Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
Материалдар / Ашық сынып сағаты. Тақырыбы: Бастауышым бал бұлағым
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
Ашық сынып сағаты.
Тақырыбы:Бастауышым бал
бұлағым.
Кіріспе сөз: Лаззат:
Бұл
оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол
табар қараңғыда адасқанда .
Мал
озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып
ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен
солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген
шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош бол,
бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош
келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар!
Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі
сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған
балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта
оқып, білім
алып,
қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы
отыр.
Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз
да
Мұндай күй болған сірә
қаншаңызда
Қол
соғып, қошеметтеп шақырайық
4-
сыныптарды ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға
келеді. Шолпан: Сіздердің алдарыңызда
тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса,
бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт.
Армандасаң да , қиялдасаңда
балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы
ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.
Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған
бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше
қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан
,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына
өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса жүргізушілерімізді ортаға
шақырайық!
Сабина: Армысыздар! Жаны жайсаң қазақ
елі! Дәулет: Қайырлы күн!
Қарыштаған Қазақстан, Әсел: Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі ойымызға.
Бәрі:Бүгінгі «------------------------------------» атты мерекелік кешімізге қош
қелдіңіздер! Сабина: Осыдан 4 жыл бұрын, яғни -------
жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне
аттаған, кіп-кішкентай балғын бүлдіршіндер қандай болды
екен? Дәулет: Олай болса, құрметті ұстаздар,
ак пейілді ата-аналар және қонақтар сол
бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік (экранға
назар аударайық).
СЛАЙД (1-сынып суреттері көрсетіледі) Әсел: Олай болса алтын ұя
мектебімізге,
ұстаздарымызға арнап «Ұстазым» әнін шырқайық! Бақытбек: Иә
мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше
сыныптастарымыз-дың мектепке арнаған жырларын
тыңдайық 1.Айғаным:Мектебім- білім берер алтын
ұям.
Ер
жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата-
анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр
күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп
біл.
Ақжүніс:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып
өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Зейнеп: Мектеп – үйім , ұстазым менің
– ата-
анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр
алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі
бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа
тараған.
Ақзер: Бастауышым-
балбұлағым
Лаулап жанған шам
шырағым.
Өзің берген
біліміңмен,
Самғап ұшар тау
қыраның. Диана:Бастауышым-
балбұлағым
Лаулап жанған шам
шырағым.
Өзің берген
біліміңмен,
Самғап ұшар тау
қыраның.
Аяжан:Ыстық –ау, кім-кімге де әке
деген,
Суыққа шалындырмай,
мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге
тартып,
Алдымен адам бол деп
жетелеген
Махабат:Мектебім- сүйікті
мектебім,
Бауырыңда түлеймін ,
көктеймін.
Сен – бұлақ, мен- қайың бүр
ашқан,
Өзіңнен нәр алып
көктедім
Қарлығаш:Ұстазым өзің едің асқақ
әнім
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың , даналықтың
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Диана:Бастауышым-
балбұлағым
Лаулап жанған шам
шырағым.
Өзің берген
біліміңмен,
Самғап ұшар тау
қыраның.
Айкүміс: Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар
деп ұққын әрқашан балаң
мықты.
Айгерім:Өмірдегі жолымды бір өзіңнен
бастадым,
«А»әрпін алғаш сеннен бастадым.
Ұстазым естен кетпес
мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан
қаққаның.
Бірдей біздің ойымыз да ,
сырымыз,
Бір
мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен
біріміз.
Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан
,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты
арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.
Сабина:Әлі есімде мектепке
келгеніміз,
Келгеніміз, сыныпқа
енгеніміз.
Жасқаншақтап, таңырқап тұрған
шақта.
Өзің болдың ұстазым
сенгеніміз!
Ұқсаттың ба сіз бізді
балаңызға,
Ұқсатып ек, біз сізді
анамызға.
Жақын тарттың, біртіндеп бауыр
бастық.
Жүргеніңді ұнатып
арамызда.
Кеп кешегі тосырқау қайда
қалған.
Шықпаушы едік бір елі
айналаңнан.
Мейірің бе, ұстаздық жүрегің
бе.
Жан дүниесін баланың жайлап
алған.
Назерке:Есімде алғаш ұстаздың қарсы
алғаны
Айқара есік ашып
тасталғаны.
Бір мереке думан болып осы
маңда,
Жетелеп бір сыныпқа
апарғаны.
Енді, міне сағымдай боп өте
шықты
4 жыл уақыт аз ба екен, кім
біліпті.
Ұстаз – ана жасады мына
бізден
Ел
таңқалар азамат бір – бір
мықты.
Бәрі
: Мың алғыс сізге
біздей түлектерден, Бақытбек:Армысың сен , алтын ұя
мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп
менің
Жүректерге жаққан білім
шырағын ,
Мектебіме арналады бұл
әнім!
Дәулет
:Дұрыс айтасың, Бақытбек ! Бұл
мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де ,
әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім
алудамын. Қыздардың орындауында
«Ұстазыма мың алғыс» Махабат,Қарлығаш, Сабина, Айкүміс,
Ақжүніс
Әсел: « Ұстаздық еткен жалықпас
үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға
қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып,
42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз-
ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән
-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің
Дәулет? Дәулет
:Әр
шәкіртін өз баласынан кем
көрмей, оқуға , жазуға үйреткен
мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай
атамыз бекер айтпаған. Сабина:Дұрыс айтасың Дәулет,ғылым
иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да ,
тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де,
бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие
алған. Бақытбек :Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан
атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын
да, еңбекқор егіншісін
де, кеншісін де ұстаз
өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға
арнаймыз!
Фархат:Мектеп – кеме, білім –
теңіз,
Барар жерге тез
жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін
,
Азық етіп ер жетеміз.
Сабыржан:Қоңыр үнді даусың әсем
таңдардай,
Ұстазымның
жүзіндегі нұр қандай !
Мейірлене
қарап қойып біздерге
Күн
астынан сабақ беріп
тұрғандай.
Көрсетсін оқушылар өз
өнерін. Қыздардың орындауында «Қол
шатыр»биі Бақытбек
Мені ұстаз баулыды.
Тәтті жыр мен өлеңге.
Тәрбиемнің әр күні.
Тартты ілгері белеңге.
Ән: Назерке мен Адэляның
орындауында «Мектебім, аяулы мектебім»
Әсел:
Күмбірлей күй естілсе
домбырадан, Көңілге шаттық сезім қоңдырар
ән. Шымырлай шыққан кезде шырқау
көкке, Тұла бойың балбыраған, - деп
ортаға«көк дөнен
»күйімен Дәуіржанды шақырамыз қабыл
алыңыздар
Сабина:Мың бұрала
билейтін, Биді жақсы
көретін. Қыздарымыз бар
біздің, Түрлі биді билейтін – деп
ортаға«
қуыршақтар»биімен
қыздарымыздышақырамыз. Қол соғып қошеметтеп
отырыңыздар
Бақытбек:Көрмеген артық сөйлеп, арттық
күліп, Шәкірттерін баулыды, тәртіпті
ғып.
Қоштасамыз біз бүгін
ұстаздармен,
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Соңғы бір жылда:
45 000 000 ₸
Авторлар тапқан ақша
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз