400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сыныптан тыс сабақ. Әбіш Кекілбайұлы. Шеткері үй. 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоғары сынып оқушыларына тәлім-тәрбие мен танымдық ақпарат беруге арналған сыныптан тыс сабақ. Сондай-ақ, көлемді мәтіндерді оқушыларға меңгертуге арналған көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алдабергенова Замираның қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабағының қысқа мерзімдік жоспары

20.04.2018ж.

Сыныптан тыс сабақ



5 күн


10-сынып


Сабақ тақырыбы:


Әбіш Кекілбайұлы. «Шеткері үй» хикаясы.

Жалпы мақсат:

  1. Хикая мазмұнымен таныстыру. Шығарма идеясын түсінуге бағыттау. Сөз өнеріне қызығушылығын арттыру.

  2. Кейіпкерлер іс-әрекетін талдау, образдарды ашу, бағалау.

  3. Ізгі ниетпен баянды өмір сүруге тәрбиелеу, рухани жан сұлулығын дәріптеу.

  4. Еркін сөйлеуге, сыни ойлауға жетелеу. Шығармашылыққа баулу.

  5. Топпен, жұппен, жеке жұмыс жасауға үйрету.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

  1. Барлық оқушылар үшін: Шығарма мазмұнымен танысады, автор идеясын түсінеді. ЖАДА жүзеге асады.

  2. Кейбір оқушылар үшін: Кейіпкерлер іс-әрекетін талдап, өз көзқарасын білдіреді. Пікірталасқа түседі. Жеке, топпен, жұппен бірлесіп жұмыс жасайды.

  3. Жеке оқушылар үшін: Шығармашылық қабілетін көрсетеді, сыни креативті көзқарасымен ерекшеленеді. көшбасшылық, ұйымдастырушылық қабілетін танытады.

Негізгі идеялар:

Жалғыздық – құдайға ғана жарасады. Әйел адамның өмірдегі мақсаты – отбасын құру, ана атану. Тәні сұлу - сұлу емес, жаны сұлу – сұлу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

1.А-3 флипчарты, кестелер.

2.Стикерлер.

3. Хикая үзінділері жазылған парақтар.

4. Роwer point таныстырылымы.

5. Маркерлер, қаламдар.

6. Әбіш Кекілбайұлының шығармалар жинағы.

Оқыту әдістері:

Мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, пікірталас, сипаттау, салыстыру, постер жасау, эссе жазу. «Болжау», «Екі жақты күнделік», «РАФТ», «Топтастыру» стратегиялары.

СТО

АКТ

Диалогтік оқыту

Оқыту үшін бағалау


Топтық, жұптық, жеке жұмыс


Дерек көздері:

Әбіш Кекілбайұлы шығармалар жинағы, интернет желісінен алынған қанатты сөздер.


Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

2 минут







- Саламатсыңдар ма, көзі ашық, көкірегі ояу ХХІ ғасырдың жастары! Атымызға затымыз сай дербес тұлға боп қалыптасу жолында алға қойған мақсат-мүдделірімізді, арманымызды ғарышқа үнсіз сыр ғып айтып, орындалады деген үмітпен күлімдеп, қолымызды үш рет соғайықшы.

- Көңіл-күйлерің қалай?

Жер – ананың мен сүйікті перзенті,

Осалсың деп айта алады маған кім?!

Менің ізім – жердің бүкіл келбеті,

Ажарымын, дүниенің адаммын!

  • деп жырлаған Әбіш ағамыздай елге мақтаулы тұлға болуларыңа тілектеспін.





Көңіл-күйлері туралы айтады.

ІІ. Топқа бөлу


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

2 минут

«Ізгі ниет», «Бақытты адам», «Баянды ғұмыр», «Биік мақсат» сөздері жазылған кеспе қағаздарды үлестіру арқылы топқа бөлемін.

Кеспе қағаздарды таңдау арқылы төрт топқа бөлінеді.

ІІІ. Топ ережесін құру

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


1 минут


  • Топта қалай жақсы жұмыс жасауға болады?

Әр топқа бір-екі ұсыныс айтқызамын.


Әр топ өз ұсыныстарын айтады.

ІV. Топтық тапсырмалар.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

32 минут









Біз бүгін Маңғыстаудың төл перзенті, Каспиіміздей терең, жер қойнауымыздай қазыналы, тау-тасымыздай сырлы, қазақ елінің нар ағасы, заңғар жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлының «Шеткері үй» хикаясымен танысамыз.

  «Жазушының дүниедегі ең жақын бауыры – оқырман. Бар жан сырын тек оған сеніп айтады. 

            Жазған-сызғанымның бас-аяғын түгендеп алдарыңызға ұсынып отырмын. Көңілдеріңізге қонып жатса шексіз қуаныштымын» (Автор).

- Әбіш аталарың туралы не білесіңдер?

- Оның қандай шығармаларын оқыдыңдар?

Сөздікпен жұмыс жүргіземін. Шанаш бет. Шанаш - қойдың кептірілген терісінен жасалған ыдыс. Шанаш бет – арық, тырысқан бет деген мағынада.

Шығармадан алынған үзінділерді оқимын.


Зуһра сыпырғы дыбысына елтіп жатып қалай ұйықтап кеткенін білмейді. Күнде осылай таң алдында көзі ілінеді. Бір күні таңертең төсектен атымен тұра алмай қалғаны. Өне бойы лаулап барады. Көз алды көк ала түтінденіп, тынысы бітіп барады. Алқынады. Мынау балдыр-батпақ елестер арасынан сарқыншақ сана жол таппақ боп шарқ ұрады.

Сол-ақ екен төсегінен атып тұрды. Табанын қарып алған тақтай еденнің қызыл шоқ боп жанып жатқанын да, мұзға айналып кеткенін де айыра алмады. Есікке тұра ұмтылды. Басы қап-қатты бірдеңеге тиді. Көзінің алдынан бір уыс қызыл шоқ шапшып аспанға атылды да, артынша-ақ желімше ұйысқан қараңғы меңіреуге айналды.

Ол күні таңғы алакеуімде шет жақтағы оқшау үйде не болып, не қойғанын ешкім білген жоқ. Тек төрт-бес күн өткен соң ғана ай аяғында алыстағы баласы салған ақшаны тапсыруға келген пошташы кемпір есіктің алдына ұзынынан түскен әйелді көрді. Төңірегінде саудырап төгілген есіктің шынысы шашылып жатты.

Болжауға арналған сұрақтар:

  1. Зуһраның өлімі төрт-бес күн өткен соң ғана белгілі болу себебі неліктен деп ойлайсыңдар?

  2. Қандай адамдардың өлімі кеш белгілі болуы мүмкін?

  3. Шығарманың «Шеткері үй» деп аталу себебі не?

-Балалар, хикая дәл осылай аяқталады. Сендерге соңғы абзацтарынан бастап оқып бердім. Хикаяны басынан тыңдағыларың келе ме?

Хикаядан үзінді:

Ақар-шақар шыңдардың етегіндегі кішкене қаланың орысы мен қазағы, ұйғыры мен татары, дүнгені мен қырғызы бірдей іш тартатын Қара Махмұттың шүңірек көз, пісте мұрын, шанаш бет кішкене кемпірі: «Қара шалым мен үш қызым аман тұрса, талай жақсының төрінде талтаңдармын-ау» - депті деп ел айтушы еді. Айтқаны келді де қойды. Үлкен қызы Зұбаржат шешесінің төркіні татарларға бұйырды, одан кіші Зұлхия әкесінің нағашысы ұйғырларға келін болды, ал Қара Махмұт отырған қара шаңырақтың түп иесіміз дейтін қайқы төс қазақтардың салымы осы Зухраға түсіпті. Әкесінің сүйек бітіміне кішкене кемпірдің ақтығы қосылып үш қыз бірінен-бірі өткен сұлу боп өсті. Шанаш бет кемпір қызды бөлмесіне шақырып ап ақыл айтатын.

- Бұл еркектердің көркіне қызықпай, бөркіне қызық. Көрік әйелдерге керек. Еркектердің көзге көрінбейтін екі, көзге көрінетін үш қасиеті болады. Көзге көрінбейтін бір қасиеті – ақылы, екіншісі бастарың жас, айтуға болмайды. Ал көзге көрінетін үш қасиеті: бетіндегі – айбаты, қолындағы – қайраты, қалтасындағы – дәулеті. Көзге көрінбейтін қасиеттерінен қателессеңдер оқасы жоқ, бірақ көрініп тұратын қасиеттерінен қате жібермеңдер. Әйел пақырдың бағы жанбайын десе сөйтіп қара басады.

Топтық тапсырма:

  1. «Еркектердің көркіне қызықпай, бөркіне қызық» - деген ойдың мағынасын ашыңдар.

  2. «Көзге көрінбейтін қасиеттерінен қателессеңдер оқасы жоқ». Шеше ақылына өз көзқарастарыңды айтыңдар.

  3. Көзге көрінетін үш қасиеті бар ер адам нағыз мінсіз жар ма?

  4. Жар таңдауда қателеспеу үшін... Өз ойларыңды айтыңдар



Хикаядан үзінді:

Зуһра анасының айтқан жерінен шықты ма, шықпады ма, оны өзі де білмейді. Жар таңдауда әкесінің көңілін тап басқан сияқты.

Кісіге көңілі біте бермейтін Қара Махмұт күйеу баласы жайында әңгіме бола қалса, рақаттанып қалады. Күн сайын газет қарағанда, ішінен соның атын іздейді. Жәнібек қайда? Жиналыста. Жәнібек қайда? Москваға жиналысқа кетті. Жәнібек қайда? Пәлен облыста жиналыс өткізіп жүр.

Жәнібекке қаланың шет жағынан бөренеден қиып салынған, өз алдына қора-қопсысы бар оңаша үй тиді. Жұрт сапырылысып келеді де жатады. Қыр қазақтары. Үлкен қаладан келген сыйлы қонақтар. Достар.

Соғыс басталғанда Жәнібек майданға аттанды. Жәнібек кеткенде жүгіріп жүрген Әлібек атасы мен әжесінің қастарында. Зуһраның сол баяғы сылаң киімі, сылаң өңі. Оған Жәнібек қауіп-қатерден аулақ алыс бір жаққа командировкаға кеткендей. Ұрысқа шыққалы жатқан солдаттардың алдында сөз сөйлеп тұрғандай. Оған жұрттың аузынан түспейтін «майдан» деген сөз Жәнібекті жылы төсегінен ажыратып әкететін бөтен қаладағы көп жиналыстың бірі сияқтанады да тұрады. Неғұрлым құлағын кесіп алса да білместей боп қаннен-қаперсіз ұйықтаса, соғыс соғұрлым тез аяқталатындай көрінеді. Түсінде ылдырмақ-шылдырмақ базарлықтар әкеліп жүреді. Қалқиып жұмысына барады. Кеңсеге кіре берістегі айнаға көзі түседі. Маңдайы сол баяғысынша жап-жазық. Қасы баяғысынша керік. Кірпігі баяғысынша қайқақ. Тостағандай жанары жылт пен нұрға толып тұр. Албыраған ерні томпия-томия қалыпты. Үсті-басы да мұнтаздай таза. Шамасы, басына қарлы қара тау іс түскенімен сұлу болмай тұра алмайтын сыңайы бар-ау, сірә.

Жұптық тапсырма:

Мәтін негізінде кестенің әр бөліміне екі сөйлеммен сипаттама беріңдер.

Зухраның тұрмыс жағдайы


Түсінігі


Сырт келбеті





Хикаядан үзінді:

Бірақ... қарлы қара тау іс басына түсіп тынды. Жұмыстан соң үйінде әкесі мен шешесі еңселері жерге кетіп еңіреп отырғандарын көргенде бәрін түсінді. Әкесінің мойнынан құшақтай алды. Қара Махмұт еңкілдеп қоя берді. Қыршын кеткен Жәнібекті ме, жесір қалған өзін бе, жетім қалған Әлібекті ме, қызының бақталайсыздығын көріп, тірілей пұшайман болған кәрі әкесін бе – кімді аяйтынын өзі де білмейді.

Жәнібектің қазасынан соң Қара Махмұт та көп жүрмеді. Шанаш бет кемпір күйеуі өлгесін еңкейіп, екі бүктеліп кеткен. Сөйте тұра бұған көкшіл көзін біздей қадап безере сөйледі.

- Өлім оңай емес. Жәнібек бейшара ел басына келген қанды қырғында жоқ болды. Оның артын күтпедің деп саған ешкім кінә тақпайды. «Әйел қырық шырақты деген». Бағың жанайын десе, әлі де кеш емес. Кім көрінгенге қор болма, бағы озық еркектің етегіне жармас. Қашанда сұлу әйелдің ажары - бағы тасқан азаматтың, ал бағы жүрген еркектің дәулеті – ажары асқан әйелдің салымы. Жесір қатын баққан жетім ұлдан не пәтуа шығады? Әлібегіңді қаза тапқан офицерлердің баласын өкімет оқытып тәрбиелейтін жерге бер. Әйтпесе, екеуің біріңнің аяғыңа бірің оратылып, бақтарыңды байлайсыңдар. Айтқан ақылымды тыңда. Жаман ұрғашылардай етегің толып еңіреп жүргеніңді білсем, бұл дүние түгілі о дүниеде де: «Басыңда ми жоқ...»,- деп қарғап жатам...

Топтық тапсырмалар:

«Екі жақты күнделік» стратегиясы

1-топқа:

«Жесір қатын баққан жетім ұлдан не пәтуа шығады?»

Анасы не айтқысы келді?

Біздің ойымыз





2-топқа:

«Бағы жүрген еркектің дәулеті – ажары асқан әйелдің салымы»

Анасы не айтқысы келді?

Біздің ойымыз





3-топ:

«Екеуің біріңнің аяғыңа бірің оратылып, бақтарыңды байлайсыңдар»

Анасы не айтқысы келді?

Біздің ойымыз





4-топ:

Қызына айтқан бастапқы және соңғы ақылдарын саралай келе, анасына мінездеме беріңдер.

Зуһраға қандай ақыл айтар едіңдер?








Хикаядан үзінді:

Кішкене Әлібек алыс бір қаладағы Нахимов училищесіне аттанатын болды. Шалбары да құйтақандай. Бешпеті де құйтақандай. Бәтеңкесі де құйтақандай. Құйтақандай құлағы қалқиып, құйтақандай көздері жәудіреп бұған қарайды. Дәл мынадай сүп-сүйкімді қуыршақты басқа ешкімнен көрмегендей. Көзін ала алмай қарайды.

Сөйтіп вокзал басында ұзақ тұрысты. Бір уақыттарда барып әскери киімді қыз:

- Уақыт болды. Қоштасыңыз,- деді.

Төрт бөлме үйде оны үйреншікті жым-жырт тыныштық қарсы алды. Түнде баласы ұйықтап шыққан бөлмедегі кереуеттің астынан тұмсығы қылтиып, баласының үйде жүргенде киетін жылы шәркейі көрінді. Құп-құйтақандай-ау, құп-құйтақандай.

Зуһраның көз алдына жаңа вокзал басында томиып тұрған баласы келді. Жымиып күліп қойды.



Жеке жұмыс. «РАФТ» стратегиясы:

Рөлде- баласы

Аудитория-Анасы

Форма-Монолог

Тақырып-«Кеткім келмейді»

Хикаядан үзінді:

«О да бір дәурен екен-ау. Өтіп бара жатқан... «Өмір-ай!» деуге аузы бармай, күндер-ай!» - дейтін басынан өткен талай-талай оқиғалар есіне түскенде.

Зуһраның жып-жылмағай кеңседе қараптан қарап іші пысады. Бастықтың қабылдауына келгендердің жүректілеу жағы қалжың айтып, жігерсіздеу жағы үн-түнсіз көзін сатып бағар еді. Талай неме мұның бет-аузын зерттеймін деп отырғанда, кезегі келгенін білмей, бастықты күткізіп қойып, сөз естіп жатар еді. Бастық кісі қабылдамайтын күндері түстен кейін көбіне жоғары мекемелерге кетеді. Қабылдау күтіп отыратын бөгде көздің жоқтығынан ба, қайта-қайта есінеп ұйқысы келеді. Терезеге барып, көшеге көз салады. Бір күні жалт-жұлт етіп бір қара машина кеп тоқтады. Сыптығыр еркек аяқ басқаны кердең, осылай беттеп келеді. Есікті жұлқып ашып, екі қолын екі жаққа жайып жіберіп тұрып қалды. Басқа еркектердей таңданып тұрғанын жасырмады. Әлгі кісі бастығының қабылдауынан шығып бара жатып:

-Көптен таза ауада болмағаныңыз көрініп тұр. Ертең машина жіберейін, бір күніңізді қиып, қырғауыл көріп, таза ауа жұтып қайтыңыз,- деді.

Ертеңіне жұмыс аяғында қайқаң етіп, қара машина тағы тоқтады. Бұл жасқана басып қасына жақындады. Ойы сан-саққа жүгіріп тұрғанда біреу тартқылғанадай боп тұр. Ту сыртынан біреу кеп құшақтағандай болды. Әлгінде ғана оны дегеніне көндірген тегеурінді күш қасынан бір елі ажырамады.

Содан Зуһра сыртқа шықты-ақ бұрынғыдай жұрт көзінен тайсалмайтын болды. Олар бұнда алмақтары бардай сұқтана қарайды екен. Зуһраның біз өкше туфлиі өтіп бара жатқандардың жалт бұрылып қарамасына қоймастай ғып, қара жерді қадап басады. Әйел батылданған жерде еркек тайсалушы ма еді! Зуһра сыланып-сипанған сайын одан дәмелілер от көрген көбелектей үйіріле түседі. Қай-қайсысының да: «Қарындас!», «Зуһражан», «Жеңеше!» деп басталатын мәймөңке әңгімесі шырқ үйіріліп келгенде баяғы бір гәпке тіреледі. Сосын әрқайсысы әр нәрсені сылтауратып, жөн-жөніне тайып тұрады.

Сұрақ:

  1. Қоғамда Зуһра сынды әйелдерді қалай атайды?

  2. Осындай жүріске түсуіне ер адамдар себепші ме, сұлулығы ма? Әлде...

Айтқан пікірлеріңе байланысты бір-біріңе сұрақ қоюларыңа болады.

Хикаядан үзінді:

Баяғыда ыстық жақтан қызметі ауысып келген бір офицер бұдан пәтер жалдап тұрады. Алғашында солдаттарын әкеп, үйін жөндеп беріп құрақ ұшып жүрді. Сосын түннің бір уағына дейін бұның бөлмесінде шай ішіп отырып алатынды көбейтті. Сөйте-сөйте көк шалбары бұның кереуетінің қасындағы орындықтан бір-ақ шықты. Бұрын Себепбаев келсе де, басқа келсе де апыл-ғұпыл бір-ақ сәтке, асқанда бір-ақ түнге соғатын, артынан пәленбай уақыт көрінбей қоятын. Қас қағым келте қуаныштың артында жылдай ұзақ аңсау-тосу тұратын. Енді міне, бұл күнде-күнде таңертең бәлденіп төсектен тұрады, бәлденіп қызметінен қайтады. Бәлденіп қасына жатады. Бұл не? Әлгі жұрттың ауыздарының суы құритын жұптық өмір, жұбай бақыты дейтіндері осы ма?

Бұрын көрген еркектері ылғи мұның ығына жығылушы еді. Зуһра осынша тұрпайы, осынша озбыр жұптық өмірден құтылғанша асықты. Баяғы салт басты, сабау қамшылы сауық-сайрандарын аңсады. Ол тілегі де оңынан оратыла кетті. Әлгі офицердің қызметі басқа горнизонға ауысты.

Зуһра тағы да оңаша қалды. Тағы да өзіне қожа. Таңертең қалаған уақытында тұрып, кешке қалаған уақытында үйге қайтқаннан асқан бостандық жоқ екенін түсінді. Жылдар өте берді. Офицерден қалған байлаулы күшік дәу төбет болды.

Сұрақ:

  1. Өзі - қожа, өзі – би, ер адамдардың ықыласына бөленген Зуһра бақытты ма?

  2. Баянды ғұмыр мен баянсыз ғұмырды салыстырыңдар.



Хикаядан үзінді:

Кейін келіп-кетіп жүрген еркектер де қарасын жоғалтты. Бұған сызыла қарап алуды парыз санайтын еркек қауым көз салмай өтіп кететінді шығарды. Көп ұзамай бір шоқ гүл мен шампанның обалына қап, «Құрметті демалысқа шықты» Үлкен қаланың шет жағындағы қарағай үйде қабаған итімен жалғыз қалды.

Зуһра үлкен қаланың шет жақтағы қарағай үйінде итімен оңаша қалды. Күндер өте берді. Бір кезде бұл сыртқа шықты-ақ жан-жақтан сұқтанып бағатын сімсік көздер енді мұның өзіне емес итіне түседі. Ол әлгіндей серуеннен үйіне сергіп оралудың орнына, аяғын әзер сүйретіп болдыртып оралады. Ту сыртынан қапсыра, қоршап келе жатқан қараңғыдан сескенетіндей. Ауызғы бөлмеде жататын арлан төбетті төргі бөлмеге енгізеді. Арлан төбет аяғының астына кеп жатып алады. Тоңғаныңда аяқ жағыңа әкеп тастасаң, көрпенің сыртынан қыз-қыз қайнатып жататын сұр төбеттің жылуының өзіне не жетуші еді. Бірақ ол дәурен ұзаққа бармады. Иті құрғыр адамдай емес, тез қартаяды екен. Оның ендігі ермегі – сол ажал аузында жатқан итін күту. Алдына ас қояды, астын тазалайды, көтеріп ваннаға апарып, сабындап жуады, астына ақ жайма төсеп, түні бойы әбден қартайып әлсіз жатқан иттің дыбысын тыңдаумен болады.

Бір күні төбет аузы әнтек ашылды да, төрт аяғын бір-ақ серпіп, үзіліп жүре берді.

Зуһра өмірінде сол күні ғана өксігін баса алмай ұзақ жылады.

Сұрақ:

  1. Итін баптап күткен әйел жирекенішті ме, әлде аянышты ма?

  2. Зуһраның жалғыз қалуына кім кінәлі?

Жеке тапсырма:

«Shape1

Шығармадан қандай ой түйдің?

Ойыңды мақалмен қорытындыла



Топтастыру» стратегиясы











Мұхтар Мағауиннің әйел туралы айтқан сөзімен сабақты аяқтаймын.












Сұраққа жауап береді.



Сөздікті дәптерлеріне жазып алады.








Оқушылар тыңдайды.













Өз болжамдарын айтады.




























Тапсырманы топпен орындап, пікірлерін ортаға салады.



































Жұппен бірігіп кестемен жұмыс жасайды.











































Оқушылар жұппен бірігіп кестемен жұмыс жасайды.















































Жеке жұмыс жасайды




































Әр топ өз ойын айтады, пікірталасқа түседі.
























Өз ойларын айтады.





























Ауызша пікірлерін айтады.








Өз ойларын топтастырып жазып шығады.





V. Рефлексия

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

2 минут

-Сабақ сендерге ұнады ма?

- Сабақ туралы ойларыңды стикерге бейнелеп не жазып беріңдер.

Сабақтың ұнаған-ұнамағандығын білдіріп, өз пікірлерін стикерге не жазып, не бейнелеп береді.

VІ. Үй жұмысы

1 минут

  1. Хикая мазмұнымен толық танысу.

  2. Қыздар үшін: «Әйел адамның өмірдегі мақсаты»

Ұлдар үшін: «Менің идеалымдағы – әйел» тақырыбында эссе жазу. (250 сөз)


Тапсырманы белгілеп алады.



























Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы





Облыстық сыныптан тыс ашық сабақ:

Әбіш Кекілбайұлы. «Шеткері үй» хикаясы.

10-сынып.




Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

Алдабергенова Замира Арғынғазықызы.






2018 жыл, сәуір.



Топ ережесі


Белсенді болу


Бірлесе жұмыс жасау


Өзге топтарды тыңдау


Уақытпен санасу


Кезекпен сөйлеу


Бір-бірімізді сыйлау


Мәдениетті қарым-қатынас


Топ басшысын тыңдау


Қорғауға дайын топ үш рет қол соғу

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
8 маусым
1585
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі