Материалдар / Ашық тәрбие сабағы: "Алтын күз" 3-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сабағы: "Алтын күз" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен өзімнің бұл тәрбие сабағын өткізудегі мақсатым, оқшыларды «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыстыра отырып, күз байлық, береке, молшылық, шаттық, қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу, өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа, еңбекке баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2019
1041
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің

Ж. Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі














Тәрбие сағаты:

«Алтын күз»

Мұғалім: Мыкраева А.Т.



















2018 – 2019 оқу жылы





Тәрбие сағаты: «Алтын күз»


Тәрбие сағатының мақсаты: «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз байлық, береке, молшылық, шаттық, қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу, өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа, еңбекке баулу.


Көрнекіліктер: Табиғат жайлы суреттер, нақыл сөздер, мақал – мәтелдер, күз тақырыбына байланысты көрмелер: салаттар, нан өнімдері және әртүрлі суреттер.

Сабақтың барысы: I. Ұ/к. Қош келдіңіздер, құрметті ата – аналар, оқушылар! «Алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер! Мерекелі, берекелі алтын күзіміз құтты болсын! Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз – дегеніміз – байлық, молшылық, береке, шаттық, қуаныш.

Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын,

Бақ пенен шаттық біріге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын!

Мінеки, табиғаттың ерекше құбылып, айналамыз сары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі күз мезгілі де келді.

Күз айы – мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай. Ендеше Алтын күз мерекесі әрбір жанға құт пен береке, ырыс пен табыс әкелсін демекпіз.

Оқушыларға деген мынадай тапсырмамыз бар.

  • Бірінші айымыз қандай ай?

  • Қыркүйек айы.

  • Екінші ай?

  • Қазан айы.

  • Үшінші ай?

  • Қараша айы.

  • Ендеше осы айларымызға сипаттама береміз.

Shape2 Shape1

Қыркүйек айы

Еңбек айы

Shape3 Сары алтындай дала

Көкөністер, жемістер піскен ай.



Қазан айы

Мерекелер айы

Shape7 Shape6 Сабантой айы

Шөп жинау науқаны



Қараша айы

Қара суық айы

Shape10 Shape9 Қарлы, жаңбырлы ай

Сұп – сұр ай

II тапсырма. «Нан» тақырыбына топтастыру стратегиясы.

Нан – Дастарқан сәні, тіршіліктің нәрі, ас атасы, өмір азығы, ел ырысы, адам өмірінің өзегі, қастерлі, қасиетті.

III тапсырма: «Сөзжұмбақ» шешу. Тақырыбы «Алтын күз»

IV тапсырма. Бидайдың тапсырмасы: “Мақал – мәтелді аяқта».

  1. Судың да ... (сұрауы бар)

  2. Диқан еккенін жейді, ....(жылқы тепкенін жейді)

  3. Сауынсыздың жазы болмайды, ...(қауынсыздың күзі болмайды)

  4. Арпа бидай, ас екен, ... (алтын, күміс тас екен)

  5. Ас атасын – нан дейді, ...(сөз атасын – шал дейді)

  6. Жері байдың - ...(елі бай)

  7. Егіндікті күз суар, ...(күз суарсаң жүз суар).

V тапсырма. «Ой қозғау» «Нан дастарқанға қалай келеді?»

Шашылған суреттерді ретімен орналастыру.Суреттердің артында тиісті сөйлемдері бар.

VI тапсырма. Сары жеті жапырақ. Жапырақтың тапсырмасы:

«Киелі жеті саны»

  1. Апта ағайдың жеті ұлы.(Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, ауыр күн, соңғы күн, азына))

  2. Жеті жоқ.(Жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш, таста тамыр, тасбақада талақ, аллада бауыр, аққуда сүт, жылқыда өт жоқ)

  3. Жеті жетім.(тыңдамаған сөз, киюсіз тозған бөз, иесіз қалған жер, басшысы жоқ ел, аққу-қазсыз көл, жерінен айрылған ер, замандасы қалмаса, бәрінен де сол жетім)

  4. Жеті қазына.(Сұлу әйел, ер жігіт, жүйрік ат, ақыл-білім, ұшқыр тазы, қыран бүркіт, берен мылтық)

  5. Жеті жетекші (адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, жолаушысы – ой, жолдасы – кәсіп, қорғаны – сабыр, қорғаушысы – мінез, сынаушысы – халық)

  6. Жеті амал (күннің тоқырауы, қарашаның қайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, қыс тоқсан, ай тоғамы)

VII тапсырма. Бейнесөз шешу. “Мақал-мәтелді тап»

VIII тапсырма. Жұмбақтар шешу.

IX тапсырма. Ән шашу. «Құстар» әні.

X тапсырма. Қорытынды.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!