Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық тәрбие сағаты ." Ана деген- тіршіліктің тірегі " 6" А" сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ш. Бектасов атындағы жалпы орта мектебі.
« Ана деген тіршіліктің тірегі »
Дайындаған; 6 «А» сынып оқушылары.
2018 оқу жылы
Сабақтың мақсаты: Балалардыаналарғадегенсүйіспеншілікке баулу анаеңбегінардақтап, мейрімділккесый-құрметкетәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларға ата-ана алдындағы парызы мен қарыздары туралы түсініктеме беру.
1. Жүргізуші:Сәләметсіздерме құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар !!!Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
2.Жүргізуші: Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махабатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі ұстаздар, қызғалдақ қыздар бүгінгі«Ана деген тіршіліктің тірегі» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.
1. Жүргізуші: «Анаға сәлем»
2.Жүргізуші: «АНА» өлеңін қабыл алыңыздар.
Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз
жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
Тәңірім кеше көрсін
кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
(Өлең аяқталып болған соң,
бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді
дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп
тұрады).
1.
Жүргізуші: Барша ана құтты болсын
мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыздың
жүрекжарды тілектерін ұсынамыз.
Аналар, ақ пейілін жайғандарым,
Сіздер – менің ең сыйлы меймандарым.
Арыстай талай перзент тудыңыздар,
Алаштың асқақтатқан айбарларын.
«Алдымен жақсылық ет анаңа» деп,
Хадисте текке айтпапты Пайғамбарым.
Сіздердің арқаңызда еркектер жүр,
Сипатып ескен желге айдарларын.
Артық қой әлемдегі бар жылудан,
Бір сүйіп маңдайымнан айналғаның.
Сіздерге деген шексіз алғысымның,
Айтып мен тауысайын қайдан бәрін.
Жырымменаналардыырзаетеалсам,
Солменіңбұлөнерден бәйге алғаным.
Наурыздыңсегізіндекележатқан,
Аналар, құттыболсынмейрамдарың!
Құтты болсын осы шаттық
күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз
1. Жүргізуші: Шетелдерде Аналар күніне арнайы сыйлықтар дүкен сөрелеріне шығарылады екен. Ал балабақша мен мектептерде балалар өз қолдарымен сыйлықтар әзірлейді. Мысалы, Англияда ондай торттың үстіңгі бетін құрамына жаңғақ қосылған марципан деген кондитерлік 12 шармен, қанттың ұнтағымен, сұйытылған қантпен әсемдейді. Бұл жұлдызнамадағы 12 белгіні білдіреді. Ал америкалық аналардың сол күнгі жалғыз ғана жұмысы - өзіне арнап әдейі жолданған сыйлықты, гүл шоғын қабылдау үшін сыртқы есікті ашу ғана екен. Әйелдер мерекесі не ушин 8- наурыз күні тойланады сол жайлы Тұрсынхан Баян мен Тасбау Балқия баяндап берсін.
Әйелдер мерекесінің шығу тарихы
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі 1857 жылы Нью-Йорк қаласында болған көтеріліс пен байланысты. Бұл көтеріліске тігін шеберханаларымен аяқ киім фабрикасында еңбек ететін әйелдер шыққан болатын. Олардың қойған талаптары: 10-сағаттық жұмыс, жарық және құрғақ бөлмелерде жұмыс жасау, ер азаматтардың алатын жалақы мөлшерімен бірдей жалақы алу еді. Ол кезде әйелдер қауымы тәулігіне 16-сағат жұмыс жасап, еңбек ақыларына болмашы жалақы алатын болған. Ерлер өздерінің табандылықтарының арқасында жұмысуақытын 10-сағатқа түсірген болатын. АҚШ-тың көптеген мекемелерінде кәсіподақ ұйымдары құрыла бастады. 1857 жылдың 8-наурызынан кейін әйелдер қауымыныңда кәсіподақ ұйымы құрылды. Бұл ұйымның бірінші мүшелері болып әйелдер тіркелді. Дәл осы күні АҚШ-тың көптеген қаласында өздеріне дауыс беру құқығын беруді талап етіп жүздеген әйелдер көтеріліске шықты.
Нұрзат: 1910 жылы Копенгаген қаласында өткен Халықаралық социалист әйелдердің конференциясында Клара Цеткин 8 наурыз күнін Халықаралық әйелдер күні мерекесі етіп жариялауды ұсынды, және де өз құқықтарымен теңдіктері үшінкүресуге шақыратын үндеуін оқыды. Бұл үндеу дүнижүзінің көптеген елінің әйелдерінен қолдау тапты олар тек ғана өз құқықтар үшін күресуді ғана емес кедейшілікке, еңбек ету құқығымен ар-намыстың тапталмауына және де бейбітшілік үшін күресетіндерін білдірді. Алғаш рет бұл мейрам 1911 жылдың 19-наурыз күні Австрия, Дания, Германия және Швецария елдерінде аталып өтті. Дауыс беру құқығымен үлкен лауазымды орындарды иеленумен қатарәйелдер өндірісте ерлермен бірдей құқықтарға қол жеткізді. 1912 жылы бұл мереке 12-мамырда тойланды. Билікке Кеңес Одағы келісімен 8 Наурыз мерекесін мемлекеттік мерекеретінде қабылдады. 1965 жылдан бастап бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленді.
2.
Жүргізуші:
Айналдым «ана» деген асыл
аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан дей отырып «Ана жүрегі » атты
көріністі қабыл алыңыздар .
-
Жүргізуші:Ал, енді келесі кезекті сыныптасымыз Жеңіс Ақтолқынның орындауындағы «Ана тілегі» әнін қабыл алыңыздар.
1. Жүргізуші: «Ана»
Анасыздар, әрүйгепанасыздар,
Бала десе от болыпжанасыздар.
Сәттібасса
ұрпағың,- мерей тасып,
Қызкүлкісінсусынқыпқанасыздар.
Анасыздар — АқЕділ, Жайықсыздар -
Жүзеалмайдыөтіндеқайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
ӘрүйдіңКүнідесе, лайықсыздар.
1.Жүргізуші:
Бишілер бар бізде құлпырған
қыздартобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрерменім! - деп кезекті « Ұлдар »
атты бишілеріне береміз.
1.Жүргізуші :
Анасыздар, кең байтақ
даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Сіздер — Күнсіз, аспанда
жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер
— жар, сіздер
— қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер
сарқыраған.
Біз сіздерсіз тіршілік ете
алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
2.Жүргізуші
:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып,
«Ана»өлеңін қабы
алыңыздар.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Анадейді жассәби де жарқылдап
Анадеген бәйтерегі өмірдің
Анадеген – алтын қазық, алтын бақ
Анадеген – асыл жаңдар бұлақтай
О адамдарқадірлейбілананы
Жат қылыққаақыл-ойдытонатпай
Анадесемсезімбілертымыстық
Жарасымдыадамдарғатуыстық
Бар адамға берсе ананыңмейірін
Орнареді бар әлемге тыныштық
1-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген
сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ
мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның
ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. « Қарттар үйі» көріністі
тамашалаңыздар .
2-жүргізуші: Өміріміздің әрбір
сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де, фотоаппараттың
көмегімен оны жүзеге асыруға болады
Ән: Жанзақ Назгүл мен Жеңіс Ақтолқынның орындауында
«Ана» әнін қабыл алыңыздар .
1.Жүргізуші:
Қыз өссе - елдің көркі, гүл
өссе – жердің көркі демекші - 8 наурыз мерекесі, қыздарымыздың да,
мерекесі.
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген, ізгі салтын – демекші, сүйкімді
қыздарымызды құттықтап, ұлдардың
орындауында « Анама
» әнін қабыл
алыңыздар.
-
Жүргізуші:
-Арсен, менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой.
1. Жүргізуші:
-Иә, мен мектептен келсем, тамағым да дайын , үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?
2. Жүргізуші:
-Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.
1. Жүргізуші:.Ал, ендеше кезекті хормен «мама» әніне берейік.
2. Жүргізуші:
Ана-өмір қолдаушысы
әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан
көздерін
Өзіңсін сүйікті ана, құдіретім
Жанымды жадыратып күлдіретін
Сендегі маған деген махабатты
Нұр толы қос жанарың білідіретін
Бар ана туған елдің гүлі дер ем
Анажан қайғың болса күңіренем
Таусылмас тау суындай ақылың бар
Сен барда менің әр бір күнім өлең
1-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.
2.Жүргізуші: Құрметті
ұстаздар, оқушылар бүгінгі мерекелеріңіз құтты
болсын. Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық бақыт,
дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар
әкелсін деп тілейміз.
Ал, енді кезекті Директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Амирова Құттықыз апайға
береміз.