жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сабағы "А. Асылбековтың өмірбаяны"
А.Асылбеков атында.ы ЖОББ мектебі
Сынып сағаты:
9-11 сыныптар арасында

А. Асылбековтың өмірбаяны
Өткізген:
Ахантаев Б.К
Абаева К.М
2014-2015 оқу жылы
Тақырыбы:
Абдолла Әбдірахманұлы Асылбековтың өмірбаянымен таныстыру
Мақсаты:
2014-2015 оқу жылында Киров орта мектебі А Асылбеков атына ауысуына байланысты 9-11 сынып оқушыларын А Асылбековтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Мектептің атауына лайықты азаматтың барлық шығармашылығымен, суреттерімен таныстыру
Ұйымдастыру кезеңі:
1 .Мұғалім Сөзі:
Абдолла Әбдірахманұлы Асылбеков
(1896–1937)
Абдолла Асылбеков 1896 жылы сол кездегі Ақмола уезінің
Нұра болысында, Құндызды өзенінің бойындағы Кеңқияқ алқабында,
Қарасуда (қазіргі Қарағанды облысы, Осакаров орталығы Сұңқар
селосының маңында) дүниеге келіпті.
А.Асылбеков ауылда ашылған бірінші басқыш татар медресесіне оқуға
түсіп, оны 1913 жылы бітіріп шығады. Осы оқуын одан әрі жалғастыру
үшін он жеті жастағы Абдолла бір саудагерге жалданып, оның жылқысын
айдасып Орынборға барады. Онда Хұсайын атына ашылған медресеге
түседі. Алайда, мұнда небәрі төрт-бес ай ғана оқыған Абдолла "қазақ
татар жастарын дінге, патша үкіметіне қарсы үгіттеп, ұйымдастырғаны
үшін" медреседен қуылады.
Содан 1914 жылы Қызылжарға келген Абдолла осындағы мұғалімдер
даярлайтын қазақ мектебіне түсіп оқиды. Алайда, "саяси сенімділігі"
жайлы шартты үш ай мерзім ішінде кепілдік тапсыра алмағандықтан бұл
мектептен де шығарылады. Ақыр соңында ол өз еліне келіп, осы Нұра
болысындағы ауыл мектебіне мұғалім болып орналасады.1916 жылы
патшаның маусым жарлығына байланысты қазақ халкының дүбірге толы
ұлт-азаттық қозғалысы бұрқ ете түскені мәлім. Ал бұл қозғалыстың
барысы, оның жеңіспен аяқталуы оның айналысындағы басқалар сияқты
Абдолланың өзінің де қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына
жағдай жасаған еді. Ақпан революциясы аяқталғаннан кейін
А.Асылбеков өзін біржола революция ісіне арнаған болатын. Одан көп
ұзамай-ақ, 1917 жылдың мамыр айында жиырмадан енді ғана асқан жас
жігіт большевиктер қатарына еніп, өзінің бұдан кейінгі тағдырын
елімен берік байланыстырды.
Классик жазушымыз С.Сейфуллин өзінің "Тар жол, тайғақ кешу" атты
тарихи-мемуарлық романында А.Асылбековтың революциялық өсу жолын
жан-жақты суреттеген. Осы туындымен танысқанда Сәкеннің серігі бола
білген А.Асылбековтың осы күнгі Қарағанды облысының негізгі бөлігі
енген Ақмола губерниясының Ақмола уезі жеріндегі 1916-1919
жылдардағы тарихи қозғалыстарды баяндаған.
Көп жайларды қаһарман күрескердің – А.Асылбековтың өзі - қолы сәл
ғана босаған сәттерде жазып, жеке кітап етіп бастырып шығарған,
журналда жариялаған (бірақ белгілі себептермен алпыс жылдан астам
уақыт бойына қайыра баспа бетін көрмеген) "Біздің де күніміз туды",
"Октябрь күнінде" атты шағын повестерінде айтады.
Ақпан революциясынан кейін А.Асылбеков С.Сейфуллинмен бірге
Ақмолада Кеңес өкіметін орналыстырып, "Тіршілік" газетін шығаруды
ұйымдастырады. Колчактар оны тұтқынға алып, "Аннековтың азап
вагондарында" зарықтырады. 1919 жылы түрмеден қашып
шығады. Азамат соғысы
жылдарында ол Қиыр Шығыстағы Приморск армиясының полк комиссары
болады.
1921 жылы Қазақстанға қайтып келеді. Ақмола губерниялық партия
комитетінде жұмыс істейді. 1922-1925 жылдарда ол РК (б) П қазақ
облыстық комитетінің хатшысы және білім бөлімі меңгерушісі. 1926
жылы Тимирязев атындағы ауыл шаруашылық академиясына оқуға түсіп,
оны бітіргеннен кейін жауапты қызметтерде болады.
А.Асылбеков алғашқы қазақ совет публицистерінің бірі. Оның
мақалалары мен очерктері "Тіршілік", "Еңбекші қазақ", "Советская
степь" газеттері мен "Қызыл Қазақстан" журналында жарияланып
тұрды.
1921 жылы "Біздің де күніміз туды" деген публицистикалық повесі
жарияланды, бұл шығарма қазақ совет әдебиетінің алғашқы
қарлығаштарының бірі еді. 1930 жылы "Ауылды советтендіру" ("За
советизацию аула") атты кітабы екі тілде өз алдарына басылып
шықты.
Қазақ халқының адал ұлы А.Асылбеков Сталиннің 37-38 жылдардағы
қуғын-сүргін қудалауына ұшырап, "халық жауы" атанды. "Қарағанды
ісі" бойынша "ашық процесс" жасалған А.Асылбеков бастаған жеті
адамның алтауы (Асылбеков, Нұрсейітов, Ғатаулин, Ордабаев,
Ізбасаров, Шамсутдинов) үй мүлкі қатталып, ату жазасына кесілді де,
жетінші адам (Баймолдин) үй мүлкі қатталып, тергеу-сот орындарына
"көмегі" ескерілгендіктен, он бес жылға бас еркінен айыруға
кесілді… Сөйтіп, елім деп еңіреген, елінің басына күн туғанда
"етегімен су кешкен" А.Асылбеков бастаған есіл ерлердің жүректері
соғуын осылайша тоқтатқан еді…
1991 жылы 30 сәуір айында Қарағанды облысының "Құндызды" ауылына
А.Асылбековтың аты берілді.
Ақмола уезі (қазіргі Қарағанды
облысының Нұра ауданы) №1 ауылда туған. Бастауыш орыс мектебінде
оқыған.
Ақпан революциясынан кейін С.Сейфуллинмен бірге Ақмолада Совет
өкіметін орнатысып, «Тіршілік» газетін шығаруды ұйымдастырады.
Колчактар оны тұтқынға алып, «Анненковтың азап вагондарында»
зарықтырады.
1919 жылы түрмеден қашып шығады. Азамат соғысы жылдарында ол Қиыр
Шығыстағы Приморск армиясының полк комиссары болады. 1921 жылы
Қазақстанға қайтып келеді. Ақмола губерниялық партия комитетінде
жұмыс істейді. 1922–1925 жж. ол РК(б)П қазақ облыстық комитетінің
хатшысы және білім бөлімінің меңгерушісі
болады.
1926 жылы Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы
академиясына оқуға түсіп, оны бітіргеннен кейін жауапты қызметтер
атқарады.
Мақалалары мен очерктері «Тіршілік», «Еңбекші қазақ», «Советская
степь» газеттері мен «Қызыл Қазақстан» журналында жарияланып
тұрды.
Шығармалары: Біздің де күніміз туды. Повесть.
Орынбор,1921.Абдолла Әбдірахманұлы
Асылбеков (1896-1938), журналист, жазушы және қоғам
қайраткері.
«Біздің де күніміз туды», «Октябрь күнінде» атты деректі повестері 1921 ж. Орынбор қаласында жеке кітап болып басылып шықты. С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» атты романында Абдолла туралы толық мағлұмат берілген.[1]
Турашыл, ер мінезді, ұлт мүддесін түсінетін азамат ретінде Асылбеков «Алашорда» үкіметі қайраткерлерінің оқу-ағарту, жерге қоныстандыру, дербес экономикалық бағытты ұстанужөніндегі көзқарастарына іштартты. Ол 1922 ж. қазақ қызметкерлерінің кеңесінде А. Байтұрсынов пен С. Сәдуақасовтың, Әуезовтің «коммунистік-колонизаторлық саясатқа қарсы» пікірлері мен ашаршылықтың зардаптарын жою туралы ұсыныстарын қолдады. 1921 жылы Әуезовпен бірге Қоянды жәрмеңкесінде қазақ автономиясының бір жылдық тойын өткізуге жетекшілік етті. Қажымұқан, Майра, Иса, Жынды Омар, Зәрубай, Әміре, Шашубай, Ғаббас, Қалибек сияқты ел өнерпаздарын жәрмеңкеге қатыстырып, ойын-сауық ұйымдастырды, М. Әуезовтің шығармашылығын жоғары бағалады. Ол 1932 жылғы ашаршылықты айыптап, үкіметтің алдына тиісті мәселе қойған. Асылбеков пен Әуезовтің арасындағы достық қарым-қатынас туралы деректер С.Бегалиннің, Қ. Қуанышбаевтың, Қ. Тоғызақовтың естеліктерінде баяндалған.[2]
Мақалалары мен очерктері «Тіршілік», «Еңбекші Қазақ», «Советская степь» газеттері мен «Қызыл Қазақстан журналында» жарияланып тұрды.
Шығармалары:
Біздің де күніміз туды. Повесть. Орынбор, 1921.[3]
Қорытынды:
Оқушыларға сұрақ:
1 А Асылбеков кім?
2.Достары кім?
3.Өмірбаянынан үзінді....
4.Өй қорыту.....
Киров орта мектебіндегі
9-11 қазақ сынып оқушыларымен өткізілген
Абдолла Әбдірахманұлы Асылбековке
арналған сынып сағаты анализі
2014-2015 оқу жылында Киров орта мектебі А Асылбеков атына ауысуына байланысты 9-11 сынып оқушыларын А Асылбековтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырылды. Мектептің атауына лайықты азаматтың барлық шығармашылығымен, суреттерімен таныстырдық.
Интербелсенді тақтада А .Асылбековтық суреттері көрсетіліп, қайраткердің барлық достары мен әріптестері туралы әңгіме қозғалды, оқушыларға жалпы түсінік берілді
Сабақ соңында оқушыларға:
1. А Асылбеков кім?
2.Достары кім?
3.Өмірбаянынан үзінді....
4.Өй қорыту.....
деген сұрақтар қойылып, оқушылар бүгінгі сабақта алған мәліметтерімен ой болісті.Оқушылар білімінде А Асылбековтың өмірбаяны мен шығармашылық жолдары, оның достары жақсы сақталып. Өз ойларын ортаға салып жақсы әңгіме құрды.


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген