,–демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі.

         Жеңіске жеткен топ марапатталады. Қатысқандарына алғыс хат беріледі.

Жүргізуші:

Жарқын,шаттық заман болсын,

Отбасымыз аман болсын.

Сыйластық пен бірлік болып,

Әрқашан орта толсын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!