жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сабақ «Тілім менің -тірегім»
«Тілім менің -тірегім»
Мақсаты: 1.
Оқушыларды мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің
көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі
маңызын ұғуға үйрету.
Қош
келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді ұлттық
мереке- Тілдер күнімен шын жүректен
құтықтаймыз!
Көрнекілігі: Президент портретін, Қазыбек, Әйтеке, Төле
билердің портреттерімен нақыл сөздері,«Қазақстан халықтарының
достығы», Қазақстанның көркем жерлері туралы
суреттер
көрсету.
Мұғалімнің кіріспе
сөзі: - Құрметті ұстаздар,
оқушылар!
Бәрімізге 22-
қыркүйек тілдер мерекесі. Сондықтан біз де бүгін тілдер мерекесіне
арнап « Тілім менің
-тірегім» атты
мерекелік шарамызға қош
келдіңіздер.
Тіл – қай
ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана
сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы –
әр бір елдің
ұлттық мақтанышы. Өз ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам
жоқ.
«Халықтың мәңгі
ғұмыры – оның тілінде.
Әрбір тіл өз
халқы үшін – ұлы», - деген Шыңғыс
Айтматов.
Халқымыздың бастан өткерген тарихының әр беті бізге
қымбат.Соған орай егеменді қазақ елінің жылнамасына өшпестей болып
жазылар тарихи оқиғалар аз емес. Соның бірі 1986 жылғы Желтоқсан
оқйғасы өзінің жойқын батылдығымен кезінде дүниені дүр сілкіндірді.
Осы оқиғадан кейін егемендік туын көтерген Кеңес Одағы құрамындағы
15 республика да желтоқсанның қақаған аязында өз елінің бостандығын
аңсап, алаңға шыққан қазақтың өрімдей жас буындарына белгілі
дәрежеде мәңгілік
қарыздар.
Тәуелсіздік
тірегінің бірі – тіл. Тіл – халқымыздың қазынасы, сан ғасырлар бойы
жүріп өткен жолымыздың шежірсі. Былайғы жерде егемендігіміз баянды
болсын десек, ұлттық рухымызға өріс тілесек, туған тілімізді көздің
қарашығындай сақтауымыз
керек.
Сондықтан, әр
адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге
міндетті.
1.Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Тілім менің
-тірегім» атты
мерекелік шарамызды
бастаймыз.
Мемлекеттік Гимн
орындалады
2.Жүргізуші: Қазақ тілі-ана тілміз. Ана тіліміз
мемлекеттік тіл болып үлкен мәртебеге ие болды. Оны біздің қазақ
халқы зор қуанышпен қарсы
алды.
1.Жүргізуші : Қазақстан Республикасында 130 дан
астам ұлттар өмір сүреді.
Әр халықтың
тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың
тілі, әні, үні болып шалқар дариядай
шалқуда.
1.Жүргізуші : О,
туған жер! Қасиетіңнен
айналайын
Тамсанамын,
қарап тұрып артыңнан
Шыққан балаң,
қазақ деген халықтан
Нәр аламын,
жер- анадан алыптан. Ән:«Анашым» Ержан
Ардақ
2.Жүргізуші : Еліміздің мемлекеттік тілі қазақ тілі
екені барлығымызға
аян.
Халқым теңіз
толқыған,тілім терең
Мен мақтанам
баршаға тілімменен
Ең асылың не?-
десе құрметтейтін
Ойланбастан
асылым тілім дер ем.
1.Жүргізуші
: 1989
жылдың 22 қыркүйегінде қазақ тілі мемлекеттік статус алды. Тіл
мерейін көтеру мақсатында Қазақстанның барлық мектептерінде қазақ
тілі апталығы өткізілуде. Бүгін іс-шарамыз осы тіл апталығына
арналады.
Әр адамның
азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз тілін қалай сүйе білумен
өлшенеді. Бұл туралы ақындар былай
дейді.
1.Сүйемін туған
тілім – анам тілім,
Бесікте
жатқанымда –ақ берген білім
Шыр етіп жерге
түскен минутымнан
Құлағыма
сіңірген таныс үнін
2. Туған тілде
сыры терең жаным бар,
Туған тілде
әнім менен сәнім бар,
Туған тілім тіл
болудан қалса егер
Жүрегімді
суырып – ақ алыңдар
3. Туған тілім
- тірлігімнің айғағы
Тілім барда
айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім, мен
де бірге өсемін
Өшсе тілім мен
де бірге өшемін.
Көрініс: «Ең қымбат
қазына»
Қатысушылар: қария, баласы, дана
қарт.
Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:
«Балам, әкем кедей болды деп қамықпа.
Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет»
депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды.
Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі
дана қарт тыңдап болып:
«Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық
демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық.
Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін
келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде
тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ-па, сірә!» - деп аталы сөздің
жұмбағын шешіп беріпті. 4.Анел
жаттауы
2.Жүргізуші
: Тілім менің ғасырлардан
аманат
Аманатқа адам болсын
қолғанат.
Ар намысқа
келтірмейік жаман ат.
Қазақ болып
туылдың ба,Ендеше,
Өз тіліңді өзгелерге бағалат,- дегендей, осы
мақсатқа біз өз өңірімізді мекендеген басқа ұлт өкілдеріне қазақ
тілін құрметтете білуіміз
керек.
1.Жүргізуші
: Туған жер – алтын бесік,асыл
анам,
Ауаңмен ақ сүтіңмен
асыраған.
Мен – дағы ұлың едім өзің
тектес.
Алысқа несібесі шашыраған,- деп әркімнің
өзінің туған жері, кіндік қаны тамған жері ән-жырларда өлеңмен
жырланған.
5.Арай
жаттауы 6.Сақтар болсаң халқыңды – тілді
сақта
Баға жетпес мұра жоқ тілден
басқа!
Тілден өзге жиһаздың бәрін
түгел
Базарлайсың қалтаңда ақшаң
жатса.
7. Көп тіл білсең көкжиегің кең
болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге
озар
Қай елде жүрсең де бұл
дұрысы
Мемлекеттік тілді үйренген жөн
болар.
8.Қазағымның кең пейіл
дархандығы,
Кіршіксіз таза
көңіл,адалдығы.
Сыйдырып өз жеріне барлық
ұлтты,
Бағасы көпшілікке өте
құнды
9. Ана тілін
білмеген
Ақылы жоқ
желікбас
Ана тілін
сүймеген
Халқын сүйіп
жарытпас.
10.Арай жаттау
Би: Жарасбаева
Гулзат
2.Жүргізуші: Тіл- халықтың жаны, сәні, адамды мұратқа
жетелейтін – ана тілі мен ата дәстүрі. Елімізде 130-дан астам ұлт
өкілдері өмір сүріп келеді. Әр халықтың өзінің ана тілі, дәстүрі
бар.
1.Жүргізуші: 130-дан астам халықтың мекені болып
отыр. Олардың барлығы
бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүруі Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасы екені даусыз.
Сіздер бұл кеште Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің
Қазақстанға деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігінің,қазақ ұлты
мен тіліне деген құрметінің куәсі
боласыздар.
Ән:
Мұқан
Заңғар
Орыс: мен орыспын, сыйлаймын қазақ
ұлтын,
Қастерлеймін
тарихын,салт-дәстүрін.
Өйткеі мен
өркендеп осы жерде,
Топырағын
қазақтың басып өстім.
Өзбек:Мен
өзбекпін, сүйемін қазақ
жерін,
Қазақ жері-ол
менің туған жерім.
«Жолдас болсаң
қазақпен адаспассың»
Деген өзбектің мақалын жаттап
өстім.
Неміс: мен неміспін, сүйемін қазақ
тілін,
Қаймағы бұзылмаған таза
тілдін.
Қазақ тілі лайық деп білем
мен,
Болуға да ортақ тіл
немістердің.
Қазақ: мен қазақпын, иесімін кең
даланың,
Талай Жаудан бұл даланы
қорғаған.
Өзгелердің басына күн
туғанда,
Жат көрместен құшақ жайып қарсы
алғанмын.
1-оқушы: Корей, украин,
немістен
Көп ұлтты шаңырақ
біріккен,
Бәрінің жүрегін
жібіткен
Ынтымақ ұраны
мекенім!
2.Жүргізуші
:Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің
ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Біздің
жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Бәріміз бейбітшілік туын жоғары
көтеріп,болашаққа нық қадам
басайық.
Тәуелсіз егеменді елімізді бұдан әрі бейбіт
жолмен өркендете береміз десек, әрбір ұстаз бен ата-ана саналы ұлт
өкілдері
«Ынтымақ елдікке
жеткізеді,
Береке бірлікке
жеткізеді» деген халық қағидасын үнемі іс пен
әрекеттің құралы ретінде пайдалануды естен шығармауымыз
керек.
1.Жүргізуші
: Тілмен ғана қызық менің
тірлігім
Тату еткен ел мен елдің
бірлігін.
Туған тілмен асқақ шығып ізгі
үнім,
Туған тілде алып жүрміз біз
білім.
2.Жүргізуші :Тарихы бар дастанымдай
ерліктің,
Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің
.
Қазақстан – алтын бесік
Отаным,
Ұлы ордасы татулық пен
теңдіктің.
1.Жүргізуші
:Ел тарихы, жер
тарихы – өзіміз,
Болашақтың
қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен
бауырласып жетерміз,
Ақ, қараны
тіліп тұрса сөзіміз.
Қорытынды: Осымен
тілдер күніне арналған мерекелік іс-шарамыз аяқталды. Әрқашан
достығымыз көп болсып, көп тілді меңгеріңіздер. Еліміздің аяулы
азаматы болып өсіңіздер.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген