Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық шара Мәңгілік ел - мұратым
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Мәңгілік Ел – мұратым»
Мақсаты: Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту. Өзара жағымды қарым – қатынасты дамыту, Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қатынасын нығайту, өзара достықты, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Microsoft Power Point бағдарламасында безендірілген тақырыптық презентация, шарлар, әр түрлі мақал - мәтелдер, дәйек сөздер жазылған плакаттар, кітап көрмесі.
Барысы:
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі 5-сынып ата-аналарының және оқушыларының ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Мәңгілік Ел – мұратым» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! «Еліміздің мәңгілік темірқазығы болатын идея терең тарихтан бастау алады және бүгінгі күннің мұраттарына сай келуі тиіс» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы атап көрсеткен болатын.
Жүргізуші:
Елім десе еміреніп арқалы ақын,
Халқым десе тілінен бал таматын.
Қош келдіңіз қадірлі көрермендер,
Көруге бүгінгі күн салтанатын
«Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арнау» оқитын ата-ана Жауымбаева Орынай
Жүргізуші: Елбасымыздың биылғы жылғы халқына жолдауында баршамыздың мақсатымыз, мүддеміз, тағдырымыз бір, сондықтан да мәңгілік ел болуымыз үшін бірлікте, татулықта болуымыз қажет деген болатын. Қазақстан-мәңгілік ел болуы жас ұрпақтың қолында. Ұрпағымыз білімді,тәрбиелі, саналы болған жағдайда ғана еліміз көркейіп, гүлдене түсері сөзсіз. Келесі кезекті әдеби монтаж бөліміне береміз.
1-оқушы:
Қазақстан-дейтін менің бар
елім
Жатыр алып жарты дүние
әлемін
Бұл даланы анам жаспен
суарған,
Бұл далада атам қолға ту
алған,
Бұл даланы көріп алғаш
қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ
арман!
2-оқушы:
Тәуелсіздік – қырансың,
қалықтаған,
Алты алаштың көгіне
шарықтаған.
Көптен күткен халқымның
сәбиісің,
Әлдилеген құшақта алып
далам.
Тұғырыңды шыңдағы таныт
маған,
Көк байрағым, желбіре,
шабыттанам.
3-оқушы:
Жаса, жаса, Қазақстан –
мекенім!
Белгілі ғой бір перзентің
екенім.
Біз боламыз өркендетер
өзіңді,
Дарасың сен, Қазақ елім, Бек
елім!
Жыр- кеудеде көп қой саған
берерім,
Не көрсем де бірге елмен
көремін.
Кірпішің боп қаланамын, туған
жер,
Гүлде, жайна, Қазақстан - Өр
Елім
4-оқушы: 5-оқушы:
Тыныштық баршамыздың
ұранымыз Жаңа ғана қазағымның таңы
атты,
Мәңгілік таусылмайтын жыр әніміз.
Алу мақсат Ел деп алғыс
сауапты.
Арманның асқарына қанат
қаққан Әр отбасы, әрбір қазақ, әр
адам,
Бақытты бейбіт елдің
ұланымыз Тәуелсіздік сақтау үшін
жауапты
Жүргізуші: Елбасы «Біз үшін ортақ тағдыр - бұл Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы»,- деген болатын. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.
Сыныбымыздың қыздарынан құралған Еркем-ай тобын қазақ биімен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Ата-ана Арыштанова Әлияның орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез өр еді, ғажап еді,
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді Қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында,
Жетісу, Жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.
Ел болып 550 жылдығын атап өткен Қазақ хандығы да - ұлы дала шежіресінің жарқын беттері. Біз мыңжылдықтар тоғысында жаңа мемлекет құрдық. Батыр бабалардың арманын ақиқатқа айналдырдық. Тарихымыздың қай кезеңіне көз салсақ та, ол бірліктің жылнамасы. Қазақ әлсіресе алауыздықтан әлсіреген, күшейсе бірліктен күшейген. Бірлігі бар қазақты ешкім жеңе алмаған. Енді сол замандарға көз жүргіртіп сонау орта ғасыр кезеңінен көрініс тамашаласақ.
Жүргізуші:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман, демекші Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілігі арқасында қол жеткізген тәуелсіз еліміз күннен күнге шарықтап дамып келеді.
Ата-ана Қалмағанбетов Құмарды «Көк тудың желбірегені» әнімен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанымен, теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ, біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Осылай елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «Бір халық - бір ел - бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр.
1-оқушы: 2-оқушы:
Тілі бөлек болған менен тілек
бір, Ынтымақ, бірлік, достық,
татулық
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Бабалардан қалған дәстүр
айтулы
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Түгелденіп төртеуіміз төрде
тұр
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Тәуелсіздік туы мәңгі
тұғырлы
3-оқушы:
Қазақ елі – қас сақтай ердің
елі.
Толқынында тарихтың қуғын
көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған
еді.
Зобаланда көп шеккен
қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі,
өсиетті.
Риза көңілменен елге
деген,
Арнайды барша халқы ақ
тілекті.
4-оқушы:
Ортақ мекен жер
шары,
Төбемізде бір
аспан.
Барлық ұлттың
баласы,
Достығымыз
жарасқан.
Ортақ бізге бір
отан,
Ортақ жердің
байлығы.
Еңбек ортақ, жыр
ортақ,
Ортақ бізге
барлығы.
Жүргізуші: Қазақстан-Тәуелсіз ел! Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстанның тамыры терең тартып жапырағы жайқала бастады. Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналды, өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп, керегеміз кеңейді. «Тіл ұлт байлығы» дегендей, өзіміздің ең қымбат қазынамыз-ана тіліміздің де қанаты қатайып келеді. Ежелден аңсаған ата-заңымыз қабылданып, күшіне енгеніне, бүгінде 21 жыл толып отыр. Қолымызда тәуелсіздігіміздің көк туы, елтаңбамыз, төл теңгеміз, дініміз, халықтың басын біріктірген киелі шаңырағымыз да бар. Мұның барлығы ата-бабаларымыздың ат үстінде алты малтаны ас етіп, мың өліп, мың тірілген, қылышын қанша ғасыр қанға малып жеткен мұраты-Тәуелсіздік!
Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңімен Мырзабаев Аманжанды ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Жаса елім, жаса достық бірлікпен,
Көштен қалма, қалма және тірліктен.
Елім менің – Қазақстан Отаным,
Алға өрле үшінші мың жылдықпен
Сәрсенбай Бексұлтан мен Саду Серікболсынның орындауында «Жаса Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Арман, үміт
шақырады алысқа,
Кеш қалмайсың
өмір атты жарыста.
Жиырма бес
жылда айналады еліміз.
Азиядағы өр
тұлғалы Барысқа.
Қазақстан сияқты жас мемлекеттің
өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
Ендеше, бейбітшілік жасасын! Көк байрағымыз ашық аспан астында
мәңгілік желбіресін!
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды, қош сау болыңыздар!