Ашық тәрбие сабағы: "Нұрсұлтан ата - ел тірегі, ел намысы" бастауыш сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сабағы: "Нұрсұлтан ата - ел тірегі, ел намысы" бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәрбие сабағын өткізудегі менің мақсатым: Оқушыларды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаянымен кеңірек таныстыру; Астанадан 2013 жылы шыққан «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты кітабымен таныстыру;Оқушылардың Президентімізге деген құрметін, сүйіспеншілік сезімдерін арттыру; оларды Отаны үшін отқа түсетін елжанды ел азаматы етіп тәрбиелеу; бүгінгі Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздегі Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың алар орны туралы әңгімелеу; Назарбаевтың балалық шағынан бастап қазіргі кезіне дейін слайдтар көрсету;Рухани жаңғыру бағдарламасы жөнінде түсінік бере отырып, осы бағдарлама аясында жасалып жатқан іс-шаралар жөнінде айта кету;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ж.Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебі.





1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні.



Тәрбие сағаты:

Shape1

Shape2









2018 – 2019 оқу жылы







1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні.

Тәрбие сағаты: «Нұрсұлтан ата – ел тірегі, ел намысы».

Мақсаты: Оқушыларды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаянымен кеңірек таныстыру; Астанадан 2013 жылы шыққан «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты кітабымен таныстыру;Оқушылардың Президентімізге деген құрметін, сүйіспеншілік сезімдерін арттыру; оларды Отаны үшін отқа түсетін елжанды ел азаматы етіп тәрбиелеу; бүгінгі Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздегі Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың алар орны туралы әңгімелеу; Назарбаевтың балалық шағынан бастап қазіргі кезіне дейін слайдтар көрсету;

Көрнекілік: Н.Назарбаевтың портреті, еліміздің рәміздері, нақыл сөздер, «Нұрсұлтан ата – ел тірегі, ел намысы» атты стенд, Назарбаевтың балалық шағын бейнелейтін суреттер;

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Әнұраным – жан ұраным, Айтар әнім – сөйлер сөзім. Туған жерім – сағынарым. Мәңгі бақи шырқалады, Республика Әнұраны.

Әнұран орындалады.

Бүгін 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. Сондықтан мен бүгінгі Тұңғыш Президентімізге арналған «Ұлт мақтанышы – аңыз адам» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

+Өзі қатарлы балалар ауылын қимай жүргенде Қаскелеңге тиіп тұрған әсем Алматыға емес, ол кезде жер түбіндей көрінетін Арқадағы Қарағандыға, оның да өзіне емес, жанындағы ол кезде атын біреу естіп, біреу естімегенТеміртау қаласына, онда да оқуға емес, жұмысқа тартып кеткенін, кейіннен өзге де қазақстандық жастармен Днепродзержинскіге аттанғанын, келгеннен кейін Қазақстан Магниткасының маңдайалды металлургі атанғанын да, сонда жүріп көзге түсіп, әуелі комбинаттың одан қаланың, одан облыстың басшылығында болғанын да, қылшылдаған қырықтағы жасына жаңа жеткенде республикалық деңгейдегі лауазымды қызметке – Орталық Комитеттің хатшылығына шақырылғанын да, мұнан соң көп ұзамай сол кезде Кеңес Одағындағы ең жас Совмин Төрағасы болып бекітілгенін бүгінде бүкіл халық жақсы біледі.

Бесіктегі баланың бек боларын кім біледі, Қарындағы баланың хан боларын кім біледі, - дегендей, сол кезде Нұрсұлтанның Президент боларын кім болжады дейсіз. Бірақ табиғатынан жалындап тұрған тайғақ кешуден де, неше түрлі сыннан да, қияметтің қыл көпірінен де, бірлік пен ынтымақтың арқасында аман өтті.

Адам тойған сайын соның барлығын ұмытып кетеді. Кеше қандай күйде едік, қазір қандаймыз?! КСРО деген үлкен империя ыдырап, алмағайып заман туғанда бұл кісінің мемлекет басшысы болып келіп, қазақтың қисайып тұрған шаңырағын қайта түзеп, Алаштың құлап жатқан байрағын қайта көтеріп, бүгінгі заманға сай мемлекет қалыптастыруда атқарған рөлі зор. Тұңғыштың аты – тұңғыш. Бұл кісі мемлекет құрудағы ең алғашқы ауыртпалық күштің бәрін өзіне алды. Бұдан кейінгі келген президенттерге мұндай салмақ түспейді.

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны.

Н.Ә.Назарбаев Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған селосында 1940 жылдың 6 шілдесінде дүниеге келген. Нұрсұлтанның әкесі Әбіш Назарбаев (1898 – 1971) Ұлы жүздің Шапырашты руының Көшек тармағынан шыққан, старшина әрі қоғамдық биі Назарбай Сапақбайұлының ұлы еді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Назарбаева (1904 – 1977) Қасық ауылында – қазіргі Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Талапты селосында, Жатқанбай молданың отбасында туған.

Әбіш пен Әлжан 1934 жылы үйленген. Алғашқы 6 жылда балалары болмайды, 6 жылдан кейін туған нәрестені Нұрсұлтан деп қояды. Бәрі Нұрсұлтанды есімін қысқартып, Сұлтан деп атайды.

Тұңғыштары Нұрсұлтаннан кейін отбасында оның інісі Сатыбалды (1947 ж), қарындасы Әнипа (1950 ж) інісі Болат (1953 ж) дүниеге келіп, өседі.

Нұрсұлтан 5 жасқа келгенше, ешқайда шықпай, малшаруашылығының бригадасын басқаратын әкесі ұжымшардың отарын баққан Үшқоңырда болған. Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық ата – бабалары осы жерде тұрған .

Мал өсіріп, егін салып, еңбекпен айналысқан, сыртқы жаулардан қорғаған. Үшқоңырда 3 ұзын барақ болыпты, олардың әрқайсысында 5 – 6 мың мүйізді ірі қараны бағып қағумен айналысатын 10отбасыдан тұрған. Назарбаевтың отбасы 1941 – 1945 жылғы Ұлы Отан соғысының сұрапылын сонда естіді. Соғыс аяқталған жылы Нұрсұлтан 5 жаста болды.

Нұрсұлтан Назарбаев 1948 жылы Шамалған селосындағы Фурманов атындағы қазақ – орыс мектебіне 1 – ші сыныпқа барды. Оны 1 ден 4 –ке дейін оқытқан, алғашқы мұғалимасы Т.А.Исмаилова.

Өлең «Үшқоңыр»

Ол өте ұқыпты, зерек болды, әрі ойға сақтау қабілеті де мықты еді, бәрін бірден қағып ала қоятын. Сөйтіп, ол бірден үздіктер қатарынан көрінген. Әжесінің ықпалымен 5 жасында – ақ халық эпосынан үзінділер жаттап айтып жүрді. 12 жасында Нұрсұлтан қазақ және орыс әндерін домбырамен және сырнаймен тәп – тәуір орындап, айналасындағыларды таң қалдыратын болған Нұрсұлтан спортқа да өте жақын болған. Ол балалар арасында жарыстар өткізуді ұнататын. Әрі жаттықтырушы, әрі әрі төреші бола білген.

Үйдегі балалардың үлкені болғандықтан, ата – анасына көмектеспекші болған Нұрсұлтан 7 – ші сыныпты бітірісімен мектепті тастап жұмыс істегісі келген. Бірақ әкесі Әбіш қатты ашуланып, оны мұндай асығыс қадамға барудан бас тартқызып, оқуын жалғастыруға көндірген.

1957 жылы оқушы саны жетпегендіктен мектеп жабылып қалып, Нұрсұлтан оқуын жалғастыру үшін сыныптастарымен бірге Қаскелең селосында орналасқан Абай атындағы орта мектепке ауысқан. Ол бұл мектепте де, озат оқушы әрі ұжымның мақтанышы болды. Оқушылар оны сыныптың комсомол ұйымдастырушысы, кейін мектеп комсомол ұйымының хатшысы етіп сайлап алды.

Мектептен соң Назарбаев Нұрсұлтан Алматыға барып, Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне химия факультетіне құжат тапсырады. Бірақ 1 балы ғана жетпей қалып, түсе алмай қалады. Сондықтан ол сол 1958 жылы Алматыда Киев азаматтық авиация институтына түсуге емтихан тапсырды. Оқуға түсіп ауылға қуанышты оралды.

Нұрсұлтанды әке – шешесі, бүкіл үлкендер қарсы болып, алыс жерге жібермей қояды. Сөйтіп, Нұрсұлтан Назарбаев әке – шешесін ренжіткісі келмей, астанаға барып құжаттарын қайтарып алады. Сөйтіп, 1958 жылдың қыркүйегінде Теміртауға келеді.

Сөйтіп 1958 жылдың қараша айында Назарбаев бір топ қазақ жігіттерімен бірге Украин КСР – нің Днепродзержинск қаласына оқуға жіберіледі. Онда ол оқушылармен бірге сабақта да үздік оқып, спортпен де айналысады.

1959 жылы 4 қарашада үздік оқуы және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаев мақтау қағазбен марапатталды

1960 жылы 13 сәуірде үздік оқып, училищенің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін Днепродзержинск қалалық комитеті Нұрсұлтан Назарбаевты екінші рет мақтау грамотасымен марапаттады. Ал 26 сәуірде үздік бітіріп шыққан Нұрсұлтан Назарбаевқа «8 – ші разрядты екінші горновой» мамандығы берілді.

1960 жылы 3 шілдеде өзінің 20 жасқа толуы қарсаңында Назарбаев горновойдың көмекшісі ретінде сол кездегі Қазақстан мен Орта Азиядағы алғашқы әрі жалғыз домна пешінің іске қосылуына тікелей қатысады. 1961 жылы желтоқсанда жас болат балқытушысының жанкешті жұмысы оның өміріндегі алғашқы наградасы атап өтілді: оған «Коммунистік еңбектің екпіндісі» құрметті атағы берілді.

Өлең «Елім менің»

Өлең: «Есіл ағады».

Қорытынды: Сонымен бірге, айта кетейік, Ы.Алтынсарин гимназия – инетрнатта 1 жыл бұрын тұңғыш Президент кабинеті ашылған. Онда Елбасының қызметі мен обасы жайлы және шығармашылықтағы жетістіктері жайлы көп дүние бар. Қазір осы кабинетте 7 сынып оқушылары оқиды. (11 бітіргенше) Өткен жылы 72 жасқа толуына байланысты 72 оқушы «Жас ұлан» қатарына қабылданған.Және ҚР Тұңғыш Президентінің кабинеті 288 орта мектепте ашылды. Ол кабинетте бірыңғай үздік, жетістіктері бар, үлгерімі жоғары оқушылар оқиды.

Және бір айта кетерлік, 1 желтоқсан күніне орай Павлодар Усолка шағын (микро) ауданында Тұңғыш Президент саябағының құрылымы басталғаны жөнінде белгі орнатылды.













Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, 75 жастағы ақсақал Оразақын Асқардың «Бас бата» атты өлеңі.

Елбасымыз алысты көрсін, Ел – жұртымыз табысты болсын! Қыздарымыз сұлу, Ұлдарымыз намысты болсын!

Көршілеріміз тыныш болсын, Таңдайтынымыз жұмыс болсын. Малымыз төлдеп, егініміз көктеп, Дастарқанымызға ырыс толсын!

Қалада болсын, қырда болсын, Келген, кеткен ырза болсын. «Жолдастан» жеріп, «мырзаны» теліп, Алғандар нағыз мырза болсын!

Нарық қалтаны қақпайтын болсын, Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын. Қазақстанның барлық азаматтары қазақша сөйлеп алға аттайтын болсын!

Соғыстың беті болсыншы әрі, Ренжімейтін болсын өміріне кәрі, Бауыр етіміз балалар түгіл, сатылмасын құс балапандары!

Румен бірге ұлт өзін сыйлап, Қастерлесін асылын жинап. Алаштың азаматтары бір ауызды болсын, Шығара бермей бүйректен сирақ.

Банктер теңге топтайтын болсын, сыбайлас жемқорлық тоқтайтын болсын. Ұлтараздық әсте болмағандай, дағдарыс та бізге соқпайтын болсын.

Еркектер де темекі тартпайтын болсын, Әйелдер иба сақтайтын болсын. Өз үйі – өлең төсегі барлар, кез келген жерде жатпайтын болсын.

Балаларымыздың бағы жансын, Қалаған білімін алсын. Тілін, дінін, дәстүрін біліп, Он саусағынан өнері тамсын!

Мәдениетіміз мәнді болсын, Тұрмысымыз сәнді болсын. Бәрін айт та, бірін айт. Дербестігіміз мәңгі болсын!!! Аллаһу әкпар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
597
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі