Тақырыбы: «Адамда ана біреу болса, Отан
да біреу». (Ғ.Мүсіреповтің «Ана кесімі айнымайды» әңгімесін
отбасыммен бірге талқылаймын)
Мақсаты: 1. Әңгімені оқи отырып, өз
ойларын еркін жеткізе білу дағдысын
қалыптастыру;
2. ата-аналарды балаларының
кітап оқуға белсенділігін қолдауға тарту, оларға отбасылық бос
уақытты кітап оқу ортасына айналдырып, рухани қарым-қатынас жасауға
көмек көрсету.
Жоспар:
-
Қызығушылықты
ояту.
-
Топқа
бөлу.
-
Үй тапсырмасы.(«Шығарма туралы
әсерлер» кестесі бойынша)
-
Шығарма бойынша
сұрақ-жуап.
-
Синквейн «Мария», «Сатқын
ұл»
-
Қорытынды. ПОПС-формула
«Отбасымен бірге кітап оқу пайдалы
ма?»
І.
Қызығушылықты
ояту.
Ана…. Ия, қандай қастерлі ұлы
есім десеңізші.Бұл әлемде ең қадырлы де, ең қасиетті тұлға,тек сіз
екеніңіз даусыз .Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана
баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек
жоқ. Ана болу — бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз
баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін
перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Қанша ұлы тұлға
болсаңда,аналардың алдында ,кез-келген адам бас имей тұра алмас
еді.
Қай кезде де «Ана» сөзі «Отан»
сөзімен қатар жүреді. Халық даналығы – мақал –мәтелде де «ана»
сөзін «Отан», «Жер», «Табиғат»сөздерімен қатар қойған. Отан-Ана,
Жер-Ана, Табиғат-Ана.
Отан — елдің
анасы
Ел - ердің
анасы
Отанға опасыздық
еткенің,
Өз түбіңе өзің
жеткенің.
Ата мекен - анаң
екен,
Қысылғанда панаң
екен.
Елің –
панаң,
Жерің –
анаң.
Соғысқа аттанарда да немесе
баласы Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге кетер алдында аналар
балаларына Отанын қорғауда аналық батасын береді. Яғни ана баласына
сенім артады. Ал Отанын сатқан ұл ананың сенімін ақтай ала ма? Ана
сенімін ақтамай, Отаныңа опасыздық жасауға бола
ма?
Ендеше, осы
проблемалық
сұрақтарға жауап беру үшін,
отбасымызбен бірге оқыған Ғ.Мүсіреповтің «Ана кесімі айнымайды»
әңгімесі бойынша
ізденейік.
ІІ.
Топқа бөліну. «Мария-Ана»,
«Мария-Азамат»
«Ананың балаға деген махаббаты бәрінен де
қымбат»
«Өз елін сүймеген, ешікімді де
сүймес»
ІІІ.
Үй тапсырмасына шолу
жасау («Шығарма туралы әсерлер»
кестесі бойынша)
ІV.
Шығарма бойынша
сұрақ-жуап.
-
Әңгіме не
туралы?
-
Неліктен Мария туған жерінде бөтен болып
кетті?
-
Марияны түнде қоршауда қалған қаланың
көшелерін кезуге не мәжбүр
етті?
-
Бақытсыз әйелді қандай ойлар
қинады?
-
Қаланы тастап кетуге Марияны не
итермеледі?
Қала қабырғасында екі ананың диалогы.
(Көрініс)
-
Өлген ұлын жоқтап отырған әйел Тәңірге не
үшін алғыс айтты?
-
Автор неге ана жүрегін таразымен
салыстырады?
Сөздік жұмыс «Ана»,
«махаббат»
Әңгңмедегі «махаббат» көп
мағыналы ұғымда берілген. (Әңгімеден
табу)
Марияның жүрегін туған жерге деген махаббат
пен өз баласына деген махаббат жаралады, бірақ ананың өткен
өмірінде бұл екі сезім бір-бірімен тығыз байланысты
болды.
Ана мен бала
диалогі. (Көрініс)
8. Ана ұлының бойында Отанға, өз қаласына
деген махаббат сезімін оятуға, Отанды сатқаны үшін өкіну керектігін
қалай түсіндіруге
тырысты?
9. Анасы баласына қала қоршауын алып тастап,
жұрт басына қырғын орнатуын тоқтатуды неге көндіре
алмады?
10. Неліктен махаббат атмосферасы қатыгездік
пен ашу-ыза тудырды?
-
Неге ұлының бойында Отанға деген махаббат
тумаған деп
ойлайсыңдар?
Ананың баласын өлтіруі
(Көрініс)
-
Ана қаланы жаудан қалай
құтқарды?
-
Мария ұлының сатқын болғанына өзін кінәлі
санауы дұрыс па?
V. Проблемалық сұраққа
қайта
оралу.
Отанын сатқан ұл ананың сенімін ақтай ала
ма? (Өз Отаныңның адал баласы болмайынша, анаңның
сүйікті де адал баласы бола
алмайсың. Анаңды ұмытып немесе
сенімін ақтамай, нағыз азамат болу да екі
талай.)
Ана сенімін ақтамай, Отаныңа опасыздық
жасауға бола ма?
VІ. Топтық
жұмыс.
1-топ:«Мария», «Сатқын ұл» сөздеріне синквейн
құрастыру.
2-топ: Болған оқиғаға өз көзқарасын білдіре
отырып, Ананың ұлына хат
жазу.
VІІ.
Рефлексия
- Бұл әңгімеден қандай өмірлік сабақ
алдың?
- Сені әңгіме қандай ойға
қалдырды?
- Бұл әңгімедегі проблема қазіргі таңда
өзекті ма/ маңызы бар ма?
VІІІ.
Кері
байланыс. Сабағымыздың тақырыбын аша алдық
па?
ІХ. Қорытынды.
ПОПС-формула «Отбасымен бірге кітап
оқу пайдалы
ма?»
Отбасы
Шығарма кейіпкерлері оқиға соңында өзгерді ма?
Сенің оларға көзқарасың қандай?
Шығарманың қай
эпизоды есіңде сақталып қалды?
Кейіпкердің қандай
іс-әрекеті сенің ашуыңды
тудырды?
Шығармадағы қызықты
жерлер:
Сені таң қалдырған 3
оқиға:
Шығарманы 3 сын есіммен
сыйпатта:
Шығарма авторы
туралы не білесің?
Шығарма туралы
әсерлер