Материалдар / Ашық сынып сағаты: "Тәрбие тал бесіктен басталады" бастауыш сынып.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сынып сағаты: "Тәрбие тал бесіктен басталады" бастауыш сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сынып сағатына ата-аналарды қатыстыруға болады. Себебі, ең маңыздысы қазақ отбасының тәрбиесі туралы оқушыларға толық мағлұмат беру арқылы оқушылардың, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту басты мақсатым , сонымен бірге, топпен жұмыс, жұппен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру. Ең бастысы, отбасын құрметтеуге, ата — анаға көмек көрсетуге баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2019
4750
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәлімдік сабақтың тақырыбы: Тәрбие тал бесіктен басталады
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ отбасының тәрбиесі туралы оқушыларға толық мағлұмат беру. Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.
Дамытушылық: грамматикадан алған білімдері жаттығу жұмыстары арқылы дамыту өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс, жұппен жұмыс  жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Отбасын құрметтеуге, ата — анаға көмек көрсетуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс — тәсілдері: сұрақ — жауап, салыстыру, топтастыру, өзіндік ізденіс, талдау.
Көрнекі құралдар: оқулық, слайд, кеспелер, суреттер, тірек сызбалар, Тақтаға ұлағатты сөздер жазған парақшалар ілінеді: «Ел болам десең, бесігіңді түзе», «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады», «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз»
Техникалық құрал: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл — күйін жақсартуға арналған сергіту.
Қайырлы күн, әлем!
Қайырлы күн, аспан!
Қайырлы күн, сен!
Қайырлы күн, мен!
Қайырлы күн, мұғалім!
Қайырлы күн, қонақтар!
Үйге берілген тапсырманы тексеру. Тәрбие отбасы туралы мақал-мәтелдер айту. Бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу. (оқушылар мақалдарды негізге ала отырып сабақтың тақырыбын айтады)
Мұғалім: балалар, сабағымызды бастамас бұрын біз өткенді еске түсіре кетейік. Отбасы мүшелеріне кімдер жатады? Олай болса біз  «Идея себеті» ойынын ойнап, қайталай түсейік.       

«  Отбасы мүшелері » деген сөзі бар плакат тақтаға ілінеді.

Бұл ойын барысында жұмыс жұппен жүргізіледі.

Биылғы жылы да осы тақырып жалғасын тауып отыр. Бүгінгі таңда біздің осы тақырып бойынша  сабағымызды өткізіп жатырмыз. Қазір әр жұп отбасы мүшелері жайында атауларды жазып, түсінік береді. Ең алдымен қағазға жазылып, кейіннен плакатқа бекітіледі. (3 — 5 минут)

Отбасы мүшелері
Анықтама берілетін сөздер: әке — шеше, немере, шөбере, жеңге, ағайын, нағашы, жиен.
Әке — шеше, ата — ана — дүниеге ұрпақ әкелген ерлі — зайыпты адамдар.
Немере — ұлдың баласы.
Шөбере – немеренің баласы.
Жеңге – ағаның әйелі.
Ағайын – бірге туған туыстар.
Нағашы – баланың анасының төркіні.
Жиен – қыздың немесе әпке, қарындастан туған бала.


ІІ.«Қатені тап» ойыны. Жұптық жұмыс
Бірінші жұпқа: Қате мәліметпен мәтін ұсынылады. Ол мәтіннен жіберілген қателерді табу керек. Талаптары: ең қарапайым қате және сабақтың тақырыбын ашқаннан кейін қорытындылап табатын қате.
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше емес. Шеше – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдамайды.
Әже – отбасының басшысы, асыраушысы, қамқоршысы. Әкені ана да, балалар да құрметтейді, сыйлайды. Бала әкені ренжіту үшін тәртіпті, еңбекқор, білімді, ұқыпты болуға тырысады. Ана әкені сыйлау арқылы балаларға үлгі көрсетеді. Ананың осы үлгісімен әже әкесін де, үлкендерді де сыйлап, тәрбиелі болып өседі.
Ана – отбасының беріктігін сақтаушы. Ана – отбасы мүшелерінің сыйластығын орнатады, ағайын мен туған — туыстардың қарым — қатынасын сақтамайды.
Ана – отбасындағы татулық ұйытқысы. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды.
Отбасының ең үлкен байлығы – бала. «Шешеге қарап ұл өсер, әкеге қарап қыз өсер» дейді қазақ халқы. Әке мен шешенің жаман үлгісі балаға тәрбие болып табылады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі — әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл – балаға берілетін ең бірінші баға. Ата — анасын сыйлап өткен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. Сондықтан орыс балаларын әдептілікке, мейрімділікке, адалдыққа, сыпайылыққа баулыған.

Екінші жұпқа: жеке үлестірмелі қағаздар таратылады. Бұл қағаздардағы тапсырманы орындап, тақтаға шығып жазады. Дәлелдейді.

Тапсырма №1: сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемдерге айналдырып, оның түрлерін анықта. Ережесін айт.

  1. Тектілігі тереңге тамырланған қазақ халқы бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көңіл бөлген.

  2. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл — ойының жетілуіне назар аударған. Кішкентайынан бала бойына адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңірген.

  3. Ұрпақ тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепте жалғасады.

  4. Бала ертегі-әңгімелерді тыңдайды. Есіне сақтап қалады.

а) Жаңа сөздермен жұмыс. Тақтадағы сөздерді оқып, есте сақтағандарын қағазға жазады.
Тірек – опора
Сыйлау – уважать
Беріктік – сплоченность
Ағайын – родня, сородичи
Орнату – установить
Баулу – воспитывать (5 мин)
Олармен сөз тіркесі мен сөйлем құраңдар.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!