Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты 2 сынып "Аяулы менің анашым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ананың құдіретін де мейірімді жан екенін оқушыларға түсіндіру, жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету.Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:«Аяулы менің анашым»

Сабақтың мақсаты:Ананың құдіретін де мейірімді жан екенін оқушыларға түсіндіру, жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету.Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

Көрнекілігі: 8-наурыз аналар мерекесі жазуы, суреттер шарлар гүлдер.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің сөзі: Қымбатты ұстаздар, аналар, қонақтар! Көктемнің алғашқы бәйшешегіндей бүр жарған мерекелеріңіз құтты болсын. Әйел бақыты, әрқайсысыңыздың басыңызда болсын .Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуы бізді жұбатады, көңілімізді сергітеді.Ананың әрбір сөзі жылыққа толы. Сүйікті аналар, сіздерге деген балалығымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.Сіздердің құрметтеріңізге арналған«Аяулы менің анашым»

атты шағын мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар –

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын,

Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар-дей келе 2 «Ж» сынып оқушыларын ортаға шақырайық.

І-жүргізуші:Бекарыс

Біз ғана емес,қадыр тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

II-жүргізуші:Ұлбосын

Қайырлы күн, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Аналар өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасның алтын діңгегі.Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге, әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешімізде аяулы аналарға арналады.


I-жүргізуші:Бекарыс

Десекте уақытпенен жарыспайды,

Қияға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерлерінанаға бағыштайды.-дей отырып Сымбаттың әсем әнімен ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар!




ІI-жүргізуші:Ұлбосын

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тұра алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай-деп аналарымыз бен қырмызды қыздарымыздың құрметіне тақпақтарға кезек берейік.


Ақниет:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.


Нұрмұхаммед:

Мерейлі сәт мерекеге ұласып,

8-наурыз келді қыр асып.

Қыз-келіншек,нәзік жандар мейрамы,

Көктемімнің шапағатын тұр шашып.

Құттықтаймыз аналарды,қыздарды,

Мерекеден шуақты бір із қалды.

Болсын әр кез көтеріңкі көңілдер,

Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

Дүниеде ең кемеңгер дананы,

Құрметтейік қасиетті ананы!


Балауса:

Құтты болсын ардақты ана,

Асыл анам мерекең.

Құтты болсын теңдік алған,

Қуанышты мерекең!


Айкүміс:

Әлпештеген баласын,

Ана-бақыт, ана-күн.

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер анасын.

Анель:

Сымбат:

I-жүргізуші:Бекарыс

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде-дей отырып кезекті вальске береміз.

Вальс:

ІI-жүргізуші:Ұлбосын

Ана деген- бастауы ұлылықтың,

Ана деген-рәмізі сұлулықтың.

Ана деген-бір жыр бар шырқалатын,

Асқақтатар биікке ұрпақ атын.

І-жүргізуші:Бекарыс

Олай болса Ұлжалғас пен Ұлбосынды қарсы алайық,

Даусына сүйсініп тамсанайық.

Ерке қыздар талантына тәнті болып,

Уа, халайық жұмыла қол соғайық.

Ұлбосын мен Ұлжалғастың орындауында «Анашым»әні:

ІI-жүргізуші:Ұлбосын

Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Өнерін жолдайтын баласы бар.

Ендігі кезекті тақпақтарға берейік.


Жансель:

Ана-әлемдегі ең сұлу,ең мейірімді қамқор адам.

Ана деген-адамзаттың данасы,

Ана деген-сәбилердің панасы.

Ана деген-жарық жұлдыз шырағың,

Ана деген-қайнар ыстық бұлағың.

Мэлс:

Құтты болсын ардақты анам,

Аяулы анам мерекең.

Құтты болсын ұстаздарың,

Қуанышты мерекең.

Назым:

Әлемдегі ақылды адам,

Бәрінен сол жақын маған.

Ол жанымда жүрсе менде,

Батырларша батылданам.

Димаш:

Айару:

Адал бол деп балдырған.

Әділдікке баулыған,

Жүрегінде баулыған.

Тілегінде мархабат,

Анамызға мың алғыс.

Мақсат:

Сая:

I-жүргізуші:Бекарыс

Ару ана- өмірдің асылдары,

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,

Сендер үшін мереке шашулары

Хор:«Анашым ана жаным»

ІI-жүргізуші:Ұлбосын

Бұралып Мерей біздің билегенде,

Шығыстың асқақ әні тербегенде.

Қол соқпай дәті шыдап тұра алар ма?-дей Мерейді қарсы алыңыздар.



IІ-жүргізуші:Ұлбосын

Ән айтылса ұйып тыңда жаныңмен,

Ән айтпақшы Жанелдей қыз сіздерге.

Өшпес ыстық алаулаған жалынмен,-дей «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

Жанел:

Мұғалімнің сөзі:Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады,олар барлық шаруаны бітіреді.Сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады,біздің бар сырымыз оларға әрқашанда белгілі.Олай болса Аяулы аналарымызда бір сынап көрейік.

«Аялы алақан»ойыны

Шарты:Аналардың көзін байлап,оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу.

І-жүргізуші:Бекарыс

Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,

Жасқанбай әр қадамын нық-нық басып.

Биімен көрерменді тәнті ететін,

Арулар келді міне толқып тасып.

Қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.

Би:«Кукарелла»

IІ-жүргізуші:Ұлбосын

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде,

Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.

Кезекті тақпақтарға берейік: Аружан,Нұрхан,Ақерке,Ұлжалғас,Асылхан,Жанел,Нұрасыл,Кәусар.



І-жүргізуші:Бекарыс

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

IІ-жүргізуші:Ұлбосын

Құрметті қонақтар,біздің «Аяулы менің анашым» атты мерекелік кешімізді

Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.

Мұғалімсөзі:Бүгінгі аналарымыздың,ұстаздарымыздың құрметіне арналған «Аяулы менің анашым»атты ашық тәрбие сағатын жер бетіне өмір сыйлаушы аналар,ұстаздарсіздерге айтылар ән мен жыр таусылмақ емес.Көктемнің мерекесі мерекеге жалғаса берсін.

Ендігі кезекті мектебіміздің басшыларына сөз кезегін берейік.

Ата-аналардың балаларына деген жылы лебіздерін тыңдайық.












I live at 7 o'clock. I make a morning gymnastics for 10 minutes. 7: 10 Washing. I take my breakfast. 7: 25 I look at another lesson. Then I go to school at 7:40. I return to school 1:20. Go home and put on my clothes. Then wash my hands and eat my lunch. I sleep 2 o'clock and 6 live. Then I take my dinner. I play 7 hours for 7 hours. I'm sleeping 10 o'clock.







I stand at 7am and wash. 7: 10 I enjoy my breakfast. 7: 45 I go to school. I return home at 2 am. I will help housewives between two and three hours. I will prepare my training four o'clock in the afternoon. After 7 pm, I eat fantastic food. After washing, I wash my tooth and sleep 10 o'clock.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
1711
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12