жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты.
30.11.2020.ж
Тәрбиеші:Иманбаева Бакыткул Абзаловна.
М.Қ.К.Қ «Құлыншақ» балабақшасы
Топ: «Көгершін» мектепалды даярлық топ
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Коммуникация» Оқу іс - әрекеті:«Сөйлеуді дамыту»
Тақырыбы: «Елін бастаған Елбасы» (Тәрбие сағаты)
Мақсаты:Балаларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тұңғыш президенті екені туралы әңгімелеу,бүлдіршіндерге елбасының жасаған еңбектері жайлы жалпы ұғым беру.Отанға Елбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Балалардың сөздік қорын байыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.
Әдіс – тәсілдер: Слайдшоу,суреттер, елтаңба, ту.
Билингвалды компонент: Елбасы-Президент,Әнұран-гимн,елтаңба-герб,ту-флаг.
Сөздік жұмыс: Тұңғыш ,елбасы,бәйтерек,рәміздер.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Слайд,Елбасының суреттері,рәміздер және Қ.К.Тоқаевтың суреттері.
|
Оқу іс – әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Жылулық шеңбері Таңғы жиын– Балалар, сендер таңертең ұйқыдан оянғанда терезеден нені көресіңдер? -Күннің нұрын көргенде сендер қалай қуанасыңдар? -Далаға шыққанда жоғарыдан не көреміз, төменнен не көреміз? -Ендеше,бізде аспанға,жерге,күнге және келген қонақтарға сәлем берейік -Сәлем саған Алтын күн! -Сәлем саған жер Ана! -Сәлем саған достарым! -Сендерді көрсем қуанам! -Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! |
-Күнді, күннің жарқыраған нұрын көреміз -Алақай! Деп қолымызды шапалақтап қуанамыз -Жоғарыдан аспан,күнді,бұлтты көреміз -Төменнен жерді,шөпті,гүлдерді,суды көреміз Балалардың бәрі қимыл қозғалыс арқылы жасайды. |
|
Ұйымдастырушылық- ізденістік
|
-Балалар бүгін жылдың қай мезгілі? -Демек қыстың алғашқы күні біз үшін қандай мереке? Тұңғыш президентіміз кім екен балалар? -Жарайсыңдар балалар. -Балалар, біздің жеріміз,орман,тау,өзен-көл,өмір сүретін ортамыз бәрімізге ортақ. Осыны ешқашан есімізден шығармауымызға тиіспіз. -Балалар, біз қай елде тұрамыз? -Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер? -Олай болса балалар қолымызды жүрегімізге қойып ән ұранымызды айтайықшы.
-Біздің елбасымыз кім? -Ол кім?
-Ия,балалар,бүгін 1 желтоқсан бірінші тұңғыш президентімізНұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлаған күн. Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз тәуелсіздік,еркіндік үшін күресіп, Отанымыздың болашағы, балаларды қорғауға, білімді азамат етіп өсіруге күш салып,қаншама еңбек етіп жатыр. Атамыздың өмір жолына шолу жасайық (Слайдшоу көрсетіледі)
Балалар, қазір мен сендерге сөзжұмбақ жасырамын, ал, сендер оның шешуін табуға тырысыңдар, келістік пе? 1.Біздің мемлекетіміздің аты қандай? 2.Біздің Елбасымыз кім? 3.Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала? 4.Біздің туымыздың түсі қандай? 5.Біздің валютамыз(ақшамыз) қалай аталады? -Жарайсыңдар, балалар, -Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі- Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан есімді әжесі Мырзабала беріпті. Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр тағы бірі-Сұлтан. Анасының есімі-Әлжан екен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын
алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебіні бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған. 1976 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын,1976 жылы партия мектебін бітірген 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың Тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақсатан Президенті
Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті. -Балалар сендердің мамаларың, папаларың жұмыс істегендей Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы біздің елімізді басқарады. Біздің президентің жұмыс орны қайда кім біледі балалар айтыңдаршы? -Дұрыс айтасыңдар балалар. Астанада тағыда не бар? - Дұрыс. Ал, балалар сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме? -балалар олай болса осы рәміздерге арналған тақпақтарыңды айтып беріңдерші:
Алинұр: Елтаңбасы елімнің Неткен әйбәт әдемі Тұнығындай көңілдің Ортада аспан әлемі Лазым: Көк аспандай көкпенбек Қазақстан жалауы Көк емес ол тектен-тек Елдің ашық қабағы Айару: Құт береке шаңырақ Орын алған ол төрден Қанатты қос арғымақ Екі жақтан көмкерген Елімнің елбасшысы, Нұрсұлтан атамыз аман болсын. -Балалар Нұр-Сұлтан қаласында тағы не бар екенін білесіңдерме? -Дұрыс айтасыңдар балалар.Ол біздің елдің сиволы. -Жарайсыңдар балалар! -Балалар шаршап қалдыңдар ма? -Қане онда бәріміз бірге сергіту сәтін жасайық. Сергіту сәті: Біз бақытты баламыз, Шырқап әнге саламыз. Туыспыз біз бәріміз Біз Отанды сүйеміз. Сезім: Елбасы елді қоғайды Халық қамын ойлайды Осындай жақсы адамның
Жақсылығы тарайды. Рамазан: Елбасымыз жолдайды Халқы оны қолдайды Ешқашанда орынсыз Шешімдері болмайды. Ән:Отан-Ана Аягөз: Елбасымыз нұр аға Салғызып алтын орда Көркейтіп елін қазақтың Көрсетпей өмір азабын. Ерке: Нұрсұлтандай атамның Еңбегінің шегі жоқ Бақыт тапты қазағым Жүрегіне жағып от Мұқаддас: Отыз жылдай еліңді Сүріндірмей келесің Ес білгелі естіледі Нұрсұлтан деген ер есім -Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз? -Балалар біз қай тілде сөйлейміз? -Жарайсыңдар балалар біздің Отанымыз Қазақстан. -Осы Отанымыз туралы тақпақтар білеміз бе? Мирас:
Мирас: Қуат алған өзіңнен Туған елдің ұлымын Бақытты етіп өсірген Отанымның гүлімін Блингвалды компонент:Президент-Елбасы,Ту-флаг,ән ұран –гимн,елтаңба-герб. -Балалар біздің тұңғыш елбасымыз кім? Н.Ә.Назарбаев қайда жұмыс жасайды? Нұр-сұлтан қаласында тағы не бар? Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе? Жарайсыңдар балалар -Балалар,бүгін біз Республикамыздың тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы«Елін бастаған Елбасы»тақырыбындағы тәрбие сағатымыз аяқталды. |
-Қыс мезгілі -Алғашқы Президент күні -Нұрсұлтан Назарбаев -Қазақстан Республикасында -Елтаңба,Ту,Гимн -Балалардың барлығы орындарынан тұрып ән ұранды айтады - Н.Ә.Назарбаев. - Ол президент.
Слайд көреді. -Балалар толық жауап береді. -Қазақстан -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев -Нұрсұлтан қаласы -Көк -Тенге
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 30.05.2021 446
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 |







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген