Материалдар / Ашық тәрбие сағаты " Ана- өмірдің шуағы" 1-сынып

Ашық тәрбие сағаты " Ана- өмірдің шуағы" 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты " Ана- өмірдің шуағы" 1-сынып
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана - өмірдің шуағы».

Мақсаты:

1. Оқушыларға ана дегеніміз кім, аналардың өмірдегі қызметі, көрсетер көмегі, анаға деген баланың парызы мен қарызы туралы түсінік беру . 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.


2.Анаға деген мейірімді,сүйіспеншілікті арттыру,үлкенге ізет,кішіге үлгі бола білуге үйрету.


3.Оқушы бойында ізгілік,инабаттылық,биязылық сияқты қазақ ұлтына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Зал мерекеге сай әсем безендірілген.Әр сынып шығарған қабырға газеттері,шармен безендіру,нақыл сөздер, оюлар, гүлдер, аналар туралы нақыл сөздер:


1. «Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді».

В.Г. Белинский

2. «Нәзіктік атаулының жиынтығы - ананың алақаны, сондықтан да ол - сәби үшін ең жылы ұя. В.Гюго

3. Әлемде өзгермейтін үш - ақ зат бар, ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі. М.Горький

4. Әйел жерден шыққан жоқ,

Ол да адамның баласы.

Ерлер көктен түскен жоқ,

Әйел - оның анасы. І.Тұрмағанбетов

Мұғалім:Қайырлы күн!Қымбатты аналар,ақ жаулықты әжелер,әріптестер, қыздар!
                    Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар 
                    мерекесімен құттықтаймыз!Әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз 
     Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер! жайдарлы бола берсін дейміз!

Саян:Қымбатты әжелер, аналар, апалар, қыздар!
           Сіздерді 8наурыз мерекесімен құттықтаймыз.
           
Сіздерге зор деңсаулық, мол бақыт тілейміз.
           
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Максат: Милые мамы, дорогие бабушки, уважаемые воспитатели!
            От всей души поздравляем вас с весенним праздником 8марта.
            Желаем вам здоровья, счастья и успехов во всем!
Қадырбек: Dear Mummy, Dear  Granny!
            I want you to be happy!
            On the eights of March
            I love Mummy, I love Granny
            I wish them health
            I wish them wealth!

Мұғалім: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың  ыстық құшағынан қасиетті  ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананның шапағат мейіріміне жетпейді.Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын  өтей алмайсың дегендей.Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол – анамыз.

Мұғалім: Бүгінгі  8-наурыз –аналар мерекесіне арналған «Ана - өмірдің шуағы»
 атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін.
-Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деген екен: «Шығыс халықтарының арасында,жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де бірегейі де біздің қазақ».Бүгінгі айтылатын ақ тілек,жылы сөз,күмбірлеген күй,шырқалатын ән сіздерге арналмақ.

Сәуір - Наурыз егізі,

Бүгін оның сегізі.

Ең қымбат гүл, ол адамның сезімі,

Анаға айтар лебізі

Ең қымбат гүл,

Ең қымбат гүл , ол адамның лебізі,

Мұрат, мүдде мақсатың,

жақсы күн мен жақсы түн

нағыз - бақыт ананың

Ақтау дер ем, ақтау дер ем

Аналардың ақ сүтін Мұғалім:Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

  1. Мәпелеп мені өсірген
    Ризамын мен өзіңе.
    Ана деген керемет,
    Сыйлап өтем өмірде.


  2. 2. Аялаған анашым,
    Мәпелеген анашым.
    Менің саған тілегім
    Қартаймашы анашым


  3. 3. Теңдесі жоқ данасың
    Арқа сүйер панасың
    Еңбегіңді ақтаймын
    Аман болшы анашым


  4. 4. Менің әжем, бұл әже
    Айтқан сөзі дәл әжем
    Аман болса көреді
    Қызығымды әлі әже


  5. 5. Бәріңіз де анасың
    Біз үшін күн боп жансың
    Құтты болсын мейрамың
    Құттықтаймын анашым


  6. 6.Ақ сүт берген балаңа
    Күш - жігерін жұмсаған
    Бұл өмірде жан ана
    Тең келеді кім саған

Би: «Вальс»
Ән: «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!»
1. Нұрын төккен маған,
Шуағымсың - сен!
Айналайын, мама,
Қуанышыңмен!
Шаттандырған мені,
Жұбанышым – сен!
Құттықтаймын сені,
Туған күніңмен!
2. Аялаған мені,
Ән қанатымен!
Құттықтаймын сені,
Салтанатыңмен!
Бақытты ғой заман,
Қандай көңілді!
Мен тілеймін саған
Ұзақ өмірді!

Ойын: «Ананың алақанын сипап сезу» Үш баланың көздерін жауып байлаймыз. Аналардың орны ауысқаннан кейін, балалар көздері байлаулы күйде барлық аналардың алақанының арасынан, өз анасының алақанын сипап сезу арқылы табу керек.

7.Еркелеттің асырадың
Мойыныңа асыламын
Аман болшы ардақты анам
Мен әрқашан қасыңдамын.


8.Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.


9.Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.

10.Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі әжем.
11.Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл - қызың.
12.Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.
Көрініс «Әжесі мен немересі»  «Дүниеде не қымбат?»  

Немересі: -Әже деймін, әже,
Сұрақ қойғым келеді сізге.
Мен түсінбейтін бір жәйт бар.
Түсіндірші соны бізге.
Бірінші сұрағым сізге:
Дүниеде не қымбат?
Әжесі: -Адам қымбат, қалқам.
Немересі: -Адамға не қымбат?
Әжесі: -Бала қымбат, қалқам.
Немересі :-Балаға не қымбат?
Әжесі: -Ана қымбат, қалқам.
Немересі: -Иә, десеңші әже!
Түсінбеппін осы жайды.
Тағы бір сұрағым бар сізге,
Қатты мен жұмсақ жайлы.
Әжесі: -Сұрай ғой, қалқам.Не сұрасаң да жауап берейін.
Немересі: -Әже дүниеде не тәтті?
Әжесі: Ананың сүті тәтті.
Немересі: -Дүниеде не қатты?
Әжесі: -Атаның жүрегі қатты.
Қарағым, сауал қойдың көп маған.
Бір ақыл айтайын саған
Тату болса –ағайын жақын,
Ақылшы болса-апайың жақын.
Бауырмал болса-інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын қарыңдасын.
Немересі:-Түсіндім,
 әже. «Дүниеде не қымбат екенін?» енді мен айтайын:
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - әжең қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!

Ойын  «Жылы сөздер». Аналар өз балаларына берілген әріптерден басталатын жылы сөздер айтады.

Мұғалім:  Ақ қар еріп, су көбейіп
                      Сай салада ағады
                      Бүршік шашып
                       Жапырақ  ашып
                      Гүл бәйшешек басады...
             Мал маңырап, төл  жамырап,
             Жайлау малға толады.
             Айтыңдаршы бөбектерім  
             Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауабы: Көктемде!
Музыка әуенімен залға гүлдер шашып Бәйшешек кіреді.
Бәйшешек: Армысыздар балақайлар,
                   Әзиз әже, назды апайлар
                    Мол шуақты ала келдім
                    Қуаныңдар балақайлар
                    Мен құлпырған бәйшешекпін
                    Келіп жеттім көктемменен
                    Шаттаныңдар мейірімді аналар
                    Бұл мереке тек сіздерге  арналар.
Жүргізуші: Рахмет, Бәйшешек біздің балалар сізге сыйлық ретінде дайындаған 
жүргізуші:
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! 
«Флешмоб» биін қабыл алыңыздар. 
Ән: «Сегодня мамин праздник» хор

13.Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.

14.Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.
15.Мейірімді жүрекпен,
Бөлісетін бақытты.
Ақ ниетпен шын тілек,
Ізгі істерді жақұтты


16.Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.

17.Ардақты ана – аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

18.Мен өзің мен қайда болсам да біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

Ән: «Сенің анаң алтың, менің алтын» орындайтын Бақтыгерей Санжар

Қимыл арқылы Бұл ойынға отырыстағы барлық адам қатысуға болады. Қағазды бөліктерге бөліп алып, отырыста отырған адамдардың аты жеке - жеке жазылып, бүктеп ыдысқа салынады. Ойыншылар бір қағаздан алады. Қағазда кімнің аты жазылған болса, сол адамды қимылы арқылы көрсетуі қажет. Қалғандары кім екенін табуы керек.
1бала: Жанымызды жайнатқан,
             Сіздерді ғой аналар
              Зор денсаулық мол бақыт
             Тілейміз біз балалар.

2бала: Аппақ мамам, ақ мамам
             «Ақ  мамам!» - деп, шаттанам
             Түн ұйқыңды  төрт бөліп
             «Бөпешім!»- деп жатпаған.
3бала: От чистого сердца простыми словами
       Давайте ребята потолкуем о маме
        Мы любим ее как хорошего друга
      Мы можем доверить ей сердце свое
            И просто за, то что наша мама
            Мы крепко и нежно любим  ее.
4бала: Отпустили холода
            К нам пришла весна – красна
            И не даром праздник мамин
            Из весенних самый ранний.

Бәйшешек: Балалар сендердің аналарыңа дайындаған сыйлықтарың қайда?
Екі бала: Мұнда, мұнда біздің сыйлықтар
Анамның мерекесі А.асылбеков    

Айналайын   ана, мерекеңмен!

Сыйлайыншы  саған,

Дала гүлін мен!

Мерекелі  күнің, қандай тамаша!

Кеудеңгегі  гүлің, қалды  жараса!

 Ана   /Ғ.Орманов/

Мәпелейсің  мені, анам.

Қолындағы  құсындай.

Құлпырап  өсіп  дем аламын,

Құшағында  қысылмай.

Үмітіндей  көзіме,

Көп  қарайсың  үңіліп

Еркелеген  сөзімде

Ертеңіңіз  тұр  күліп                                           

Сен  жалықпай  жетектеп

Мен жаттыға  жетермін

Айтқаныңды  екі  етпей,

Ақ  сүтіңді  өтермін.

 Құттықтаймын, анашым   /Н.Айтов/

Құшағына кіргенде

Жылынамын  бір  демде

Не жетеді  көзіңе

Мейірімді  күннен  де.                                                                                                                     

Үн  қатасың  бал  тілмен,

Еркелеймін  әркүн  мен.

Құттықтаймын анашым

Сегізінші  наурызбан!


  Анашым       /Оңғарсынова/

Еркелесем күлімдейтің

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

Құлыным, күнім! Дейтін

Әлемдегі ақылды адам

Бәрінен де жақын маған!

Ол жанымда жүрсе, мен де

Батырлардың батылданам

Жамандықтан сақтандырып

Жаксы ісімді мақтан қылып

Отыратын анашымды

Жүрсе деймін шаттандырып

Ана     /Сарыбаев/

Ақыл құйған санама

Күннен артық расында

Ылғи менің қасымда

Мен анамды сыйлаймын

Ән «Ақ мамам» хор

Би: «Микки маус»

Жүргізуші: - жер бетінің ғұмыры

Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы,

Анамыздан тарайды – деп балаларымыз тілектерін айтады.( Әр бала өз ата-анасына тілектерін айтады)

Жүргізуші: - Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар! Өмір сыйлаған сәбилеріңіз сіздерге тек қуаныш пен шаттық сыйласын.

Жарқын жүзді жан анам,

Сендей болсын бар адам.

Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан деп балаларыңыздың сыйлығын қабыл алыңыздар.

(Балалар өз қолдарымен жапсырып жасаған открыткасын тарту етеді.)

Жүргізуші: - Қош, сау болыңыздар!





























«Краснояр орта жалпы білім беретін мектебі» КММ











Ашық тәрбие сағатының

тақырыбы: «Ана - өмірдің шуағы»

Picture 1











Сынып жетекшісі: Батырова Г.Н



                            



2016-2017 оқу жылы

21 Желтоқсан 2017
3930
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі