400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ашық шара Мұқағали оқулары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұқағали Мақатаевқа орай шара өткізетін ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай оздырылатын мектепішілік Мұқағали оқуының бағдарламасы


Мақсаты: оқушыларды ақын өлеңдерін сүйе білуге, өлеңдерінің мазмұнын терең ұғына білуге үйрету; сөйлеу тілдерін жетілдіру, өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқу, сүйсіне білу сезімдерін ояту, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекілігі: Мұқағалидың жеке фотосуреті, кітаптары, ақын жайлы пікірлер

Қатысушылар: 5-9-сыныптар

Барысы

Жүргізуші: Қайырлы күн, жыр сүйер қауым!

Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден.

Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,- деп Абайды үлгі тұтып, сөз құдіретін, сөз сарасын ақындық сезіммен қабылдап, өзі қазақ поэзиясында Абай салған соны соқпақ жолды жалғастырған ақын Мұқағали Мақатаев болды. Ендеше, біздің бүгінгі кешіміз қазақтың қара өлеңін ой мен сезімге байытып, құдіреттілігін танытып, құпиясын аша білген тұлғалы ақын шығармашылығына арналмақ.

Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін, сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Бар жұбанышын поэзиядан іздейді. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Біз бүгінгі кешімізде ақынның поэзия әлеміне саяхат жасағалы отырмыз.

Сайыс 4 кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде қатысушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқыса, екінші кезеңде ақын өмірі мен шығармашылығы турасында қойылған сұрақтарға жауап береді. Үшінші кезеңде берілген ұйқасқа өлең құрайтын болады. Соңғы кезеңде ақиық ақынның жыр жолдарынан үзінділер беріліп, қатысушыларға мағынасын ашу жүктеледі. Ендеше, сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, бүгінгі сайыста төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.

2.

3.


Бүгінгі шарада 5-9-сыныптара арасынан поэзияны жаны сүйетін жас өрендер сынға түспек. Ақынның өлеңдерін сүйіп оқитын қатысушыларымызға алғашқы кезеңді бастамас бұрын жеребе суыру арқылы реттік сандарын анықтап алсақ...

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.


І кезең


ІІ кезең – сұрақ-жауап кезеңі. Мұқағали – қазақ поэзиясының Хантәңірі. Ендеше, ақын туралы біз қаншалықты білеміз? Дәл қазір соны байқайтын боламыз. Бұл кезеңде қатысушыларға ақын өмірі мен шығармашылығынан 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланатын болады.


ІІІ кезең - Жалғасы бар жырымның, жалғасы бар

Жырларым жылдарыммен жалғасыңдар

Сел жарыс ақтарылса арнасынан

Селкілдеп тау мен тасым зорға шыдар...

Жалғасы бар жырымның, жалғасы бар деп тебіренген ақын жырының жалғасындай болып Мұқағали жырынан үлгі алатын шәкірттеріміз ендігі кезеңде берілген ұйқасқа өлең құрайды.


----------табындым, ---------- ісімен,

----------сағындым. ---------- кісімен.


---------- ғаламат, ---------- көргем,

---------- шарламақ. ---------- берген.


---------- алады, ---------- сүрінбеген,

---------- табады. ---------- түңілмеген.


---------- бетті, ---------- дана,

---------- кетті. ---------- ғана.


--------- түнегімен, ---------- қатқанымда,

--------- күйбеңімен. ---------- қатпарымда.


--------- жүрегіңде, ---------- адамсың,

--------- сүреңіндей. ---------- салғансың.


Жүргізуші: Қарасаздың қыран ұлы, жампоз жырдың дүлдүлі Мұқағалидың

халық жүрегінен терең орын алған өлеңдері көпшілік сүйіп орындайтын әндерге айналды.

Ән: «Күрең күз» орындайтын: Табылдиева Гүлпара


ІV кезең - Ақын да өз өлеңдері арқылы көп ой толғайды. Ақын жүрек, азамат жүрек қана мынау ұланғайыр өмірді барша ләззәтімен, барша қиындығымен бәз күйінде осылайша аңсайды. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті. «Жүрегінің түбіне кір жасырмай» айтып кетті, армансыз ақтарылып кетті. Ал өлең жолдарына өмір болып құйылу - таланттың талантының басына қонар алтын құс!


Өсіңіз, жетіліңіз, тасқындаңыз,

Бірақ та «биікпін» деп асқынбаңыз.

Сен мықты, анау осал, мен орташа

Бәріміз бір аспанның астындамыз...


О, жастық, сен өлгенде, мен өлемін,

Сенсіз мен қиылған бір бөренемін.

Көнеремін, білемін, көнеремін,

Көгере бер мәңгілік, сен – өлеңім...


Жасырмай ойымды айттым талай-талай,

Қайтейін, кетті бәрі қарайламай.

Айтарын ашып айтқан абайламай,

Дариға-ай, Махамбеттер, Абайлар-ай!..


Күн көреді,

Әкесіз де, анасыз,

Өмір сүрер,

Әйелсіз де, баласыз.

Ал, Отансыз –

Нағыз сорлы панасыз?!


Ал, енді мен ақыл айтам,

Ақыл айтам, таңданба.

Қорлық үшін келген жоқсың, мына өмірге,

Жалғанға.

Мына өмірде, жүрегіңде,

Бойыңда ыстық қан барда.

Болмысты да, болмасты да,

Болады деп арманда!..


Бармын ғой, тірімін ғой, қасыңдамын,

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып өз-өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын!..


...Ризамын жастыққа, текке өтпеді,

Әзір тұр гүл-бағыңды көктеткелі.

Жастық маған ақыл-ой, сана берді,

Амал не, жастық өзі қалады енді.


Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты,

Оларды іздеп өткізбеспін уақытты.

Мен бақытсыз бола қойман, сірә да

Туған елім болса екен бақытты...



Асығу керек, асығу керек, асығу керек, асығу!

Алдыңда – биік асуың.

Асығу керек жылдамдығындай сәуленің

Артыңа тастап найзағайлардың жасылын...



Жүргізуші: Біртуар дара дарын Мұқағали Мақатаевтың қаламынан туған қанатты жырлар халқымен бірге мәңгі жасай бермек. «Сөз өнерін дертпен тең көрген» ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арнаған кешіміз де өз мәресіне жетіп қалды. Алтын уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңізге көп рахмет! Әркез әдебиет жанашыры болып жүре беріңіздер!












































1.Мұқағалидың шын аты кім? (Мұқаметқали)

2.Мұқағалидың әкесінің аты? (Сүлеймен)

3.Мұқағалидың әжесінің аты? (Тиын)

4.Мұқағалидың ұрпақтары кімдер? (Екі ұлы – Айбар, Жұлдыз. Қыздары – Алмагүл, Шолпан, Майгүл, Ләззат)

5.Мұқағали қай жерлерде білім алған? (Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қаз МҰУ-дың филология факультетінде, Мәскеуде М.Горкий ат.Әлем әдебиеті институтында білім алады)

6.Қай жерде дүниеге келді?( Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген)

7.Қандай аудармалары бар?( Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» атты бөлімі; Шекспирдің «Сонеттері»; Уолт Уитменнің өлеңдері)

8.Қандай кітаптары бар? («Аппосионта», «Ильич», «Армысыңдар, достар», «Қарлығашым, келдің бе?», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің»)

9.Қандай поэмалары бар? («Жан азасы», «Райымбек, Райымбек!», «Ару-ана», «Бала шақтан болашаққа», «Ақ қайың әні», «Мұзбалақ», «Аққулар ұйықтағанда»)

10.Қандай баспасөздерде қызмет еткен? («Социалистік Қазақстан», «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналында қызмет етті)

11.Мұқағали қазақтың қай ақын қызына арнап өлең шығарды? («Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» өлеңі, Фариза Оңғарсынова)

12. «Мұқағали мөлдірліктен, тазалықтан, биік адамгершіліктен тұратын еді» деген кімнің сөзі? (Лашын Әзімжанова)

13. Ақынға алтын қалам сыйлаған жазушы (Ғабит Мүсірепов)

14. «Тұлпар» сыйлығы ақынның қай кітабына берілді? («Жырлайды жүрек»)

15. Ақынның «Сөнбейді, әже, шырағың», «Саржайлау», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне ән шығарған сазгер кім? (Н.Тілендиев)

16. 1999 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілген жыр кітабы («Аманат»)

17. Көлемі 500 жолдан тұратын поэмасы («Ару-ана»)

18. Қапыда қолға түскен қыран өмірі өлең өзегіне өрілген поэмасы қалай аталады? («Мұзбалақ»)

19. «Аққайың әнінде» поэмасындағы басты кейіпкерлер кімдер? (Бағдаат пен Бану)

20. «Құдіретті комедия»-ның І бөлімі «Тамұқты» кімнен аударды? (Данте Алигьери)

21. «Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?» ырым сөзі қай дастаннан алынған? (Аққулар ұйықтағанда)

22. Мұқағали қай жылы қайтыс болды? (1976 жыл, 27 наурыз)

23. Мұқағалидың анасының есімі кім? (Нағима)

24. Ақынның мезгілсіз қазаға ұшыраған сүйікті қызы (Майгүл)

25. «М.Мақатаев- қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер.Ол, ең алдымен ақын, қазақ жырының құдіреті»-деген пікір иесін ата (Ф.Оңғарсынова)

26. «Ақынмын деп мен қалай айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым...». Қай өлеңінен үзінді? («Қара өлең»)

27. Ақынның ата-анасының есімдері (Сүлеймен-Нағима)

28. Ақын жыр арнаған ақын қыз (Ф.Оңғарсынова)

29. Ақын мұражайы қай жерде? (Қарасазда)

30. Композитор Н. Тілендиевтің әніне жазылған әжесіне арнап шығарылған өлеңі («Сөнбейді, әже, шырағың»)

31. «Мұқағали» журналының бас редакторы (Батық Мәжитұлы)

32. Мұқағалидың тұңғыш өлеңдерін ата («Қырман басында», «Қойшы бала – Әкітай»)

33. Мұқағалидың прозалық шығармасын көрсет («Жыл құстары» повесі)

34. Ақынның бірге туған бауырлары кім? (Әбдіке, Еркін)

35. Қарлығаш көмей құрбым-ау,

Бір бұрау емес, мың бұрау,-деп басталатын өлең кімге арналған? (Бибігүлге)

36. Мұқағалидың аяқталмай қалған поэмасы («Қашқын»)

37. М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаттары кімдер? (Ж.Ерманов, Е.Асқаров, Н.Айтұлы)

38. Мұқағалидың ақын ұлы

39.Көпке танымал пьесасы («Қош, махаббат»)

40.Мұқағали ауылында қай пәннен сабақ берді? (әдебиет)

41. Мұқағали неше жасында қайтыс болды? (45)

42.Мұқағалидың тұңғышы (Ләззат)

43.Мұқағали «Менің кішкентай поэзиям» деп қай баласын атады? (Кенжесі Шолпанды)

44. «Ғажайып даналықтың бір көзі - Мұқағали поэзиясы. Бізде енді поэзия дәуірі басталады» деген пікір иесін ата (Ә.Тәжібаев)

45. «Мәңгілік бірге өзіммен ала кеткен, менің нәзік жанымды кім түсінер» деген ой кімдікі? (Мұқағали)

46. «Аманат» жыр кітабына 1999 жылы қандай сыйлық берілді? (ҚР Мемлекеттік сыйлығы)

47. «Қарлығашым, келдің бе?» жыр жинағы жарық көрген жыл (1966)

48. Заманында қарақшы атанып, елден жырақ, таудағы үңгірді мекен еткен Құрман атты негізгі кейіпкері бар поэмасы («Ару-ана»)

49. Ақынның туған жеріне арнаған өлеңін ата («Қайран, Қарасазым-ай!»)

50. 1974 жылы жазылған поэмасы («Аққулар ұйықтағанда»)

51. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы жазылған жыл (1974ж)

52. Ақынның туған күні (9 ақпан)

53. ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған «Аманат» жыр кітабын шығарған баспа («Аманат»)

54. Ақынның балалық шағы қай кезеңмен тұспа-тұс келді (соғыс)

55. Жетімкөл тағдыры бейнеленетін поэмасы («Аққулар ұйықтағанда»)

56. Мұқағали туған ауыл («Қарасаз»)

57. 1962 жылы болашақ ақын көшіп келген қала (Алматы)

58. Жас ақын талантын алғаш рет аңғарып, сәтті сапар тілеп, бір топ өлеңдерін «Қазақ әдебиеті» газетінде жариялатқан кім?(Әбділда Тәжібаев)

59. Ақынның алғашқы жырлары 1948 жылдарда қай газет бетінде жарияланды? («Советтік шекара»)

60. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мұқағалидың жасы нешеде? (10)














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
497
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі